Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 19:29, реферат
Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Климаты
Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48ӘС-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 ӘС-тан 22,2ӘС-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41ӘС-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі
Жер бедері және гидрологиясы
Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке
бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін
Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-
Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа
қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс
бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір
де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік
жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша
айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз
айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін
жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км
болатын Ертіс – Қарағанды каналы Екібастұз қ
Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км²). Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағасы
мен облыстың солтүстік бөлігінде тараған.
Одан оңтістікке қарай тұзды көлдер саны
арта береді. Жер асты суларының құрамы
әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты
сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы
шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне
3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын
жер асты суының 11 кен орны барланған.
Қазіргі кезде тәулігіне 118,5 мың м3 су беретін
6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының
негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы
4,4 – 5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келг
Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шик
Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар.Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар. Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді. Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады. Облыста кең тараған деп аталатын пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды
Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі.
Облыс экономикасы Қазан революциясына
дейін жергілікті шикізатты өңдеуге негізделген
шағын 242 диірмен (оның ішінде 4 су, 47 ат
күшімен істейтін және 191 жел диірмені)
мен тоң май, сабын және кірпіш зауыттарынан, Қалқаман мен Тоб
Павлодар облысы—Қазақстанның ірі индустриалды орталығы, ол электрэнергия, балшық, мұнай қайта өндеу өнімдері, машиноқұрылысы, тағам өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешенін құрайды. Аймақтағы жетекші сала өндірістің 70% қамтамасыз ететін металлургия өнеркісібі мен металдарды өндеу болып табылады.
Сала облыста Ақсу қаласындағы зауыты арқылы әйгілі. Ферроқорыту Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ филиалы болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты— әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн тонна өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт Теміртауға, ТМД (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) мен қиыр шетелдердің (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Болгария, Румыния және т.б.) металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді.
Өнеркәсіптің жас саласы. Бұл глиноземді
өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық
кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін
байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің
алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан
Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн
тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және
пайдалануға берілген. Кәсіпорын алюминий,
сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар
мен электр өнеркәсібі материалдарын
өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын
глинозем өндіреді. Жолай бокситтардан
галлий мен пятиокись ванадия шығарылады.
Галлий — шетелдерде үлкен сұранысқа
ие сирек металл. Ол Жапонияға, Германия
мен АҚШ-қа экспортталады. Республикада
түсті металлургия кластерін құру мен
дамыту мақсатында облыста бастапқы алюминийді
өндіру үшін «Қазақстан электролизді
зауыты» АҚ салынып, іске қосылды. 2009 жылы
Павлодар алюминийі ресми түрде Лондон
металл биржасында тіркелді, ол Қазақстандық
электролизді зауыты өнімдерінің халықаралық
стандартта екендігін дәлелдеді және
бастапқы алюминийді биржалық бағада
жеткізуге жол ашты. «Кастинг» ЖШС Павлодар
филиалы. Кәсіпорында болат дайындау мен
прокат, қайыс шарларын, өзектер мен арматураларды
өндіру игерілген. Мұнайгаз саласы үшін
болат жапсарсыз құбырларды үздіксіз-құю
өндірісін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Кастинг» ЖШС-нің дамуының негізгі бағыты
сорттық прокат, құрылыс арматуралары,
құбыр мен сымдар, сонымен қатар мұнайгаз
саласы үшін болат жапсарсыз құбырларын
өндіру болып табылады. Болатты үздіксіз
құю мен пластикалық деформациялау жаңа
технологиясы негізінде тау-металлургия
кешені үшін қайыс өнімдерін өндіру жалғастырылуда
Облыста алтын, күміс, мыс, цинк полиметаллдық
кен орындары бар. Бұл кен орындары «Майқайын
алтын» АҚ –мен өнделеді. Майқайын комбинатында
кен ошақтары мен байыту фабрикасы бар.
«Майқайналтын» АҚ мысты мыс концентратында,
цинкті цинк концентратында, алтыны бар
концентраттарды шығарады «Майкаин» кен
орны — кешенді алтын-барит-колчеданды-
Павлодар Ертіс өңірінің алғашқы ауылшаруашылық машинажасау кәсіпорны — «Октябрь» зауыты (1942). Бұл техникалық құрал-жабдық шығаруға: жинау жұмыстары құралдарын механизациялау мен автоматизациялау (автомат-станоктар мен жартылай автоматтар, жинау конвейерлері, сынақ стендтері) мамандандырылған тәжірибелі-эксперименталды кәсіпорын болды. Бүгінде зауыт стандартты емес диірмен құрал-жабдығын, сауда құрал-жабдығын (стеллаждар), металлосайдингтер мен металлжабынғыштар, қол және электрлі стеллаждар шығарады. Перспективті мұнайгаз машинажасауды дамыту мақсатында «Құрал-жабдық зауыты» ЖШС-нда саңылауларды жөндеу мен апаттардың алдын-алу үшін қажет құрал-саймандар, бұрғы кілттеріне арналған қосалқы бөлшектер, жағалай бағандарға арналған жабдықтар, бұрғы сорғыштарына арналған қосалқы бөлшектер дайындалады. Мұнайгаз секторына жіберілетін өнімдердің номенклатурасы 60 атаудан тұрады. Зауытта сонымен қатар локомотив пен жүк вагондарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді өндіру де игерілген. «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-да көпірлі және айналма жүк көтергіштерін өндіру ұлғайып келеді. Кәсіпорында 55 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көтергіштерді жасау игерілген.
Облыстың кәсіпорны мұнайды қайта өндеу кәсіпорнының қалдықтары негізінде жұмыс істейді, шикізат ТМД елдерінен, ең алдымен Ресейден әкелінеді. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы көп: полимер негізіндегі сыр мен лактар, майлау материалдары, антифриздар, пластмасса мен полиэтилен бұйымдары, хлор, каустикалық сода. «Реагент-Восток» ЖШС «Павлодар химиялық зауыты» АҚ –ның өндіріс қуаттылығының бөлігін бөлу жолымен 2002 жылдың маусым айында құрылған. Өндіріс қуаттылығы – жылына 3,5 мың тонна химимялық өнім. Өнімнің негізгі түрлері: натри-бутилды флотореагент, ДФБ присадкасы, «Дезостерил» дезинфекциялық құралы. Өнім Қазақстан мен Ресейдің тау-байыту комбинаттарына жіберіледі. Республикадағы негізгі пайдаланушылар —«Казцинк» АҚ, " «Казахмыс Корпорациясы» АҚ, "Техснаб «Майқайыналтын» ЖШС, шетелде —«Норильск-Никель» БРҰ.. «Каустик» АҚ Павлодар химиялық зауытының негізінде 2002 жылы тамыз айында құрылған. Қызметінің негізгі түрі – сұйық хлорды шағын ыдыста сақтау мен құю. Жолай келесі өнімдерді өндіреді: техникалық натрийдің гипохлориті, «Белизна» ағартқыш құралдары, газ тәрізді азот, оттегі, полиэтиленді ыдыс.
Облыста Республикадағы мұнай өнімін өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі— «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ қызмет етеді, ол Омбы арқылы Батыс Сібірден әкелінетін мұнаймен жұмыс істейді. Зауыт қуаттылығы — 7,5 млн тонна. Зауыт өнімі Павлодар облысы мен Қазақстанның өзге облыстарына таралады, Ресей мен Орта Азия елдеріне шығарылады. Облыста шығарылатын мұнай өнімдерінің құрылымында жетекші орында моторлы отын (бензин) мен газойлдар тұр.