Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 00:14, дипломная работа
Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: еңбек ресурстарын басқаруды теориялық жағынан негіздеу және еңбек нарығындағы жағдайын тұрақтандыру; Қазақстан Республикасында еңбек ресурстарын пайдаланудың аймақтар бойынша қазіргі жағдайдағы ерекшеліктеріне баға беру; Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарын пайдалану мен тиімділігіне талдау жасау; еңбек ресурстарын пайдаланудың және білім жүйесінің рөлін зерттеу арқылы, теориялық мәселелерді тереңдете отырып аймақтың кадрлық саясатына баға беру;
еңбек әлеуетінің сапасын көтеруде өңірдің әлеуметтік ролін анықтау; еңбек әлеуетін көтерудің ұйымдастыру–экономикалық тетіктерін аймақ деңгейінде негіздеу;
Кіріспе.............................................................................................3
1. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық - географиялық
компоненттері...................................................................................
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері......................................................6
1.2 Климат жағдайы және агроклиматтық ресурстары..........................................9
1.3 Су ресурстары......................................................................................................15
1.4 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары...............................................17
2. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстары
2.1 Қазақстандағы еңбек ресурстарын басқару жүйесі......................................27
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
2.3 Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарының орналасу
ерекшеліктері
2.4 Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек ресурстарына
статистикалық сипаттама
3. Жалпы білім беретін орта мектептерде география сабағындағы
Қазақстанның еңбек ресурстарын оқыту ерекшеліктері
3.1 Мектеп курсындағы география пәні бойынша еңбек ресурстарын оқытудың
ерекшеліктері ...............................................................................................55
3.2 «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстары» тақырыбына
ұсынылған сабақ жоспары.............................................................................57
Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................62
Қосымшалар
Жапонияда жұмыспен қамту
саласындағы заң актілерінің
кешені тиімді қызмет етуде. Олардың
негізінде әзірленетін барлық шаралар
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
ету мәселелерін басқару
Еңбек нарғының Қытайлық моделі
бүкіл экономикалық белсенді халықтың
анағұрлым жоғары кірістерге жету уәждерін
қалыптастырып, жұмыспен қамтуды қолдаудың
әлеуметтік-экономикалық механизмдерінің
кеңінен пайдаланылуымен
Батыстың, АҚШ-тың, Жапонияның және Қытай елдерінің халықтың жұмыспен қамтылуын реттеуге деген көзқарастары осындай. Қазақстан үшін қай үлгі немесе олардың қандай ұштастырулары артықшылықта екенін анық айту мүмкін емес. Жалпы алғанда, нарықтық құрылымдардың даму кезеңінде, экономикасы дамыған елдердің еңбек нарқын реттеудегі жинақталған айтарлықтай тәжірибесі, өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескеріп, бідің елімізде оның пайдаланылу мүмкіндігі де жан-жақты зерттелуін талап етеді.
Қазақстан Республикасының
2000 жылғы 18-ші жұлдызының желтоқсанындағы
«Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
серіктестік туралы» № 129-ІІ Заңына
сәйкес, әлеуметтік серіктестік –
бұл атқарушы билік ұйымдарының
өкілдерімен, жұмыс берушілер мен
жұмысшылардың өкілдерімен
1989-2009 жылдары Қазақстан
Республикасы халқы, оның
Оңтүстік Қазақстан облысы
тұрғындарына арналған 1999 және 2009 жылдардағы
статистикалық қорытынды
Оңтүстік Қазақстан облысы халқы тәуелсіздікке дейін, 1989 жылғы халық санағы бойынша, 1 млн 823,5 мың адам болса, 1999 жылы 1 млн 978,3 мың адамды құрады, яғни 155 мыңға жуық адамға көбейді, ал 2009 жылғы халық санағы бойынша 2 млн 381,5 мың адамға жетті, яғни 20 жыл ішінде 558 мың адамға өсті. Егер 1989-1999 жж. арасында Қазақстан халқы 1 млн 216 мыңға азайғанын, ал 2009 жыл 16 млн-нан асып, сол 20 жыл бұрынғы деңгейге (16 млн 199 мың) енді ғана жақындағанын ескерсек, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының демографиялық дамуындағы басты ерекшелік олардың саны көбеюінде екенін көреміз. Осыған тығыз байланысты облыс тұрғындарының ұлттық құрамында да елеулі өзгерістер көзге түседі, әсіресе 1989 жылы облыс тұрғындарының жартысынан сәл ғана асқан (55,8%) қазақтар енді басым көпшілікке (70,1%) айналды. Бұл ерекшелік бірінші кестеден айқын көрінеді.
Кесте 2.3
Оңтүстік Қазақстан
Жылдар |
1989 |
1999 |
2009 |
Барлығы |
100 |
100 |
100 |
Қазақтар |
55,8 |
67,8 |
70,1 |
Орыстар |
15,3 |
8,2 |
6,2 |
Өзбектер |
15,6 |
16,8 |
17,4 |
Татарлар |
1,9 |
1,2 |
0,9 |
Украиндар |
1,8 |
0,6 |
0,4 |
Немістер |
2,5 |
0,3 |
0,2 |
Басқа ұлттар |
7,1 |
5,1 |
4,8 |
Бұл кестеден бірінші жағынан, қазақтардың үлесі артып, басымдыққа жетуімен қабат, өзбектердің де күрт өсуі, екінші жағынан орыс, неміс, татар, украин және т.б. ұлт өкілдерінің кемігендігі байқалады.
1989-2009 жж. аралығында Республикадағы
қазақтардың территориялық
Тәуелсіздік жылдарын урбандалу
процестерінің күшейе түскен, әсіресе
қазақтардың қалаға бет бұрған кезеңі
десек те болады. Бұл жылдары қала халқы
56,7%-дан 54%- ға түскенімен, Оңтүстік Қазақстан
облысында қала тұрғындары арасында қазақтардың
үлесі - 55,8%-дан 70,1%-ға дейін өсті, яғни 14,3%
көбейді, өзбектер – 10,8% өсті, ал басқа
ұлт өкілдерінің үлесі төмендей түсті
[Кесте 2.4].
Кесте 2.4
Оңтүстік Қазақстан
Жылдар |
1989 |
1999 |
2009 |
Барлығы |
100 |
100 |
100 |
Қазақтар |
40,8 |
61,6 |
59,8 |
Орыстар |
30,7 |
18,2 |
12,5 |
Өзбектер |
11,7 |
11,7 |
21,5 |
Немістер |
2,4 |
0,5 |
0,2 |
Татарлар |
3,6 |
2,5 |
1,6 |
Украиндар |
3,3 |
1,4 |
0,6 |
Басқалар |
7,5 |
4,1 |
3,8 |
Бұл кестеден қазақтардың 20 жыл ішінде артып, түркі-мұсылман этностары, оның ішінде, өзбектердің көбеюі, басқа еуропа ұлт өкілдерінің азаюын көріп отырмыз. Алдыңғы жылдарға қарағанда, қазақтардың қалалық мекендерде шоғырлана түскенін байқаймыз. Республикамыздағы 2009 жылғы халық санағы бойынша, қала тұрғындары арасындағы қазақтардың үлесі, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысында – 59,8% (552 171) құрап, 19%-ға өсті, сонымен қатар, өзбектер – 21,5% (197 775) құраса, 10 жыл ішінде 42 мың адамға көбейген, ал орыс, татар, украин, неміс т.б. ұлт өкілдері - 12,5% (172 417) құрап, төмендеді.
Қазақстан Республикасында
Оңтүстік Қазақстан облысының
Облыста 1989 жылы қала тұрғындары – 40,5%, 1999 жылы – 36,8%, 2009 -38,7% құраса, ауылдық жерлерде 1989 жылы – 59,5%, 1999 - 63,2% болса, 2009 жылы – 61,3% құрап отыр, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының көпшілігі ауылдық мекендерде тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындары арасында қазақтардың саны басым екендігі айқын [Кесте 2.4].
Кесте 2.4
Оңтүстік Қазақстан
Жылдар |
1989 |
1999 |
2009 |
Барлығы |
100 |
100 |
100 |
Қазақтар |
65,9 |
71,4 |
76,6 |
Орыстар |
4,7 |
2,4 |
1,2 |
Өзбектер |
18,3 |
19,7 |
14,9 |
Немістер |
2,5 |
0,2 |
0,2 |
Татарлар |
0,7 |
0,5 |
0,5 |
Украиндар |
0,8 |
0,3 |
0,2 |
Басқа ұлттар |
7,1 |
5,5 |
6,4 |
Осы кестеден, ауылдық жерлерде де, 20 жылдың ішінде қазақтар 76,6%-ды құраса, 10,7%-ға көбейді, өзбек, орыс, татар, неміс, украин ұлттарының ауылдық мекендерде 17% болып, 10%-ға төмендеп, ал қалған ұлттарда 6,4% құрап, 0,7%-ға кеміп отыр.
Республикадағы 2009 жылғы
санақ бойынша, аймақтардағы ауыл тұрғындары
арасындағы қазақтардың үлесі, оның ішіндегі, Оңтүстік Қазақстан:
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы халқының ұлтаралық қатынас, ерте заманнан тарихи орны бар еліміздің экономикалық жағдайында маңызды рөл атқарады. Облыстағы ұлттық құрамын қарастыратын болсақ, 1999 жылғы статистикалық санақ бойынша, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш аудандарында полиэтникалық (көпұлттылық) құрам басым, ал Шардара, Ордабасы, Отырар, Созақ, Төле би, Түлкібас аудандарында моноэтникалық (бірұлттылық) тұрғыда дамығандығын байқаймыз. Оңтүстік Қазақстан облысында тәуелсіздіктен кейін қазақтар мен өзбектердің табиғи өсімі көрінсе, ал орыс неміс, татар, украин және т.б. ұлт өкілдерінің төмендегенін көреміз.
Біздің ойымызша, Оңтүстік
Қазақстан облысының
Осы жағдайларды назарға
ала отырып, еліміздегі ұлттық қарым-қатынасты,
әлеуметтік-демографиялық
2.3 Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарының орналасу ерекшеліктері
Қазiргi кезде ауыл шаруашылығын зерттеу саласында еңбек нарығының қалыптасу мәселелерiн қарастыру - ұлттық экономиканың ең маңызды мәселелердiң бiрi, себебі еңбек нарығында қоғамның ең күрделі әлеуметтік және экономикалық мәселелері шоғырланады: құрылымдық және аймақтық жұмысбастылықтың теңсіздігі, жұмыс күші сапасындағы регресситі сипаттағы -өзгерістер, тұрғындардың атаулы ақшалай табыстарының төмендеуі, жұмыссыздықтың және соның нәтижесі ретінде ресми тіркелмеген жұмыссыздар санының артуы, жұмыс күшінің миграциясы және т.б. Аталған мәселелер елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайға теріс әсерін тигізіп, құрылымдық және институционалдық қайта құру процестерін тежейді. Осыған орай қоғам алдындағы ӛндірістік және әлеуметтік міндеттерді шешудегі ерекше орынды ауылдық елді мекендердің еңбек әлеуетінің тиімділігін арттыру мәселесі маңызды орын алады. Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық тұрмыс аясындағы еңбек рыногы кӛрсеткіштерінің серпіні кестеде келтірілген [Кесте 2.5] .