Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 20:57, реферат
Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселелері кең ауқымды қаралу үстінде. Соның ішінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы теңіз жағалауындағы мемлкеттерді қатты алаңдатуда. Яғни теңіздің көмірсутегі ресурстарына бай болуы, экологиялық проблеманы туындатып, қоршаған ортаны қорғау мамандарын қатты алаңдатып отыр.
Фенол - М 01-07-93 әдістемесінің фенолдардың массалык концентрациясының табиғи және ағынды сулардағы «Флюорат-02» сұйық анализаторында орындалды. Мұнай өнімдерінің, АПАВ, мұнай өнімдерінің табиғи және ағынды сулардағы массалық концентрациясы ПНДФ 14.1:2:4.128-98 әдісі бойынша жүргізілді.
Флюорат-02 сұйық анализаторында мұнай өнімдері массалық концентрациясының жұмыс барысында анықталуы
1. Қосылыстарды дайындау.
1.3 Массалық концентрациясы 100 мг/дм3 болатын гександағы мұнай өнімдерінің қосылысы;
1.4 Массалық концентрациясы 100 мг/дм3 болатын анализатор градуирленентін косылыс дайындау.
2. Өлшеуді орындауға арналған дайындық.
2.4 Градуирлеу мінездемесінің тұрақтылығын
бақылау.
Сынаманың ластану негізін құрайтын мұнай өнімдерінің гександағы қорытынды ерітіндісін дайындау әдістемесі
Кептірілген өлшемді тығыз жабылатын, көлемі Vo =100см3 колбаға аналитикалык таразыда 0,2 мг дейінгі дәлдікпен және пипетканың көмегімен 100 мг (0,1 - 0,12см3) шамасында мұнай өнімдерін енгізеді. Колбаның ішіндегі жиналған өнімдерді гексан таңбасына дейін әкеліп, араластырады. Алынған ерітіндідегі мұнай өнімдерінің массалық концентрациясын (С, мг/см3) төмендегі формула бойынша есептейді:
С=1000*(М-Мо)/ Vo,
мұндағы Мо - өлшемді колбаның қорытынды массасы, г;
M- өлшемді колбаның массасы, г;
Vo - өлшемді колбаның көлемі, см3.
Мұнай өнімдерінің қалқасын өлшеу бюксте ғана жүреді. Бұл жағдайда салмағын өлшеуден кейін бюкс құрамын гександа ерітеді. Осыдан кейін бюксті гексанмен бірге 3 реттен кем емес шаяды.
Қорытынды ерітіндіні дайындап болғаннан кейін гександағы мұнай өнімдерінің концентрациясы 100мг/дм3 болатын ерітінді дайындалады. Ол үшін көлемі 50 см3 өлшемді колбаға керекті көлемде (V, см3) қорытынды ерітіндіні, яғни 5 мг мұнай өнімдерінен тұратын ерітіндіні пипеткамен тамызады және толығымен араластырады. V шамасын
V=5/C.
Алынған ерітінділер тығыз жабылған колбада 3 ай шамасында сақталады [12].
Калий, литий, магний, кальций, аммоний, стронций, барий катиондарының массалық концентрациялары «Капель» жүйесін қолданатын капиллярлық электрофорез әдісі М 01-31-2002 әдістемесімен жүргізілді. Хлорид-ион, нитрит-ион, сульфат-ион, нитрат-ион, фторид-ион и фосфат-ион аниондарының массалық концентрациясы да «Капель» жүйесі арқылы анықталды.
Мышьяк, кобальт, никель, марганец, мыс, темір, кадмий, қорғасын, мырыш, хром, алюминий массалық концентрациялары – М 01-29-98 әдістемесі бойынша «МГА-915» және «Analist-800» атомды-абсорбционды спектометрлерін пайдалану арқылы анықталды.
3.2. Алынған нәтижелер
Мониторинг қоршаған ортаға антропогенді ықпалды анықтау үшін жүргізілгендіктен Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы, Жайық өзенінің атырауы мен Жайық өзеніндегі шөгінді тұнбалардағы судың сынамаларының анализ қорытындылары зерттелді (1,2- қосымша кестелер).
1-қосымша кесте. Каспий теңізі солтүстік-шығыс жағалауындағы судың мониторингтік қорытындылары: анализ қорытындылары бойынша су сынамаларындағы аммоний ионының, нитриттің, 6-валентті хромның және 3-валентті хромның, барийдің, қорғасынның, литийдің, сынаптың, мышьяктың кездесуі анықталмаған.
ШРК-дан асыратындар:
2-қосымша кесте. Жайық өзенінің атырауы мен Жайық өзені дельтасы суының мониторингтік қорытындылары: Жайық өзенінің атырауы мен Жайық өзені суларының мониторингісінің анализ қорытындылары кобальт, кадмий, литий, ртуть, мышьяк ингридиенттерінің анықталмағанын көрсетеді. ШРК-дан асыратындар:
Каспий теңізінің шөгінді тұнбаларындағы химиялық зерттеулер қорытындысы кадмийдің №100, 52, 50, 47, 11 квадраттарында анықталмағанын, ал мұнай өнімдерінің, мыстың, қорғасынның, никельдің, мырыштың сынамалар алынған барлық жерлерде табылғанын көрсетеді. Кадмий №32, 133, 103, 76, 25 квадраттарында анықталған. Жайық өзені атырауының және Жайық өзенінің шөгінді тұнбаларында жүргізілген химиялық зерттеулердің корытындысы Индер, Махамбет, Дамба поселкелерінде, су каналы маңында кадмийдің анықталмағанын және қала орталығы мен басқа да сынамалар алынған нүктелерде кездесетінін көрсетеді.
Жайық өзені атырауының және Жайық өзенінің шөгінді тұнбаларындағы сынамалар алынған барлық нүктелерде мұнай өнімдерінің, мыстың, қорғасынның, никельдің, мырыштың анықталғанын көрсетеді.
Сынамалар алынған нуктелердің көбісінде грунт қара тұнбамен, сұр тұнып қалған топырақпен көрсетілген. Кадмийдің - 0,002мг/кг, мыстың - 0,082мг/кг №76 квадратта, қорғасынның - 0,184мг/кг №25 квадратта, никельдің - 0,63 мг/кг №133 квадратта, мырыштың - 0,15 мг/кг №133, 25, 11 квадраттарында максималды концентрациялары байқалды. Су каналына жақын маңда
Сонымен қатар, Пешной поселкесінде қорғасынның - 0,014 мг/кг, кадмийдің қала орталығынды БКК-дан төмен - 0,002 мг/кг максималды концентрациясы байқалды [13].
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғалымдарымыз қазіргі
таңда экология мәселесі атом қаруынан
да қауіпті екендігін айтып жатыр.
Бүкіл жер бетінде
Кез келген ел өзінің экологиялық мәселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын Бүкілдүниежүзілік Ұлттар Ұйымы алдына мәселе етіп қояды. Біздің Елбасымыз Н. Назарбаев осы ұйым алдына Арал мәселесін қойып отыр. Еліміздегі экологиялық жағдайлары тәуір емес жерлерге Семей, Балқаш, Арал, Байқоңыр жатқызылып келсе, соңғы кездері олардың құрамында облысымызға қарайтын Тайсойған, Каспий аймақтары да айтылып жүр. Бірақ елдің экологиясын жақсарту мақсатында Елбасы қол қойған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы жергілікті жерлерде жүзеге аспай отырғандығы жасырын емес. 90-шы жылдардың басында Санкт-Петербург мемлекеттік универститетінің мамандары Химия институты мен «Приморский» реабилитациялық орталығының ғалымдары тексеру жүргізе отырып, тек Тайсойған құмдарының айналасындағы су көздерінен талий, кадмий, никель, ал топырақта алюминий, магний, кальций, хром сияқты элементтердің нормадан тыс көптігі туралы ақпараттар берген болатын. Сол уақыттардан бері қанша жыл өткеніне қарамастан, зерттеу жұмыстарын жалғастыру туралы ешбір жан ауыз ашпай отыр. Осы сұрақтарды Парламент пен Үкімет алдында көтеретін уақыт жеткен секілді. Атырау өңірінен сайланған депутат ағаларымыздың осы тұрғысында «дауыстарын» естігіміз келеді. Тіпті басқасын айтпағанда, Атырау облысында ірі – ірі мемлекеттік мұнай мен газ өндірушілер, өңдеушілер мен тасымалдаушылар жұмыс жасап жатырса да, олардың өздеріне арнайы салдырған емханалары мен ауруханалары әлі жоқтың қасы.
Қоршаған ортаны қорғау
ісінде адам денсаулығының экологиясы
табиғат экологиясымен бір
Табиғат қорғау заңдылығын сақтамай қоршаған орта байлығын үдемелі түрде игеру Атырау өңірінің экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр.
Сот тәжірибесінен көрінгендей, кейбір жағдайларда Атырау облысы аумағында жұмыс істеуші мұнай компаниялары Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдылығын бұзуға жол береді. Осының нәтижесінде табиғатқа келтірілген зиян мөлшері орасан зор. Ол зиян мемлекет кірісіне қаржы түрінде өндірілуде, бірақ ол теңіздің тамшысындай. Қазірдің өзінде Атырау облысының соттарында көп мөлшерде осындай азаматтық істер қаралуда жатыр.
Атырау облысы аумағында
жұмыс істеуші мұнай
Аталған мәселенің маңыздылығы Каспий шельфінің жеделтетілген түрде игерілуі мен осының салдарынан Каспий теңізінің ластанғандығы жөніндегі орын алған фактілерге де байланысты. Бұдан басқа, ұзақ уақытқа сақтауға бекітіліп қойылған (законсервированные) су астындағы ескі скважиналардан кез-келген уақытта төнген мұнай ағып кету қаупін де естен шығармауымыз керек.
2007 жылдың 9 қаңтардында
“Қазақстан Республикасының
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8- тармақшасына сәйкес, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының көмiрсутегi ресурстарын ұтымды және қауiпсiз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өрлеуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу және Қазақстан халқының өмiр сүру сапасын арттыру, елiмiз индустриясының iлеспе салаларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы №1095 Жарлығымен Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы бекітілді. Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы ережелерiнiң негiзiнде Қазақстанның энергетикалық ресурстарын пайдалану стратегиясына және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы су ресурстарының экологиялық жағдайлары туралы ғалымдардың пікірлері мен аталмыш проблемаға байланысты өз тарапымыздан жүргізген зерттеулер негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Ұсыныстар:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінің экологиялық жағдайы