Табиғи газ өндірісінің экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:16, реферат

Краткое описание

Ел экономикасындағы газ саласының ролін тұрақты нығайту қажеттілігі салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.
Газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а) Табиғи газ;
ә) Табиғи газ құрамы;
б) Табиғи газдар жіктемесі;
в) Газ өнеркәсібі;
г) Газ өндірісі;
д) Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы;
е) Газ құбыры.
III.Қорытынды бөлім
а) Табиғи газ өндірісінің экологиялық проблемалары;
б)Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
V.Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 73.20 Кб (Скачать документ)

Газ құбырларының тоғандығынан жүйеде қысым жобалықтан төмен, өйткені қысымды жобалыққа  дейін арттырған жағдайда газдың шығуы артып, әбден тозығы жеткен ГРП мен ШГТП жабдығы іске қосылып кетеді (іске қосылмай қалады). 

Осы газ  құбырларын пайдалану қосымша шығыстарды, оның ішінде авариялық өтінімдерді  орындау және жою қажеттігімен байланысты шығыстарды талап етеді. Қосымша  құрылыс техникасын сатып алу, техникалық персонал штатын ұлғайту, авариялық  құбыр қорларын және тиекті арматураны сатып алу қажеттігі қоса жүретін  жер жұмыстарының көлемі ұлғаюда. Таяу жылдары газ құбырларының қирауы, әсіресе сейсмикалық қауіпті аудандарда және топырағы жоғары тоттану белсенділігімен ерекшеленетін аудандарда жүйелі сипат алуы мүмкін.  

Сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың  дамуына және тұрғындардың өсуіне байланысты газдың тұтынылуы өсіп келеді. Бұл  жағдайда Қазақстан Республикасының  газ тарату желілерін жаңғырту мәселесі өткір болып табылады. Газ тұтынушыларын газбен сенімді қамтамасыз ету және пайдалану шығыстарын азайту үшін жаңғырту бағдарламасын әзірлеу мақсатында газ тарату желілеріне кешенді диагностика жүргізу талап етіледі. 

    Облыс әкімдерінің деректері бойынша болжамды газ тұтыну көлемі 2014 жылы   13,8 млрд. текше м. құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6 көп.

Дамудың келесі кезеңдерін қоса алғанда Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игеру перспективаларын, Қашаған  кен орнын іске асыру ауқымын ескере отырып,  барлау және өндіру, өнімді тасымалдау және сақтау үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етуді, экология мәселелерін шешуді және төтенше жағдайларға ден қою шараларын жасауды, инфрақұрылым объектілерін салуды қамтитын жағалау инфрақұрылымын уақытында және барабар дамытуға ерекше мән беріледі.

Түпқараған  шығанағының жағалауында және ауданындағы  теңіз мұнай операцияларын жағалаулық қолдаудың қажет объектілері  Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі  теңіз көмірсутегі кен орындарын  толық ауқымды игеру басталғанға  дейін салынған. Бүгінгі күні Түпқараған шығанағының жағалауында және ауданында  Теңіз мұнай операцияларын қолдау базалары, Теңіз кемелеріне май құю  станциялары, Тас жынысын тиеу айлақ  кешені, Өнеркәсіптік улы қалдықтарды  көмуге арналған полигондар, Қолдау базасы салынған және жұмыс істейді.

 

Газ құбыры

Газ құбыры – газ тасымалдайтын құбыр. Ол компрессорлық станция, диспетчерлік байланыс қондырғылары мен түрлі  құрылыстар жиынтығын да қамтиды. Газ  құрылысы кәсіпорындарында кәсіпкерлікті  басқарудың әдістемелік негіздері  мәселелерін жетілдіру тиянақты жан-жақты дайындаудың өмірлік қажеттілігін туындайды.

Батыс Қазақстанда  шоғырланған газ өнеркәсібі туған  жердің іздеуін және барлауын, газдың  игеруін және өңдеуін, көмірсутекті шикізаттарды жеткізуін және өңдеуін, оның қайта өнделетін өнімдерінің  өтімін қамсыздандыру шаруашылықтарының  кешенін ұсынады. Осының барлығы  бірыңғай материалдық жүйені құрайды.

Газды шығару кезеңінде газ құрылысы технологиялық  процестің ажырамас бөлігі болып  келеді. Қазақстандағы шетел кәсіпорындарының қызметін талдау, солардың ішіндегі ең ірісі газ шығару барлау сферасында жасалатынын көрсетті.Батыс Қазақстанның Орал облысында әлеуметтік инфражүйелік объектілерінің дамуына инвестициялық  жылға $ 10 млн. бөліп шығару операция жасаушы компанияның міндеті. Мердігерлер  келесідей міндеттемелерді қабылдайды:

       1) күрделі ремонт және 98 газды скважиналарды бұрғылау;

       2) жылына 9 млн-ға дейінгі газ және басқа да іліспелі өнімдерді шығару көлемінің артуы бойынша құрал-жабдықтардың құрылысы;

      3) жер қабатына газды кері шайқау үшін жабдықтар құрылысы;

      4) ұзындығы 636 км Қарашығанақ – Атырау құбыр құрылысы;

      5) Бөрлі ауданының мұқтаждығына арналған 20 Мвт қуаттылығы бар электростанциясын тұрғызу.

    Осы мақсаттардың жүзеге асырылуы үшін 2006 жылы газ конденсаты мен қуаттылығын өңдеу бойынша негізгі құрылыс жұмыстарына қорытынды келісім жүргізілді.

    Рационалдық өңдеу арқылы Қарашығанақ газ конденсатының туған жері, скважиналардың жұмыс сенімділігінің жоғарылауы және газ кәсіпшілік жабдықтары ғылыми-техникалық прогресте проблемалардың шешіміне бағыттау барысында газ шығару болды. Құрғақ газды кері шайқау жолын қолдау арқылы пласталық қысым көмегімен өңдеу және жаңа технологиялық процес енгізу маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.Газдың масштабты қорына ие болғасын, Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта газды сектор комплексының дамуына, сонымен қатар газ құрылысына шешуші мағына береді. Осыған байланысты газ құрылысының кәсіпорындарында барабар басқару проблемасы туындап жатыр.

Табиғи газдың экологиялық проблемалары

  Табиғи газ таза  қалдықсыз отын болғанмен табиғатқа  да кері әсерін тигізуде. Басты  экологиялық проблемаларына мыналар  жатады:

  1. Мұнайға серік газдар факелдерде өртелініп, атмосфераға едәуір зиян келтіруде. Факелдерде өртелінген газдан қоршаған ортаға түсетін зиянды компоненттер адам ағзасының физиологиялық деңгейде дұрыс жұмыс істеуіне, айта кетелік, жүйке жүйесіне, иммундық жүйеге кері әсерін тигізуде.
  2. Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді.
  3. Газ тасымалданатын құбырлардың істен шыққан жағдайында сол жердің топырақ жамылғысына,фаунасы мен флорасына қауіп төндіреді.
  4. Магистральді газ өткізгіштердің істен шыққан жағдайында елді- мекендердегі грунттың тереңдігі ауқымданады, жердің беткі жыныстары қыртысталады және эрозия үдерістер дамиды. Газ өндіретін өнеркәсіптегі апаттар нәтижесінде жер бедері және аумақтың барлық ландшафтарының ажары өзгереді.
  5. Табиғи газды алу және өңдеу  кезінде атмосфера көмірсутектермен ластанады.  Газ экологиялық таза отын болғанымен, ашық су айдының ластап,жердің топырақ жамылғысын бүлдіреді.
  6. Атмосфераның беткі қабатының улы газдармен  ластануы әр түрлі авариялар кезінде болады.

 

Экологиялық проблемаларды  шешу жолдары:

 

  1. Маман кадрлардың  кәсіби біліктігін көтермелеу.
  2. Қоршаған ортаны зиянды заттармен ластап жатқаны үшін кәсіпорындарға  төленетін айып пұл мөлшерін  көбейту.
  3. Өнеркәсіптердегі ескі  құрылғыларды ауыстыру.
  4. Газ құбыр желісінің және газдан сақтау аппаратурасының  жұмысын қадағалау және олардың ақаусыздығын қамтамасыз ету.

  5. Газ құбырларын тот басудан сақтау.

  6. Өнеркәсіп орындарының  атмосфераны ластауын тоқтату  үшін ауа тазартқыш,   түтін  тұтқыш қондырғылар орнатылуын  қамтамасыз ету.

  7. Табиғи газ кен  орындарын барлау, бұрғылау және  өңдеу жер қойнауы мен қоршаған  ортаны қорғау шараларын толық  сақтай отырып жүргізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Республикада  табиғи газдың айтарлықтай қоры бар, алайда ол өз қажеттілігінің үлкен  бөлігін Түрікменстан, Өзбекстан  және Ресей газдары есебінен жабады.

       Газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Табиғи газ – отын түрлерінің арасындағы ең зиянсызы болғанмен қоршаған ортаны ластауда. Газ қасиеті әртүрлі және кең көлемді қолданыстағы күрделі зат, оның құрамы әр түрлі қоспадан тұрады. Сондықтан газ және газ өнімдері өсімдіктер мен тірі ағзаларға зиянды уландырғыш заттармен кең көлемде әсер етеді.

     Мұнай және газ құбырларын салу кезіндегі қорщаған ортаның ластану мәселесінің жағдайын зерттеу барысында, өнім өндіру кезінде газбен, газ өнімдерімен және мұнай газдарымен, олардың жанғаннан кейінгі өнімдерімен, күкіртсутегі, күкірттотығы, ағынды судың минералдануы салдарынан ластанудың жиі болып тұратыны анықталды. Бұрғылау ерітінділері және бұрғылау кезінде түзілген қалдықтар,түрлі беттік әрекетті заттар, фенолдар, альдегиттер және бұрғылауды жылдамдату үшін қолданылатын басқа реагенттер ластануға әсер етеді. Сол себепті қоршаған орта ластанудан қорғауға бағытталған іс шараларды одан әрі жетілдіру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Атырау энциклопедиясы. Алматы, Атамұра – 2000, 19-бет

2.Г.М. Нұрсұлтанов, К. Н. Абайұлданов. «Мұнай және газды өндіріп өңдеу», Алматы «Өлке» 1999, 375-бет.

3.М.Д.Диаров.«Экология и нефтегазовый комплекс»Том-1. Алматы – 2003.

4. Разумихин Н.В. Реализация продовольственной программы СССР и охрана окружающей среды, 1986.

5. Ленин В.И. Полное собрание сочинений, т. 42, с. 150.

6. Маркс К., Энгельс Ф. Полн. собр. соч., т. 23, с.191.

7. referat.kz сайты

8. Исмагилов З.Р.«Мұнайхимияның өзекті мәселелері» атты III Ресей конференциясы. – Звенигород, 2009. - Б.132-133.

9.«Химия и общество».  Москва: Мир, 1995.

10. Бакач Тибор. Охрана  окружающей среды, 1980.

11. “Экология и жизнь”. Весна 1(9) 1999.

12. Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009.

13. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы- геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000.

14. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы 2003.

 


Информация о работе Табиғи газ өндірісінің экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары