Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау, пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 17:36, курсовая работа

Краткое описание

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулықты сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Табиғат ресурстары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау
2.2. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық пайдалану
ІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой32003.doc

— 171.00 Кб (Скачать документ)

       Шикізат  қорын толық пайдалану дәрежесі  жіберілген қалдықтың шамасын  өлшеу арқылы анықталуы мүмкін  немесе алынған өнім мен есептелген  өнім шамасын салыстырады. 

        Қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкіндік береді, бірақ соның ішінде тиімділері ғана алынады. Міне, осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады. Сонымен, шикізатты кешенді пайдалану мәселесі болып табылады.Сонымен, шикізатты кешенді пайдалану мәселесіне варианттардың тиімдісін анықтау мәселесіне айналды.

         Кешенді пайдалану ваианттардың  эканомикалық тиімділігін анықтаудың  түпкі мақсаты-халық шаруашылық  қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.

Қазіргі қолданып жүрген әдістемелер бойынша дифференциалдық  рента шамасы табиғат ресурстарын  алынған өнімнің құнынан өнімге жұмсалатын жеке нормалы шығындарды және нормалы пайда шамасын шегеру арқылы анықталады. Өнімнің құны арнайы есемптелетін шеткі (жоғары) шығын негізінде, (кадастрлық бағамен) анықталады. Шеткі шығын өнімге жұмсалатын қоғамдық қажетті шығынның шеті болып табылады.

Ренталық қағидаға сәйкес табиғат ресурстарының экономикалық бағасы (Р) мына формуламен есептеледі:

 

P=(Z –  S)B,

 

мұнда: Z – өнімге жұмсалатын шеткі (жоғары) шығын немесе  

               шеткі шығынмен есептелген өнімнің  құны (бағасы);

      S – табиғат ресурстарынан алынатын өнімге

               жұмсалатын дербес шығын;

         В – уақыт факторын ескеріп, Z, S шамаларының

               өзгерісін есептейтін дисконттау  коэффициенті,

               нәтижелердің, шығыдардың өзгерісін 

               (құнсыздануын) есептеуге қолданылатын 

                коэффициент.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі  түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау.

Абсолюттік  экономикалық бағалау табиғат байлығын ұлттық байлық құрамында, кәсіпорындардың, жеке аймақтардың балансында есептеу үшін және табиғатпайдалану төлемдерін аннықтау үшін және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады.

Өз кезегінде  абсолюттік экономикалық бағалау ағымдағы және ұзақ мерзімдік экономикалық бағаулар болып бөлінеді. Алғашқысы бір жылдық көрсеткіштер бойынша анықталады, табиғат ресурстарын пайдаланудың жылдық тиімі (жылдық дифференциалдық рента) есептеледі. Соңғысы табиғат ресурстары пайдаланылатын барлық жылдардағы тиімдер – ренталар жиынтығы болып табылады.

Ұзақ мерзімдік экономикалық бағалау – жылдық ренталардың дисконтталған қосындысы. Бірнеше жылдағы тиімдерді (шығындарды) қосу оларды “Капиталдандыру” болып табылады. Мысалы, жылдық арендалық төлемдерді орташа процент өсіміне бөлу арқылы жердің сатылу бағасын анықтауға болады, яғни арендалық төлем капиталға айналдырылған жердің жылдық проценттік өсімі ретінде қарастырылады. Өндіріске жұмсалған қаржы (қор) К бір жылда Е тиім әкеледі дейтін болсақ және оны тағы да өндіріске жұмсайтын болсақ, бірінші жылдың соңында КЕ тиім аламыз. Барлық өндіріске жұмсалатын қаржы К+ЕК, яғни К(1+Е) болады. Екінші жылдың аяғында ол К(1+Е)(1+Е), яғни К(1+Е)2 дейін өседі, t жылдың аяғында К(1+Е)t болады. Бастапқы шамасына t жылғы К(1+Е) тең болады. Сонымен t жылғы шаманы алғашқы шамаға теңеу үшін оны (1+Е)t шамасына бөлеуіміз керек, немесе 1(1+Е)t шамасына көбейтеміз.

Ұзақ (шексіз) жылдардағы осындай тиімдер (шығындар) қосындысы  шексіз кемитін геометриялық прогресс мүшелерінің қосынды деп қарастырамыз. Прогрестің бөлімі 1(1+Е), ал қосындысы

.

 

Егер табиғат ресурстарын игеру жұмсалатын шығындар барлық уақытта бірдей болатын болса және оны пайдалану мерзімі белгілі болса уақыт факторын мына формуламен есептеуге болады:

 

,

 

мұнда: Т – табиғат ресурсын пайдаланатын уақыт. Келтірілген формула геометриялық прогресс қатарының Т мүшелерінің қосындысы болып табылады.

 

 

Егер әдістемелік  тұрғыдан табиғат ресурстарын ағымдағы экономикалық бағалау бір тектес болса, әр түрлі табиғат ресурстанын ұзақ мерзімдік экономикалық бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер табиғат ресурстарын пайдалану сипатына және мерзіміне байланысты болады. Мысалы, кейбір табиғат ресурстарын шексіз пайдаламыз, екіншілерін - қоры таусылғанша, ал үшіншілерінің қорын бірнеше жылда қалпына келтіріп (өсіріп) пайдаланамыз. Сондықтан уақыт факторын ескеретін коэффициент те түрлі болады. Бұл ерекшеліктер келесі тарауларда қарастырылады.

Табиғат қорғау оның байлығын пайдалану әр түрлі  варианттарының тиімдісін таңдау үшін салыстырмалы экономикалық бағалау қолданылады. Сондай-ақ ол табиғат ресурстарын неғұрлым толық тиімді, экологиялық қауіпсіз пайдалану, оларды қорғау, өсіру, қалпына келтіру шараларын, аймақтық тиімділігін арттыруды болжау, жобалау, жоспарлау үшін қолданылады.

Салыстырмалы  экономикалық бағалау механизмі  инвестицияның салыстырмалы тиімділігін  анықтау негізінде құрылған. Салыстырмалы экономикалық бағалаудың қолданылатын мақсатына қарап оның екі түрін  ажыратамыз: табиғат байлығын пайдалануды бағалау және табиғат қорғау шараларын бағалау.

Табиғат байлығын пайдалануды салыстырмалы экономикалық бағалау варианттар бойынша табиғат  ресурсынан алынатын қосымша өнімге жұмсалатын келтірілген шығындарды салыстыру арқылы жүргізіледі.

 

 

мұнда: С1иК2 және С2иК2 – салыстырмалы әр түрлі варианттар бойынша өндірілген қосымша і өнімге жұмсалатын келтірілген шығындар;

П - қосымша і өнімнің шамасы (іһ1, 2, …т).

Табиғат пайдалану  шығындары әр түрлі кезеңдерде (жылдарда) жұмсалған болса, онда оларды салыстырылатын шамаға келтіру үшін уақыт факторын ескеруге тура келеді. Ол күрделі проценттер формуласымен есептеледі.

 

В=(1+ЕНП)t,

 

мұнда:  В – келтіру коэффициенті;

       t – келтіру мерзімі;

    ЕНП – келтіру нормативі.

табиғат байлығын экономикалық бағалау мен оның өндірістегі тауар айналасындағы бағасының шамасы, мәні бірдей емес. Құн заңы бойынша кез келген тауардың құны оған жұмсалған еңбекпен өлшенеді және олжеке тауар өндірушілердің жұмсаған еңбегімен емес, қоғамдық қажеті еңбекпен өлшенеді. Қоғамдық қажетті еңбек шамасы нарық қатынасымен, сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.

Осы күнгі баға анықтау тәсілі бойынша табиғаттан алынатын шикізаттың бағасы сала бойынша  өнімділігі орташа еңбек шамасының, орташа қажетті шығындар негізінде анықталады. Табиғи қалпында тұрған, игеруге ешқандай еңбек жұмсалмаған табиғи заттарды бағасы теориялық тұрғыдан жоқ, ол практикалық тұрғыдан алмастыратын ресурстардың бағасымен анықталады. Шикізаттың бағасы оны игеру мөлшерлі пайдасымен қоса қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Экономикалық бағалау табиғат байлығының нақты түрін пайдаланғанда оның тұтыну құндылығын көрсетеді.

Табиғат байлықтарының  сан және сапа жағынан әр түрлі  болуы, оларды пайдалану ерекшеліктері, ұқсату ерекшеліктері, зерттелу дәрежесінің түрліше болуы, мағлұматтардың толық немесе толық емес жартылай болуы экономикалық бағалаудың да түрліше болуын туғызады. Іс жүзінде қойылатын мақсатқа, мүмкіндіктерге байланысты экономикалық бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Ол бірінші кезекте бағаланатын табиғат қорының түріне байланысты. Мысалы, жер, су, орман, минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау. Мұндай бағалаулар таза экономикалық бағалау. Мұндай бағалаулар таза экономикалық тұрғыдан, әлеуметтік-экономикалық, экология-экономикалық, экономика-географиялық болуы мүмкін.

Экономикалық  бағалау нәтижесін қолдану жағдайына  қарап, халық шараушылық және кәсіпорының  есеп тұрғысынан бағалауларды ажыратамыз. Халық шаруашылық деңгейде бағалау  ең жоғары қажетті (шеткі) шығын негізінде  есептеледі, ал шаруашылық есеп деңгейінде - қолданылатын баға негізінде болады.

Табиғат ресурстары туралы мәліметтердің жеткілікті дәрежесіне байланысты: болжамдық, жобаға дейінгі, жобалық, жоспарлық, жұмыс істеп  тұрған кәсіпорындар үшін экономикалық бағалаулар жүргізіледі. Мысалы, минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау бірнеше кезеңнен өтеді.

Табиғат ресурстарын  экономикалық бағалау түрлерін мына сызбадан көруімізгеболады.

 Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері


 

 

 Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда ескерілмейтін қасиеттерін салыстыру

 

Табиғат ресурстарының  түрі

Өздігінен қалпына  келуі

Террито-риялық таралуы

Салалық қасиеттерінің  өзгеруі

Сапасына байланысты пайдалану түрлерінің өзгеруі

Басқа табиғат  ресурстарын пайдаланумен байланысы

1

2

3

4

5

6

Минералдық  шикізат

Қалпына келмейді

Жергілікті (нүктелік, хауыздық)

Өте күшті

Елеусіз, негізінен  өндіру техникасына, оның қуатына байланысты

Нашар жерге  орналасы, пайдаланумен байланысты ғана

Орман

Ұзақ мерзімде қалпына келеді

Ауқымды (ойдым-ойдым)

Едәуір

Негізгі пайдалану  мақсатында елеусіз, басқа қасиеттері бойынша едәуір

Айтарлықтай

Ауыл шаруа-шылық  жері

Қалпына келеді

Ауқымды (ойдым-ойдым)

Едәуір

Пайдаланудың  бір түрі бойынша едәуір аумағы бойынша–көп

Нашар

Су

Сарқыл-майды, бірақ  сапасы нашар лайды

Жергілікті (нүктелік, сызық-тық, хауыздық)

Елеусіз

Өте көп

Күшті

Атмос-фера ауасы

Сарқылмайды

Планеталық

Елеусіз

Елеусіз

Нашар


 

2.2. Таиғат ресурстарын  кешенді экономикалық пайдалану

Қазіргі заманғы жағдайда пайдалы қазбалар қорының тозуы, тұщы сулардың азаюы, өсімдік және жануарлар  әлемінің ресуртарының азаюы, табиғи ортаның үлкен масштабта ластануы өзекті проблемаларға айналып отыр.

Табиғи ресурстардың сапасы мен санына және санына әрбір  елдің экономика деңгейі мен  дамуы көптен-көп тәуелді. Сондықтан  табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі 3 топқа бөлінеді.

Сарқылмайтын қорларға-ғарыш, ауа, су қорлары жатады.

Ғарыш қорларына-күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы  жатады.

Ауа-райы қорларына-атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Су қорларына-жер бетіндегі  су көздері жатады.

а) Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топырақ құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн. км2, құрлыққа тиесілі үлесі-149 млн. км2 (29,2 %).

б) Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер  қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсер мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.

в) Минералдық қорлар-мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы сарқылатын қор түрінде жатады. Сонымен, минералдық қорларды:

1) металл қорлары. 

2) металл емес қорлар  деп бөлеміз.

Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай  қажет. Мысалы, ас тұзы, ізбес, құм, фосфори, калий тұздары т. б. Бұларға қарағанда, металл және мұнай-газ кен көндерінен шикі зат өндіру қарқыны жыл сайын арта түседі. Мысалы: соңғы 100 жыл ішінде-көмір, темір, марганец және никельді пайдалану мен өндіру 200-1000 есе артты.

Бұл қорлар литосфераның 17 км. тереңдікке дейінгі қабатын алып жатыр.

г) Энергетикалық қорлардың  жаңғырмайтын қатарына-көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий , литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне-фотосинтез өнімдерінің  энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады.

Су қорлары. Су қоры деген  ұғымды, тұщы су мөлшерінің қоры деп  түсінген дұрыс. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны-өзен-сулар.

Информация о работе Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау, пайдалану