Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:16, реферат
Ел экономикасындағы газ саласының ролін тұрақты нығайту қажеттілігі салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.
Газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а) Табиғи газ;
ә) Табиғи газ құрамы;
б) Табиғи газдар жіктемесі;
в) Газ өнеркәсібі;
г) Газ өндірісі;
д) Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы;
е) Газ құбыры.
III.Қорытынды бөлім
а) Табиғи газ өндірісінің экологиялық проблемалары;
б)Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
V.Пайдаланылған әдебиеттер.
Республиканың табиғи газға деген қазіргі таңдағы сүранысы жылына 7-8 млрд. м3. Сонымен, Қазақстан өте ірі мүнай-газ потенциалына иелік етеді, оның ішінде сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің барланған қорының биік үлесімен сипатталады. Мұның өзі мұнай мен газды өндіру деңгөйін арттырып қана қоймай, мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің шикізат базасын жаңадан ашылған, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторынан табылған жаңа кенорындар есебінен нығайта түсуге де мүмкіндік береді.
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі революцияға дейінгі тарихы бар ежелгі сала. 19-шы ғасырдың аяғында 20-шы ғасырдың бас шенінде Қазақстанға келген орыс және шет ел монополияларының капиталы мұнай өнеркәсібін де қамти бастады. Алайда патша үкіметі Қазақстанды метраполийдің колониялық тіркемесі ретінде қалдыра отырып, оған арзан шикізат көзі және өз рыноғын шығаратын қосалқы аймақ ретінде ғана қарады. Кеңесөкіметі қүрылғаннан кейін, 20-шы жылдардың басында Орал-Ембі ауданының мұнай кәсіпшіліктері мемлекет қарамағына өткізілді.
Газ өндірісін ұлғайту негізінен жаңа және негізгі базалық: Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, Толқын және «ҚазМұнайГаз» ҚК АҚ-қа тиесілі тағы бір қатар кәсіпорындарды, сондай-ақ Каспий қайраңы кен орындарын (Қашаған және т.б.) дамыту жолымен қамтамасыз етіледі.Өндірілетін газ негізінен ілеспе газ болып табылатындығын ескере отырып, тауарлы газды өндіру және шығару қарқыны мұнай өңдеу қарқынымен және кен орнын игеру бойынша қабылданған технологиялық шешімдермен (мысалы, газды кері айдау) айқындалады.
Болжам бойынша 2010 жылы республикадағы газ өндіру деңгейі шамамен – 37,0 млрд. тек. м, ал 2014 жылға қарай – шамамен 55,8 млрд. тек.м құрайтын болады.
Өз қажеттіліктеріне пайдаланатын газды, сондай-ақ кері айдау көлемдерін ескергенде, 2009 жылы тауарлы газды өндіру және шығару балансы және 2014 жылға дейін күтілетін болжамды көлемдер 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте
2009 жылы тауарлы газды өндіру және шығару балансы
және 2014 жылға дейінгі болжам
млрд. тек.м.
№ |
Көрсеткіш атауы |
2009 ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
1 |
Шикі мұнай өндіру, барлығы |
36,0 |
37,0 |
43,6 |
44,8 |
53,5 |
55,8 |
2 |
Шикі газды пайдалану, о.і. |
16,3 |
14,5 |
16,4 |
15,9 |
20,0 |
22,3 |
2.1 |
Өз технологиялық қажеттіліктерге, о.і. газды жандыру |
7,5 |
6,1 |
6,0 |
5,5 |
7,7 |
7,7 |
2.2 |
қабатқа қайта айдау |
8,8 |
8,4 |
10,4 |
10,4 |
12,3 |
14,6 |
3 |
Құрғақ газ өндіру, о.і. |
19,7 |
23,3 |
27,2 |
28,9 |
33,5 |
33,5 |
3.1 |
Жер қойнауын пайдаланушылардың өз технологиялық қажеттіліктеріне тұтынуы (ГТУ және т.б.) |
3,0 |
3,3 |
3,6 |
3,6 |
4,0 |
4,0 |
3.2 |
таратылатын тауарлы құрғақ газ |
15,6 |
20,0 |
23,6 |
25,3 |
29,5 |
29,5 |
3.3 |
Газды ПХГ айдау |
1,1 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
Өндіру көлемдерінің болжамды өсімі минералдық-шикізаттық базаны уақытылы толықтыруға қатысты тиісті саясатты қалыптастыруды талап етеді. Ресурстық база жаңа көмірсутегі шикізатының кен орындарымен толықтырылмайды, бүгінгі таңда Республиканың дайын құрылымдарының қоры іс жүзінде таусылды.
Үлкен тереңдіктегі мұнайгаздылықтың ғылыми-негізделген болжамы және мұнайдың тұз асты кешенге көшіп-қонуы моделдері жоқ.
Жүргізілген зерттеулер барланған қорлардың негізгі және көмірсутегі шикізатын өндіру өсімін Каспий теңізі айдынында күткен жөн екенін көрсетті.
Каспий
теңізінің қазақстандық секторын игерудің
мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар
Ілеспе
газ өндірісін ұлғайту
Теңіз кен орнының дамуы перспективада жылына 8 - 10 млрд. тек. м, Қарашығанақ кен орын бойынша – өндірілетін көлемдерге қосымша 10 млрд. тек. м дейін және Қашаған кен орнының игерілуі кемінде 5 - 6 млрд. тек. м газ өндеуді талап етеді.
ӨБТК сәйкес Қарашығанақ кен орнын игерудің 3-кезеңінде сұйық көмірсутегілерін өндіру және тиісінше газ өндірісі ұлғайтылған кезде Газ жобасын іске асыру қажеттілігі туындайды. Газ жобасы кен орнында жылына 5-тен 10 млрд. тек. метрге дейінгі көлемде шикізат өңдеуге және тазартылған газды сату нарықтарына жеткізуге арналған газ құбырын салуға бағытталған газ өңдеу зауытын салуды көздейтін, газдың қосымша көлемдерін кәдеге жарату жобасы ретінде көзделеді. Газ жобасын іске асыру үшін ГӨЗ-де шығарылған аз күкіртті газды өңдеу, сондай-ақ Мердігер мен Газ жобасының демеушілері үшін қолайлы техникалық, коммерциялық және қаржылық жағдай жасау туралы ұзақ мерзімді уағдаластықтарды қамтитын Мердігер мен Қазақстан Республика- сының өзара міндеттемелерін орындау қажет.
Қарашығанақ ГӨЗ салу жобасы жөніндегі келіссөздер жалғасуда, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ТЭН нәтижелері
бойынша, экономикалық жағынан тиімді
және тіршілікке бейімді ГӨЗ салудың
оңтайлы нұсқасы таңдалған
4-кесте
Жұмыс істеп жатқан және жаңа ГӨЗ бен ГКДҚ қуаттарының болжамы
№ |
Гөз өңдеу зауыттары (ГӨЗ) және ілеспе газды кешенді дайындау қондырғылары (ГКДҚ) |
Күтілетін енгізу мерзімі |
Жылына қуаты | |||||||
Жұмыс істеу бағыты: |
Жаңалары: | |||||||||
Газ өңдеу, млн. тек. м |
Сұйытылған газ шығару, мың тонна |
Газ өңдеу, млн. тек. м |
Сұйытылған газ шығару, мың тонна | |||||||
Газ өңдеу зауыттары | ||||||||||
1 |
ҚазГӨЗ. |
- |
2 900 |
110 |
- |
- | ||||
2 |
Теңіз ГӨЗ |
- |
12 000 |
1 150 |
- |
- | ||||
3 |
ЖГӨЗ (3-зауыт) II – кезек |
2012 ж. |
4 000 |
200 |
4 000 |
280 | ||||
4 |
Қашаған ГӨЗ |
I-кезек |
2013 ж. |
- |
- |
3 000 |
500 | |||
5 |
Боранкөл ГӨЗ |
- |
- |
3 000 |
140 | |||||
ГӨЗ бойынша жиыны |
18 900 |
1 460 |
10 000 |
920 | ||||||
Газды кешенді дайындау қондырғылары | ||||||||||
1 |
«Амангелді Газ» ЖШС |
700 |
- |
- |
- | |||||
2 |
«ҚазГерМұнай» ЖШС |
500 |
90 |
- |
- | |||||
5 |
«Торғай Петролеум» АҚ |
150 |
50 |
|||||||
6 |
Басқа кен орындарына |
2012 ж. |
- |
- |
1550 |
320 | ||||
Қондырғылар бойынша жиыны |
1 350 |
140 |
1550 |
320 | ||||||
ГӨЗ бен ГКДҚ |
20 250 |
1 600 |
11 550 |
1 240 |
Газды кәдеге жарату бағдарламасы шеңберінде республиканың жер қойнауын пайдаланушылары сұйытылған газды кешенді дайындау қондырғысында шығарады. Қазақстанда сұйытылған көмірсутекті газды (СКСГ) үш – Теңіз, Қазақ, Жаңа жол газ өңдеу зауытында, үш – «Петро Қазақстан Ойл Продакс» ЖШС (ПКОП), «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ (ПМХЗ), «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) мұнай өңдеу зауытында шығарылады.
Мұнай-газ өңдеу зауыттарының (МГӨЗ) 2009 жылы сұйытылған газ шығару, СКСГ экспорты мен ішкі нарыққа жеткізілімдерінің серпіні және 2014 жылға дейінгі болжам 5-кестеде келтірілген:
5-кесте
2009 жылы сұйытылған газ өндірісі және 2014 жылға дейінгі болжам
мың тонна
Атауы |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
ҚР ГӨЗ |
||||||
Теңізшевройл ГӨЗ |
1157,3 |
1256 |
1282 |
1247 |
1250 |
1250 |
Жаңажол ГӨЗ |
129,5 |
150 |
180 |
250 |
300 |
300 |
ҚазГӨЗ |
92,3 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Қазгермұнай ГКДҚ |
55,3 |
80 |
100 |
140 |
140 |
140 |
Торғай-Петролеум ГКДҚ |
8,8 |
50 |
80 |
80 |
80 |
80 |
ҚР МӨЗ |
365,0 |
409 |
404 |
413 |
429 |
538 |
ПМХЗ |
220,0 |
254 |
254 |
263 |
271 |
282 |
ПКОП |
137,0 |
142 |
142 |
141 |
144 |
147 |
АМӨЗ |
8,0 |
13 |
8 |
9 |
14 |
109 |
Сұйытылған газ өндірісінің |
530 |
650 |
670 |
700 |
811 |
900 |
Сұйытылған газдың ішкі нарыққа жеткізілімдері |
520 |
520 |
520 |
550 |
600 |
600 |
Жүргізілген
зерттеулер бәсекеге қабілетті, қосылған
құны жоғары экспорттық мұнай-химия
өнімін шығару бағытында саланы әртараптандыруға
мүмкіндіктердің бар екенін көрсетті.
Көмірсутегі шикізатын терең
өңдеу жөніндегі толық
Газ магистралы жүйесі кеңес газ тасымалдау жүйесі шеңберінде құрылды және табиғи газды Орталық Азиядан Ресейге және Кавказ елдері республикаларына жеткізуге функционалдық бағытталған болып қала бермек, сондықтан Ресей қазақстандық газдың экспорты кезінде негізгі бағыт болып қала береді. Ұзақ мерзімді кезеңде тауар газы өндірісінің көлемін ұлғайып келе жатқанын, сондай-ақ республиканың оңтүстігінің энергиялық тәуелсіздігін шешу қажеттігін назарға ала отырып, газ тасымалдау қуаттарын әртараптандыру маңызды мәселе болып табылады.
Болжамды деректер бойынша көлемі 2014 жылы 122,3 текше метрге дейін ұлғайтылатын Қазақстан арқылы халықаралық газ транзитін дамытуға жеке назар аудару қажет.
Көмірсутегілерді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізудің көп векторлық қағидаттарына сүйене отырып, табиғи газ экспорты және экспорттық бағыттары бойынша барлық экономикалық тұрғыдан пайдалы бағыттарды дамытуды жалғастыру қажет.
Қазіргі
сәтте газ экспортының ресейлік
бағытына бәсекелесетін баламаның
жоқ екенін және ағымдағы сату Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының
шекарасында жүзеге асырылып жатқанын
ескере отырып, қазақстандық тарап
уәкілеттік берген ұйым арқылы жеткізуді
жүргізіп әділ нарықтық баға алу бойынша
жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте
уәкілетті органдармен (“Трансферттік
баға белгілеу туралы” Заңға сәйкес)
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы шекарасында
Ішкі
газбен жабдықтауды дамыту тұрғындардың
әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған
саланы дамыту басымдықтарының бірі
болып қала бермек. Қазіргі уақытта
республикада 30 және одан да көп жыл
бұрын салынған ұзақтығы шамамен 11
мың км. болатын орта және төмен
қысымды газ тарататын
“ҚазТрансГаз-Аймақ” АҚ бөлімшелері пайдаланатын газ тарату желілері бойынша газ құбырларының шамамен 18% авария алдындағы жағдайда. Бұл ретте, болат құбырларды пайдаланудың нормативтік мерзімдері 30 жыл болса, жабдық пен құбырлардың 12% 35 жылдан астам пайдаланылып келеді. Бұдан басқа, газ құбырларының жылдам тозуы жер асты құбырлардың 40%-нің ұзақтығы электр-химия қорғағышсыз (2001жылы –70% астам) пайдаланылуынан болып отыр. Газ реттеу пункттерінің (бұдан әрі - ГРП) жартысына дерлігі және шкафтық газ тарату пункттерінің (бұдан әрі - ШГТП) үштен бір бөлігі жөндеуді немесе алмастыруды қажет етеді.
Информация о работе Табиғи газ өндірісінің экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары