Экология Павлодара

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Павлодар облысы.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)
  • Отын-энергетикалық кешен

1954 жылы Екібастұзда қуатты көмір  өнеркәсібі бастама алды. Геологиялық  бағалаулар бойынша тас көмірінің  жалпы қоры — 12,8 млрд тоннаны  құрайды. 2005 жылы 56,9 млн тонна көмір шығарылды, бұл Қазақстандағы көмір шығарудың 65% құрайды. Шығарылатын көмірдің көп бөлігі Оралға, Батыс Сібірге экспортталады және Қазақстан өзге облыстарына жөнелтіледі. Павлодар облысында 8 көмір орындары бар. Олардың ішіндегі ең ірілері Екібастұз және Майкөбе бассейндері. Осы орындардың қорлары шағын аумақта жерден тереңде емес қабатта орналасқан, бұл көмірді ашық тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Бұл - көмір шығарудың өнімді әрі арзан тәсілі. Екібастұз бассейні аумағында бірнеше разрездер бар, оның ішінде ең ірісі — «Богатырь». Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі разрез. «Богатырь Аксес Комир» ЖШС көмірді «Богатырь» және «Северный» разрездерінен шығарады. Көмірді шығару бойынша өндіріс қуаттылығы — 40 млн тонна. «БАК» ЖШС шығаратын көмір үлесі Қазақстанның көмір шығаратын компанияларының арасында 44% құрайды. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ («Восточный» разрезі). Көмір шығаратын разрездің өндірістік қуаттылығы – жылына 20 млн тонна тас көмір. Қоңыр көмір - лигнитті шығару Майкөбелік көмір орнында іске асырылады ( «Майкубен-Вест» ЖШС).

  • Құрылыс материалдарының өнеркәсібі

Таралған пайдалы қазбалардың белсенді игерілуі (күйдіргіш отқа төзімді балшықтар, сәндік қаптағыш тастар, габбро, гранит, мрамор және әк) құрылыс индустриясының өндірісін ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде облыста құрылыс материалдары мен заттарының құрамы ретінде пайдалануға болатын өнеркәсіптің (қосалқы өнімдері мен қалдықтары (қасиеті, агрегаттық жағдайы және жойылу перспективасы жағынан әр түрлі) көп. «Құрылыс материалдары зауыттарының бірлестігі» ЖШС. 2003 жылдың қыркүйек айында бұрынғы ЖБИ-4 негізінде силикатты кірпіш өндіретін цех қалпына келтіріліп, іске қосылды.Зауыттың жоспарлы қуаттылығы — жылына 20 млн дана кірпіш.Силикатты кірпішті өндіруге арналған шикізат әк пен кварцті құм болып табылады. «Траст-Элстром» ЖШС. Зауыт импортты алмастыру бағдарламасы шеңберінде 2003 жылдың қараша айында іске қосылды және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жиһаз индустриясы ағаш жоңқалы материалды импорттауға бағытталған, сондықтан да зауыт нарықты өз материалымен қамтамасыз ету сұранысына ие. Кәсіпорын Польша технологиясы бойынша көпқабатты, жазық түрде сығымдалған ағаш жоңқалы плиталарды шығарады. Аз уақыт қызмет еткенінен қарамастан, «Траст-Элстром» ЖШС «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурсына, «Промстройиндустрия-Астана-2004» V Қазақстандық Халықаралық көрмесіне қатысып, «Жыл жаңалығы» дипломының иегері атанды, сонымен қатар ИСО 9000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізеді. Қазақстандық жиһазшыларға тиімді экономикалық жағдайларда өз өндірушісінен қажет материалды алуға мүмкіндік беретін ағаш жоңқалы плиталарды қаптау бойынша желі өз жұмысын сәтті атқаруда. «Павлодар картонды-рубероидті зауыт» АҚ 1975 жылы іске қосылды. 1994 жылы кәсіпорын акционерлік қоғам болып өзгертілді.

  • Жиһаз өнеркәсібі

Жиһаз өнеркәсібін Павлодар жиһаз фабрикасы, «Азимут» ЖШС фирмасы, «Heaven House» АҚ ЖШС Павлодар филиалы мен заманауи және сапалы материал пайдалана отырып ас үй, офистік, жұмсақ жиһаз шығаратын шағын бизнес субъектілері айқындайды. «Heaven House» АҚ. 1966 жылдан кәсіпорын «Арай» жиһаз фабрикасы ретінде қызмет етті, 1999 жылдан - «Павлодар-Пинскдрев», 2002 жылдан — «Асыл-Агаш-Павлодар» ЖШС. 2005 жылдың инаурызынан - «Heaven House» АҚ болды. 2005 жылы «Қазақстанның инвестициялық қоры» қаржыландыруымен офистік және тұрмыс жиһазын өндіруді дамыту бойынша жоба іске аса бастады. Инвестициялық қордың қатысу үлесі 650 млн теңгені (49 %) құрайды

Ауыл шаруашылық


Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.[3]

Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады. Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасаоынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес.

Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. 2002 ж. барлық а. ш-на пайдаланылған жердің Аумағы 2,67 млн га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналысады. Олар 2002 ж. 2673 мың т. астық, 745,7 мың т. ет өндірді. 2002 ж. облыста 242,9 мың бас ірі қара, 185,7 мың бас қой мен ешкі, 48,3 мың бас шошқа, 48,1 мың бас жылқы, 624,1 мың бас үй құсы болды.

Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қ. алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: «РубиКОМ» ЖШС, «Золотой теленок» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Сут» АҚ, «Павлодармолоко» АҚ, «КЭММИ» АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 %,ұн — 95%, макаронды өнімдер— 96%.

Энергетика


Облыстың энергетикасы келесі ірі кәсіпорындармен танылады:

  • «Қазақстан Алюминийі» АҚ ТЭЦ

Электростанцияда 350 МВт электр қуаты мен 1125 Гкал/сағ.жылу қуаты белгіленген 8 котлоагрегат мен 6 турбиналар орнатылған.

  • ТЭЦ-2 «Павлодарэнерго» АҚ

Электростанцияда 5 котлоарегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты— 110 МВт, жылу — 392 Гкал/сағ.

  • ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ

Электростанцияда 6 котлоарегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты — 440 МВт, жылу — 808 Гкал/сағ.

  • «AES Экибастуз» ЖШС

«AES Экибастуз» ЖШС — облыстың ең ірі электростанциясы, жұмыс істейтін блоктардың қуаты 2500 МВт құрайды.

  • «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ

Электростанцияда жалпы қуаты 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған.

  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (Аксу электростанциясы)

Электростанцияда жалпы қуаты 2100 МВт 7 энергоблоктар орнатылған. Облыста шығарылатын электроэнергияның көлемі аймақтың электр мұқтаждығынан анағұрлым жоғары. Павлодар облысының электростанциялары Қазақстан мен Ресейдің шектес аймақтарына электр жеткізуші болып табылады. Облыста электрберу желілері бойынша ауылдық аудандарды электрқамсыздандыруды іске асыратын 110 кВ үш энерготүйін қалыптасқан. Қазіргі кезде облыс аумағында жұмысқа қабілетті жабдықтың белгіленген жиынтық электр қуаты 6525 МВт бар 6 электростанциялары жұмыс істейді. Павлодар блысының барлық электростанциялары негізгі отын ретінде Екібастұз кен орнының КСНР-0.300. маркалы тас көмірін пайдаланады. 220—500 кВ электр қуатын беру желілері блоктық электростанцияларды Қазақстанның, Оралдың және Батыс Сібірдің аймақтық энерго жүйелерімен қосады. Облыс аумағымен 1150 кВ қуатты Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Челябинск бірегей желісі өтеді. Облыс аумағында 35 кВ пен одан да жоғары кернеуімен 7687 км электр қуатын беру желісі салынған. Іске асуы үшін орталығы Екібастұз қаласындағы жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік филиалы құрылған 220—1150 кВ кернеуімен электр қуатын беру желісі «KEGOC» АҚ балансында. 110 кВ мен одан төмен кернеудегі электр желілері «Павлодарэнергосервис» АҚ — аймақтық энергокомпанияларында іске асырылады.

Павлодар облысының өнеркәсібі: кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру

ХХ ғасырдың басында облыстың өнеркәсібі Қазақстанның барлық аймақтарындағыдай артта қалған, яғни қарапайым еңбек құралдарымен жабдықталған ұсақ кәсіпорындар, шеберханалар мен цехтар болатын. Ал, ауылшаруашылығы болса мал шаруашылдық өнімдерін қайта өңдеу салаларында ғана дамыды. Диірмен, дән үккіш, қасапханалар салынды. 1908 жылы 200 диірмен (су және жер диірмендері), бірнеше сыра кайнату, сабын шығару, тері зауыттары, ауылшаруашылығы құралдарын дайындайтын және жөндейтін шеберханалар, кірпіш зауыттары, электр станциялары, темекі фабрикасы жұмыс істеді. Қалада және уезде етік, баскиім тігетін, құмыра жасайтын шеберханалар, нан, шұжық шығаратын және смола қайнататын орындар болды.

Павлодар уезінің ең негізгі байлықтарының бірі  -тұзды көлдер саналды.  Олардың жалпы саны 40- тан асқан. Осыған орай ол кезде аймақта тұз өндірісі дамыды. Тұз өндіру 1922 жылы құрылған меклекеттік «Павлодарсоль» тресінің иелігіне қарады. 1927 жылы бұл трест 16 тұзды көлді біріктіріп, тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Сібірді ,Омбыдан Иркутскіге дейін тұзбен қамтамасыз етті. 1927 – 1928 жылдары «Павлодарсоль» тресі мен мемлекеттік диірмендерден басқа ірі өнеркәсіптің қатарына кірпіш, алебастр және сыра қайнату зауттары да қосылды. Мысалы, Павлодар кірпіш зауыты 1920 жылдан жұмыс істей бастаған. Мұнда 1926 – 1927 жылдары 600 мың күйдірілген кірпіш шығарылған. Ал, алебастр зауыты Ақтау қойнауындағы шикізатты пайдаланған. Алебастрдың негізгі батпақта болғандықтан оны өндіру өте қиынға соққан. Сондай – ақ, 1926 – 1927  жылдары сыра қайнататын зауыт 9250 шелек сыра өндірген. Ашытқыны да зауыттың өзі дайындаған.

Осы кездері тау- кен ісі де дами бастаған. Екібастұз бен Майкөбе көмірін өндіру сонау хх ғасырдың екінші жартысынан басталған. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Құлынды- Павлодар (1923 ж.)  теміржолының салынуына және Ертіс өзенінде кеме қатынасының дамуына байланысты бұл аймақта шаруашылық тез, көтеріле бастады. 1938 жылы облыс орталығына айналған павлодар қаласы Ертіс кеме қатынасының және теміржол бойында орналасқандықтан Екібастұз, Орал, Сібірмен байланыс орнатты. Бұның өзі облыс және қалалар экономикасын одан әрі дамуына әсер етті. Осы кезден бастап облыс көлемінде ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырлана бастады.

1940 жылдың статистикалық көрсеткіштері бойынша Павлодар қаласында жыл сайын оларда жұмыс істейтін 904 адамы бар 85 кәсіпорын тіркелеген. Мысалы қуаттылығы 4549 кВт сегіз генератор жылына 819 мың кВт.с. электр қуатын өндірген. Соғыстан кейінгі жылдардан бастап, пайдалы шикізат көздерін барлау жұмыстары үзбей жүргізіліп келеді. 1954 жылы  Екібастұздан көпір өндіру жұмысы жаңғыртылды. Көпір өндіру және тың көтеру Павлодар- Еібастұз аймақтық - өнеркәсіп  кешенінің құрылу себебі пайдалы экономикалық – географиялық орналасуына, өте бай табиған ресурстарына, көмір қорына, көлік жолдарының молдығына, Ертіс – Қарағанды каналының салынуына орай жүзеге асырылды.

Екібастұздың арзан көмірінің негізінде қуатты энергетикалық база мүмкіндік туды. Атап айтқанда : қара және түрлі – түсті металлургия, машина жасау, алюминий шығару, мұнай өндіру және химия салалары. Бұл салалар республикалық маңызы бар мамандандырылған өнеркәсіп түрлері болып саналады.

Айтар ойымыз орнықты, алған бағыт- бағдарымыздың дұрыс болуы үшін ең алдымен қысқаша болса да өзіміз зерттеу нысаны қылып алып отырған Павлодар облысының пайда болу, қалыптасу, даму тарихына тоқталып өтелік.

Павлодар облысы 1938 жылдың 15-қаңтарында құрылған. Оның құрылуының негізі болып КСРО-ның «КСРО Конституциясының 22,23,26,28,29,49,70,77,78 және 83 баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және ВКП(б)-нің «Қазақ КСР-ның Батыс Қазақстан облысын-Батыс Қазақстан және Гурьев облысына, Оңтүстік Қазақстанды- Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысына, Шығыс Қазақстанды- Шығыс Қазақстан және Павлодар облысына бөлу туралы» қаулысының жобасы саналды. Көрсетілген заң 1938 жылдың 15-қаңтарында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында қабылданып, айтылған қаулының жобасы да сондай-ақ, 1938 жылдың 15- қаңтарында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында бекітілген болатын. Сондықтан, бұл күн Павлодар облысының құрылған күні болып саналады.

Қазақ КСР-і Орталық атқару комитеті Президиумының 1938 жылдың 4- ақпанында қабылдаған «Батыс Казақстан, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аудандық- әкімшілік территорияларын бөлу туралы» қаулысына сәйкес: Павлодар облысының құрамына Павлодар қаласы және Шығыс Қазақстан облысының келесі аудандарын: Павлодар, Каганович, Цюрупин, Ертіс, Үрлітүп, Максим Горький, Лозов, Бесқарағай және Қарағанды облысынан бөлінген Баянауылды (Қарағанды облысының Ворошилов ауданына өткен кейбір ауылдық советтерден басқа) берді. Павлодар облысының орталығы болып Павлодар қаласы бекітілді.

Ертістің Павлодарға қараған өңірі 1932 жылдан 1938 жылға дейін орталығы Семей қаласы болған Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. Бірақ, экономиканың дамуына байланысты алыстағы Семейден әкімшілік басшылық жасау қиынға соқты. Сондықтан шаруашылық көлемінің ұлғаюына байланысты өз алдында бөлек әкімшілік басқару орталығын ұйымдастыру мәселесі туындап, жаңадан Павлодар облысы құрылды. 250 мыңға жуық тұрғыны бар жаңа облыстың аумағы 136,5 мың шаршы шақырымнан тұрады.

Ол жылдардың экономикасының негізін астық және мал шаруашылығына бағытталған ауыл шаруашылығы құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі өндірушілері колхоздар мен совхоздар болды. 1938 жылы облыста 465 колхоз,24 совхоз және 22 МТС (машина- трактор станциялары) болды .

Информация о работе Экология Павлодара