Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 11:37, курсовая работа
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Бұйратау (ұлттық парк)
Орталық Қазақстан үстірті бірегей дала экожүйелерін сақтау мақсатында 2011 жылдың 11 наурыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 247 Қаулысымен «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды.
Қазақстан ұлттық бақтарының қатарына он екінші ұлттық бағы болып, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитеті «Жасыл Даму 2011-2014» бағдарламасы ауқымында БҰҰДБ/ГЭҚ «Далалық экожүйелерді сақтау мен орнықты басқару» Жобасының қолдауымен құрылды.
Жаңа құрылған «Бұйратау» ұлттық бағы шамалы құрғақ пен құрғақ жерлер суб-зоналар арасында ауыспалы белдікте орналасқан және бұл аумақтың қайталанбас мәні далалы жерлер мен орманды жерлердің (қайың, қыршаңқы) үйлесіп келуінде. «Бұйратау» бағы Ақмола облысы Ерейментау ауданы (60814 га) мен Қарағанды облысы Осакаров ауданы (28154 га) аумағында орналасқан. Оның жалпы ауданы 88 968 га.
«Бұйратау»
ұлттық бағының флористикалық
Бақтың фаунасына 5 топ және 15 тұқымдастарға жататын сүтқоректілердің 45 түрі кіреді, бұл Қазақстан таксондары санының сәйкесiнше 71 % және 39 %-н құрайды. Бақтың аумағында Қазақстанның таулы өлкелерін мекен ететін басқа популяциялардан жекеленген және саны 200-ге жететін арқардың Ерейментаулық популяциясы мекен етеді. Сонымен қатар соңғы жылдары саны 100-ге жететін маралдың акклиматизациясы жөнінде жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатқандығын атап өту керек.
Ұлттық бақтың орнитофаунасы құрамына құстардың 227 түрі кіреді (барлық орнитофаунаның 46 %-ы), олардың iшiнде 127 ұялайтын құстар қатарына жатады. Орнитологиялық кешендер қатарынан далалы, бұталы, петрофилді, орманды, шабындық және сулы-батпақты кешендер басым. Бақтың аумағында Қазақстанның Қызыл кiтабына енген жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, кәдімгі тұрпан, дала қыраны, тазтырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, үкі сияқты ұялайтын құстардың 13 түрі кездеседі. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген шыбын-шiркейдiң 17 түрі бар.
"Бұйратау"
бағының құрамына оған аттас
болатын жергілікті маңызы бар
табиғи бақ және республикалық
маңызы бар Белодымовск пен Ере
Қазіргі кезде 25 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар ішінде далалы жерлер «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватында, «Наурызым» және «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорықтарда (шамалы құрғақ жерлер суб-зонасы), Баянауыл (құрғақ бетегелі дала суб-зонасы) және Қарқаралы (орманды дала) мемлекеттік табиғи бақтарында қорғауға алынған.
Жоңғар Алатауы ұлттық паркі
Жоңғар Алатауы — Қазақстанның шығыс бөлігіндегі тау, Жоңғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы болып табылады. Ол солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені арнасы аралығында ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 450 км, ені 100-200 км. Жоңғар Алатауын батыста Көксу өзені, шығыста Буратал өзені кесіп өтеді. Бұл екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауы деп аталатын екі үлкен тау жотасын құрайды.
Қазақстан шекарасы маңында Қытай аумағында жатқан Үрқашар Барлықтау тауына (3300 м, Жайыр және Майлы деп аталатын аласа тауларға ауысады. Бұл тау жоталары аралығында кең аңғарлы ойыс орналасқан. Тау аңғарларында кішігірім тас үйінділері (қорымдар) көп. Ойыс Ебінұр көлін Алакөл қазаншұңқырымен жалғастырып жатыр, бұл табиғи асуды Жоңғар қақпасы деп атайды. Жоңғар Алатауының Қазақстандық бөлігі Жоңғар қақпасынан батысқа қарай басталады. Бұл бөлігінде Жоңғар Алатауы ассиметриялық құрылымы бар алып тау жотасына айналады. Жоңғар Алатауы қатар жатқан екі басты жотадан (Солтүстік және Оңтүстік) тұрады, оларды Көксу өзені бөліп жатыр. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі — Бесбақан (4622 м). Солтүстік тау жотасы солтүстік-шығысқа қарай баспалдақ тәрізді аласара отырып, біртіндеп кең жазыққа ұласады. Оның жоғарғы сатысында Тастау, Ақанжайлау, Қотыртас, Мыңшұқыр (2800-3000 м) орналасқан. Олардың аралығында кішігірім тау аралық қазаншұңқырлар жатыр. Екінші саты - Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтау, Қарашоқы, Желдіқарағай (2000 м) тау жоталары. Үшінші саты — Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл тау алды аңғарлары (1500-1600 м), олардан солтүстік-шығысқа қарай Текелі және Сайқан таулары (1100 м) орналасқан. Оңтүстік жотаның ең биік нүктесі — Мұзтау (4370м). Оңтүстік тау жотасының жер бедері де сатылы, бірақ солтүстік жотамен салыстырғанда күшті тілімделген. Оның батысында және оңтүстік-батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Олар Іле өзені аңғарына жақындап келеді. Солтүстік беткейдің жер бедері тегіс, көлбеу болады, тау төбелері тегіс. Тау қыраттарын бөліп жатқан аңғарларының беткейлері тік жарқабақты, тілімделген. Оңтүстік беткейлері жарлауыт болып келеді. Тау шыңдары солтүстікпен салыстырғанда тегіс емес, көтеріңкі болады.
Олардың тау жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалдық гранитті тақтатастардан құралған. Жоңғар Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девонның құмтастары, сазды тақтатастарынан тұратын негізгі жыныстардан басқа төменгі және орта палеозойдың шөгінді жыныстары да кездеседі. Тау жүйесінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың көптеген жыныстары таралған. Олар тас көмір және пермь дәуірлерінің құмтасы, тақтатасы, әктасы мен конгломераттарынан тұрады. Тау аралық қазаншұңқырлар мен аңғарларда, тау етектерінде палеоген мен неогеннің шөгінді жыныстары кездеседі. Жоңғар Алатауы каледон жөне герцин тау жасалулары кезінде қатпарлы тауларға айналды, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштер әсерінен бұзылып, біртіндеп тегістелді. Қарқынды жүрген альпі қатпарлығы нәтижесінде кейіннен қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналды. Жер бедерінің қалыптасуына ежелгі және қазіргі мұз басулар да ықпал етті. Мұз басу іздері әртүрлі жерлерде байқалады.
Полиметалл кен орындары бар. Кен құрамында кадмий, индий, висмут, селен, сынап сияқты сирек металдар кездеседі. Аумақта алтынның кварц желілі шағын кен орындары бар. Тау аралық ойыстарда көмір қоры табылған.
Жоңғар Алатауы Дүниежүзілік мұхиттан шалғай орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы, Тұран ойпатының ыстық ауасы және Сібір антициклоны әсер етеді. Тау етегіндегі шөлейттер мен шөлдерге континентті климат тән. Биік таулардың беткейлерінде климат қоңыржай сипат алады: қыс суық, жаз қоңырсалқын. Қаңтардың орташа температурасы —10°-11°С аралығында, шілдеде +18°+20°С. Тау беткейлерінде жауын-шашын мол түседі. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста 400 мм. Қыста қар қалың жауады, ал тау шындары мұздықтармен көмкерілген. Жоңғар қақпасы арқылы күшті Ебі желі соғады. Ол Жоңғар Алатауындағы Барлықтау мен Майлытау жоталарынан келетін циклон мен Жоңғар қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның соқтығысуынан пайда болады. Ебі жылы жел, оның жылдамдығы 60-80 м/с. Көбінесе 1-2, кейде тіпті 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа арқылы Сайқан тауларынан соғатын суық сайқан желі де өтеді.
Жоңғар Алатауында мол су қоры бар. Мұндағы өзендер жергілікті көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, тентек Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көпшілігі (Лепсі, Қаратал, Сарқан, Бүйен, Ақсу) Балқаш көліне құяды. Оңтүстік жотада су қоры едәуір. Қытай шекарасы бойымен ағатын Қорғас өзені Іле өзеніне құяды. Ілеге солтүстігінде Өсек өзені құяды. Бурақожыр өзені де Ілеге бағытталады, бірақ өте ыстық болғандықтан кеуіп қалып, суы жетпейді. Жоңғар Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталары аралығында Қаратал өзені ағып жатыр. Ол Көксу, Биже (оның Мақаншы, Қарабұлақ, Сарыбұлақ, Құсақ салаларымен бірге) өзендерімен бірге Балқашқа құяды. Тау шындарында мұздықтар бар, олардан Жоңғар Алатауының ірілі-ұсақты өзендері бастау алады. Олардың көпшілігі солтүстік жоталардан басталады. Мұнда жалпы ауданы 1000 км2 болатын 1369 мұздық бар. Ең ірі мұздықтар Лепсі өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Жоңғар Алатауының мұздықтары жеті топқа белінеді: Ырғайты, Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен.
Жоңғар Алатауы Сібір мен Орта Азия таулары аралығындағы өзіндік көпір тәрізді. Солтүстігінде сібірлік шалғынды-далалы зона, оңтүстігінде далаға тән ландшафттар тараған. Таудың биіктік белдеулері тау алды мен тау іші жазықтарында 500—600 м-ден 1200—1400 м-ге дейінгі аралықты қамтитын шөлейт зонасынан басталады. Мұнда суармалы егістік алқаптар мен жайылымдар орналасқан. Көкөніс, жеміс ағаштары, мал азықтық шөптер мен астық дақылдары өсіріледі. Биігіректе дала зонасы (1200-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) орналасқан. Мұнда шыршалы ормандар мен самырсын өседі. Марал, аю, еліктер мекендейді. Шалғындар мал жаюға жарамды. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200— 2400 м-ден, ал оңтүстікте 2400-2500 м-ден биікте жатыр. Мұнда субальпі шалғындары, қар мен мұздықтар кездеседі. Биік таудың кейбір бөліктерін малшылар жайылым ретінде пайдаланады. Жануарлар дүниесінде алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп.
Катонқарағай ұлттық паркі
Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының аумағында. 2001 ж. ұйымдастырылған. Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатынтау қыраттарына ұласа отырып, Ресеймен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресей, Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі. Ауданы 643 мың гектар, оның 215 мың гектары орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м3, қорықтық аймақ жері 151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың гектар. Қатонқарағай ұлттық саябағы жануарлар мен өсімдіктердің түріне бай. Мұнда сүтқоректілердің 66 түрі, оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну, т.б. бар. Құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар бар. Саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері кездеседі. Мысалы, алтын тамыр, алтай рауғашы, марал түбірі, т.б. Сондай-ақ саябақ жері табиғат және мәдениет ескерткіштеріне де бай. Теңіз деңгейінен 4506 м биіктікте орналасқан Мұзтау және Көккөл сарқырамалары, мәдени-тарихи ескерткіш болып табылатын Берел қорғаны мен Көккөл кеніші бар.
Көкшетау (ұлттық парк)
«Көкшетау» — ұлттық табиғи саябағы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.96 қаулысы негізінде құрылды.
Саябақтың негізгі аумағы 151,1 мың га, бұған көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтарымен, кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайынды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалкар, Лобанов, Белый және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді. Географиялық саябақ Солтүстік Қазақстан аумағының орман-тоғайлы үстіртінде, Көкшетау қаласынан 60 км батысында орналасқан. Саябақтың және оның қорғалатын аймағының кең аумағы (5 мың км²-ге жуық) адам мен табиғаттың ескі және қазіргі дәуірдегі дамуын бейнелейтін тарихи мұра ретінде бірегей табиғат мұражайы болып табылады.
Мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар, сонымен бірге геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері (бұған неолит дәуірінің Ботай мекені де кіреді), мемлекеттік қорғауда. Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі (орталығы - красный кордон кенті), Арықбалық АБ (Горный кенті), Шалқар АБ (Лобанов кенті) және Дубравский ұдайы өндіріс учаскесіне (Мостовой кордоны) бөлінген. Аумақтың 10%-н ірі Шалқар, Имантау, Зеренді көлдерінің жағаларына орналасқан келушілерге, туристерге қызмет көрсететін демалыс аймақтар алады. Ұлттық саябақта: "Шалқар" және "Зеренді" санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, "Тұрпан", "Имантау", "Зеленый мыс", "Дубрава" демалыс базаларында қысқамерзімдік (маусымдық) демалыс тұрлері ұйымдастырылған.
Көлсай көлдері (ұлттық парк)
«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады.сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
Қарқаралы ұлттық паркі
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 212 арнаулы қаулысына сәйкес ұйымдастырылған.
Мақсаты Қарқаралы және Кент кешендеріндегі өте сирек кездесетін және экологиялық, тарихи, ғылыми, әсемдік жағынан ерекше құнды тау сілемдері мен орман алабын сақтау және қалпына келтіру.
Ұлттық парктің жалпы көлемі — 112,12 мың га.
Қарқаралының ауа райы оны қоршаған аймақтарға қарағанда әлде қайда біркелкі, қоңыр салқын. Ауа райының жылдық орташа көрсеткіші 2 °C жылы. Шілде айында орта есеппен +18, +20 °C болса, қаңтар айында −12, −15 °C суықтықты көрсетеді. Жауын-шашынның ең көп түсетін кезі шілде айына келеді, жалпы жаздағы ылғал мөлшері 200 мм дейін болады.
Тау
баурайлары шатқал-шатқал болып тілініп
кеткендіктен одан бұлақтар мен өзендер
ағып жатады. Олардың ең бастылары:
Каркаралинка, Керала, Кендала, Аяноға
және Қарасу. Бұлардың барлығы да даладағы
тұзды өзендер қоймасына
Қарқаралының көгалды табиғатына ерекше сұлулық беретін Шайтанкөл, Бассейн, Пашенный және Үлкен Көл сияқты бірнеше көлдер бар. Сол сияқты тауларда жауын суы жиналған шағын-шағын бірнеше суаттар кездеседі.
Қарқаралы жерінде сүтқоректілердің 40-қа тарта түрлері бар. Олар негізінен бедерсіз бір түсті: бұлан, елік, тиін, борсық, суыр, сілеусін, қасқыр, түлкі, қоян сияқты т.б. жануарлар. Сирек кездесетін жануар — арқар Қызыл кітапқа енгізілген.
Құстардың — 114 түрі бар. Олар негізінен құр, тоқылдақ, құзғын сол сияқты бүркіт, қарабайқұс, сұңқар, үкі сияқты сирек кездесетін құстар да Қызыл кітапқа енгізілген.