Ерекше корғалатын табиғи аймақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 11:37, курсовая работа

Краткое описание

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа Тенбай Жангельды.docx

— 152.08 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

Кіріспе......................................................................................................................3

I. Бөлім.  Қорықтар

I.I Ақсу-Жабағылы

I.II Алакөл

I.III Алматы

I.IV Барсакелмес

I.V Батыс Алтай

I.VI Қаратау

I.VII Қорғалжын

I.VIII Марқакөл

I.IX Наурызым

I.X Үстірт

 

II. Бөлім . Ұлттық парктер

Алтынемел

Баянауыл

Бурабай

Бұйратау

Жоңғар Алатауы

Катонқарағай

Көкшетау

Көлсай көлдері

Қарқаралы

Сайрам-Өгем

Шарын

Іле Алатауы

III. Бөлім. Резерваттар

 IV. Бөлім. Табиғат ескерткiштерi

 V. Бөлім Қаумалдар

 VI. бөлім Қорық аймақтары

 VII. Пайдаланған әдебиет

VIII. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерекше корғалатын табиғи аймақтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының  табиғи кешендерi мен объектiлерi бар  жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ  — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман  жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек  заңмен ғана емес, арнайы бақылауда  болып, адамдармен қорғалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi —  ерекше қорғауға жататын биологиялық  саналуандық пен жансыз табиғат  объектілерінің жиынтығы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи – қорық  қоры объектілерінің маңыздылығына  байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.

Республикалық маңызы бар  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің  түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1)    мемлекеттік табиғи қорықтар;

2)    мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

3)    мемлекеттік табиғи резерваттар;

4)    мемлекеттік зоологиялық парктер;

5)    мемлекеттік ботаникалық бақтар;

6)    мемлекеттік дендрологиялық парктер;

7)    мемлекеттік табиғи ескерткіштер;

8)    мемлекеттік табиғи қаумалдар;

9)    мемлекеттік қорық аймақтары.

Жергілікті маңызы бар  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу

мақсаттарына және қорғалу  режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1)    мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;

2)    мемлекеттік зоологиялық парктер;

3)    мемлекеттік ботаникалық бақтар;

4)    мемлекеттік дендрологиялық парктер;

5)    мемлекеттік табиғи ескерткіштер;

6)    мемлекеттік табиғи қаумалдар.

Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерімен ерекше

қорғалатын табиғи аумақтардың  өзге де түрлері көзделуі мүмкін.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар  санатқа жатқызуды – уәкілетті  органның ұсынуы бойынша Қазақстан  Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды  – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары  жүргізеді.

Заңды тұлға мәртебесі  бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты  оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын  бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі  сипатының ішінара немесе толық  жоғалуына байланысты жүргізіледі.

Заңды тұлға мәртебесі  бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты  оның мртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді  жаратылыстану – ғылыми негіздеме  жасалған мемлекеттік экологиялық  сараптаманың оң қорытындысы негізінде:

1)    республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

бойынша – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының  Үкіметі;

2)    жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

бойынша – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.

 

Қорықтар

  1. Ақсу-Жабағылы
  2. Алакөл
  3. Алматы
  4. Барсакелмес
  5. Батыс Алтай
  6. Қаратау
  7. Қорғалжын
  8. Марқакөл
  9. Наурызым
  10. Үстірт

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған  жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын  шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер  мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.  
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.  
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.  
1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.  
Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.  
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.  
Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.  
Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.  
Екінші – далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.  
Үшінші – шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері - Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтиды. Қорғалатын обьектілері арқар, құлан, қара құйрықкиік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы.  
Алматы облысы. Балқаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30мың гектар жер босқа жатыр. Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс.  
Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы – тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі – Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер – марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп – марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.  
Ал Шыңғыстау, Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде қорғалатын обьектілер – бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері.  
Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болтын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отр. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.  
Міне,осындай шараларды іске асырғанда ғана биосфера байлықтарын ғылыми тұрғыдан қорғауға болатыны анықталды.

 

Ақсу-Жабағылы қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. [1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

  • Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. [2]
  • Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.
  • Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.
  • Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.
  • Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.
  • Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы '(lang-ru|Алако́льский госуда́рственный приро́дный запове́дник}}) , Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

Алакөл көлі

Алакөл Қазақстанның көз жауын  алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл минералды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз.

 

Алматы қорығы

Алматы  қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

Жануарлар

Алматы  қорығы- жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т.б.) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақа кездеседі.“Қалқан” мен “Әнші тау” маңында аңның 43, құстың 85, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді.Онда кездесетін аңдардың негізгі түрлері: арқар, қарақұйрық, елік, қасқыр мен түлкі, шұбар күзен және сасық күзен,ал құстардан: бөдене, шіл, кекілік, жетісу қырғауылы, тұйғын, жағалтай, құладын, ақбас құмай,тазқара,бүркіт және қыранқара мекендейді. Қосмекенділерден:жасыл құрбақа, сібір көлбақасы тіршілік етсе, бауырымен жорғалаушылардан: сұр жылан(улы жылан), қара шұбар жылан (усыз) және кесірткелер кездеседі. Қорықта еліктердің саны тиянақты қорғаудың нәтижесінде 500−ден асып отыр. Мұнда елік мекендеуге қолайлы оң мыңға жуық орман алқабы бар. Олар жыл мезгілдеріне байланысты таудың әртүрлі биіктігіне ауысып отырады. Сол сияқты бұл өңірде таутеке де мекендейді. Мәселен, қорық қызметкерлерінің соңғы жылдары вертолетпен жүргізген есебі бойынша таутекенің қоры 560–тай екендігі анықталады. Таутеке мәңгі мұзға дейін көтеріліп, жартастар мен құздардың арасында тіршілік етеді.Тек қыста ғана тау етектеріне қарай төмендейді. Сондай–ақ мұнда марал сирек кездеседі. Бұл жерде жыл маусымдарына байланысты арқар да болады. Олар қыс айларында күндіз жайылады да, түнде тығылып жатады. Көбінесе күзгі–қысқы айларда үйір–үйірімен жүреді. Қорық территориясында ақтөс сусар, орман көркі–ақтиын кездеседі.Олар шыршалы ағаштардың жаңғағынан және саңырауқұлақтарды қорек етеді. Кей уақыттарда тау етектеріне түсіп жеміс–жидектермен де азықтанады. Ал суыр тау беткейлерінен ін қазып алып, сонда мекендейді. Әр інді қазып алып, сонда мекендейді. Әр інде 5-10 суыр болады. Күзге қарай қатты семіреді. Күн жылына бастаған кезде қысқы ұйқысынан оянады. Мұнда тау суырынан қоры мол. Қорықтың шөл және шөлейт аймақтарына таралған тұяқты аңдардың,бірі–қарақұйрық . Бұл аң көбіне ашық далалы, шөлді жерлердің ойлы–қырлы төбешіктерінде, тау етектері мен сайлардағы жер қыртысы неғүрлым қаттырақ жерде тіршілік етеді. Қазіргі кезде ол халықаралық “Қызыл кітапқа” еніп отыр. Сондықтан да олардың саны жылдан–жылға өсіп келеді. Қорық жерінде олардың тіршілік етуіне қолайлы жеті мың гектардай жер бар. Бірақ олар жыл маусымдарына қарай қорықпен көршілес жерлерге кетіп қалады да, онда табиғатқа қас адамдардың атқан оғына тап болады.

Барсакелмес қорығын

Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Тарихы жайлы

Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын…

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда.

Барсакелмес қорығы туралы аңыз

Арал өңірі тұрғындары арасында Барсакелмес төңірегінде аңыздар көп. Солардың бірі былай баян етіледі. Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: “Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер”, – дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз бойынша сол қырғыннан сегіз жасар бала ғана аман қалыпты. Шамасы, елді түгел харап етуге ертегілерге тән есті сарын жол бермесе керек.

Информация о работе Ерекше корғалатын табиғи аймақтар