Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 11:37, курсовая работа
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Сирек кездесетін өсімдіктер түрі — 66, негізінен орман тұқымдас: қарағай, қайың көктерек, тал, арша және т.б. ағашты-бұта тектес түрлері өседі. Ал қарқаралы бөріқарақаты (барбарис), мүк сияқты өсімдіктің түрлері де Қызыл кітапқа енгізілген.
Сайрам-Өгем ұлттық паркі
Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. 2006 жылы ұйымдастырылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. Жер аумағы 149 мың га. Саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу, қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту. Саябақ орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді қамтиды. Табиғат қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жеке 3 аймаққа (қорықтық, туристік және шектеулі шаруашылық жұмыстары жүргізілетін) бөлінген. Саябақтың аумағы солтүстіктен оңтүстік бағыт бойынша 135 км-ге созылып жатыр. Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі кездеседі, оның 35-і эндемиктер. Ғылыми құндылығы ерекше саналатын аршалы орман алқабы бар. Мұндағы ірі аршалардың кейбіреуі 700 жылдан бері өсіп тұрғандығы анықталған. Аршаның 3 түрі (балғын арша, Зеравшан аршасы және сауыр арша) өседі. Саябақ жануарлар әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді. Өте сирек кездесетін жануардың бірі – көк суыр (қысқаша Мензбир суыры). Сондай-ақ арқар, жабайы шошқа, қоңыр аю, т.б. жануарлар да кездеседі. Саябақта тұрақты түрде “Табиғат жылнамасы” жүргізіліп отырады.
Шарын ұлттық паркі
Шарын ұлттық табиғи паркі – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік парк. 2004 жылы ұйымдастырылған. Жер көлемі 93,2 мың га. Ұлттық парк 1964 жылдан бері республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші ретінде қорғалып келді.
Шарын ұлттық табиғи саябағы Үлкен Бөгеті тау жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзенінің бойындағы «Қызғылт қамалдар» аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды. Саябақ аумағынан Шарын өзені ағып өтіп, Іле өзеніне құяды. Шарын өзеніне тау беткейлерінен басталатын Шалкөдесу, Кеген, Қарқара, Кенсу, Орта Мерке, Шет Мерке, Темірлік, т.б. ұсақ өзендер қосылады. Парк ауа райы құрғақ қоңыржай, жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм-дей. Шарын ұлттық табиғи саябағында геологиялық ежелгі кезеңдерден сақталып келе жатқан «Қызғылт қамалдар» аңғарының кескін-келбеті өте таңданарлық. Шарын өзенінің миллиондаған жылдар бойы жуып-шаюынан өзен аңғарында ойдым-ойдым қызғылт түсті шатқалдар пайда болған. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорода штатында ғана кездеседі (Үлкен каньон шатқалы). Паркта өсімдіктердің 940 түрі өседі, оның 60-қа жуық түрі эндемиктер. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауырымен жорғалаушылардың 20, балықтардың 10 түрі кездеседі. Саябақ аумағынан ерте кездерде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың (пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау қасқырдың, стенон жылқысының, т.б.) қаңқа қалдықтары да табылған.
Оны Үлкен Колорадо каньонының (АҚШ) кіші бауыры деп те атайды. Каньонның «Қызғылт қамалдар» деген тағы бір аталуы бар. Себебі бұл жердегі үнсіз жатқан алып жартастар өздерінің таңғажайып пішіндерімен таңқалдырады.
«Шарын каньоны» – жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес.
Іле Алатауы ұлттық паркі
Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы, Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған. 1996 ж. Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман ш-тарының негізінде құрылған. Орт. – Таусамалы а. Ауданы 202 мың га, ол Алматы қ-нан оңт-ке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солт. беткейінде, батыста Шамалған өз., шығыста Түрген өз-нің аралығындағы ұзындығы 120 км, ені 30 – 35 км аймақты алып жатыр. Оның құрамына 4-Ақсай, Медеу, Талғар және Түрген орман ш. аумағындағы аласа, орташа және биік тау ландшафтары енеді. Климаты биіктік белдеулер бойынша өзгереді: тау етегіндегі далалық белдеу ылғалды, жазы құрғақ әрі ыстық, қысы жылы, қары жұқа; аласа және орташа тау аймағы ылғалды әрі ыстық; альпі және субальпі шалғындары белдеуінде ылғалд. өте жоғары. Орт. жылдық жауын-шашын мөлш. 550 – 600 мм. Саябақ теңіз деңгейінен 600 – 4540 м биіктікте орналасқан. Ең биік шыңы – Конституция (4540 м) және Қазақстанның 25 жылдығы шоқысы (4494 м). Ең үлкен мұздық – Дмитриев мұздығы (ауданы 17 км²). Түрген, Есік, Талғар, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай, Қаскелең өзендері ағып өтеді. Олардың бастауларында моренді көлдер бар, көпшілігі маусым айында суға толып, қысқа қарай тартылып қалады. 2500 м биіктікте Үлкен Алматы көлі орналасқан, оның ауданы 1 км² , тереңд. 39,3 м. Үлкен Алматы өз-нің су алабында орналасқан радонды Алмаарасан және кремнийлі-термалды Горельники мен Таутүрген бастаулары бар. Жері негізінен қара топырақты. Саябақтың флорасында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар, оның 500-ден астамы жапырақты орман, 400-ден астамы – қылқан жапырақты орман алқаптарында өседі. Бұл өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген (мыс., Алматы кекіресі, Сиверс алмасы, Мушкетов түйесіңірі, т.б.). Қоректік өсімдіктерден: Тянь-Шань сұлыбасы, шалғын қоңырбас, беде, сиыржоңышқа, т.б.; илік – қымыздық, рауғаш, таран, т.б.; дәрілік – түймешетен, өгейшөп, шырғанақ, бақбақ, т.б.; эфирлі-майлы – аюбалдырған, арша, жусан, т.б.; жеміс-жидектерден – өрік, алма, таңқурай, бүлдірген, бөріқарақат, долана, т.б. өседі. Жануарлар әлемі де өте бай. Омыртқасыздардың 8 класқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Барылдауық қоңыздардың 252, стафилинидтердің 180, жапырақ жегіштердің 102, күндізгі көбелектердің 145, жарғаққанаттылардың 110, қазғыш жабайы аралардың 97, құмырсқалардың 33, шаншарлардың 30 түрі анықталған. Омыртқасыздардың 24 түрі (мыс., Түркістан туркомиласы, әшекейленген жүйрік қоңыз, шығыс ахраноксиясы, Іле хош иісті отын кескіш қоңызы, т.б.) Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. Омыртқалы жануарлардың 245 түрі, олардың 8 түрі балықтар; 4-еуі – қосмекенділер; 8-і – бауырымен жорғалаушылар; 178-і – құстар; 47-сі – сүтқоректілер. Бұлардың ішінде балықтардың 4, қосмекенділердің 2, құстардың 11, сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Саябақ аумағында Талқыз және Түрген ескі қалашықтарының орны сақталған. Түрген шатқалында ертедегі темір дәуірінің зираттары мен Есік өз-нің бойында сақ қорғандары бар. Бутаков сарқырамасы, реликті мүк басқан Шыңтүрген шыршалары да табиғат ескерткіштері болып саналады. Соңғысында мүк астында, 30 – 40 см тереңдікте қалыңд. 2 – 3 м болатын мәңгі мұз қабаты бар. Әсем табиғаты, алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар саябақтың қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше.
Резерват
Резерват (лат. reservetus — сақталған) — негізгі қорғалатын нысаны табиғи кешен құрауыштарының бірі болып табылатын қорғалатын табиғи аумақ. Резерваттар міндеті (орман, батпақ, орнитологиялық және т.б.) мен режімі бойынша сараланады: басқарылмайтын Резерват — мұнда табиғи процестер адамның ешқандай араласуынсыз өзінен-өзі табиғи негізде реттеледі және басқарылатын Резерват — қорғалу режімі бойынша қорыққа жақындау келеді. Резерваттар Ұлыбританияда, Бирмада, Африка елдерінде бар. Резерватты кейде қорық және қорықша деп атайды.
Қазақстандағы резрваттар:
Мемлекеттiк табиғи қаумал — мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтiң тапсырыстық режимi немесе реттелмелi режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Атауы |
Көлемі, га |
Орналасқан жері |
Атбасар |
75 100 |
Ақмола облысы |
Бұланды |
93 500 |
Ақмола облысы |
Шығыс |
100 000 |
Ақмола облысы |
Торғай |
296 000 |
Ақтөбе облысы |
Жоғарғы Көксу |
240 000 |
Алматы облысы |
Қоқан |
49 100 |
Алматы облысы |
Лепсі |
258 000 |
Алматы облысы |
Тоқты |
187 000 |
Алматы облысы |
«Жаңа жер» |
45 000 |
Атырау облысы |
Бударин |
80 000 |
Батыс Қазақстан облысы |
Жалтыркөл |
19 000 |
Батыс Қазақстан облысы |
Аңдасай |
1 000 000 |
Жамбыл облысы |
Бектауата |
500 |
Қарағанды облысы |
Белағаш |
1 500 |
Қарағанды облысы |
Қарағаш |
6 800 |
Қарағанды облысы |
Қу |
33 500 |
Қарағанды облысы |
Қызыларай |
18 200 |
Қарағанды облысы |
Ұлытау |
19 300 |
Қарағанды облысы |
«Белдеутас» |
44 660 |
Қарағанды облысы |
Жарсор-Ұрқаш |
29 344,1 |
Қостанай облысы |
Михайловка |
76 800 |
Қостанай облысы |
Сарықопа |
51 200 |
Қостанай облысы |
Тауынсор |
35 000 |
Қостанай облысы |
Қарғалым |
13 300 |
Қызылорда облысы |
Тораңғылысай |
17 900 |
Қызылорда облысы |
Ақтау-Бозашы |
170 000 |
Маңғыстау облысы |
Қарақия-Қаракөл |
137 500 |
Маңғыстау облысы |
«Қызылтау» |
60 000 |
Павлодар облысы |
Мамлют |
52 400 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Смирнов |
240 000 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Согры |
134 100 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Құлжа |
46 000 |
Шығыс Қазақстан облысы |
Тарбағатай |
240 000 |
Шығыс Қазақстан облысы |
Атауы |
Көлемі, га |
Орналасқан жері |
«Қарақоңыз шатқалы» |
3 070 |
Жамбыл облысы |
Көкашық |
15 000 |
Қарағанды облысы |
Тораңғы |
48 |
Қарағанды облысы |
Ақдала |
2 000 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Жамбыл |
8 600 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Задария |
8 400 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Боралдай |
52 500 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Темір |
4 000 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Орлиногор |
3 450 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Қаратал құмы» |
1 300 |
Шығыс Қазақстан облысы |
Төменгі Тұрғысын |
2 200 |
Шығыс Қазақстан облысы |
Атауы |
Көлемі, га |
Орналасқан жері |
«„Дулыға“ сүйір шоқысы» |
2 |
Ақмола облысы |
«Қара май шоқысы» |
1 |
Ақмола облысы |
«„Қашқын“ шоқысы» |
1,3 |
Ақмола облысы |
«Көк мүйіс» |
1,2 |
Ақмола облысы |
«Көне ағашты тоған» |
1 |
Ақмола облысы |
«Қызыл күрең мүйісі» |
0,5 |
Ақмола облысы |
«Малта тасты шоқы» |
2 |
Ақмола облысы |
«„Өрт байқау“ шоқысы» |
1 |
Ақмола облысы |
«Баум тоғайы» |
130 |
Алматы қаласы |
«Айғай құм» |
240 |
Алматы облысы |
«Шарын шетен тоғайы» |
5014 |
Алматы облысы |
«Шынтүрген шыршалары» |
900 |
Алматы облысы |
«Қаз қайтуы» |
2 |
Павлодар облысы |
«Айыртау шоқысы» |
2 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Бүркіттау“ шоқысы“ және „Қайнар көз“» |
3 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Жаңажол» |
9 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Имантау көлінің аралы» |
34,4 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Қазан“ жартасы шөгінділері» |
3,9 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Қарағайлы орман» |
26 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Қостау“ шоқысы» |
10,5 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Көне алап» |
2 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Күміс қарағайлы орман» |
83 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Сүйір шоқы» |
3 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Үңгірлі сарқырама» |
0,5 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Шолғыншы“ шоқысы» |
3,8 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Көкшілтау самырсын тоғайы» |
137 |
Шығыс Қазақстан облысы |
«Қиын-Керіш» |
Пайдаланған әдебиеттер