Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 11:03, дипломная работа
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Кәсіпорынның құрылымы
1.1 «Ишим бассейн инспекция» ММ Сумен жабдықтау жүйелерінің негізгі ғимараттары.............................................................................................................5
1.2 Судың сапалық көрсеткіштері...................................................................9
1.3 Ауыз су сапасына себепті –салдарды сараптау жүргізу.......................11
1.4 Су жүйесі құбырларын жүргізу......................................................................13
2 Су сапасын сынау
2.1 Сынау әдістері және процедуралары.........................................................15
2.2 Суды қорғау..............................................................................................19
2.3 Судың сапасына сынақ жүргізуге арналған технологиялық регламент..24
2.4 Ауыз суды залалсыздандырудың технологиялық регламенті...............26
Қорытынды....................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................34
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1. Кәсіпорынның құрылымы
1.1 «Ишим бассейн инспекция» ММ
Сумен жабдықтау жүйелерінің негізгі
ғимараттары...................
1.2 Судың
сапалық көрсеткіштері.........
1.3 Ауыз
су сапасына себепті –салдарды
сараптау жүргізу..............
1.4 Су жүйесі
құбырларын жүргізу............
2 Су сапасын сынау
2.1 Сынау әдістері
және процедуралары............
2.2 Суды қорғау........................
2.3 Судың сапасына
сынақ жүргізуге арналған
2.4 Ауыз суды залалсыздандырудың технологиялық регламенті...............26
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
«Ишим бассейн инспекция» ММ –де өндірістік практикамы өткіздім.
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Осы мақсатта қалалар
мен өнеркәсіп орталықтарындағы
атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі,
өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ
Қазақстанда табиғатты
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне
(бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010
жылдары бөлінген бюджет қаражатының
пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген
бақылау аясында Қазақстан
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.
Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:
төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;
2015 жылға дейiн Қазақстан
Республикасында қызған
cу үнемдеу;
шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;
байырғы ластануларды жою;
өнеркәсiп және тұрмыстық
қалдықтарды басқаруды
әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.
«Ишим бассейн инспекция» ММ Су қорлары мен су шаруашылығы құрылыстарының ахуалы мен сапасының, халықтың су тұтыну көлемдері мен экономиканың талдауына сүйене отырып, келесі проблемаларды өкшелеуге болады:
-Су ресурстары
мөлшеріне жиынтық баға
- Сумен жабдықтауға
байланысты қызмет көрсетулерді
- Су қорларын
экономикада артық пайдалану
айналымдық және қайталама
- Су
тұтынуға қолдау көрсету мен
ынталандыру экономикалық және қаржы механизмдерінің
айқын еместігі;
- Айқын емес әрі осал институционалды
және нормативтік база;
- Су қорларының проблемалары жөніндегі ақпарттардың тұрғын халық пен жұртшылыққа аз таралуы.
- Адамдардың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
Өндірістік іс – тәжірибе практикасын өткізудің мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес «Ишим бассейн инспекция» ММ –де кәсіпорынында өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін ашып көрсету, біздің еліміздегі өндірілетін өнімның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
1. Кәсіпорынның құрылымы
1.1 «Ишим бассейн инспекция» ММ Сумен жабдықтау жүйелерінің негізгі ғимараттары
Сумен жабдықтау жүйелері кез келген мекенжайды сумен қамтамасыз ететін құрылыстардан тұрады және олардың мақсаты суды табиғи су кездерінен қабылдап, оны тазалап жене тиісті жерлерге жеткізіп беру болып табылады.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау үшін сумен жабдықтау жүйелерінің қүрамына мынадай ғимараттар кіреді:
а) табиғи су көздерінен суды қабылдау ғимараттары;
б) суды белгілі қысыммен тиісті биіктікке немесе белгілі бір жерлерге жеткізіп беретін сорғыштар станциялары;
в) судың сапасын өзгертетін, жақсартатын және тазартатын ғимараттар;
г) су өткізгіш (водоводы) және суды таратып беретін құбырлар;
д) суды сақтаушы жене реттеуші сыйымдылықтар. Төмендегі 1-суретте сумен жабдықтау жүйесінің негізгі ғимараттарының орналасу сызбасы көрсетілген.
1-сурет. «Ишим бассейн инспекция» ММ сумен жабдықтау жүйесінің сызбасы:
1 — су қабылдағыш;
2 — бірінші су котергіш станциясы;
3 — су тазарту станциясы;
4 — таза су резервуары;
5 — екінші су көтергіш станциясы;
6,7 — су өткізгіш жоне таратып беруші құбырлар;
8 — арынды мұнара.
Суретгегі ғимараттардың орналасу орнын өзгертуте де болады. Мөселен, бірінші мен екінші сорғыш станциялары біріктірілуі мүмкін. Кейбір жағдайда олар тіпті бір-бірінен өте алыс орналасуы да мүмкін.
Сумен жабдықтау сызбасына табиғи су көздерінің сипаты, сапасы және су көлемі әсер етеді. Егерде суды түтынушьшарға тазаламай беру мүмкін болған жағдайда, онда су тазалау ғимараттарын салып жатудың қажеті жоқ. Мүндай жағдай, есіресе жер асты суларын пайдаланатын жүйелереде жиі кездеседі.
2-сурет. «Ишим бассейн инспекция» ММ жер асты су коздерін пайдалану сызбасы:
1 — артезианды құдық;
2 - жұмыс павильоны немесе сорғыш станциясы;
3 — жинаушы құбыр;
4 — таза су резервуары;
5 — екінші су көтергіш станциясы;
6,7 — су өткізгіш жоне таратып беруші құбырлар.
Қабылданған су көзі судың аздығынан мекенжайды толығымен сумен қамтамасыз ете алмайтын болса, онда әр түрлі су көздерін пайдалана отырып, елді мекендерге су жеткізіп берілуі мүмкін.
Жер бедерінің де су жүйесінің сызбасына әсері бар. Мәселен, табиғи су көздері су жүйесі құрылып жатқан мекенжайдан жоғары жерде орналасқан болса (мәселен, таулы жерлерде), онда суды сорғыштарсыз-ақ жөнелтуге болады.
Кейбір жағдайларда, табиғи су көздері су қолданылатын жерден едәуір алыста болады. Сол себептен су өткізгіштердің ұзындығы ондаған, кейде жүздеген шақырымға дейін созылуы мүмкін.
Су тазалағыштар қабылдағыштарға немесе қалаға жақын жерге орналасуы мүмкін. Жалпы айтқанда, сумен жабдықтау жүйелерін және олардың сызбаларын жергілікті жағдайға сәйкестендіре отырып тандаған жөн.
Арынды мұнаралар жер қыртысының ең биік жерлеріне орналасатындықтан, оның орны су қүбыры торабының бас жағында (1-сурет), соңында немесе кез келген нүктесінде болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері үлкен немесе шағын қалаларда және өнеркәсіп орындарында кездесуі мүмкін. Дегенмен, өнеркәсіп мекемелерінде су жүйелерінің өзгеше және арнаулы түрлері де кездеседі.
Егер өндіріс мұқтажына жұмсалатын су онша ластанбаған немесе сәл ғана жылыған болса, ондай суды оңай тәсілдермен тазалап нсмесе салқын-датып, қайтадан өнеркәсіпке жөнелтуге болады. Мұндай жүйені "айналмалы" деп атаймыз.
3-сурет. «Ишим бассейн инспекция» ММ айналмалы су жүйесі:
1-қосымша су қабылдағыш;
2-салқындатқыш (тазалағыш);
3-айналмалы циклдің сорғыш станциясы;
4-өнеркәсіп орны;
5,6 - құбырлар.
Бір өнеркәсіп орнынан немесе цехтан шыққан суды екінші бір өнеркәсіп орнында немесе цехта пайдаланған жағдайда "қайтадан" беруі (тізбектелген) су жүйесін қолданған жөн. Осы аталған жүйелерді қолдану арқылы табиғи көздерінен алынатын су шығынын азайтуға болады. Егерде бір-бірінен әр түрлі қашықтықта орналасқан көптеген елді мекендер (аудандар) жер жағдайына байланысты бір табиғи су көзімен қамтамасыз етілетін болса, онда кейінгі кездерде жиірек қолданылып келе жатқан "топтастырылған" -(ауданаралық) жүйелер құрылуы мүмкін. Топтасқан жүйенің 1 құны әр мекенжайда құрылған жеке су жүйелерінің жалпы бағасынан әлдеқайда төмен болады. Осындай жүйелер арқылы 1 көптеген елді мекендер оңай және арзан жолмен сумен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Сумен жабдықтау жүйелері мекенжайды сумен үзіліссіз және сенімді түрде қамтамасыз етуі шарт. Бірақ жүйелердің жұмысы әр түрлі құбылыстарга тәуелді болатындықтан (су көздеріне электр қуатына т.б.), олар мекенжайға келетін су көлемін азайтып, сапасын және арынын төмендетулері де мүмкін. Сондықтан жүйелердің жұмыс қабілетін жақсарту мақсатында олардың басты элементтері қосарланған (резервтері) болып, ал кейбіреулері кідіріс кезінде еөінен су бере алатындай сыйымдылықта орнатылуы тиіс.
Жоғарыдағы айтылған сумен жабдықтау жүйелері оларға тек түсініктеме бергені болмаса, олардың түрлері мен ерекшеліктерін түгелдей қамти алмайды.
Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:
а) тұтынушылардың
түрлеріне қарай шаруашылық-
б) мекенжайлардың түрлеріне қарай қалаларды, елді мекендерді, өндірістсрді сумен жабдықтау жүйелері;
в) мекенжайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті-бір мекенжай (меншікті) үшін құрылған жүйе;
г) суды пайдалану ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;
Д) қабылданған табиғи су көздері бойынша жер бетіндегі көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер;
е) судың жіберілу тәсіліне қарай өзі ағатын (гравитациялық), арынды.
Мекенжайлардың қайсысында болмасын (қала, ауыл, өнеркәсіп орындары), судың көлемі мен сапасына әртүрлі талаптар қоятын тұтынушылар кездеседі.