Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау, пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 17:36, курсовая работа

Краткое описание

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулықты сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Табиғат ресурстары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау
2.2. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық пайдалану
ІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой32003.doc

— 171.00 Кб (Скачать документ)

 

 

                       Көрсеткіштер

Өлшемі

Шартты белгісі

Саны

                                1

     2

     3

    4

Қалдықтан алынатын өнім

   тонна

    Ао

16000

Қалдықты пайдаланудың жылдық шамасы

   тонна

     А

25600

Қалдықтың бір  өлшемін жинау шығыны

       тг

    ИТ

     7

Қалдықты пайдаланбағанда  табиғи ортаға эканомикалық зиян

     тг/т

     У1

  2300

Қалдықтан өнім шығарғанда оның бір өлшеміне шаққанда табиғи ортаға эканомикалық зияны

      тг/т

     У2

      8

Қалдықтың бір  өлшемін полигонда сақтау шығыны

    тг/т

    Ис

0,147

Қалдықты шығару және жинау қондырғысына өзіндік  күрделі қаржы

     тг/т

    Кс

  0,50

Қалдық жинайтын жердің эканомикалық бағасы

    тг/га

    ЦЗ

32500

Жерді қалпына  келтіру шығыны

    тг/га

    3р

2618

Қалдықтың бір  өлшемін жинауға қажетті жер  ауданы

      га

     S

0,00075

       

 

 

 

              Қалдықты пайдаланғанда табиғи  ортаның ластануының азаюы нәтижесінде  эканомикалық тиім мына формуламен  анықталады:

 

                               

                                        Эо =( У1 – У2 ) Ао + А Уо;

 

                                     Уо =Ууд + Ут + Ув + Уат + Усх;

 

          Ууд – Ит + Ис + Ен Кс = 7 + 0,147 + 0,15 · 0,5 = 7,22 тг;

 

Ут = ( Цз + Зр ) S = (32500 + 2618 ) · 0,000075 = 2,68 тг.

 

 

           Қалдықтың атмосфераға, суға, ауыл  шаруашылығына эканомикалық зияны  жоқ деп алынған. Сонда қалдықты  пайдаланғанда табиғи ортаға  болдырмаған зиян.

 

          Эо = (2300 – 8) · 16000 + (7,22 + 2,68) · 25600 =37000 тг.

 

          Жалпы халық шаруашылық тиім:

 

                                          Э = Эо + Э1 + Э2,

 

Мұнда:   Э1 – қалдықтан нақты алу тиімі 11231 тг;

               Э2 – қалдықтан алынған өнімді  тұтынушыларға тиім 99700 тг.

                        Сонда  Э = 48300 мың /тг болады

         Қалдықты пайдаланып өнім өндіру  жалпы шығыны өнімнің бір өлшеміне 156,53 тенге, қалдықтан алынған  өнімді тұтынушының шығыны өнімнің  бір өлшеміне 6,38 тг артады және 15625 м² өнім шығарылады деп  алынған.

          Есептеулер қалдықты пайдалану халық шаруашылығына тиімді екенін көрсетеді.

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі  бөлім

2.1. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау

 

Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның  қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажеттін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.

Осы тұрғыдан кем  дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші – табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ, бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатасын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырамаймыз. Мысалы, саз балшықтан  кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.

Екінші қорытынды  – табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.

Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? – деген  сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бұл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.

Бүгінгі күні табиғат  байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориялық қолданысқа жеткізілмеді.

Қазір табиғат  байлығын эклономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:

1.ұлттық байлықты есептеу;

2.табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімді игеру қажеттігін анықтау;

3.ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;

4.өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құның, бағасын дұрыс есептеу;

5.табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп 6.үмкіндіктерін есептеу;

7.жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау;

8.табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;

9.жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;

10.арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;

11.табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.

Осы келтірілген  табиғат байлығын экономикалық бағалау  негізінде шешілетін мәселелер  оның қаншылықты маңызды екеніне  және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жұмыстарын жүргізеді, санын, сапасын зерделейді; үшіншілері – табиғат байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері – табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері – табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдаланады.

Егер бұрын  экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономикалық қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекеттік және жергілікті салық, қаржы-несие жүйелерінде толық қолданылады. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мұдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада – табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.

Табиғат байлығының экономикалық бағасы – оның халық  шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ныталандыру. Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есемптеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалану ынталандырылады, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға жұмылдырады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның құндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г. Струмилин табиғат ресурстарының құның да оларды игеруге, ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған. Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну құндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, сапасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз керек. Тағы бір мысал: Өндіру шығындары бірдей кендер сапасының - тұтыну құндылығының әр түрлілілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Тұтыну құндылығы артық кен, әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жерге сапалы жерге қарағанда көп шығын жұмсалады (тыңайту, тегістеу, т.б. жұмыстар). Оның тұтыну құны да жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс. Ал шығындық қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар еді.

Шығындық қағиданың  осы басты кемшілігін табиғат  ресурстарының сапасын, өнімділігін  есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) артырады, ал ол қосымша дифференциалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресурстарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалымөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т.б.

Кешенді пайдалану ұғымына  өндіріс және тұтыным қалдықтарын  пайдалану да кіреді.

         Белгілі бір жағдайда минералдық  шикізат қорын кешенді пайдалану  деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бұл ұғымға, минералдық шикізат кешенді барлау, мейлінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді.

          Минералдық шикізатты кешенді  пайдалану-өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану.Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану-кен қорын және оны өндіргенде қосымша өнім болып табылған тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.

         Аймақтағы кен көздерін кешенді  пайдалану деп жақын орналасқан  кендерді бір-бірімен байланысты  ортақ игеруді айтады.Жеке-дара  игеруге тиімсіз ұсақ кешендерді  бірге пайдаланғанда тиімді болуы  мүмкін.Өйткені ортақ байыту фабрикалары,  ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады.Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.

        Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады.Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; эканомикалық тиім және тиімділік, т.б.

        Минералдық  шикізатты кешенді пайдалану  көрсеткіштері: кешенді пайдалану  дәрежесі-тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын толық пайдалану-кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу; жалпы көрсеткіш-тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнынң қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі-экономикалық тиімдер сомасының шығынға қатынсы.

Информация о работе Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау, пайдалану