Радиациялық зақымдану кезінде ет және етөнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 19:13, курсовая работа

Краткое описание

Радиактивті заттарды тағам өнімдерімен шамадан артық қолданғанда адамның денсаулығына зиян, тіпті сәулелі аурулар тудыруы мүмкін. Сол себепті малдәрігерлері тағадық өнімдердің радиактивті заттармен ластануын қадағалап отырып, тұтынушыны сапалы заттармен қамтамасыз етуі керек.
Еттің радиактивті заттармен зақымдануы екі жолмен жүреді:
1) малдардың радиактивті заттар қосылған азықтар жеуінен немесе радиактивті заттың малдың ағзасына басқа әдістермен түсуінен;
2) радиактивті шаң-тозаңдардың еттің үстіне қонуынан болады.

Содержание

1. Кіріспе.................................................................................................2 бет
2. Негізгі бөлім........................................................................................3 бет
2.1 Тағам өнімдерінің радиактивті ластауының категориялары.........3 бет
2.2 Ет - радиохимиялық сараптаудың объектісі...................................4 бет
2.3 Сүт және сүт өнімдері- радиохимиялық зерттеу объектісі...........8 бет
2.4 Жұмыртқа - радиохимиялық сараптаудың объектісі...................11 бет
2.5 Теңіз және тұщы судың балықтарын радиоактивті ластануға тексеру
ерекшелігі..........................................................................................13 бет
2.6 Ветеринарлы радиохимиялық сараптаудың келешегі.................15 бет
2.7 Радиоактивті заттармен жұмыс істеуде радиациялық
қауіпсіздік.........................................................................................17 бет
2.8 Радиометрлердің құрлысының принципі мен жұмыс істеу
ережесі................................................................................................20 бет
3. Қорытынды...........................................................................................23 бет
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................25 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСАВАЯ РАДИАЛОГИЯ.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

2.7  Радиоактивті заттармен жұмыс істеуде радиациялық

  қауіпсіздік.

    Иондалған сәулелердің радиактивті изотоптары және басқа шығу көздері, биологиялық әсері болса, адам денсаулығына потенциалды қауіпі бар, олар сыртқы ортадан қалай болса ішкі ортадан сондай әсер етеді. Радиоактивті заттармен жұмыс жасау максимальды  қауіпсіз болу үшін қажетті талаптарды сақтау керек.  Радиациялық қауіпсіздік нормасы НРҚ-76 және радиоактиаті заттармен негізгі санитарлық ережелер  НСЕ-72/80. Бұл құжаттар заңды жүйеде радиациялық қауіпсіздікті және оның барлық мекемелерге, радиактивті изотоптарды шығаратын, өндіретін, сақтайтын, тасымалдайтын өндірістерге арналған.

    Ашық радиоактивті көздермен жұмыс істейтін бөлмелерде күн сайын еденді, қабырға, есік, терезені ылғалды жуып отырады. Мұндай зертханаларда құрғақ шүберекпен сүртуге, немесе сыпыруға тиым салынған.

  Зертханада міндетті түрде  үнемі дезактивациялық заттар (щавель  қышқылы, фосфат, жуатын ұнтақтар) болу керек.  Жұмыс аяқталған соң әрбір жұмысшы өз жұмыс орныны жинап, ыдыстарды, құралдарды,  дезактивация жасап, радиометрлік құралмен оның ластану дәрежесін тексереді. Егер радиактивті ұнтақ немесе ертінді төгіліп қалса, желдеткішті өшіріп, жеке қауіпсіздік киімдерін киіп, төгілген заттарды жинап, содан ол жерге радиометриялық бақылау жасайды.

  Арнайы жұмыс киімдеріндегі  және терідегі радиактивті ластану  жарамды мөлшерден аспау керек. Ал жеке киіммен аяқ киімнің  ластануына жол бермеу керек, егер ластанса радиактивті қалдық ретінде жойылып жіберіледі.

  Ашық радиактивті көздермен  жұмыс істейтін адамды жеке  қорғаныс киімдерімен қамтамасыз  ету керек: халат, колпак, қолғап, жеңге  киетін, алжапқыш, комбинезон, пневмокостюм, резеңке етік, бахилла, респиратор, противогаз, көзәйнек

  Жұмыстан соң аранайы жұмыс  киімін шешу алдында оны радиоактивті  ластануға тексеріп алады, егер  ластанса арнайы бөлінген орында  жарамды мөлшерге дейін дезактивация  жасайды. Қол немесе дененің басқа бөліктері радиактивті заттармен ластанса дереу сабын немесе жуу ұнтағын қосып сумен жуады.

  Ашық радиоактивті заттармен  жұмыс істейтін зертханада жұмысшылардың  арнайы жұмыс киімінсіз келуге, тағамдық өнімдерді сақтауға, табак, косметика, үй киімін, тағам жеу, темекі тарту, косметиканы пайдалануға тиым салынады.

 Радиациялық бақылауды зертхананың  арнайы дайындықтан өткен дәрігері  немесе радиациялық қауіпсіздік  қызметінің жұмысшысы жүргізеді.

  Жұмысшыларды айына бір рет  сәуле дозасын жеке бақылап  отырады, сонымен қатар жұмыс үстелдерінің үстін, құралдар, жұмысшылардың тері қабаттарын, арнайы киімдерді әрбір жұмыс соңынан соң тексереді. Қосалқы бөлмелерді кварталына бір рет, жұмыс істейтін бөлменің ауасын-2 айда бір рет, суды кварталға 1 рет тексереді.

  Жүргізілген радиациялық бақылауды барлық түрін суретте көріп отырған журналға тіркеп отырады.

 

Радиометр және өнімдерде радиациялық көрсеткіштерді тіркейтін журнал

Сынаманы радиациялық өлшеуге дайындайтын құрал

2.8 Радиометрлердің құрлысының принципі мен жұмыс істеу ережесі

     Радиометр дегеніміз препараттың радиоактивтілігін, иондалған бөлшектермен кванттардың ағынының тығыздығын, аэрозоль мен сұйықтықтың үстірт радиактивтілігін өлшейтін құрал. Қазіргі кезде өндірісте радиометрдің әртүрлі формасын шығарады. Соның ішінде екі негізгі топты бөліп алуға болады, олар: стационарлы және тасымалды.

       Тасымалды радиометрлер универсальды бета-гамма-интенсиметр «Луч -А», универсальды радиометр РУП – 1, радиометр ДП -5А, СРП-68-01, ДРГЗ-02, ДРГЗ-03 және тағы басқалар. Бұл құралдың қорегі батарей, аккумулятор немесе электр тоғы. Әртүрлі заттардың үстіндегі радиактивті заттармен ластану интенсивтілігін анықтау үшін қолданады.

  Стационарлы (зертханалық) радиометрлер  – Б-2, Б-3, ПП-16, ПП-8, ДП-100, РПС-2-03А, РПС-2-03Т, КРК-1-01А, РКБ4-1еМ және тағы басқалары. Бұл радиометрлердің қорегі тек электр тоғы болып табылады. Бұл құрал ветеринарлық қадағалау объектілерінде олардың радиактивтілікпен ластануын, радиохимиялық зертеулер жүргізуге арналған.

   Стационарлы радиометрлер шағылысу детекторынан (газразрядты немеес сцинтилляционды датчиктер), импульсті күшейткіштен, санағыш схемадан, электромеханикалық санағыштан немесе импульсті тіркейтін декатроннан және барлық құралды қоректендіретін блоктан тұрады.

  Радиометриялық қондырғылардың көптеген типтерінің болуына қарамастан олардың құрлысының жұмыс жасайтын блок-схемасы ұқсас келеді. Шағылысу детекторлары свинецтен жасалған үйшіктерде орналасады, ол санау жылдамдығын азайтады.

  Радиометриялық қондырғыларды  қолдану алдында құралдың конструкциясын, түйіндердің байланысын, приборды қосу тәртібін приборға тіркелген нұсқау арқылы алдын ала оқып алу керек Кейбір электр түйіндерінің жұмысын, блоктың жұмысын, содан соң құралдың тұтастай жұмысын тексеріп алған жөн.

  Қазіргі кезде Б-2 типті радиометрді өндіріс шығармайды, дегенмен көптеген ветеринарлық зертханада бұл құрал әлі күнге дейін бар және конструкциясының кейбір ерекшеліктеріне байланысты мұның блогінің байланыстары және олардың бағыттары жақсы көрінеді. Сондықтан ядролық шағылысуды тіркеу, радиометриялық әдісті меңгеру Б-2 радиометрімен өте қарапайым және қолайлы. Б-2 радиометрімен ұзақ жұмыс істеген соң радиометрдің басқа типтеріне ауысу қиындық тудырмайды.

 

Б-2 радиометрін жұмысқа дайындау және санағыш схеманы тексеру.

1. Корпустың қондырғысын жерге тұйықтау қажет. Трансформатардың колодкасын үзілісті токтың қуатына сәйкес қою.

2. БГС-2 блокты санағыш құралға  және жоғары вольтті ВСП түзегішіне байланыс кабелімен қосу.

3. МСТ-17 санағышты свинец үйшігіне  қондырып жерге тұйықтандыру керек.

4. Тумблерді «Сөндіру» (Выкл) қойып, жоғары вольтті түзегіштің потенциометрдің кілтін сағат тіліне қарсы түбіне дейін бұрау керек.

5. Шнурды токтың розеткасына қосу.

6. Санағыш приборда тоқты қосу «Сеть», бақылау шамы жану керек. Құралды 10-15 мин қыздырады.

7. Санағыштың кілтін қосу «Проверка» (Тексеру).

8. Тумблерді қосу «Пуск». Барлық шамдар жанып, электромеханикалық санағыш импульсты тіркеу керек.

9. Тумблерді өшіру «Сброс» нүктесі  арқылы, неонды шамдар өшу керек.

10. Электромеханикалық санағыштың циферблатының тілін нольге қою керек.

11. Біруақытта тумблерді қосу  «Пуск» және секундомерді қосу. Импульстардың санын 1 мин тексеру. Уақыт өткен соң (1 мин) біруақытта тумблерді өшіріп, секундомерді тоқтатады.

12. Электомеханикалық санағыштың  көрсеткішін қайта санағыш коэффициентін К (х64)ескере отырып жазып алады және жанып тұрған неон шамдарының санын.

13. Импульстердің сандарын осылай 2,3,4 және 5 мин бойы тексереді. Әрбір тексеру алдында электомеханикалық санағыштың циферблатының тілін нольге қояды.

14. Тексеру нәтижесін кестеге  жазып отырады

Кесте 8

Б-2 радиометрінің санағыш схемасын тексеру

Қондырғы №__________________

 

№ өлшеу

Жеке өлшеудің уа

қыты (мин)

Қайта санау коэффициенті

ЭМС көрсеткіші

Ыстық неонды шамдарды саны

ның қосындысы

Санау уақытын

да тіркелген импульстердің саны

Санау жылдамдығы имп\мин

Жылдамдықтың жиіліктен ауытқуы 50Гц\%

 

t

K

K (a*100+b)

C

n

N=n\t

3000-N\3000*100

1

1

Х64

3008

12

3020

3020

0,6

2

2

Х64

6032

48

6080

3040

1,3


 

Қорытынды

  Тағам өнімдерінде (ет, сүт, жұмыртқа) радиактивті заттар болады, егер  олар радиактивті зақымданған територияда осы заттармен зақымданған малдардан алынса, сондай ақ радиактивті заттар еттің үстіне тікелей қонса.

   Радиактивті зертеуге малдардың ұшалары мен мүшелері ветеринарлық санитарлық сараптау радиометриялық зерттеулерден тұрады.  Осы мақсатта еттің үстірт  қабатынан 0,5 см қалыңдықта кесінді алады, кесінділерді бір біріне ластанған жағына қаратып жанай қояды, полиэтилен қабына салады, ал оны шыны банкаға салады.толық жабылған қақпақпен жабады, сүргіш салып зертханаға жібереді. Ал ұшамен ішкі мүшелермен зертханалық зертеудің нәтижесі бойынша іске асырады.

  Атомдық құралдардың әсеріне түскен малды етке сою, оның зақымдануымен және басқа да факторларға байланысты.

   Союға етті жібермейді: ветеринарлық  – санитарлық қадағалаудан өтпеген; денесінің ¼ бөлігінде күйген  жарақаттары болған; температурасы  сәулелі аурудың әсерінен көтеріліп  тұрған мал.

  Мұндай, сәулелі аурумен ауырған  малдар емделеді немесе жойылады.

  Ал союға мынадай малдар жіберіледі: радиактивті заттармен көрсетілген деңгейден аспайтын зақымданған малдар; сәулелі аурудың клиникалық белгілері білінбеген малдар; денесінің күйген жарақаты ¼ аспайтын және температурасы қалыпты малдар. Мұндай малдар зақымданудың алдыңғы сағаттарында сойылады.

   Радиактивті заттармен залалданған  ет және басқа сою өнімдері малдәрігерлік-санитарлық бағалауы мынадай тәртіппен жүргізіледі.

    1. Ет ұшалары мен мүшелері, егер радиактивтілігі көрсетілген мөлшерлі деңгейден аспаса, шектеусіз шығарыла береді;
    2. Егер ет ұшаларының радиактивтілігі шамадан тыс асса, онда оларды радиактивтілігі, көрсетілген деңгейге түскенге дейін сақтайды, сонан соң шектеусіз шығара береді. Ал сақтаған соң радиактивтілігі төмендемесе, ондай ұшамен паренхиматозды мүшелерді  жояды.
    3. Егер еттің радиактивтілік деңгейі 10 есе асып кеткен жағдайда, оны 10 айға дейін сақтайды, сүйектен етті сыпырып алып сақтағанда, еттің анағұрлым радиактивтілігі төмендейді.
    4. Егер ұша мен мүшелерден патологанатомиялық өзгерістер табылса, ондай ұшалар бактериологиялық зерттеуге жіберіледі.

     Сонымен қорыта келгенде тағам өнімдерінің радиактивті ластануы адам денсаулығына аса қауіпті, кейбіреуі адамда сәулелі ауру туғызады, сол себепті бұл өнімдерді ветеринарлық-санитарлық сараптаудың маңызы үлкен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі

    1. А.Д. Белов «Практикум по ветеринарной радиобиологии», Москва, «Колос», 1988ж;
    2. Г.Г.Воккен «Радиобиология», Москва «Высшая школа», 1967 ж
    3. Б.Н. Федотов «Ветеринарно – санитарная экспертиза с технологией продуктов животноводства», Ленинград, 1967;
    4. И.С. Загаевский, Т.В. Жмурко «Ветеринарно – санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства», Москва, 1983;
    5. Мурсалимов А.М. «Сборник нормативных правовых актов в области ветеринарии», Усть-Каменогорск, 2004;
    6. Ветеринарлық Заңнама, Том-2;
    7. Г.А. Кононов «Справочник ветеринария», «Колос», 1978.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЦЕНЗИЯ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 


 



Информация о работе Радиациялық зақымдану кезінде ет және етөнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау