Экология Павлодара

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Павлодар облысы.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде облыс өнеркәсібінің басты саласы болып металлургия өнеркәсібі және металдарды өңдеу болып табылады. Өндіріс көлемі 2002 жылы 69 млрд. теңгені құраған. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда 4 жыл қатарынан тұрақты өсім беріп келе жатқан өнеркәсіп саласы: 1999 жылы-24,4 пайыз, 2000 жылы 7,5 пайыз, 2001 жылы 5,7  пайыз және 2002 жылы -10,7 пайызға көтерілген. Қара металлургия саласы облыста Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытында ерекше дамыған. Бұл ферроқорытпа зауыты дүниежүзі рыногінде сұранымы ерекше жоғары сапалы өнім- ферросиликохром, ферохром, ферросилиций шығарады. Металлургия  өнеркәсібінде ферроқорытпа шығару жөнінен біздің облысқа 75 пайызы тиеді екен. Бір жылда 922 мың тонна ферроқорытпа балқытылған, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 107 пайызға тең. 1986 жылы Люксембургтегі Халықаралық сауда палатасы ферросилиций ерітпесінің сапасын арнайы дипломмен атап өтіп, 1988 жылы сапа сертификатын тапсырған Ақсу қаласындағы дүние жүзіндегі ең ірі ферроқорытпа зауыты пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 800 мың тоннаға жуық өнім шығарады. Зауыт дайын өнімдерін Теміртауға, ТМД елдерінің металлургия зауыттары мен комбинаттарына (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) және алыс шетелдерге (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Щвеция, Болгария, Румыния және т.б) жібереді.

Кесте 4. Ферроқорытпа өндіру (мың тонна есебімен)

1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002

532,9

752,3

997,3

571,2

796,3

861,6

921,5


Облыста кенже дамыған өнеркәсіп саласының бір түрі- түсті металлургия. Бұл глинозем (топырақта болатын алюминий тотығы) өндірісі Майқайыңдағы полиметалл рудаларын және Бозшакөлдің мыс рудаларын байыту үшін қолданылады. Қазақстанның алюминий өнеркәсібінің тұңғышы- жылына 1 мың тонна глинозем шығаратын Павлодар қаласындағы алюминий заводы 1964 жылдың қазан айында пайдаланылуға берілген. Кәсіпорын сырттан тасымалданатын шикізаттың төменгі сапалы Торғай бокситінің (алюминий кені) негізінде жұмыс істейді. Боксит алюминий өндірудің басты шикізаты болып есептеледі және керамиканың (балшықтан, қыштан істелген бұйымдар) арнайы түрлерін, отқа берік және электронды өнеркәсіп материалдарын алу үшін да пайдаланылады. Бокситтан сондай –ақ, галий және ванадийдің тотығы алынады. Галий шетелдерде үлкен сұранысқа ие сирек кездесетін метал. Сондықтан ол Жапония, Германия және АҚШ-қа экспортқа шығарылады. Облыста құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, молибден, кобальт, кадмий, селен, барий бар полиметалл рудалары кездесетін кен орындары баршылық. Бұл кен орындары «Майкаинзолото» АҚ-ына қарайды. Майқайың комбинатының құрамында рудниктер (кен шығарылатын жер) мен байыту фабрикалары бар.

Облыстағы химия өнеркәсібінің тарихы шиножөндеу зауытының іске қосылуымен басталады. Әйтседе, табиғат байлығын жаппай өндіріске жаратқан үлкен химияның дамуы химия зауытының пайдалануға берілген кезінен өріс алды. Облыс кәсіпорны мұнайөңдеу кәсіпорындарының қалдықтары негізінде жұмыс істейді. Шикізат ТМД елдерінен, оның ішінде Рессейден келіп түседі. Шығарылатын өнімнің ассортименті (әр алуан тауар жинағы) сұранысқа ие. Олар: жиһаз дайындауға қажетті смола ( қара май), майларды тазалайтын еріткіштер, тұрмыстық химия заттары, хлор, каустикалық сода (ойып түсетін өткір сода). Жалпы облыс көлемінде хлор (техникада, санитарияда дезинфекциялау үшін қолданылатын газ) өндіру (тонна, есебімен) көрсеткіші

Кесте 5.Хлор  өндіру көрсеткіші

 

1985

1990

1995

2000

2001

2002

   

827

772

828

636


Кесте 6.Синтетикалық смола (қара май) және пластмасса өндіру (тонна есебімен) көрсеткіші  :                                                                                  (36)

1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2001

-

-

-

731

5591

5518

220

-

-


1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2001

-

-

17775

46623

57464

65000

-

-

-




Кесте 7.Каустик.сода(ойып түсетін өткір сода)өндіру (тонна есебімен) көрсеткіші                                                                                                      

1993 жылы «Қазақстан алюминий»  Акционерлік қоғамында алюминий  сульфатын (күкірт қышқылы тұзы)-коагулянттық  су тазартатын (хлорды айырбастайтын) шығару жолға қойылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан және таяу шетелдердің (Өзбекстан, Ресей) су құбырлары кәсіпорындарында пайданылады.

Облыстың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі 1917 жылғы қазан төңкерісінен соң пайда болып, ХХ ғасырдың екінші жартысында тез даму жолына түсті. Облыстың Орталық Қазақстанмен көршілес болуы машина жасау өндірісінің трактор, бульдозер шығару салаларын игеріп қана қоймай оларға артық бөлшектер жасау мүмкіндігін де берді. Ертіс бойында трактор алыбының пайда болуы ауылшаруашылығын жаңа технологиялық негізде қайта құру міндетіне орай туындады. 1966 жылы Павлодар машина жасау зауытының базасында қуатты шынжыр табанды ДТ-75М машиналарын жасауға мамандандырылған трактор зауытының құрылысы басталды. 1968 жылдың 12-ші тамызында тек Павлодар қаласының ғана емес, бүкіл республика тарихында ұмытылмас оқиға болды. Іске қосылған трактор заводының механикалық құрастыру және сұйықтай штамптау (металды қалып арқылы дайындап шығару) өндірісінің өзіне 96,4 мың текше метр аумақ бөлінді. Осы аумақта 2700 қондырғы жабдықталды. Бір тракторды шығару үшін 1260 детальдар мен тораптар қажет екен. Ал, ол тетіктер болса қала зауыттарында дайындалып республиканың басқа аймақтарынан және ТМД елдерінен келіп түседі (мысалы, маторлар Алтай өлкесінен, трансмиссиялары (машинаны қозғалысқа келтіретін двигательдің білігі және жетек қайысы) Омбыдан. Сондай-ақ, бір бөлігі кәсіпорында да жасалады. Экономикалық байланыстардың үзілуі, сатып, алушының қаржы көзінің болмауы, оны жаппай шығарудың тиімсіздігі зауыт үшін тракторды одан әрі шығару қажетсіз болып қалды. Зауыт ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрды, себебі трактор шығару зиянға айналды.Тек, 2000 жылдан бастап қана «Қазақстантрактор» ЖШБ ауылшаруашылығы жұмыстарының барлық түрлерін бір мезгілде орындай алатын жаңа Т-95,4 тракторын шығару қолға алынды. Жалпы облыс көлемінде трактор шығарудың көрсеткіші  :

Кесте 8. Трактор шығарудың көрсеткіші                                                    

1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002

0

8101

34345

46632

54550

4150

1803

948

545

82


Павлодар облысының алғашқы ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын кәсіпорны 1942 жылы құрылған «Октябрь» зауыты. Бұл- технологиялық қондырғыларды шығаруға мамандандырылған тәжірибе- эксперименталды кәсіпорын. Онда механикаландырылған және автоматтандырылған құрастыру қондырғылары (автоматты және жартылай автоматты станоктар, құрастырушы конвейерлер, сынақ орны) жасалады. Бүгінгі күні зауыт ұн тартатын кәсіпорындар үшін қондырғылар дайындап, басқа да түрлі тапсырыстар орындайды. Тәуелсіздік жылдарында машина жасау саласында өндіріс өсімі тек 2000 жылы қана байқалды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе. Ал, 1998 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда машина жасау 4,6 есеге кеміп кеткен болатын. Тек, 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда бульдозер (2,7 есе), трактор (1,5 есе) көп шығарылды. Бірақ, 2001 жылы трактор шығару қарқыны тағы да төмендеп кетті. Себебі, трактор зауыты көбінесе Ресейден келіп түсетін трансмиссияның уақытында жеткізілмеуінен тоқтап тұрады. Қазіргі кезде оларды зауыттың өзінде шығаруды жолға қою мәселесі қарастырылуда. Жалпы алғанда 2002 жылы Павлодар облысы өндірісінің құрылымы мынадай болды.

Кесте 9. Павлодар облысы өндірісінің құрылымы

Өндіріс,электр қуатын, газ бен суды бөлу 22%

Өңдеуші өнеркәсіп 63%

Тау-кен өндірісі 15%

Сондай-ақ,  2005 жылдың он бір айындағы облыстың әлеуметтік -экономикалық дамуы тұтастай алғанда нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады. Атап айтқанда, 2005 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 282,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жеке көлемнің индексі 109,6 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 5,4 пайыздық деңгейге жоғары болды. Өнеркәсіп өндірісінде негізгі үлесті өңдеу секторы иеленді. Сөйтіп облыста мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 24,8 пайызға, химия өнеркәсібінде 4,9 пайызға, азық- түлік өндірісінде 7,5 пайызға арттырылды.

Енді осы 2005 жылы өнеркәсіп саласында қол жеткен табыстарды таратыңқырап айтатын болсақ, онда еліміздегі ірі өндіріс ошағы саналатын «Қазақстан алюминий» АҚ-ында техникалық жарақтанудың кешенді бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Мұнда негізгі капиталға инвестиция құюдың көлемі 5744,1 мың теңгені құрады. Ақсу ферроқорытпа зауытында өнімді кешенді түрде қайта өндеу жұмыстары қарқынмен жүруде. Бұл мақсатқа 4012,3 мың. теңге инвестиция тартылып отыр. «Кастинг» ЖШС Павлодар филиалында №2 электрлі-болат құю цехының құрылысына байланысты жұмыстар жүзеге асырылуда. Кәсіпорынның бұл бағытына өз қаржысы есебінен 600,1 мын. теңге инвестиция салынған. Еліміздегі ең алып әрі бірегей құрылыс мәртебесіне ие болашақ ірі кәсіпорны - электролиз зауытында құю цехының табантастарын орнату жұмыстары аяқталды. Зауыт құрылысы басталғаннан бері 90 млн. АҚШ доллары игерілді [40]. Құрылыс жұмыстары қызу түрде жалғасын табуда. Сол сияқты Павлодар мұнай-химия зауыты, «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС, «Шығыс кеніші, Екібастұз ГРЭС-2 станциясы ААҚ, «Ромат» ЖШС кәсіпорындары кешенді жоспарларды іске асырып, нәтижесінде облыс экономикасын дамытуға қомақты үлес қосуда.

Өз алдына жеке облыс ретінде құрылғанына 2008 жылы 70 жыл толған Павлодар облысының өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде 15 республика ішінде алдыңғы қатарлылардың  бірінде болса, бүгінгі таңда да тәуелсіздік жылдарында Қазақстан тек ТМД елдерінің арасында да сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша үздіктер санатынан  көрінуде. Жоғарыда көрсеткеніміздей облыс өнеркәсібі кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, электр энергиясын өндіруден жылма жыл жоғары табыстарға жетуде.

Біріншіден, шикізат көзі мол, екіншіден оны өндіретін техникалық құрал – жабдық базалары сұранымға сай, үшіншіден жоғары сапалы білікті кадрлар бар облыс өнеркәсібі нарықтық экономика тығырығынан шығып, еркін даму жолына түскен. Кезінде негізінен шикізат қорын жасақтауға икемделген зауыт, фабрикалар қазір дайын өнімдер шығаруға бейімделе бастаған. Әрине, олардың өндіріс қуаттары бұрынғы кездегідей болмағанымен бірте – бірте техникалық қайта жабдықтау жұмыстарына байланысты заман талабына сай дәрежеге көтерілуде.

Павлодар өнеркәсібінің пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері, ғылыми тілмен айтқанда тарихы бар. Жоғарыда біз бұл мәселеге аздап болса да тоқталып кетуге тырыстық. Әрине, 1917 жылы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық самодержавие кезінде қазақ жеріндегідей Павлодар уезінде де өнеркәсіптің кейбір түрі пайда болып қалыптасқанымен оның айтарлықтай даму сатысынан өтті деп айта алмаймыз. Негізінен тұз, таскөмір, алтын өндірісімен айналысқан капиталистер өңдеу өнеркәсібімен айналыспай, оны тек орталықтарға тасымалдаумен ғана айналысты.

Бүкіл Қазақстандағыдай өнеркәсіптің шындап дамуын жолға қою тек Кеңес Одағы тұсында ғана қолға алынды. Әсіресе, өткен ғасырдың 20 – 30 –жылдарында өнеркәсіпті индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында ғасырлар бойы бар байлығын бауырына жиып үнсіз жатқан қазақ жері өзінің аса бай шикізат көздері арқылы дүниежүзіне танылды деуімізге болады. Оны осы Павлодар облысы жерасты шикізат көзі және оның дарынды ұлы геолог Қаныш Сәтбаев  арқылы айқын көз алдыңызға елестетесіз.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының неміс – фашист басқыншыларын жеңуінің бір ұшы да осы Қазақстан жер асты байлығында, оның жедел дамыған өнеркәсібінде жатыр десек өтірік айтпағанымыз.  Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы, шынжыр табанды танктердің оқ өтпес сауыттары қазақ жерінен шыққан ғой. Әрине, осының бәрінде де Павлодар облысы өнеркәсібінің қосқан үлесі зор.

Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында және тың көтеру кезеңінде де Павлодар облысының өнеркәсібі үнемі көтерілумен, яғни алға жылжып, халықтың әл – ауқатының жақсаруына үлес қосумен болды. Бұл өңірде жоғарыда айтқанымыздай, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, электр энергиясын өндіруге байланысты жаңа қуатты завод, фабрикалар салынып, қатарға қосылуы республикамыздың бұл салалар бойынша одақ көлемінде алдыңғы қатарға шығуына мүмкіндік берді.

Информация о работе Экология Павлодара