Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 11:03, дипломная работа
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Кәсіпорынның құрылымы
1.1 «Ишим бассейн инспекция» ММ Сумен жабдықтау жүйелерінің негізгі ғимараттары.............................................................................................................5
1.2 Судың сапалық көрсеткіштері...................................................................9
1.3 Ауыз су сапасына себепті –салдарды сараптау жүргізу.......................11
1.4 Су жүйесі құбырларын жүргізу......................................................................13
2 Су сапасын сынау
2.1 Сынау әдістері және процедуралары.........................................................15
2.2 Суды қорғау..............................................................................................19
2.3 Судың сапасына сынақ жүргізуге арналған технологиялық регламент..24
2.4 Ауыз суды залалсыздандырудың технологиялық регламенті...............26
Қорытынды....................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................34
Жоғарыда айтылғандай, суды елді мекендерде шаруашылық-ауыз су мұқтажына, абаттандыру, өндіріс, өрт қажеттеріне қолданылады. Мекенжайдың түріне және тұтынушылардың суға қоятын талаптарына қарай және экономикалық жағдайларға байланысты мекенжай көлемінде көп мақсатты "бірлескен" су құбыры немесе жеке тұтынушылар мақсатын көздейтін "бөлінген" су құбырлары құрылуы мүмкін.
Қалаларда, әдетте, барлық тұтынушыларға су бір құбырдан беріледі. Суландыру алқаптары, себу алаңдары қала территориясының әр жерінде кездесетіндіктен және өрттердің де қаланың кез-келген жерінен шығып қалуынан қалада шаруашылық және өрттік құбырларға қосылған болады. Осы су құбыры қаладағы өнеркәсіп орындарында да су бере алады.
Суды көп шығындайтын, бірақ тазаланбаған суды пайдалана беретін өнеркәсіп орындарында қала құбырынан бөлінген жеке өндірістік жүйені қабылдаған тиімді. Кейбір өнеркәсіп мекемелерінде суды әр түрлі сапамен және арынмен қолданады. Сондықтан, бір мекеменің ішінде әр түрлі сипаттағы тораптар болуы мүмкін.
Өндіріс орындарында қала территориясынан тысқары жатып жұмысшы поселкасымен бірге жеке бір өнеркәсіптік аймақты құратын болса, онда шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына суды қала құбырынан, ал өндіріс үшін суды оның көлеміне байланысты қаладан немесе жеке жүйеден алуға болады.
Сонымен, өнеркәсіптерде су құбырларының жекеленген (шаруашылық-ауыз су; өндірістік) немесе бірлескен (шаруашылық-өндірістік) түрлері кездесуі мүмкін.
Өртке қарсы істелетін жұмыстар, әдетте, шаруашылық ауыз су суымен жабдықтайтын жүйеге жүктелінеді, өйткені олар қала немесе өндіріс орындарында жақсы таралған.
1.2 Судың сапалық көрсеткіштері
Судың сапасы - зиянды заттардың, зияны жоқ жоғарғы концентрациясымен сипатталады. Зияны жоқ жоғарғы концентрациясы - ол ұзақ уақыт ішінде күнделікті қолданғанда судың құрамындағы химиялық заттардың немесе қосылыстардың ешкандай ауру немесе денсаулықтың ауытқуын тудырмайтын мөлшері.
Қолданылатын судың иісі және дәмі 0 - 2 баллдан аспауы керек. Егер бұған сәйкес келмесе, ол суларды белгілі тәсілдермен тазарту қажет.
Кесте 1 - Судың иісі және дәмін анықтау және оны бақылау шкаласы
Судың дәмінің және иісінің сезілу деңгейі |
Судың дәмінің және иісінің деңгейі анықтау жолдары |
Судың дәміне сәйкес келетін «балл» |
Байқалмайды |
Лабораториялық әдіс арқылыда сезілмейді |
0 |
Өте әлсіз сезіледі |
Тек зертханалық жолдармен анықталады |
1 |
Аздап байқалады |
Егер назар аударса байқалады |
2 |
Байқалады |
Барлық уақытта оңай сезіліп тұрады |
3 |
Бірден байқалады |
Су ішуге жарамайды |
4 |
Өте күшті байқалады |
Суды ішу мумкін емес |
5 |
Судың құрамындағы улы заттардың мөлшері шектеулі болуы тиіс.
Зиянды заттардың,
зияны жоқ жоғарғы
Кесте 2 - Ішетін судағы химиялық элементтердің зиянды зияны жоқ
жоғарғы концентрациясының мөлшері м г/л.
Элементтер |
Санитарлық ереже бойынша (МЕМСТ 2.1.459-96) |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша (ВОЗ1994) |
Минералдану |
1000 |
1000 |
рН |
6,0-9,0 |
6,0-9,0 |
Жалпы кермектілік моль/л |
7,0 |
7,0 |
Сілтілігі (НСО³) моль/л |
||
Хлоридтер |
350 |
250 |
Сульфаттар |
500 |
250 |
Кальций |
||
Магний |
200 | |
Натрий |
200 |
50 |
Нитраттар |
45 |
3 |
Нитриттер |
3 |
1,5 |
Аммоний |
0,2 | |
Алюминий |
0,5 |
0,7 |
Барий |
0,1 |
|
Бериллий |
0,0002 |
1,5 |
Бор |
0,5 |
0,3 |
Темір |
0,3 |
0,003 |
Кадмий |
0,001 |
0,5 |
Марганец |
0,1 |
1 |
Мыс |
1 |
0,07 |
Молибден |
0,25 |
0,01 |
Мышьяк |
0,05 |
0,02 |
Никель |
0,1 |
0,001 |
Сынап |
0,0005 |
0,001 |
Қорғасын |
0,03 |
0,01 |
Селен |
0,01 |
0,01 |
Физикалық: өндірістік
бөлмелер, жұмыс орындарының құрал-
Техникалық: өлшеу құралдары және құрал-жабдықтар, есептеуіш техника, оргтехника.
1.3 Ауыз су сапасына себепті –салдарды сараптау жүргізу
Сапаны басқарудың
негізгі принциптерінің бірі — фактылар
негізінде шешімдер қабылдау. Бұл
математикалық статистиканың
5М типтік диаграмма "адам", "машина"; "материал"; "әдіс"; ״бақылау" сияқты сапа компоненттерін қарастырады, ал 6М типті диаграммада оларға "қоршаған орта" компоненті қосылады. Шешілетін квалиметрлік сараптама міндетіне сәйкес, "адам" компоненті үшін, операцияның жайлылығы мен орындалу қауіпсіздігімен байланысқан. факторлар; "машина" компоненті үшін -берілген операцияны орындаумен байланысқан, сарапталатын бұйым конструкциясының элементтері арасындағы өзарақатынас; ״әдіс" компоненті үшін — орындалатын операцияның өнімділігі мен дәлдігіне байланысты болатын факторлар; "материал" компоненті үшін - берілген операцияны орындау процесінде бұйым материалдарының қасиеттерінің өзгеруі болмайтындығымен байланысқан факторлар; "бақылау" компоненті үшін — операцияны орындау кезінде кездесетін қателіктерді нақты танумен байланыскан факторлар; "қоршаған орта" компоненті үшін — бұйымға ортаның және ортаға бұйымның әсер етуімен байланысқан факторлар анықталуы қажет.
Процесс нәтижесі араларында себеп-нәтиже типті қатынасы бар көптеген факторларға байланысты болады. Осындай себептік факторлардың барлығын бірдей бақылау мүмкін емес. Егер осының барлығы мүмкін болғанның өзінде, онда мұндай жұмыс рентабельді болмайтын еді. Егер Парето принципін негізге алатын болсақ (Парето диаграммасы), онда екі, үш неғұрлым маңызды деген факторларды стандарттау және оларды басқару қажет етіледі. Бірақ, алдымен осы нігізгі факторларды тауып алу керек, бұны миға шабуыл әдісімен анықтауға болады, яғни туындаған жағдайды талқылайтын және нақты процеске қатынасы бар немесе таныс адамдар-эксперттер тобының жұмыс жасауы. Сосын, бір неғұрлым маңызды себеп алынады және Исикава диаграммасының көмегімен себептер мен нәтижелер жиынтығын білдіретін схема анықталады.
Исикава диаграммасы
берілген мәселеге әсерін тигізетін
жағдайлар мен факторларды
Қарастырылатын
мәселе шартты түрде тіке горизонтальдық
сызықпен бейнеленеді. Мәселеге тікелей
немесе жанама түрде әсер ететін себептер
мен факторлар еңкіш сызықтарме
Біздің алдымызда
тұрған мәселе - сапалық көрсеткіштері
МЕМСТ талаптарына жауап
Сонымен, "себептер-нәтижелер" диаграммасының көмегімен ауыз су сапасына әсер ететін факторлар анықталады, яғни басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет ақпараттар алынды.
Біріншілік себептерді сараптау, мәліметтерді стратификациялау. Негізінен стратификация - нәтижелері диаграммалар және графиктер түрінде көрсететін, кейбір критерийлер немесе айнымалыларға сәйкес, мәліметтерді сорттау процесі. Біз, стратификация айнымалысы дер аталатын, жалпы сипаттамаларына сәйкес, мәліметтер массивтерін әртүрлі топтарга жіктей аламыз. Сорттау Парето сараптамасы немесе шашырату диаграммасы сияқты басқа да құралдарға негіз болып табылады. Құралдардың бұлай үйлесуі оларды неғұрлым қуатты етеді.
Біріншілік себептер сараптамасы, яғни Парето сарапттамасының аты, итальяндық экономист Паретоның атына сәйкес берілген, ол капиталдың үлкен бөлігі (80%) аз ғана адамдардың (20%) қолында болатындығын көрсеткен. Парето ережесі-"универсальды принцип", ол көптеген жағдайларда қолдануға ыңғайлы, соның ішінде сапа мәселесін шешуге де қолданылады. Парето сараптамасы жекелеген облыстарды маңыздылықтары немесе мәнділіктері бойынша тізіп тұрғызады және бірінші кезекте неғұрлым көп мәселелер (сәйкессіздіктер) тудыратын себептерді тауып, кетіруге шақырады. Парето сараптамасы Парето диаграммасымен бейнеленеді, диаграмманың абцисса осі бойынша кему тәртібімен сапа мәселесін туындатқан себептер жатқызылады, ал ордината осі бойынша сандық, сонымен қатар жинақталған (кумулятивтік) проценттік көрініспен, мәселенің өздері сандық түрде жатқызылады.
Диаграммадан қателіктердің неғұрлым үлкен бөлігін тудыратын себептерді білдіретін, бірінші кезектегі шараларды қабылдау облысы көрінеді. Сонымен, бірінші кезекте, алдын-алу шаралары дәл осындай мәселелерді шешуге бағытталынуы тиіс. Барлық ақауларды(100%) эксперттік сауалдар көмегімен, біз, төрт категорияға жіктедік, және келтірілген мәліметтер сараптамасынан көрініп тұрғандай, берілген жағдайда "бақылау және басқару" категориясы ақаулар болуына неғұрлым жоғары жұмыс атқарады. 3-ші суретте колдағы бар мәліметтерге сүйене отырып, тұрғызылған - Исикава диаграммасының нұсқасы келтірілген.
1.4 Су жүйесі құбырларын жүргізу
Құбырларды салу жұмыстарының алдында оларды жүргізу бағытын анықтап, бақылау құдықтарының орнын белгілеп алу керек. Құбыр жүргізілетін ордың енін құбырдың диаметрі мен материалына, салу тереңдігі мен жер қабатына, сонымен қатар жапсарды бекіту жұмыс жағдайларына байланысты қабылдайды.
Құбырлардың жүргізілу тереңдігі
олардағы судың қыста мұдамауын,
жазда шамадан тыс қызып
Жер қабатының тоңазу тереңдігін анықтау өте қиын мәселе, өйткені ол мекенжайдың географиялық орнына ғана байланысты болмай, сонымен қатар жер бетіндегі өсімдіктерге, түсетін қардың қалындығына, күн сәулесінің түсу шамасына және т.б. себептерге де тәуелді болады. Мұндай бір-бірімен тығыз байланысқан себептерді қарастырып шығу, әрине қиын, сондықтан құрылыс ережелері бойынша құбырдың жүргізілу тереңдігін жер қабатының тоңазу терендігінен 0,5 м (қүбырдың астыңғы қабатына дейін) төмен алу керек. Сонымен қатар шаруашылық, ауыз су мұқтажын қамтамасыз ететін құбырларды шілде кезінде су шамадан тыс қызып кетпеу үшін жер бетінен кемінде 0,5 м терендікте жүргізу қажет.
Жалпы мекенжай территориясы үшін қабылданған терендік тұрақты етіп алынады да, құбырларды жер бетіне параллель жүргізеді. Құбыр диаметрі 600 мм-ден үлкен болғанда, оларға қатарластыра құбырлар жүргізіледі.
Сумен жабдықтау құбырларының
жүргізілетін тереңдігі мен бағытын
қала көшелеріндегі басқа
Су жүйесі құбырлары мен
басқа жүйелер торабтарының бір-бірінен
ара қашықтығы төмендегі
үйлердің іргетасына дейін..................5
темір жол рельстеріне дейін..............4
автомобиль жолдарының жиегіне дейін...........2
байланыс торабтарына дейін..........0,75