Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінің экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 20:57, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселелері кең ауқымды қаралу үстінде. Соның ішінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы теңіз жағалауындағы мемлкеттерді қатты алаңдатуда. Яғни теңіздің көмірсутегі ресурстарына бай болуы, экологиялық проблеманы туындатып, қоршаған ортаны қорғау мамандарын қатты алаңдатып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негизги болим-Финиш (2).doc

— 773.00 Кб (Скачать документ)

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ

 

 

 

Қазақ-Орыс Халықаралық  Университеті

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖАҒАЛАУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫ

 

 

 

 

 

 

     Секция:          ЭКОЛОГИЯ

 

 

   

    Орындаған:    Мадарова Ләззат

 

 

 

    Жетекшісі:    АДИЛХАНОВА ЛАУРА АМАНЖАНОВНА

Қазақ-Орыс Халықаралық  Университетінің оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы, 2012 жыл

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселелері кең ауқымды қаралу үстінде. Соның ішінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы теңіз жағалауындағы мемлкеттерді қатты алаңдатуда. Яғни теңіздің көмірсутегі ресурстарына бай болуы, экологиялық проблеманы туындатып, қоршаған ортаны қорғау мамандарын қатты алаңдатып отыр.

Тақырыптың  өзектілігі. Жер бетінде экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.

Каспий теңізіндегі көмірсутегі ресурстарын жаппай игеру кезінде болуы мүмкін  техногенді апат және ауа мен судың ластануы экологиялық маңызы бар проблемаға айналып, қоршаған ортаны қорғау мамандарын қатты алаңдатып отыр. Өйткені мұнайды тасымалдау мен өндіру кезінде болып жатқан теңіздегі апаттар, отандық және шетелдік компаниялардың жұмысы Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін әзірге қамтамасыз ете алмайтығын дәлелдеп берді. Сондықтан да Каспий теңізінің ахуалы жылдан-жылға қиындай түсуде. Теңіздің деңгейі жыл сайын көтеріліп, (1999 жылы ол 17,2 м) айнала 20 -30 шақырым жерді су басуда. Мұнай кәсіпшіліктерін ауық-ауық су басып кетіп, оның төңірегі шайылып, теңізге қосылып, айдынның күрт ластануына әкеліп соқтырды. Химия зауытының қалдық суларының қосылуы салдарынан теңіздің фенолмен ластану мөлшері әдеттегіден 9 есе жоғарлағаны байқалды. Мұнай және мұнай өнімдерінен неғұрлым көбірек ластанған сайын адам организміне де, малға да зиянды заттардың көбею қаупі туып отыр.

 «КазНИИЭК» Республикалық мемлекеттік мекемесінің далалық зерттеулер қорытындысы бойынша, теңіз суының агрессивті әсеріне су басу территорияларында қалған тоқтатылған мұнай-газ ұңғымаларының бетондары шыдамайды. Ал бұл жағдай теңіз суының мұнай өнімдерімен және пласталық сулармен ластануына әкеледі.

Аталған мәселелерді  шешу үшін, ең алдымен, қоршаған ортаға әсерін тигізетін барлық факторларды анықтайтын кешенді шаралар жүргізу керек. Ол үшін ғылыми - іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, қоршаған ортаға зиян келтіретін техногендік әсерлерді жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы болжамдау болып табылады.

Тақырыптың  көздеген негізгі мақсаты. Қазіргі кездегі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне сәйкес Каспий теңізінің солтүстік – шығыс жағалауындағы су ресурстарының экологиялық жағдайын зерттей отыра, теңіздің бүлінуіне жол бермеу және тазалығын сақтауға үлес қосу.

Жұмыстың  практикалық маңыздылығы. Каспий теңізінің солтүстік – шығыс жағалауындағы су ресурстарының экологиялық жағдайын жұмыс барысында қарастыра отырып, Солтүстік Каспий мен Жайық өзені суларының мониторингтік сараптама қорытындылары берілді.

 

 

2. Негізгі бөлім

 2.1. Каспий теңізі мен Атырау облысының климаттық-географиялық жағдайына сипаттама

 

Каспий теңізі Жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірак көлеміне, даму тарихына, физикалық-географиялық процестердің сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Каспий теңізіне Кавказдың шығыс жағын мекендеген байырғы тайпа аты қойылған. Ежелгі тарихи аттары: Гиркан, Хвалын, Хазар.

Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 км, орташа ені 495 км., жағасының үзындығы 7000 км. Ауданы 371000 км2 (1929 жылы 422000 км2 болатын). Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5м төмен. Ең терең жері - 1025м. Ірі шығанақтары: солтүстігінде Кизляр, Комсомол; шығысында Маңғыстау, Кендірліқазақ, Қара-Бұғаз-Көл, Красноводск; батысында Аграхан, Баку қойнауы. Оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары (жалпы ауданы 350 км2) бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылыой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем (жылдық ағын жиынтығы Каспий теңізіне күятын өзен ағындарының жылдық нормасының 88%-ы); батыстан Сулақ, Самур, Кура (су балансындағы кірістің 7%-ы) оңтүстігіндегі Иран жағалауынан Горган, Сераз, Сефидруд өзендері (жылдық өзен ағындарының 5%-ы) күяды. Шығыс жағалауында тұрақты ағынды өзендер жоқ.

Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жатық. Мұнда теңіз суының шалқып шегінуі эсерінен кең алқапты қайраң қалыптасқан. Өзен сағаларында (Еділ, Жайық, Терек) атыраулық жаға ұлғаюда. Батысы мен шығысындағы Маңғыстау жағалауы жарқабақты абразиялық жаға, батыс жағасының кейбір жерлері, Қара-Бұғаз-Көл қайрандары Красноводск түбегінен бастап оңтүстікке қарай аккумуляциялық жаға болып келеді.

Рельефі. Каспий теңізі түптік рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий, Орталық жэне Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Солтүстік бөлігінің ауданы 80000 км2, орташа тереңдігі 4-8м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар жэне аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солтүстік Каспий Орталық бөлігінен Маңғыстау шұңғалы арқылы бөлінген. Орталық Каспийдің ауданы 138000 км2; мұнда теңіздің түптік шұңғымасы (Дербент шұңғымасының ең терең жері 788м) шельфі және құрлықтық беткейі айқын байқалады. Құрлықтық беткейінде су астылық жылжымалар, каньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік Каспий Орталық бөлігінен Апшерон шоңғалы арқылы бөлінген. Оңтүстік Каспий табаны абиссальды жазық (ені 30 км) болып келетін шұңғыма меншельфтен тұрады.

Климаты. Каспий теңізін ауаның қысқы Азия максимумы мен жазғы Азор максимумының және оңтүстік Азия минимумының тармақтары басып өтеді. Осыған байланысты ауа райы антициклонды болып, қысы суық, жазы құрғақ, жауын-шашыны аз континенттік климат қалыптасқан. Климатына циклонды ауа райының тигізетін әсері (ені шамалы, солтүстік, орталық бөліктерінде жел қазан-сәуір айларында шығыстан, мамыр-қыркүйек айларында солтүстік-батыстан соғады) оңтүстігінде муссондық желдер байқалады. Апшерон түбегінде (әсіресе күзде), орталық бөлігінің шығысында, солтүстік бөлігінің солтүстік батысында желдің екпіні өте күшті, кейде олардың жылдамдығы 24 м/с-тен асады.

Жылы айларының орташа температурасы +24+26°С, абсалют максимумы (+44°С) шығысында байқалады. Қысқы айларында - 10 - 12°С. Каспий теңізінің айдынында жылына орта есеппен 200мм, ал батыс жағалауына 1700мм жауын-шашын түседі. Буланудың орташа жылдық мөлшері 1000 мм, ал Апшерон түбегінде 1400 мм-ге жетеді.

Флорасы мен фаунасы. Каспий теңізі флора мен фаунаға кедей. Өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктер арасында көкжасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлар да өсе бастады. Гүлді өсімдіктерден зостелер мен руппилер кездеседі. Каспий теңізінде неоген дәуірінде жаралған фауна түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, бұзаубас балық, дрейсен  және  жүрекше  моллюскілер  жатады.  Мұнда арктика теңіздерінен (Каспий итбалығы), Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді.

Шаруашылық маңызы. Каспий теңізі ежелден құнды балық түрлеріне бай. Бекіре тұқымдас балықтар, майшабақтар, тұщы су балықтары (табан балық, көк серке, сазан, т.б.), итбалық ауланады. Соңғы кезде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне, Еділ бойына гидротехникалық құрылымдардың салынуына, теңізге өндірістен шыққан лас сулардың құйылуына, теңізден мұнай өндірілуіне байланысты балық мөлшері азаюда. Егер 1936 жылы 500000 кг балық ауланса, 1956 жылы 461000 кг-нан аспады, әсіресе бекіре тұқымдас балықтар мен майшабақтар өнімі кеміп кетті. Қазір оларды өсіру жұмыстары жүргізілуде[1].

Атырау облысы Қазақстан  Республикасының батысында орналасқан жэне Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауымен шайылып жатыр. Солтүстігінде БҚО-мен, шығысында - Ақтөбе, оңтүстік-батысында - Маңғыстау облыстарымен, батысында - РФ-ның Астрахань облысымен шектеседі.

Атырау облысының жалпы  ауданы 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды және облыста шамамен 452 мың адам тұрады. Экономикадағы басты орынды өндіріс орындары алады. Оның үлесіне облыстың тұтас қоғамдық өнімнің 80%-ы тиеді. Алдыңғы қатардағы мамандану салалары: отынды (мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін), химиялық және балық шаруашылығы болып бөлінеді. Облыс территориясының үлкен бөлігін Каспий маңы ойпаты алып жатыр.

Атырау облысы су ресурстарына өте кедей. Каспий маңы ойпатының жер үсті су көздері ретінде Жайық өзені, Еділ өзенінің шығыс атырауындағы салалары: Ойыл, Сағыз, Қайнар және Жем өзендері құрайды. Ал жер асты су көздері ретінде Тайсойған, Құнды және Жаңасой жерлері құрайды.

Атырау облысы мұнай мен газға бай (Жайық-Ембі мұнайлы аудан). Мұнай қоры геологиялық болжам бойынша 7 млрд. тоннаны құрайды.

Мұнай-газ аудандарын бағалау, көмірсутектердің геологиялық ресурстары 25,8 млрд. тоннаны, газдың қоры 2 трлн. м3-ты құрайды. Мұнайдың негізгі қорлары Теңіз кен орны және Каспий теңізінің шельфінің үлесіне тиеді. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының барлық қоры бойынша жартысын құрайды.

Мұнай өндіру және өңдеу  кезінде бөлінетін зиянды заттардың 70%-ы атмосфераға, 20%-ы су көздеріне  және 5%-ы топыраққа енеді. Эксперттердің  бағалауынша барлық өндірілетін мұнайдың 3,5%-ы мұнай кәсіпшіліктерінен жоғалтылады. Мұнайдың кейбір мөлшері жинау жүйесінде, кәсіпшіліктердегі айырылуда (сепарация) және құбыр жолымен тасымалдағанда жоғалады.

Облыстағы мұнай өндіру Жылыой, Мақат және Исатай (Жайық  жэне Еділ өзендерінің аралығы) аудандарында және де аздап Қызылқоға аудандарында жүйеленген. Мұнайды Каспий теңізінен перспективалық түрде өндіру Шығыс және Батыс Қашаған учаскелерінде күтіліп отыр. Атырау облысы мұнай өндіруші кәсіпорындардың 2003 -2010 жылдар аралығындағы мұнай өндіру және мұнай өндіру кезіндегі газды жағу көлемі 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. 2003-2010 жж. аралығындағы мүнай өндіру және мұнай өндіру кезіндегі газды жағу

(мың тонна)

Мүнай өндіру

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

ТОО «ТШО»

6999,2

8600

9586,6

10499,4

12480,8

12600

12750

12748

 

 

ААҚ «Ембімұнайгаз»

2584,0

2366,8

1899,6

1930,2

2400,3

2600

2630

2713


(млн. м3)

Газды жағу

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

ТОО «ТШО»

939,2

1617,9

1810,4

1760,7

1273,9

533,8

620,8

ААҚ «Ембімұнайгаз»

29,8

28,9

36,9

27,1

74,1

77,0

79,0


Облыстың су ресурстары 28,0 км3 құрайды, соның ішінде Жайық өзені бассейні 11,4 км3, Еділ өзені бассейні - 13,4 км3 және біздің облысымыздағы Ойыл, Сағыз, Жем өзендерінің бассейні - 1,5 км3 құрайды. 

Іргелес территориялардан келетін беткі су ағыны 21,3 км3 құрайды (бассейндегі су қорының 76%-ы). Қажетті санитарлық жэне экологиялық жағдайды, булану және фильтрация кезіндегі суды жоғалтуды және т.б. есептегенде бассейн шекарасында тек қана 4,9 км3 беткі су ағыны қалыптасады. Бассейннің ерекшелігі: Еділ өзені сағасы болып саналатын Қиғаш өзені бассейннің беткі ағысын қолдануға өзінің кедергісін келтіреді. Сондықтан бассейннің негізгі артериясы ретінде Ресей территориясында 8,25 км3 ағьн қалыптасатын Жайық өзені саналады.

Атырау облысы бойынша  мұнай өндіретін және өңдейтін салалық 25 кәсіпорын жұмыс істейді. Облыс бойынша өзендерді ластайтын ірі кәсіпорындар қатарына ТШО, «Ембімұнайгаз» ААҚ, АМӨЗ, АНУ, КНУ, Аджип ҚКО, ТЭЦ және Атырау қаласында, Жылыой, Қызылқоға, Исатай аудандарында орналасқан ауылшаруашылық кәсіпорындары зиянды әсерін тигізеді. Облыс бойынша жыл сайын булану аймағындағы жер асты горизонттарын толтыру нәтижесінде өзенге 32,7 млн м3 су құйылады. Бар кәсіпорындардың барлығы пластқа ұңғымалардан алынатын суды толтыра бермейді. Мұнай кәсіпшіліктерінің территорияларына шамамен 1 млрд. м3 пласталық және шахталық су кұйылған.

«Казгидромет» жүргізген мониторинг Жайық өзенін «тазалар» қатарына жатқызады. Бірақ лабораториялық анализдерге сүйенсек, темір -3 есе, АПАВ 1,6 есе ШРК-нан (шектеулі    рауалы концентрациясы) асып түседі. Оған қоса, теңіз суында темір ШРК-дан 10 есе артық [2].

 

2.2. Мұнай мен газ саласындағы экологиялық проблеммалардың туындауына негіздеме

Атырау облысындағы экологиялық қауіп-қатер туғызатын негізгі көздер болып ластанған ағын суы ретінде сұйық қалдықтар саналады. Қазіргі уақытта «Тухлая балка» тұндырғышында көп мөлшерде қатты ластанған (200 ШРК дейін мұнай өнімдері, 20 - 80 ШРК дейін фенолдар, оған қоса, хлоридтер, аммоний тұздары, сульфаттар, ауыр металдар - мыс, мырыш, хром, және т.б.) сұйық қалдық (шамамен 50 - 70 млн. м3) жиналып қалған [3]. Жалпы мұнай қалдықтарының фазалық құрамы 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. Мұнай қалдықтарының фазалық құрамы, %

Компонент

Мұнай шламы

Амбарлы мұнай

Грунт суының мұнаймен ластануы

Органикалық бөлік

81,8

84,9

27,2

 Су

8,1

7,1

1,0

Минералдық  бөлік

10,1

8,0

71,8

Информация о работе Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінің экологиялық жағдайы