Экология Павлодара

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Павлодар облысы.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Алтын- Майқайыңда, көмір- Екібастұз, Жамантұз, Шөптікөл мен Майтүбекте, тұз- Тобылжан мен Коряковкада өндірілді. Балшық, темір өңдейтін, етік, тігін,ағаш бұйымдарын жасайтын қолөнер кәсіпшілігі артельдері (олардың саны облыс бойынша 32 болды) «Кустпромсоюзге» біріктірді. Ал, облыс орталығы Павлодар қаласында болса, ет комбинаты, кеме жөндеу шеберханалары, совхоздардың Холкоматтарының машина-трактор шеберханалары, екі кірпіш заводы, балық артельдері, бірқатар ұсақ кәсіпорындар болды. Соғысқа дейін онда хром және балық заводтары, нан комбинаты салынған болатын. «Сельхозмука» тресі болса ауылдық жерлерге қызмет көрсететін 16 диірмен кәсіпорындары мен 10 жарма тартатын машинаны біріктірді. Оның үстіне 121 колхоз диірмендері де жұмыс істеді.

Облыста тас жолдары болған жоқ. Жалпы ұзындығы 1530 шақырым қара жол және ұзындығы 185 шақырым тегістеліп салынған жол болатын. Ең жайлы жол болып 1940 жылы салынған, Павлодар мен Осьмерыжск арасын жалғастырып жатқан 126 шақырымдық қиыршық тас төселген жол саналды. Облыс орталығындағы жолдың жағдайы да мақтанарлықтай болмады. Орталық көшелер Сәтбаев пен Естай, қалған Ленин, Луначарский, Толстой (күні бүгінге дейін солай аталады) табиғи тастан қол күші арқылы төселді. Оның сегіз шақырымы тас төселген, 37 шақырымы қара жол еді. Сол сияқты Ертіс өзенінен Володар көшесіне дейін бірнеше жүз метр су құбыры жүргізілген. Сүт- консерві зауытының тұрғын үй кварталы салынды. Алғашқы көпқабатты тұрғын үй павлодарлықтардың мақтанышына айналды. Ол үшінші    бесжылдықтың маңызды құрылысы деп аталды. Оны облыс кірпіш  қалаушыларының жеңімпаздары салды.

1940 жылы кешенді түрде жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары Екібастұз көмір ошағының болашағын анықтап берді.

Облыстың денсаулық сақтау ісі 1938 жылы былай сипатталды: 10 қалалық және 24 ауылдық дәрігерлік стационарлық мекеме мен 8 қалалық және 32 ауылдық дәрігерлік мекемелер болды. Ауылдық жерлерде стационарлық дәрігерлік мекемелерден басқа фельдшерлік көмек көрсететін дәрігерлік участкелер жүйесі де жұмыс істеді. 1938 жылы осындай 47 фельдшерлік пункт, 6 акушерлік пункт безгекпен күресетін екі тірек пункті, 24 дәрігерлік участке санақта тұрды.

Облыс алғаш ұйымдасқан кезде оның территориясында Павлодар қаласында бір-ақ жедел жәрдем станциясы жұмыс істеді. Станцияда жалғыз көлік болды. Штат бойынша қажетті екі дәрігердің орны бос тұрды. Ауруларға көмекті орта дәрежедегі үш және кіші дәрежедегі екі медицина қызметкерлері көрсетті. Облыс тұрғындарына арнайы медициналық көмек көрсетудің тіс емдеу қызметі ғана болды. Облыста өз алдында бөлек тіс емдеу мекемелері болған жоқ. Тек емханаларда екі кабинет болды, оның біреуі балаларға арналған. Облыстың емдеу мекемелерінде екі рентген аппараты және екі клиникалық- диагностикалық лабораториялар жұмыс істеді. 1938 жылы облыста емдеу-профилактикалық мекемелерде мамандалған медицина қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер жетіспеді. Сондықтан, 1939 жылдық 1- қаңтарында облыста 20, ауылдық жерлерде 10 дәрігер болды.

1938 жылы облыс территориясында 538 мектеп болса, ауылдық жерлерде  соның 523-і жұмыс жасады. Оның 222-інде  қазақ тілінде сабақ жүргізілді. 1938-1939 оқу жылдарында облыстың қалаларында және қалалық қоныстарында 200 мұғалім мен 4710 оқушы болса; ауылдық жерлерде 1803 мұғалім мен 38121 оқушылар болған. 1939 жылы облыста 12000 сауатсыздар және 14000 шаласауаттылар болғандықтан балаларға арналған мектептермен қатар ересек сауатсыздар мен шаласауаттыларға арналған мектептер де жұмыс істеді. 1939-1940 оқу жылының басында мұндай мектептердің саны облыста  344-ке жетті. Облыста 404 орынға арналған 9 балалар бақшасы болды.

Облыс енді құрылған кезде мәдени- ағарту мекемелерінің жүйесінде 302 клуб мекемелері, оның ішінде: оқу үйлері-154, қызыл шайханалар-27, ауылдық клубтар-70, аудандық мәдениет үйлері мен аудандық клубтар-8, пионерлер үйі-1, колхоз клубтары-42, бұқаларалық кітапханалар-15 (48307 кітап қоры бар), мәдениет және демалыс паркі-1 бар еді. Сондай-ақ, облыста екі қазақ драма театры (Павлодар қаласында және Бесқарағай ауданында) жұмыс істеді. 13 радиотарабына 5159 радионүкте қосылды. Екі облыстық және 10 аудандық газеттер шығарылды. Орыс тіліндегі «Большевистский путь» облыстық газеті 12000, ал қазақ тіліндегі «Қызыл Ту» газеті 7000 данамен таратылды.

Еуразия материгінің ішкі бөлігінде жатқан Павлодар облысы Атлант және Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта орналасқан. Оның солтүстік аймақтарына таман, шамамен алғанда сол ендіктер бойында Москва, Лондон, Копенгаген қалалары бар. Павлодар территориясының көп бөлігі жер бетіндегі ең бір ірі жазықтықтардың бірі- оңтүстік Батыс - Сібір жазықтылығымен шектесіп жатыр. Ал облыстың оңтүстік - батыс бөлігі болса, қазақтың ұсақ төбелерінің тізбектерінен тұрады. Әсіресе, облыстың территориясының оңтүстік бөлігінің жер бедері ерекше: жазық дала төбелермен алмасып, кей жерлері тау жоталарымен қиылысады. Ең биік, әрі әдемісі Баянауыл таулары (1026м), оның оңтүстік шығысына қарай Қызылтау таулары (1055 м) орналасқан.

Қазақстанның басқа облыстарымен және шетелдермен арасындағы шекара ұзындығы 2100 шақырымға тең. Солтүстік және солтүстік – шығыста Ресей Федерациясының облыстарымен шектеседі (800 шақырым): Алтай аймағымен, Новосибирь және Омбы облыстарымен, батысында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен, оңтүстік шығысында- Шығыс Қазақстан облысымен көлемі 124,8 мың шаршы шақырымдағы аймақты қамтып, 758,9 мың адам мекендейді, яғни 1 шаршы шақырым жерге 6,1 адамнан келеді .

Облыста 140-тан астам өзендер бар, сондай- ақ, бұлақтар мен басқа да су көздері кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірі өзендер- Ертіс, Шідерті, Өлеңті. Ертістің жалпы ұзындығы 4248 шақырым болса, соның 750 шақырымы Павлодар облысы арқылы өтеді. Ертістің суы тұщы болғандықтан тұтынудың барлық түріне жарай береді. Ертіс Ақсу қаласының маңынан құрылысы 1962 жылы басталған Қ.И.Сәтбаев атындағы жасанды өзен- Ертіс- Қарағанды каналы бастау алады. Каналдың жоғарғы жақ ені 30-50 метр, төменгі ені 5-7 метр. Облыстағы екінші ірі өзен- Шідерті. Ол Қарағанды облысынан бастау алып, Шығанақ өзеніне құяды. Өзеннің ұзындығы 502 шақырым, оның 399 шақырымы Павлодар облысы арқылы өтеді.

Жер бедерінің ойлы - қырлы болуы көптеген үлкен және кіші көлдердің пайда болуына ықпал еткен. Облыстағы олардың саны 1200, көпшілігі тұзды, тұщылары 100-ге жуық. Неғұрлым көрікті, адамдар демалуларына қолайлылары Баянауылдың Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері. Павлодар облысының территориясы негізінен далалық өсімдік аймағында жатыр. Ең шеткі солтүстік  шығыс бөлігінің оңтүстік шегі орманды дала аймағы болып саналады. Солтүстік жағалауының оңтүстік бөлігі (Баянауыл ауданы) және оңтүстік шығыс бөлігінің оң жақ жағалауында орманды өсімдіктер бар. Облыс территориясында орман онша көп емес. Орман қарының жалпы көлемі 456,2 мың гектар, яғни облыс территориясының 2,5 пайызы. Облыстың оңтүстігінің аздаған бөлігі шөлейтті болып келеді.

Облыс орталығы - Павлодар қаласы Қазақстанның ең бір әдемі қалаларының бірі. Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан қазіргі Павлодардың орнында сонау 1720 жылдың өзінде Коряков (Керегежар),  одан соң Коряков станциясы пайда болды. Ал Павлодар атауын 1861 жылы қала атағы берілуіне байланысты алды. Павлодар алдымен мал, астық және өнеркәсіп өнімдерін ауыстыру пункті және тұз сақтау орны ретінде көрінді. Бірақ, Ертісте кеме қатынасының дамуымен (Омбыдан Павлодарға алғашқы кеме 1862 жылы келді) бұл жерден өзенмен төменге қарай көп мөлшерде тұз, кейінірек астық, жүн, тері жіберіле бастады. Сонымен қатар қалада жүн жуатын, сабын қайнататын шағын кәсіпорындар мен сыра қайнататын заводтар және жел диірмендері мен кеме жөндейтін шеберханалар пайда болды.

Павлодар облысының территориясында 1977 жылы  құрылған жалпы аумағы 48,2 мың гектарды алып жатқан Баянауыл ұлттық табиғи паркі орналасқан. Бұл парк Павлодар облысындағы сирек кездесетін табиғат бұрышын сақтап қалу мақсатымен құрылған.

Облыстық ауа райы күрт континеттік. Қыс ұзақ, қатты, боранды, жаз ыстық, құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы- 17-19о, шілде айының орташа температурасы +20+22о. Жылдық атмосфералық қалдықтар саны: облыстың оңтүстігінде 220 мм дейін, солтүстігінде -300 мм аспайды. Шілде айындағы күннің ұзақтығы 17 сағатты, желтоқсан айындағы күннің ұзақтығы 7 сағатты құрайды. Ауаның жылдық орташа ылғалдығы 69 пайыз.

Облыс пайдалы қазбалардың көлемі және әртүрлілігі жағынан Қазақстанда алдыңғы қатарда. Облыстың жер асты байлықтары қоңыр және тас көмірінен, қара метал, құрамында алтын, күміс мыс, қорғасын, цинк, молибиден, кадмий, теллур, барий және басқа да сирек элементтері бар полиметал рудаларынан, сондай-ақ ас тұзы, әк, балшық, құрылыс материалдарына қажетті шикізат көздерінен тұрады.

Павлодар облысы өзінің географиялық орналасу жағдайымен, энергетикалық ресурстар қорының молдығымен, пайдалы қазбалары және жоғары кәсіби мамандарының көптігімен Қазақстанның ең бір дамыған индустриалды және мәдени аймағы болып саналады. Оның шаруашылық жүйесі республика ішіндегі еңбек бөлінісінде маңызды орын ала отырып, ел экономикасына айтарлықтай үлес қосады.

Облыста арзан Екібастұз көмірінің негізінде энергетика базасы құрылып, өнеркәсіптің қара және түсті металлургия, машина жасау, алюминий, мұнай өңдеу және химия салалары даму жолына түсті. Өнеркәсіптің бұл салалары республика көлеміндегі мамандандырылған салаға айналды. Соның нәтижесінде облыста электр қуаты өндірісінің 40 пайызы, көмір өндірудің 60 пайыздан астамы, ферроқорытпа өндірісінің 75 пайызы шоғырланған. Бұл аймақта республикадағы барлық тракторлар мен алюминий шығарылады.

Облыстағы энергияның басты қуат көзі отын энергетикасы болып есептеледі. 1954 жылы Екібастұзда қуатты көмір өнеркәсібінің іргетасы қаланды. Геологиялық барлау қорытындысы бойынша ондағы тас көмірдің жалпы қоры- 12,8 млрд.тонна. 2002 жылы 46,8 мың тонна көмір қазылған. Бұл республикада өндірілген барлық көмірдің 60 пайызы. Өндірілген көмірдің көп бөлігі Оралға, Батыс Сібірге экспортқа шығарылады және Қазақстанның басқа облыстарына тасымалданады. Бүгінгі таңда Павлодар облысында 8 көмір ошақтары бар. Олардың ең ірілері Екібастұз және Майкөбе бассейндерінде.

Бұл көмір ошақтарының қорлары аз аумақта жинақталғандықтан және жер бетінен онша тереңде жатпағандықтан ондағы көмір ашық тәсілмен алынады. Бұл көмір өндірудің неғұрлым өнімді әрі арзан түрі болып табылады. Екібастұз көмір бассейнінің аумағында бірнеше разрез бар. Олардың ең ірісі - «Богатырь» разрезі. Ол тек Қазақстандағы ғана емес, дүниежүзіндегі алып разрездердің бірі. Оның жоба қуаты жылына 50 мың тонна көмір. Жалпы облыс көлемінде таскөмір өндіру көрсеткіші (млн. тонна есебімен) төмендегідей:

Кесте 1.Таскөмір өндіру көрсеткіші(млн.тонна есебімен)

 

 

1950

1960

1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002

32

47

6033

14356

22867

45902

66751

80688

81869

62231

54067

52813

46758


 

Облыста мұнай өңдеу өнеркәсібінің саласы Павлодар қаласындағы мұнайхимия зауыты тарихымен байланыстырыла қарастырылады. Ол Омбы арқылы Батыс Сібірден келетін мұнайдың негізінде жұмыс істейді. Зауыттың қуаты-7,5 млн. тонна. Ол өзінің алғашқы өнімін: мазут (қалдық май), бензин, дизель отынын, жағылған газды 1978 жылы тұтынушыларға бере бастады. Зауыт мұнайды алғаш өңдеудің жобалық қуатына бір жылдан соң  толықтай көшті. Оның өнімі Қазақстанның Павлодар және басқа облыстарына таратылып, Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне шығарылады. Облыста шығарылатын мұнай өнімдерінің ең бастылары мотор отыны (бензин) және газойли (шала тазаланған бензин). 2002 жылы мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі бір жылдың ішінде 4 пайызға артып, 1903 мың тоннаны құрады; соның ішінде бензин -576 мың тонна (4 пайызға артық), дизель отыны 573 мың тонна (10 пайызға кем), жағатын мазут 708 мың тонна (20 пайызға артық) жалпы облыс көлемінде мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіші (мың тонна есебімен) төмендегідей  :

Кесте 2. Мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіші (мың тонна есебімен )

 

1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002

Мотор отыны (бензин)

1062,9

1478

1935,6

986,9

344,3

55,0

576,5

Керосин

-

-

585,6

110,0

35,4

46,2

45,1

Жаға

тын мазут

3295,1

2793,3

1599,6

572,8

263,1

591,4

708,5


Барлық жердегідей Павлодар облысы шаруашылығы салаларының негізгі тетіктерінің бірі электр қуаты болып саналады. Барлық электр қуаттарын жылуэлектростанциялары береді: Ақсуда ГРЭС, Екібастұзда екі ГРЭС, бір ТЭЦ, Павлодарда үш ТЭЦ. Өндірілетін энергия қуаты облыс пен республикада пайдаланылады, бірақ оның көп  мөлшері жоғары вольтты электрожүйелері арқылы Орал мен батыс Сібірге экспортқа шығарылады. 1970 жылдың өзінде- ақ, Павлодар одан соң Екібастұз энергожүйелері құрылып, Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстанмен Ресейдің энергожүйелеріне қосылған болатын. Облыс энергетиктері 2002 жылы 22 млрд. квт / сағат электрқуатын өндірген. Бұл Қазақстанда өндірілген бүкіл электр қуатының 40 пайызын құрайды деген сөз. 1988 жылға дейін электрқуатын өндіру жылдан- жылға өсе түскен. Бірақ, осы уақыттан бастап электроқуатын өндірудің көлемі азайғаны байқалады. Тек, 2000 жылы алдыңғы жылға қарағанда электрқуатын өндіру 29,3 пайызға, 2001 жылы 11,6 пайызға және 2002 жылы 0,5 пайызға артқан. Жалпы облыс көлемінде электрқуатын өндіру (мың. кВт. сағат есебімен) төмендегідей  :

Кесте 3. Электрқуатын өндіру (мың. кВт. сағат есебімен)

1965

1970

1975

1980

1985

1990

1995

2000

2001

2002

861,1

4290,0

16862,3

21923,0

38152,5

37432,5

27983

19272

21517

21615

Информация о работе Экология Павлодара