Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау, пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 17:36, курсовая работа

Краткое описание

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулықты сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Табиғат ресурстары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау
2.2. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық пайдалану
ІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой32003.doc

— 171.00 Кб (Скачать документ)

Су жүйелеріндегі су мөлшерінің толық қалпына келуі  немесе жаңғыру мерзімі әртүрлі.

Табиғат ресурстарының экономикасының негіздері. Экономикалық даму және экологиялық фактор. Табиғат пайдаланудың негізгі бағыттары. Аймақтық және ғаламдықнегіздегі экологиялық проблемалар.

Табиғи ортаның  ластануы салдарынан болатын зиянды анықтау бағыттарын талдау көбірек қолданысқа ие болатыны, олар төмендегі әдістер екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1) табиғат қорғау  шараларын қолданбағанда ластанған  нысандарды сондай ластанбағандарымен  салыстырып, қоғамға келетін нақты  зияндарды анықтауға мүмкіндік  беретін, тура есептеу әдісі;

2) қоғамның табиғатты  кешенді қорғау шығындарын және  ондай шығындар жұмсалмаған жағдай  зиянның орнын толтыру шығындарымен  салыстырып, шаруашылық әрекеттердің  табиғатқа теріс әсерлерін болдырмау  шығындарының шамасымен зиянды  анықтау әдісі;

3) табиғи ортаның  ластануынан халық шаруашылығына  келетін зиянды жоғалтымдардың  орнын толтыру шығындарымен бағалау  әдісі;

4) ластанған  табиғи ортаның элементтерінің  реципиенттерге әсерін болдырмау,  алдын алу шығындарымен зиянды  бағалау әдісі.

Қалаларда қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянды іс жүзінде тура есептеу әдісімен бағалау үш түрлі: тәжірибелік натуралдық зерттеу, талдау және эмпирикалық тәсілдермен жүзеге асыру.

Еліміздің қалалары бойынша көптеген есептеулер: санитарлық - гигиеналық, әлеуметтік - экономикалық және модельдеу негізінде натуралдық байқаулар өте ұзақ және еңбекті көп қажет ететін процесс екенін көрсетті. Жобалау және жоспарлау жұмыстарында бұл процесті қайталау мүмкін болмағандықтан, осы мақсаттарға қажеттілікті ескеріп, табиғи ортаның ластануынан болатын зиянды есептеудің қарапайым әдісі қолданылады. Бұл тәсіл талдау және эмпирикалық әдістермен анықталған зияндар шамасы мен нормативтер жүйесін құруға негіз болады және үлкен танымдық маңызымен қатар, есептелген зиянның дәлдігін бағалауға мүмкіндік береді.

Эмпирикалық байланыстар  әдісінде экономикалық зиянның шамасы оған себепкер әр түрлі факторлардың әсері статистикалық мәліметтерді өңдеу арқылы анықталады. Регрессиялық талдау әдісін қолдану зерттелетін  көрсеткіш пен реципиент күйінің арасындағы жуық байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Мәліметтерді статистикалық өңдеу нәтижесінде елеусіз факторлар шығарылып тасталады және экономикалық маңызды факторлар іріктелініп, функционалдық модельдер жасалады. Қоршаған ортаның ластануы мен әлеуметтік - экономикалық зкянның факторлық - эмпирикалық байланысын анықтау үшін өте көп мәліметтер жинақтап, өңдеу керек. Ол үнемі мүмкін бола бермейді. Факторлар саны өте көп регрессия тендеулерін құрудың қиындығына байланысты оны жеңілдетудің бір жолы алғашқы факторлар санын азайту, екінші бір жолы жеке зиянды заттарды бір жиынтық бағалау көрсеткіштерімен алмастыру.

Натуралды - эмпирикалық  бақылау нәтижесінде алынған  нәтижелерді жуыстыру мақсатында практикалық  есептеулерде эмпирикалық байланыстар  әдісі қолданылады. Ол үшін еліміздің әр түрлі аймақтарында ластану деңгейі мен реципиенттердің жағдайы туралы көп жылдық статистикалық мәліметтер регрессиялық талдау әдісімен өңделеді.

Нарықтық экономика  жағдайында экономикалық зиянды есептеу  нормативтерге сүйеніп жүргізілуі тиіс. Нормативтік база ретінде дайын өнімнің, шикізаттың, отынның және т. б. бір өлшеміне есептелген зияндар шамасы алынады. Негізгі факторлар жөнінде статистикалық және жоспарлы мәліметтер жеткіліксіз болғанда табиғи ортаның ластануынан болатын зиянды анықтаудың негізі нормативтер базасы болады. Халық шаруашылығы кешенінің әр түрлі салалары мен сфералары үшін экономикалық зиянның үлестік мәндері бөлек есептелуі тиіс. Ал, зиянның толық шамасы барлық салалардағы зияндардың қосындысы ретінде есептеледі.

Зиянды есептеудің бұл әдісінде ескерілетін негізгі  факторлар: ластанған аймақтағы  тұрғындардың саны, өндірістің негізгі  қорының құны, орман және ауыл шаруашылық жер ауданы. Және мұнда ластанудың үлестік зияндары еліміздің барлық табиғи - географиялық аудандары үшін бірдей деп алынады. Бірақ, бұл көрсеткіштер бағаланатын нысандардың әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктерін (мысалы, территорияның игерілу дәрежесін, урбанизациялануын, мәдени - тұрмыстық қызметтер дәрежесін, жайластырылуын және т. б.) ескермейді. Сондай - ақ, бұл әдісте ластаушы көздерден шығарылатын зиянды заттардың массасы да ескерілмейді. Соңғы көрсеткіш зиянның шамасы бағаланатын территорияда зиянды заттардың шоғырлануына едәуір әсер ететін фактор болып табылады.

Бұл әдістің  негізгі жағдайларының жетілдірілуін табиғи ортаның ластануынан халық шаруашылығына келетін экономикалық зиянды бағалаудың және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін есептеудің уақытша үлгілік әдістемесінен табамыз. Бұл әдістің негізгі шартты ластаушының бір өлшеміне есептелген үлестік зиянды пайдалану болып табылады. Қауіптілігі әр түрлі зиянды заттарды бір шартты шамаға келтіру үшін әр түрлі заттардың шоғырлануының жол берілетін шекті нормалары қолданылады. Бұл әдісте атмосфераның ластануынан болатын зиянды есептеу үшін зиянды заттардың сол атмосферада таралуы, сондай кейбір реципиенттерге атмосфераның ластануының салыстырмалы қауіптілігі ескеріледі. Сонымен қатар, ластаушылардың шығарылу жағдайы: биіктігі, температурасы, тозаңдардың ірілі - ұсақтығы, қону жылдамдығы және т. б. кейбір сипаттары ескерілетін коэффициенттер анықталады.

Қарастырылған экономикалық зиянды есептеу әдістерінің  бәріне тән жалпы кемшілік — аймақтық факторлардың толық ескерілмеуі. Атмосфераның ластануынан болатын зиянды бағалау тәжірибесі оның шамасы аймақтық ерекшелігі мен жергілікті жердің жағдайына тығыз байланысты екенін көрсетті.

Аймақтық табиғи - климаттық факторлардың ішінде аса  маңыздылары: желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын - шашын шамасы, күн радиациясы, жер бедері, территорияның орманды болуы және басқалары. Сонымен қатар, экономикалық зиянның шамасына нысанның әлеуметтік экономикалық ерекшеліктері, территорияның игерілгендігі, урбандану дәрежесі, елді мекендердің жиілігі, территорияны пайдалану түрі, өндірістің мамандануы және т. б. елеулі әсер етеді, оларды ескеру де маңызды жайт.

Табиғат ресурстарын  пайдалану құқығы үшін төлемнің негізгі  табиғат ресурстарына меншік, иелік  құқығы болып табылады. Меншік құқығы осы төлем арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің құқығын басқа табиғат пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлем ақы алады. Табиғат ресурстары жалпы халықтың иелікте болғанда, иелік құқығын, олардың атынан мемлекет атқарады.Табиғат пайдалану құқығын алушылар мемлекеттік бюджетке ақы төйлейді. Төлемдердің бұл түрінің мөлшері шғындарға немесе табысқа онша байланысты емес, негізінен екі жақтың келісімі бойынша анықталады.Сондықтан шығындар деп атауға болады. Екінші жағынан төлем шамасы табиғат ресурстарын пайдалану құқығын алушылар өздерінің табыстарының қаншасымен бөлісуге келісетінін көрсетеді.Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлем алғашқы өндіріс шығындары болып табылады.Егер табиғат пайдаланушылыр табиғат ресурстарының нақты түріне пайдалану құқығы үшін төлемнен бас тартса, Онда ол оны басқа ресурспен алмастыруына тура келеді.

        Табиғат ресурстарын пайдалану  төлемдерінің мөлшері оның құндылығына,  эканомикалық бағалану шамасына  байланысты болады. Ал эканомикалық  бағалану шамасы дифференциалдық  рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз.Дифференциалдық рента өз кезегінде табиғат ресурстарының табиғи «өнімділігінен», пайдалану тиімділігінен туындайды.

     Табиғат  ресурстарын пайдалану төлемі  ресурстың түрлері бойынша оның  әрбір өлшеміне белгіленеді. Табиғат  ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері осы мақсаттарға жұмсалған шығындар бойынша анықталады,

      Төлемдердің келесі тобы табиғатқа  келтірілген зиянның орнын толтыру  қызметін атқарады.Табиғатқа зиян  келтірушілер: жеке азаматтар немесе  заңды тұлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы төлемдер арқылы «ластаушы-төлейді» принципі жүзеге асырылады.Бұл төлемдерді кейде экрлогиялық төлемдер деп атайды.

      Табиғат қорғау заңдары, ережелері,  тәртіптері бұзылғанда алынатын  төлемдер айып салу сипатында болады. Алынған төлемдерден басқа жер қойнауын кен өндіруден басқа мақсатқа пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану, т.б. төлемдер алынады. Экономикалық бағытына қарап табиғат пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, ренталық, айып, сыйлық төлемдері деп бөлуге болады.

Табиғат пайдалануды  басқаратын мемлекеттік органдар. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқаратын органдардың құрылымы. Табиғат пайдалануды басқаратын органдардың құрылымы. Табиғат пайдалануды басқаратын мемлекеттік органдардың заңдық қызметтері және міндеттері. Қоршаған орта сапасын жақсартуды басқаратын атқарушы органдардың біліктіліктері.

Соңғы онжылдықта өнеркәсібі дамыған елдерде жасалып  қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық, аймақтық бағдарламалары іске асырылып жатыр. Онда түрлі кешенді шаралар қарастырылған: зардаптарды талдау мен экономикалық және технологиялық бақылау құралдарына басымдылық беру, қоршаған ортаның ластануынан сапалы түрде қорғау т.б. Барлық сценарилер қойылым нұсқасында қарастырылады. Дамығне елдерде табиғатты қорғау шараларын іске асыру үшін бөлінген шығыстардың деңгейін үнемі артып отыр. Тазалау құрлысын салу жрлымен қоршаған ортаның қорғау проблемасын шешу экономикалық қарқын ортаның қорғау проблемасын шешу экономикалық қарқын өсіп отырғанда түбірімен өзгерту мүмкін емес.

Сақтаудың іргелі заңдарына сәйкес мүлдем қалдықсыз  технология мен қалдықсыз кәсіпорын  болмвйды.Оның үстіне кез-келген өнім соңынан қалдыққа айналады. Оның үстіне байсалды экономикалық шектеулермен жалпы тазалау стратегиясы бар. Тазарту қондырғысының құны жоғарғы және өндіріске салынатын капиталдың құнына жақындайды.

Мәселен,90% тазалау  кезінде тазарту қондырғысы мен  құрлысының құны негізі қор құнының 60%-іне дейін өсіп кетуі мүмкін. Сондықтан, жоғары дәрежелі тазалауға жету талпынысы өндірістегі бәсекелестікті төмендетіп, шығындары тұтынушы мойнына артады. (100% тазалау принциптері түрде мүмкін емес.

Өндірістің  қалдықтары осындай өндірістік кооперация есебінен азаюы мүмкін, бір кәсіпорынның қалдықтары екіншісіне шикізат орнына жүруге тиіс. Бірақ та, ұйымдастыру қиыншылығынан басқа бұндай кооперация қосынды шығынды көбейтеді. Өзге кооперацияланбаған өндіріспен салыстыру бойынща бұл бірлік массасының алуы үшін соңғы өнімді қымбаттатып жібереді.

Сонымен, қоршаған орта өз бетінше оның шынайы сандық және сапалық өзгеруінсіз өндірістің табиғи сыйымдылығын елеулі түрле төмендете алмайды.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ақбасова А.Ж. Саинова Г.Ә. «Экология», Алматы, 2004 ж.

2. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.

3. А.Көшербаев.Тау–кен және байыту өндіріс экологиясы. әдістемелік нұсқау.

    Е.Шілдебаев. Қызық экология. Әдебиет

4. Қалыбеков Т. Экология және ашық кен. Алматы, 1988 ж.

5. Қаженбаев С., Махмудов С. Табиғат қорғау. Алматы 1992 ж.

6. Мазур И.И. Курс инжерной экологий. Москва, «Высшая школа» 1999 ж.

7. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы.     

     Алматы, 2004.

8. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

9. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

10. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.    

       Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

11. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы,    

      «Қайнар», 1990.

12. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ   

      географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

13. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, 1991.

14. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

15. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров А.У. “ Экономикалық теория ”   

       Астана 2002ж 
16. Есекин Б. Прогресс Казахстана в достижении целей Повестки дня XXI века   

        Экология и устойчивое развитие. - 2001 г 
17.Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т. “ Қазіргі экономика ” 
      Тараз, 2001 ж.

18.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. “ Табиғат қорғау ” 
       Алматы 1990 
19. Мұқауұлы С., Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ” 
Алматы 1999 ж




Информация о работе Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау, пайдалану