Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 10:16, реферат
Ел экономикасындағы газ саласының ролін тұрақты нығайту қажеттілігі салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.
Газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а) Табиғи газ;
ә) Табиғи газ құрамы;
б) Табиғи газдар жіктемесі;
в) Газ өнеркәсібі;
г) Газ өндірісі;
д) Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы;
е) Газ құбыры.
III.Қорытынды бөлім
а) Табиғи газ өндірісінің экологиялық проблемалары;
б)Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
V.Пайдаланылған әдебиеттер.
Табиғи жанғыш газдар негізінен метаннан, этаннан, пропаннан және бутаннан тұрады, кейбір кездерде сұйық көмірсутектерінің қоспасы болады. Табиғи жанғыш газдардың кен орындары, басқа пайдалы қазбалармен байланыссыз, газдар жиынтығынан тұрақты газды кен орнына; газ көмірсутектері мұнайда еріген немесе мұнай кенінің бетінде газ шапкасы деп аталатын газмұнайлы түріне; газ сұйық көмірсутектерімен қаныққан, газконденсатты түріне бөлінеді. Табиғи жанғыш газдар, мұнай сияқты, бірінші кезекте энергетикалық отын есебінде көп пайдаланады, оның 10 -ақ %-ті химия өндірісінің қажетіне жұмсалады. Табиғи газдың дүние жүзілік барланған потенциалдық қоры 282трлн. м3, оның өндірілетін қоры 92трлн. м3 құрайды. Табиғи газдың дүние жүзілік барланған қорының 40 % бұрынғы КСРО үлесіне, 25% жақын және Орта Шығыс елдер үлесіне келеді.Энергия қорларының негізгі түрлері – көмір, мұнай, табиғи, төтел газдар, гидроэлектроэнергиясы және ядролық энергия. Мұнай мен газ отын және энергия көздерінің ең тиімдісі ретінде, оларды пайдалану үнемі өсуде. Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500жыл алдын, ал газдың жер бетіне шығуын Кавказда және Орталық Азияда біздің заманнан 6 мың жыл бұрын ғалымдар байқаған. Мұнай өндірістік мәнге XVIII ғасырдан бастап ие бола бастаған.
Энергетикалық қорлар қазіргі экономикада жетекші рөл атқарады. Кез - келген мемлекеттің өндіргіш күштерінің деңгейі негізінен энергия қорларын жұмсау ауқымымен анықталады. Энергия қорларының маңызына зорлығына дүние жүзінде өндірілетін пайдалы қазбалардың 70% астамы энергия көздеріне жататындығы дәлел бола алады.
Энергия қорларының негізгі түрлері – көмір, мұнай, табиғи, төтел газдар, гидроэлектроэнергиясы және ядролық энергия.
Мұнай мен газды энергия қоры есебінде пайдалануға 1987 жылы АҚШ-та – 64,7%, Италияда – 82,4 %, Францияда –56,4%, Жапонияда – 64,8%, ГФР және Ұлыбританияда – 59 - 60%, Канадада – 47,7%, Норвегияда – 28,9%, ал бұрынғы КСРО – да көмірсутекті отындар үлесі 1985 – 1990 жж шамамен 73% құрады. Бұл көрсеткіштер барлық елдерде де, мұнай мен газдың (оларды өндірмейтін елдерді қоспағанда) энергия қорының негізін құрайтынын көрсетеді. 1980 жылдары КСРО-да мұнай газ конденсатын бере бастағанынан, батыс және солтүстік батыс аудандарда жаңа мұнай өңдеу өндірістері – Белоруста - Мозыр, Литвада – Мажей, Украинада – Кременчук, Санкт – Петербург облысында – Кириш, Қазақстанда Шымкент және Павлодар МӨЗ іске қосылды, бұрынғы зауыттар күрделі жаңаруда.
Дүние жүзі бойынша энергия қорларының негізін қатты органикалық жанғыш отындар құрағанымен ( 90% астамы тас және қоңыр көмірлер, антрацит, сланецтер, торф және т.б), бірақ дүние жүзілік отын энергетика баласында (ОЭБ), олардың үлесі қазіргі кезде мұнай мен газ отындарына қарағанда аз. Мұнай жанғыш зат, оның жану жылуы қатты жанғыш пайдалы қазбаларға (көмір, сланец, торф) қарағанда, жоғары, шамамен 42 МДж/кг құрайды. Мұнайдың қатты жанғыш қазбалардан айырмашылығы күлі аз болады. сөзінен шыққан. Мұнайдың түзілуінің органикалық теориясының мәні, мұнай мен газ жер қыртысында шашыранды күйінде кездесетін органикалық заттардан түзіледі деген қағида.
Республика
аймағындағы көмірсутегі
Қазақстан
Республикасындағы жер қойнауын
пайдаланушылардың газды
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (15,0 млрд. тек. м), «Теңізшевройл» ЖШС (8,9 млрд. тек. м), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (3,0 млрд. тек. м), «Толқынмұнайгаз» ЖШС (2,3 млрд. тек. м), “ҚазМұнайГаз” БӨ АҚ (0,4 млрд. тек. м) Қазақстан Республикасы аймағындағы негізгі газ өндіруші компаниялар болып табылады (2009 жылғы деректер бойынша).
Қазақстанның оңтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамту қажеттілігін ескере отырып, Амангелді кен орындары тобын 300-330 млн. тек. м/жыл одан әрі игеру газ өндіру құрылымындағы орны маңызды. Бұл кен орындары тобын одан әрі дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының кен орындарының табиғи газын сату бағасын кезең-кезеңмен көтеріп отыру саясатына байланысты болады, себебі газға бағаның кезең-кезеңмен өсуіне тосқауыл қою жер қойнауын пайдаланушы компанияларға кен орындарының келісім-шарттық аймағын барлау және игерудің өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажет қаражат көлемін шоғырландыруға мүмкіндік бермейді.
Сонымен бірге, газдың елеулі көлемін жер қойнауын пайдаланушылар өз қажеттіліктеріне пайдаланатынын немесе кері айдау үшін жұмсайтынын ескере отырып, таратылатын тауарлық газдың көлемі маңызды көрсеткіш болып табылады (1-кесте).
1-кесте
2009 жылдағы тауарлық газды өндіру және шығару теңгерімі
млрд. тек. м
№ |
Көрсеткіштің атауы |
Саны |
1 |
Шикі газ өндіру, барлығы |
36,0 |
2 |
Шикі газды пайдалану, о.і. |
16,3 |
2.1 |
Технологиялық және өз қажеттіліктеріне |
7,5 |
2.2 |
Қабатқа қайта айдау |
8,8 |
3 |
Құрғақ газ өндіру, о.і. |
19,7 |
3.1 |
Жер қойнауын пайдаланушылардың өз технологиялық қажеттіліктерін тұтыну (ГТУ және т.б.) |
3,0 |
3.2 |
Таратылатын тауарлық құрғақ газ |
15,6 |
3.3 |
Газды ПХГ айдау |
1,1 |
Ішкі
тұтынудың 36% газ импорты есебінен
қамтамасыз етіледі, ол Қарашығанақ
газын Қазақстан
2-кесте
2009 жылдағы тауарлық газды тарату теңгерімі
Көрсеткіштің атауы |
Саны, млрд. тек. м |
Таратылатын тауарлық құрғақ газ |
15,6 |
Импорт* |
3,1 |
Газ ресурстарының жиыны, о.і. |
18,7 |
Ішкі тұтыну |
8,6 |
Экспорт* |
10,1 |
* - СВОП операцияларын ескергенде
Қазақстанның
мұнай-газ өнеркәсібінің
Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы мұнай мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі (перспктивалық) және болжамдық ресурстарымен анықталады. Бұлардың алдыңғылары бұрынырақ табылған, сөйтіп қазір игеріліп немесе барланып жатқан, әйтпесе уақытша сақталып қойылған кенорындармен байланысты. Келелі және болжамдық ресурстар әзір табыла қоймаған, бірақ анықталған әр түрлі типтегі жергілікті тұтқыштар тұрғысынан (келелі және шоғырландырылған болжамдық ресурстар), немесе алаптың ірі-ірі құрылымдық элементтері мен литологиялық-стратиграфиялық кешендері тұрғысынан жеткілікті дәрежеде ғылыми тұрғыдан негізделген ресурстар болып табылады.Қазақстанда табылған кенорындардың қорларын бағалау жұмыстары, сол сияқты келелі және болжамдық ресурстарды кешенді турде бағалау шаралары түрақты түрде жүргізіліп түрады, мұның өзі республиканың мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы мен болашақ даму перспективаларын саралауға жеткілікті дәрежедегі негіз болып табылады.2005 жылдың 1-ші қаңтарына есептегенде, Қазақстанда мұнай мен газдың 230 кенорны белгілі, олардың 131-і Каспий маңы ойысында, 18-і Солтүстік Үстірт-Бозащы алабында, 57-і Оңтүстік Маңғыстауда, 15-i Оңтүстік Торғайда және 9-ы Шу-Сарысу шөгінді алабында. 210-ға жуық кенорын мемлекеттік баланс тұрғысынан есепке алынған, қалғандары мұнай мен газдың жекелеген ағымдарымен ғана сипатталатын барланып жатқан алаңшалар дәрежесінде. Шу-Сарысу алабы ғана таза газды алап болып табылады, қалғандары негізінен мұнайлы алаптар санатына жатады, алайда бұл алаптарда да газ және газ-конденсат кенорындары мен жекелеген жатындары ұшырасады, және де олардағы мұнай мен дербес газдың бір-біріне деген қатынасы әр түрлі болып келеді. Жоғарыда келтірілген өте маңызды қорытынды Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі дамуының стратегиялық бағытын анықтайды, бүл бағыттың негізгі міндеті көмірсутектердің қазіргі бар қорларын ұтымды пайдалана отырып, қазіргі таңдағы белгілі кенорындарды игеру шараларын түрақтандыру болып табылады.
Сұйық кемірсутектерді ендіру деңгейін алыс перспктиваларға анықтайтын негізгі базалық кенорындар қатарына Қашаған мен Теңіз кенорындарын жатқызуға болады, бұлар өздерінің мүмкіндіктері жағынан бір-бірімен шамалас кенорындар, оларда бүкіл барланған қорлардың 70 %-ы шоғырланған.Игеріліп жатқан кен орындардағы мұнай мен газды конденсаттың қалдық қорларын қоса есептегендегі барланған қорлардың 90%-дан астамы 15 кенорынға тиесілі, олар - Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Королев, Жаңажол, Қаражамбас, Солтүстік Бозащы, Құмкөл, Қаламқас, Жетібай, Әлібекмола, Ақшабұлақ, Кеңқияқ және Кенбай кенорындары. Бұл кенорындардың кейбі- реулерің игерілу мерзімінің ең жоғарғы көрсеткіші 25-40 жыл аралығында, алайда бұл кенорындардағы мұнайдың өндіріп алуға болатын қалдық қорлары да біршама жоғары деңгейде. Кенорындардың бір бөлігі әлі де болса игерілмеген, немесе игерудің бастапқы сатысында. Олай болса, 15 базалық кенорындардағы сұйық көмірсутектердің барланған қорларының дайындалған базасы және олардың жоғары дәрежеде шоғырлануы болашаққа сеніммен қарай отырып, мұнай мен газды конденсат өндіру деңгейін өсірудің геологиялық мүмкіндіктері шынында да жоғары дәрежеде деп мәлімдеуге мүмкіндік береді. Бұл орайдағы негізгі кедергі көнорындарда жинақталған мол мұнай шоғырларындағы еріген және дербес газдар құрамындағы күкіртсутектердің жоғары концентрациясын аластайтын, сол сияқты мұнайды меркаптандардан тазартылатын қуатты қондырғылардың әлі де болса жетімсіздігі болып табылады. Мұнайдың жинақталған мол мелшерлерін сыртқы рынокқа тасымалдаудың тиімді жолдарын қарастыру мәселесі де принциптік мәселе дәрежесін иелене бермек.
Қазақстанның газға деген потенциалы да дербес газдың барланған қорларымен және әзір барланбаған, яғни күтілген (перспективалық) және болжам ресурстарымен анықталады. Дербес газдың, яғни газ жатындары мен газды тақия газдарының қоры жағынан Қазақстан барланған газ қорының 90 %-ына иелік ететін 23 елдің ішінде 16-шы орынды иеленеді. Қазақстан дүние жүзіндегі газ қорының 1,3 %-на ие. Газдың барланған қорларының97 %-ға жуығы Батыс Қазақстан аймақтарында, оның 75 %-ы Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының үлесіне 7-8 %-дан келеді. Газдың басым белігі Қарашығанақ кенорнында шоғырланған. Республиканың газдық потенциалы Каспий теңіз айдынының табанынан жаңадан ашылған газконденсатты-мұнайлы кенорындар есебінен артатын болады. Дербес газдың жыл сайынғы енімінің 80 %-ын Батыс Қазақстан облысы, 13 %-ын Маңғыстау облысы қамтамасыз өтеді, қалған белігі езге облыстар мен аудандардың үлесінде. Газ ендіру деңгейін Қарашығанақ, Имашев, Чинарев, Ұрықтау, Жаңажол, Теңге, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Амангелді, Шағырлы-Шемішті кенорындары және кенорындардың Прорва тобы қамтамасыз етеді, бул кенорындарда дербес газдың қазіргі кезде барланған қорының 95 %-ға жуығы шоғырланған. Алайда аталған кенорындар- дың кейбіреуінде газасты мұнай жастықтары мен мүнай жұрындарының болуы сол жатындардың газды белігін игеруге енгізуге мұнайды түгел алып болғанға дейін кедергі келтіретін болады. Газды оның құрамындағы күкіртсутектердің мол концентрациясынан тазарту проблемасы Имашев кенорнын игеруге күні бүгінге дейін кедергі келтіріп отыр.
Дербес газдың барланған қорларын арттырудың шын мәніндегі мүмкіндігі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жаңа кенорындардың, олардың ішінде ірі кенорындардың да ашылуымен байланысты. Және де мұндағы өнімді болып табылатын мезозой кешендерімен байланысты жатындар мен кенорындар күкіртсутекті кіріктіріп жарымайды, мұның өзі олардың тез арада игере бастау мумкіндігіне қол жеткізеді.
Қазақстанның газға деген потенциалында мұнайда еріген газдардың үлкен маңызы бар, олардың барланған қорлары дербес газдың барланған қорларынан артық. Еріген газдар қорының 85 %-дан астамы Атырау облысындағы Қашаған және Теңіз кенорындарында шоғырланған, сондықтан бұл кенорындарды игеру барысында алынған газды мұнай жатындарына жарым-жартылай қайтадан айдау шараларымен анықталатын технологиялық іс-шаралар жоспарланған. Алайда бұл кенорындардан алынған еріген газдың бүкіл мөлшері жатындарға қайтадан айдалмайтындығы сөзсіз, сондықтан олардың бір бөлігі республиканың ішкі өңіріндегі және экспорттық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.
Пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансымен 130 газ кенорны есепке алынған. Олардың ішінде 3 кенорын бастапқы өндірілмек қорларының пайдалы қазба қорларының Мемлекеттік комиссиясының жіктемесіне сәйкес бағаланған мөлшері жағынан ғаламат ірі (300 млрд. м3), екеуі өте ірі (100,1-300 млрд. м3), төртеуі ірі (30,1-100 млрд. м3), сегізі орташа (10,1-30 млрд. м3), он жетісі шағын (3,1—10 млрд. м3), жиырма бесі кішірек (1-3 млрд. м3) және жетпіс бірі өте кішкентай (1млрд.м3-ге дейін) кенорындарға жатады. Республика бойынша дербес газға 41, еріген газға 44 кенорын игерілуде. Конденсат Мемлекеттік баланспен 42 кенорында есепке алынған. Олардың 30-ы мұнай-газ-конденсатты, 12-і газ-конденсатты кенорындар. 42 конденсатты кенорын- ның 18-і игерілуде, 18-і игеруге дайындалған, 6 кенорын барлануда. Қарашығанақ дербес газ түрғысынан ғана емес, конденсат тұрғысынан да ғаламат ірі кен орын.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан аймағында таушайырлардың 64 дербес шоғыры әр түрлі дәрежеде зерттелген, олардың 18-і барланған, 2 кенорында (Қарамұрат, Иманқара) тәжрибелік өндіру шаралары жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасы мұнай өндіру тұрғысынан дүние жүзіндегі ежелгі елдердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көмірсутек шикізаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыста -рында өндіріледі.
Республикада табиғи газдың айтарлықтай қоры бар, алайда ол өз қажеттілігінің үлкен бөлігін Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей газдары есебінен жабады. Мұның негізгі себебі газбен қамтамасыз етудің әбден қалыптасқан, яғни бұрынғы КСРО-дан мұраға қалған инфроқұрылымы болып табылады, бұл инфрақұрылым газ өндірілетін және газды тұтынатын аймақтардың бір-бірінен қашық орналасуымен, газ құбырларының тармақталған тораптары болмауымен сипаттала отырып, барланған және игеруге дайындалған кенорындарды іске қосу ісіне айтарлықтай дәрежеде кедергі келтіреді. Газ негізінен Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында, азырақ мөлшерде Атырау және Ақтөбе облыстарында өндіріледі. Маңғыстау облысында газ 8 конорыннан өндіріледі, олар - Оңіүстік Жетібай, Батыс Теңге, Тасболат, Жетібай, Ақтас, Қарамандыбас және Өзен кенорындары. Республикада өндірілетін газдың негізгі бөлігі (50 %-дан астамы) соңғы жылдары Қарашығанақ кенорнының үлесіне тиіп отыр.
Информация о работе Табиғи газ өндірісінің экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары