Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінің экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 20:57, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселелері кең ауқымды қаралу үстінде. Соның ішінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы теңіз жағалауындағы мемлкеттерді қатты алаңдатуда. Яғни теңіздің көмірсутегі ресурстарына бай болуы, экологиялық проблеманы туындатып, қоршаған ортаны қорғау мамандарын қатты алаңдатып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негизги болим-Финиш (2).doc

— 773.00 Кб (Скачать документ)

Каспий теңізінің тыс ластануы бекіре тектес балықтардың жаппай ауруына әкелді. 1999 жылы басталған Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Шығыс Қашаған бұрғылау жұмыстарының теңіз балықтарына, итбалыққа, жануарларға, құстарға, өсімдіктерге зиян келтіргені сөзсіз [7]. Қазіргі таңда итбалықтар жойылып кетудің алдында тұр. Бұл – бір эколог мамандардың ғана пікірі емес, статист мамандардың зерттеу есебінің де нәтижесі. Олардың берген мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылы 21 мың итбалық күшіктеген болса, олардың саны 2006 жылы – 17 мыңға, ал 2007 жылы 6 мыңға күрт төмендеген. Былтырғы жылбойынша статистер бұл көрсеткіштің де әлдеқайда азайып кеткенінен хабар беріп отыр. Есесіне, теңіз жағалауынан табылып жатқан өлі итбалықтардың саны артып бара жатса, сонымен бірге күшіктемейтін дертке шалдыққан аналықтардың да саны еселеніп кетіпті. Мамандар бұған қоса, соңғы 50 жыл ішінде жалпы итбалықтар саны 85 пайызға қысқарғанын мәлім етті. Каспий экологиясын зерттеумен айналысып жүрген «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігінің директоры Кирилл Осиннің айтуынша, итбалықтардың бұлайша көптеп қырылуы аймақ экологиясының күрт нашарлауынан туындап отыр. Ол, әрине, теңізге таралған өндіріс қалдықтарының бірден-бір әсері болып табылады.  
– Бүгінде Каспийдің солтүстік бөлігі бірден екі ел өндірісінің зиянды қалдықтары жиналатын орынға айналып болды. Оған Ресей тарапынан да, Қазақстан жағынан да бөлініп отырған көңіл аз. Біз тәуелсіз эколог мамандардан алған мәліметтеріміз теңіздің кей бөліктерінде мұнай өнімдерінен ластану деңгейі қалыпты шамадан 11 есеге артық көрсеткішке жетіп, ол 0,282 мг/литрді құрап отыр. Осының кесірінен итбалықтардың денесіне таралған зиянды заттар олардың аналық бездеріне әсер ете бастаған. Бұл – итбалықтардың көбеюіне қауіп төндіретін жайт. Оның үстіне бұл аймақта мұнай кеніштерінің көптеп салынуы осы өңірдегі жылыну процесін әлденеше жылдамдатып жіберді. Ал аналық итбалықтар күшіктеу үшін суық мекендерді таңдайтыны белгілі. Ал бүгінде бұрынғы күшіктеу орындары жанынан кеніштер ашылып қалған, – дейді Каспий экологиясына мониторинг жасаған Кирилл Осин[8].

Расында да, теңіз астында қалған мұнай көздері суға зиянды қалдықтарды таратып отыр. Ал мұндай көздер бір солтүстік бөліктің өзінде жиырмадан асады. Яғни қалдықтардың теңізге тікелей таралуына жол ашық деген сөз. Сонымен бірге, мұнай қалдықтары жиналатын жерді ашық теңізден бөгеп тұрған бөгет те өз міндетін толық өтеп тұрмаған көрінеді. Зиянды қалдықтарды теңіз суы оп-оңай шайып кетіп жатыр.

Мамандардың пікірінше, Каспий экологиясын сөз етпестен бұрын, оның құқығын анықтап алу қажет. Бұл мәселе талай көтеріліп, бес ел арасындағы конвенция жұмыс жасап жатқанымен, толық нәтиже берер емес. Аталмыш құқық оның өзінен мұнай өндірушілер алдында мәртебесін өсіріп, эколог мамандардың да өз қатал талаптарын өндіріс басшылары алдына қоюына жол ашар еді. Өйткені теңізден мұнай өндірушілер жыл сайын көбеймесе, азайып жатқан жоқ.

Эколог мамандар мұнай өндіру және өнімді трансшекаралық негізде тасымалдау барысында ластану деңгейі төмендемейтін болса, теңіздегі балық шаруашылығы 2015 жылға қарай құрдымға кететіні жайында мәлімдеп отыр. Оның ар жағы – екінші Арал атанумен де бірдей. Атырау қаласында 2008 жылдың желтоқсанында өткен «Өзгерістер баррелі» тақырыбында өткен екі күндік семинардың бір тақырыбы – «Каспий және өңір экологиясы», сонымен бірге мұнай компанияларының өз міндетіндегі әлеуметтік жобаларға немқұрайды қарап отырғаны жайында болды.

Каспий теңізі бассейні мемлекеттерінің көмірсутегі ресурстарын кеңінен игеруі теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне теріс әсерлерін ұлғайтады. Теңіздің Қазақстандық сектордағы көмірсутегі шикізатын алдағы кезде баса игеру елдің экологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

2003 жылы 25 желтоқсанында Каспий теңізінің Прибрежье кенішінде №6 және №12 ұңғымалардан мұнайдың сыртқа төгіліп жатқаны жөніндегі басқарманың Қазақстан Республикасының теңізі мен ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз қадағалау жөніндегі инспекциясы хабарлаған болатын. Сонымен бірге Каспий теңізінің көтерілуіне байланысты су астында қалған Лебяжье, Огайское, Южное, Көкарна, Морская, Тәжіғали, Пустынное, т.б. кеніштер үлкен мәселеге айналып отыр. Бұрғыланған 56 ұңғыма су астында қалғандықтан коррозияға ұшырап, қауіп төндіруде.

Жалпы су астында қалған ұңғыларды бекіту бағытында мемлекеттік бағдарлама қажеттілігі туралы мәселе әлдеқашан қозғалғанды. Сонау 1997 жылы Оңтүстік - Батыс Тәжіғали алаңындағы №1 ұңғымадан теңізге мұнай ағып жатқаны жөнінде дабыл түсті. Кейін 2001 жылы желтоқсанында бүл оқиға тағы да қайталанды. Апат ТШО, ОКИОК тәрізді шетелдік компаниялармен жергілікті мұнайшылар күшімен жойылды. Алайда мамандар мұндағы ұңғының аузы сенімді жабылғанына кепілдік бере алмайды [9].

 

2.3.2. Каспий теңізі мұнайының теңіз флорасы мен фаунасына әсері

Мұнайлы жердегі ағынды сулардың жер беті және жер асты суларына тигізетін әсері өте көп. Бұл Каспий теңізінің шельфіндегі жүргізіліп жатқан өндіріс барлау жұмыстарының барысында кен орындарының батуына әкеліп соқтырады. Жағалық зонаның мұнаймен, мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы теңіз фаунасы мен флорасындағы планктон мен басқа түрлерінің қырылуына себеп болады.

Мұнайдың аз мөлшері  тірі организмнің жүйке жүйесін  бұзады, жануарлардың түрлі жасушаларында  паталогиялық өзгеріс шақырады, балдырлардың қалыпты дамуына, қырылуына әкелетіні анықталған. Мұнаймен ластанудың 800 мг/м концентрациясында фитопланктонның өмірлік қызметіне басымдылық көрсетеді, балдырлардың оттекті қазбалары кемиді. Мұнайдың шөгінді жыныс болып сақталуы бентос пен макрозобентосқа, түрлі моллюска түрлеріне кері әсерін тигізеді. Айта кететін жайт, мұнайдың аз ғана мөлшері балықтарға наркотикалық әсерін тигізеді.

Соңғы жылдары Каспий теңізі жағалауларында итбалықтардың қырылуы байқалуда. Аурудың пайда болуына негізгі себепті мамандар ыстық жазды, жоғары температура және теңіз түбінде анаэробты жағдай тудыру токсиндердің бөлінуін санайды. Жоғарыда аталғандай, кез келген ластану, соның ішінде мұнаймен ластану құстардың иммунитетінің әлсіреуіне әкеледі және токсинді ботулизмді қабылдауды жоғарылатады [10].

 

2.3.3. Каспий теңізінің суы мен грунтында мұнай қышқылдандыратын бактериялардың сандық көрсеткіші

Солтүстік Каспийдің  орталық - тереңсулы бөлігінде, әсіресе, Жайық өзенінің (бороздина) акваториясындағы мұнай қышқылдандыратын бактериялардың саны 100 кл/мл-ден аспайды. Грунт суындағы мұнай қышқылдандыратын бактериялардың ұсақталған құрылым шөгінділерімен корреляцияланады (жыныс қабаттарымен салыстырмалы ара қатынаста болады). Максималды сандық көрсеткіш - 20 мың/г Еділ-Каспий каналының грунт суында, өзен сағаларында байқалған. Су алмасу зоналары Махачкала, Шевченко, Ақтау порттарында мұнай қышқылдандыратын бактериялардың саны 40 мың/г жоғары.

Солтүстік Каспийдің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын көптеген зерттеушілер (Катунин, 1985; Бухарицин, 1992; Попова, 1992; Некрасова, 1992; Иванов, 1999 және т.б.) бақылаған. Олардың айтуынша, Солтүстік Каспийде мұнай өнімдерінің концентрациялары ШРК 3-300 аралығында түрленеді.

Негізінен, Солтүстік  Каспийдің ластануы өзен ағындарымен және теңіздегі кен орындарымен байланысты. Бүл жерде қарқынды ластану 70-жылдарда басталған шығыс жэне батыс жағалаулардағы кен орындарын, әсіресе, Қаламқас, Қаражанбас, Терең-Өзек, Қаратон, Теңіз жэне т.б. кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізгеннен кейін басталды.

Теңіз деңгейінің көтерілуі жағалық кәсіпшіліктерге дейінгі қашықтықты қысқартуына себеп болады және жиі болып тұратын желдер, толкындар қорғаныс дамбаларын шайып кетеді, жағалық мұнай кәсіпшіліктерін су басып кетеді. Солтүстік Каспийдің суындағы көмірсутектер концентрациясы 0,43 -тен 16 мг/л (салмақтық әдіс) аралығында тербеледі. Учаскенің орталық бөлігінде көмірсутектер концентрациясы орташа есеппен 0,11 - 0,20 мг/л-ді құрайды. Максималды көлем сәйкесінше, 1,46 - 2,07 және 9,4 - 10,3 мг/л құрайтын мұнай өнімдерінің саны өзен суларына және порт акваторияларына тиесілі.

Солтүстік Каспийдегі мұнай  және мұнай өнімдерінің бар екені порт шөгінділерінде, қала мен тұрғындар пунктері маңындағы шығанақ-қойнауларда анықталған. Өзен сағаларындағы шөгінді тұнбаларында мұнай мен мұнай өнімдері анықталмаған. Осылайша, мұнай мен мұнай өнімдері теңіздің өзіне өзен ағындарымен тартылады, ал қатты шөгінділер тұнып қалады және интенсивті седиментация процесі кезінде грунттың беткі қабатына көмісутектердің жиналуына қиын соқтырады. Осы уақытта Солтүстік Каспийге құятын қатты өзен ағындары мұнай өнімдерін тасымалдайтын жалпы құрылымды болып табылады. Ю.И. Пиковский мен А.В. Комарова мэлімдемелерінде (1996), теңізге ерітінді түрінде жіберілетін өлшенген форма (қатты ағын) 60-тан 98%-ға дейінгі көмірсутегілердің жалпы массасын құрайды. Бұған қоса, мұнай өнімдерінен тұратын шөгінділер сілтіден айыру кезінде болатын екінші ретті ластанудың кезі болып табылады [11].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Топырақ және грунт суларының мұнай өнімдерімен ластану проблемалары

 

Соңғы 15 - 20 жылдарда топырақ пен жер асты суларының ластану қаупі күшеюде және оларды тазарту жұмыстары өте жай жүруде. Ластану көздері әр түрлі болып келеді: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тау кендері. Грунт суларының тазарту жұмыстары өте қымбат тұратындықтан, бұл проблемаларды шешу үшін олардың алдын алу шараларын жүргізу керек.

Топырақ және грунт сулары ластануының барлық түрлері өндіріс қалдықтарынан, мұнай өнімдерін сақтау және колданудан, тасымалдаудан болады. Ластану, әсіресе, құрал-жабдықтардың техникалық сай болмауы, коррозияға ұшырау әсерінен болады. Қоршаған ортаға қатерлі қауіпті технологиялық бұрғылау жұмыстары, кұрамында 20 м3 тез тұтанғыш компоненттері бар мұнай өнімдері туғызады. Өте қатерлі кауіпті мұнайлы күкірт-сутектер мен кен орындарындағы мұнай төгінділері туғызады. Мұнай қалдықтарының жер астында сақталуы, жер асты суының ластануына әкеледі.

Мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің өндірістерінде белгілі бір тереңдікте топырақ қабаттарынын ластануы жүреді, ал бұдан жер асты топырақтарынан жер асты суымен таралып ластайтын және апат жағдайларын туғызатын мұнай өнімдерінің линзасы пайда болады.

Мұнай өңдейтін өндіріс орындары қазіргі уақытта атмосфера мен су қоймалардағы су көздерін ластайтын зауыттарда ескі технологияны (80%-га жуығы) қолданады. Бұл проблемаларды шешу мұнайды рационалды түрде қолдану үшін жүретін мұнай өңдеуді тереңдетуді талап етеді. Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай өңдеу орташа тереңдігі 55%-ды, АҚШ-та 90% құрайды. Ал америкалық ең күшті мұнай өңдеу зауытында - 98%-ды құрайды.

Жер асты суының көмірсутектермен ластануы сұйық мұнайлы, су ерітіндісі және булы фазаларында жүруі мүмкін. Мұндай ластанулар судың беткі қабатымен немесе саз қабаттарымен миграцияланатын көмірсутектердің бөлек фазаларынан тұруы мүмкін. Су қатпарының ішкі және сыртқы қабатында болатын калдықты мұнай өнімдері су еріткіш органикалық қосылыстардың сулы катпарға түсетін тұрақты көзі болады. Бұл процестің негізгі механизмі - қозғалмайтын мұнайлы фазаның қозғалысы. Маңызды ықпалды климат көрсетеді, сондықтан жауын-шашын ағынының мөлшері әдетте, судың орын ауыстырумен байланысты. Бұған қоса, өзен суларының жоғарғы деңгейі сияқты басқа да жағдайлар грунт суларының градиентін түзуі мүмкін.

Қазіргі уақытта аталған  проблемаларға бағалаудың потенциалдық тәуекелі мен талап ететін критерийлерге әсер ету мүмкін табиғат қорғау заңдылықтарында өзгерістер болуда. Ластанған учаскелердегі мемлекеттік шаралар жүйесінің негізі ретінде топырақ пен грунт суларының ластануының қауіптілігі болуы керек. Бағалау процесі экологиялық зиянды заттардың идентификациялануы мен ластануды болдырмайтын негізгі жолдарды және оларды тазарту жұмыстарын жүргізу керек [12].

 

 

3.1. Жұмыстың орындалу әдістемесі

Солтүстік Каспий және Жайық өзенінің суларының мониторингтік жұмыстарын жүргізгенде келесі әдістемелер қолданылды:

  • Экспедициялық
  • Лабораториялық

3.1.1.Экспедияциялық жұмыстар

Экспедициялық жұмыстың өткізілуіне Венера типті теплоход колданылды.

Экспедициялық жұмыстың құрамына жағалық зонадағы, терең  сулы бөліктердегі және Жайық өзенінің атырауы мен Жайық өзенідегі теңіздік жұмыстарды жүзеге асыру кірді.

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі судың сынамалары 14 нүктеден 54 анықтама бойынша алынды.

Жайық өзенінің атырауы мен Жайық өзенінен 54 анықтама бойынша 11 нүктеден судың сынамалары алынды.

Судың сынамалары су бетінен 0,5 м тереңдікте арнайы сынамалар алатын ПЭ-1200, ПЭ-1105, ПЭ-1420 құралдары арқылы алынды.

Сынамалардың  сақталуына әйнектен жасалған ыдыс және тығыз жабылатын қақпақты полиэтилен ыдыстар пайдаланылды.

«Табиғи және ағынды сулардағы мұнай өнімдерін анықтаудың жалпы талаптары» 17.1.4.01-80 Мемлекеттік стандарты бойынша, анализдерді өткізуде сынамалардағы мұнай өнімдерін анықтайтын арнайы әйнектен жасалған тығынды ыдыс қолданылды.

Сынамадағы оттегі ерітіндісін анықтайтын сыйымдылығы 200-300 см3 болатын бөлек жіңішке мойынды ыдыс (оттекті склянка) қолданылды.

Сынамалар консервациялары  «Сынамалар алу нұсқауы» екінші қосымшасы бойынша жүзеге асырылды. Әрбір сынаманың көлемі 5 литрді құрады.Программаға сәйкес шөгінді тұнбалардан 20 сынама, оның ішінде теңіз бойынша 10 сынама және Жайық өзені бойынша 6 ингредиентке 10 сынама алынды. Сынамаларды алу «Сулы объектілердегі шөгінді тұнбалардың ластануына анализдің сынамалар алудағы жалпы талаптар» 17.1.5.01-80 мемлекеттік стандарты бойынша жүргізілді.

Экспедициялық  жұмысты  жасауда  және  бақылауды  халықаралық  келісім  бойынша қабылданған өлшем бірліктері колданылды.

 

3.1.2. Лабораториялық жұмыстар

Жеткізілген шөгінді тұнбалардағы судың сынамалары өлшемдердің орындалу әдістемесі мен сынау әдісіне сай анализденді.

Судың түсі, рН, оттегі ерітіндісі, БПК, құрғақ қалдық, өлшенген заттар, бораттар «Құрлықтағы жер үсті суларының химиялық анализдері басшылығымен» сай анықталды.

Фенол - М 01-07-93 әдістемесінің фенолдардың массалық концентрациясының табиғи және   ағынды   сулардағы   «Флюорат-02»   сүйық   анализаторында   орындалды.   Мұнай өнімдерінің,   АПАВ,   мұнай   өнімдерінің   табиғи   жэне   ағынды   сулардағы   массалық концентрациясы ГІНДФ 14.1:2:4.128-98 әдісі бойынша жүргізілді.

Информация о работе Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінің экологиялық жағдайы