Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 11:03, дипломная работа
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Кәсіпорынның құрылымы
1.1 «Ишим бассейн инспекция» ММ Сумен жабдықтау жүйелерінің негізгі ғимараттары.............................................................................................................5
1.2 Судың сапалық көрсеткіштері...................................................................9
1.3 Ауыз су сапасына себепті –салдарды сараптау жүргізу.......................11
1.4 Су жүйесі құбырларын жүргізу......................................................................13
2 Су сапасын сынау
2.1 Сынау әдістері және процедуралары.........................................................15
2.2 Суды қорғау..............................................................................................19
2.3 Судың сапасына сынақ жүргізуге арналған технологиялық регламент..24
2.4 Ауыз суды залалсыздандырудың технологиялық регламенті...............26
Қорытынды....................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................34
Судың температурасы табиғи су кездерінде әр түрлі болады. Жер асты су көздерінің температурасы бірқалыпты болса (5-10°С), ал өзен, көлдер суының температурасы жыл мерзіміне байланысты өзгеріп тұрады.
Қалқыма заттар жер беті суларында барлық уақытта кездесіп тұрады. Олардың концентрациясы (мг/л) жыл бойы өзгеріп, әсіресе жаңбыр, нөсерлерден кейін көбейіп, әдетте қыс айларында азаяды. Қалқыма заттардың көлемін судың мөлдірлігі арқылы анықтауға болады. Судың мөлдірлігін цилиндрге құйылған су түбіндегі әріппен кресті оқи алу мүмкіншілігін беретін биіктікпен анықтайды. Сондықтан да мөлдірліктің өлшемі сантиметрмен (см) беріледі.
Судың түсі судағы гуминьді заттар мен фульво қышқылдарының себебінен өзгереді. Түстілік платин-кобальт шкаласы бойынша градуспен беріледі.
Табиғи сулардың дәмі мен иісі де әр түрлі болады. Судың дәмі ащы, қышқыл, тәттілеу болуы да мүмкін. Судың иісі табиғи немесе жасанды жолдармен өзгеруі мүмкін. Егер де бірінші жолы жанды организмдердің тіршілігі мен өсімдіктер қалдығының иісінен болса, екінші жолы суға хлор, фенол, мұнай қосындыларының түсуінен пайда болады. Судың дәмі мен иісін алты баллды шкаламен өте тәжірибелі қызметшінің дәмді немесе иісті сезгіштігі арқылы анықтайды.
Судың химиялық құрамы тығыз қалдықпен, қаттылықпен, рН-орталықпен, сілтілікпен, сонымен қатар судағы әр түрлі химиялық заттармен сипатталады.
Тығыз қалдық (мг/л) суда органикалық және органикалық емес заттардың болатындығын білдіреді. Оны белгілі мелшердегі суды буландыру және қалған қалдықты 105-110°С-та құрғату арқылы анықтайды.
Судың қаттылығы (мг.экв/л) суда кальций немесе магаий тұздарының көлемімен анықталады. Қаттылық карбонатты немесе карбонатсыз болуы мүмкін. Карбонатты қаттылық суда магний, кальций тұздарының және биокарбонаттардың болуын тудырады. Судағы сульфат, хлорид иондары оның карбонатсыз қаттылығын білдіреді.
Судың активті ортасы (РН) судағы суттегі иондарының көлемін сипаттап, судың қышқылдық немесе сілтілік дәрежесін білдіреді. Сутегі иондарының шамасын РН-пен белгілейді.
Темір (мг/л) суда екі валентті (жер асты суларында) немесе қышқыл гуминді темір, коллоидты жөне қоспалар кешені негізінде (жер беті суларында) кездеседі.
Иод және фтор (мг/л) табиғи суларда көбінесе таза түрінде
• кездеседі. Олар адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді.
Эндемиялық зоб йодтың аздығынан болса, ал адамдар тіс ауруларына көбінесе суда фтордың мөлшерден аз немесе көп болуынан шалдығады.
Ерітілген газдардың — оттегі, күкірт сутегі және көмір қышқылдарының — табиғи сулардағы мөлшері әр түрлі болады. Олар судың сапасын онша бүлдірмегенімен, құрылыс материалдарының мүжіліп күйреуіне әкеп соқтырады.
Судың бактериялық ластануы суаттарға келетін ағынды (сарқынды) және жаңбыр суларынан, сонымен қатар басқа себептерден (шомылудан, малдарды суғарудан т.с.с.) болады. Бактериялық ластану 1 мл судағы бактериялар санымен сипатгалады.
Әр түрлі жұқпалы ауруларды (сары ауру, сүзек, полиомиелит т.б.) қоздырушы бактериялар (патогенді бактериялар) адамдар үшін қауіпті болғандықтан, олардың судағы мөлшерін әрдайым анықтап отыруы керек. Мұндай бактерияларды анықтау өте қиын болғандықтан, оларға балама "индикаторлы" бактериялар санын (колититр) анықтайды. Иңдикаторлы бактериялар (ішек таяқшасы) тікелей денсаулыққа зиян келтірмейді.
Әр түрлі су тұтынушыларға берілетін суға қойылатын талаптар МЕСТ 2874-82 (Ауыз су стандарты) берілген.
Кесте 6. . Ауыз судың сапасы
Судың сапасын жақсарту тәсілдері мен су тазалағыш ғимараттардың құрамы табиғи суының сапасына жене тұтынушылардың суға деген талабына байланысты белгіленеді.
Суды өңдегенде атқарылатын жұмыстар
1) судың түсін, иісін жақсарту;
2) суды эпидемиологиялық жағынан зиянсыздандыру;
3) судың сапасын арнаулы тәсілдермен жақсарту болып жіктелуі мүмкін.
Судың сапасын жақсартуда қолданылатын технологиялық процестер саны және өңделуші судың жылжу сипаты бойынша бөлінуі мүмкін.
Суды залалсыздандыру. Ауыз су мұқтажына берілетін су құрамында адамдар денсаулығына зиянды нәрселер, әсіресе ауру, қоздырушы микробтар болмауы керек. Тұндырғыш пен сүзгілерден ететін су құрамы едәуір бактериялардан ажыратылады. Дегенмен де қалған бактериялар денсаулыққа қауіпті болатындықтан, суды елді мекендерге жіберер алдында залалсыздаңдыру керек. Залалсыздандыруды хлорлау, озондау, т.б. әдістермен жүргізуге болады.
Суды озонмен тазалау. Суды озондау залалсыздандыру және иісі мен дәмін жақсарту мақсатында қолданылатын тәсілдердің ең қолайлысы болып табылады. Озондау судағы тек микробтарға ғана емес, сонымен қатар оның қүрамындағы басқа да органикалық заттарға әсерін тигізіп судың сапасын жақсартады. Оны хлор реагенттері тәрізді мұқият өлшеп жату қажет емес. Себебі хлор тәрізді көп болып кетсе, ол су иісін өзгертіп жібермейді. Оның тотықтырғыш қабілеті хлордан күшті.
Озонды (О3) атмосфералық ауаны (О2) "бәсең" электрлік разрядтау арқылы озонатор қондырғысының көмегімен алады. Озонаторда ауаны тазалау, қажетті озонды алу (жасау) және суды озонмен араластыру жұмыстары жасалады.
Озонатор көлденеңнен
жатқызылған тор баспайтын
Озонаторда
атмосфералық ауаны тазалап, құрғатып
және салқындатып беретін
Озонаторға
берілетін электр қуатының 85-90%-ы
жылуға айналып озон алу процесіне
кедергісін тигізеді жөне оның құнын
арттырады. Бұл озондаудың ең бір
үлкен кемшілігі болып
Озон мөлшері залалсыздандыру үшін 1-3 мг/л, ал егер түссіздендіру мақсатында қолданылса, 4 мг/л пайдаланылады. Сумен қосылу уақыты 5-10 минут.
2.3 Судың сапасына сынақ жүргізуге арналған технологиялық регламент
Сақтау процесі кезінде сынаманың тұтастығы мен сақталуы сынақ жүргізуге арналған НК, талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі, ол үшін қарастырылған:
1 қажетті температураны ұстап тұру;
2 ғимарат ішін өз уақытында тазарту жәнс желдету:
3 сынақ алдында
персоналды оқыту және
4 сынамалар
алу және сақтау бойынша
5 зертхана меңгерушісі
мен орындаушылардың жеке
6 Сақтау.
Сараптауға түсетін судың сынамасы және сынақтан кейінгі судың сынамасы мұздатқышта сақталынады. Сынақтан кейінгі су сынамасын сақтау, оны тапсырғанға дейін және бақылауды таңбалағанға дейін қарастырылады.
Сынамаларды жою сақтау уақыты аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Үлгілермен жұмыс жасау тәртібі ҚР ЕР 50.3.19-96 талаптарына сәйкес болуға тиіс. [11, 12]
Арбитраждық сынамалар, бұзылмайтын толық жағдайды қамтамасыз ететін жағдайда сақталады.
Сұлба 7 – түйінді алаң сынама коды
2.4 Ауыз суды залалсыздандырудың технологиялық регламенті
2. Суды залалсыздандыру бойынша негізгі баптар. Жер асты көздерінен алынатын су, барлық көрсеткіштері бойынша МЕМСТ 2874-82 талалтарына сәйкес, тек судың лайланғандығын көрсететін құрамындағы нитраттар мен аммиактың жоғары мөлшері болмаса. Сондықтан, тұтынушыға берілер алдында, суды сұйық аммиакпен залалсыздандыру қарастырылған.
Хлорлау процесін қамтамасыз ететін негізгі параметрлер
- редукциондық клапанға дейін 6кгс/см2
- редукциондык клапаннан кейін (жұмыс) 0,2 кгс/см2
3. МАХ баллонындағы қысым 8 кгс/см2
4. Баллондағы қалдық қысым:
- төмен емес 0,05 кгс/см2
- жоғары емес 0,6 кгс/см2
5. Буланған кездегі баллонның өзгсруі, аспауы тиіс 15Єс
6. Залалсызданған су температурасы +11-14єС
7. Хлоратор ғимаратындағы ауа температурасы +18єС
Егер тұтастай ұйымдастыру туралы айтатын болсақ, барлық структуралық бөлімдерді кіргізе отырып, онда мұндағы іс нашарлау, бірақ бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр және жалпы алғанда мынадай түйіндемеге келуге болады, кәсіпорындағы ӨТД сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сертификатталынатын объектілерге қойылатын нормалар мен ережелерге жауап береді.
Бірақ бұл қорытынды, тек қазіргі уақытқа ғана жауап беретіндігін айтуға тиіспіз. Өйткені суды залалсыздандыру мақсатында, оны хлорлауды басқа әдістермен ауыстыру (хлорлаудың экологиялық және көптеген кемшіліктері бар) бұрыннан дамуда, бірақ бұл облыстағы зерттеулер әлі де жалғасуда. Соңгы уакытта құны төмен және қолданылуы қарапайым болып келетін, арнайы техникалық ұсыныстар пайда болуда. [12]
Жоғарыда айтылғандай, «Ишим бассейн инспекция» ММ құбыр жүйелеріндегі суды залалсыздандырудың негізгі тәсілі болып, суды сұйық хлормен өңдеу табылады. Процестің технологиялық регламенті жоғарыда келтірілген.
Залалсыздандырудың басқа да әдістері бар. Біз бұл жұмыста, беріліп отырған заттық облысқа зерттеулер жүргізіп, белгілі-бір нәтижеге қол жеткіздік, натрий гипохлоридін сұйық хлорға қарағанда әрі уы да аз, әрі токсині аз, сондай-ақ ауру тудыратын микробтарды жоюда тиімділігі жоғары. қондырғылардың жұмысымен танысып, олардың Республика нарығында оң нәтижелерге жеткендігін білдік.
Қондырғы ауыз сумен жабдықтау станцияларында суды хлорлаудың традициялық жүйесін ауыстыру үшін, жүзу бассейндеріндегі суларды, тұрмыстық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік ағындарды залалсыздандыру үшін пайдалануға ұсынылады.
Қондырғының 08.07.2009 ж. ҚР денсаулық сақтау Министрлігінен мемлекеттік тіркеу туралы алған N000047 куәлігі және 12.11.2009 ж. ҚР Мемқадағалау берген N41-2-10-6986- оң гигиеналық қорытындысы бар.