Ерекше корғалатын табиғи аймақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 11:37, курсовая работа

Краткое описание

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа Тенбай Жангельды.docx

— 152.08 Кб (Скачать документ)

– Алда тұрған міндеттердің бірі мекемеге заман талабына сай кеңсе ғимаратын салу болып тұр, – дейді сөзінің соңында қорық директоры. – Онда 68 жылдан бері сақталынған бай кітапхана бөлмесі, табиғат мұражайы, зертханалар, күзет қаруын сақтайтын бөлмелер болады деп жобаланып отыр. Сосын дарияның мана айтылған бөлігін батпақты өңір ретінде ерекше қорғалатын аймаққа енгізуіміз керек. Қорық аумағына жаңадан қосылған жерлерге кардон салу, табиғат қорғау инспекторлары мен ғылыми қызметкерлерді соңғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету күн тәртібіне енгізілді. Жуырда сондай-ақ қорықтың жаңа ауқымына бақылау мұнарасын орнату және осы екі кластерлік аймаққа аншлагтар ілу, тиісті жерлерге шлагбаум қою секілді жұмыстар да жоспарланған.

Аты аңызға айналған Барсакелместің кешегісі мен бүгінгісі жайлы қысқаша осындай әңгіме айтуға болады. Сонымен бірге, оның ертеңінің бүгінгіден де нұрлы, бүгінгіден де кескінді бола түсетінініне сенгіміз келеді.

Батыс Алтай мемлекеттік  табиғи қорығы

Батыс Алтай мемлекеттік  табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.

Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

Табиғат жағдайы

физикалық-географиялық сипаттамасы  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс  бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының  Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық  кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-сібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Жер бедерінің формасы  шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына сулы алқаптар, тау арасындағы қазаншұңқырлар, алқап тәрізді төмендеулер, сусыма тастар, жартастар, қорымдар, тасты  өзендер кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген жазық тәрізді, ал кейбір аудандардың  құрылу ерекшеліктерін кар, трог, цирк құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ таңғажайып формалар жасайтын гранит қалдықтарына (Желілік бағандар - Тас ертегісі, Шайтан қалашық) қарап анықтаған. Барлық жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.

Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық жүйесі, мұзды көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы  ең ірі батпақ – Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында  ағатын өзендер: Қара және Ақ Уба, Палевая Разливанка, Линейчиха, Үлкен және кіші Тұрғысын және тағы басқалары Ертістің Карск теңізіне құятын жоғарғы бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады. Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).

Қорық аумағының гидрологиялық  жүйесін табиғи қалпында сақтау - жалпы  ауданның қалыпты гидрологиялық  режимін қамтамасыз ететін негізгі  жағдай.

Таулы тайганың құрамына өсімдіктердің  жоғарғы белдеуіне жататын: күңгіот  қылқанды аралас ормандар, альпі және субальпі шалғындары, тундра белдеуі. Батыс Алтайдағы ормандардың  орман өсіруші мамандар анықтаған 25 түрінің 16-сы қорық аумағында кездеседі. Қорықтың климаты географиялық жағдай мен жер бедеріне байланысты. Қорық Азия материгінің ең түкпірінде орманды, далалы, шөлді табиғи-климаттық аймақтардың түйіскен жерінде; Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігінде, Қазақстан мен Орта Азияның далалары мен шөлдерінде орналасқан. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс жатуы оның климатының континентальды болуына, ауа температурасының жылдық ғана емес тіпті күндік деңгейінің құбылмалығына негіз болады. Жазғы маусымда цельсия бойынша +18+24 градус жанға жайлы ауа-райы жиірек болады. Аязсыз күндер 90 күнге дейін созылады. Қыс 220-240 күнге дейін болады. Қаңтардағы орташа температура цельсия бойынша -17-28 градус. Қар жамылғысының биіктігі 1,5-2.0 метрге дейін, кейде 3-4 метрге дейін жетеді.

Көктемде қар жылдам ериді, көшкін жүруі, қардың опырылуы жиірек байқалады. Ақ Уба көлінің ауданында жылына 1600-2000 мм-ге дейін қар түседі, кейде одан да көп, 3000 мм-ге дейін жетеді. Жалпы қорық аумағында жауын-шашынның деңгейі бірқалыпты десе де болады.

Аумақтың климаты континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда  ауа температурасының төмендеуі  мен жауын-шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік-батыс беткейлерде көп болуына байланысты - бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай-ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Тауда қалыптасатын ауа массасы өзінің сипаты жағынан жанаса орналасқан жазықтың ауа массасынан қатты ерекшеленеді.

Бұл аумақта жауын-шашынның күшеюін туғызатын фронтальды бөліктердің шиеленісуі болады. Тауаралық қазаншұңқырлармен және кең тауаралық ойпаттармен ауа массасы өздерімен бірге қалың жауын-шашын ала келіп, таудың алыс түкпірлеріне енеді. Әсіресе бұл тұрақсыз атлантикалық ауа массасының енуі кезінде байқалады. Ауа массалары өз жолдарында тау беткейлерімен кезігіп, салқындайды, және бұл да жауын-шашын тудырады. Жер бетінің әртүрлі жамылғысы (шалғын, орман, шабындық және т.б.) жергілікті ылғал айналымын қалыптастыратын конвективті процестерді тудырады, бұл да өз кезегінде жауын-шашынды көбейтеді. Жыл маусымдарына қарай ауа айналымы процестері де әртүрлі. Суық кезеңдерде бұл жердің климатында азия антициклонының батыс сілемдерінің суық, бұлты аз, жауын-шашыны жоқ деуге болатын бірнеше күн бойы сақталатын ауа-райының әсері білінеді. Ылғалдылығы аз солтүстік-батыс және солтүстік арктикалық ауа массасының енуі байқалады. Жылы маусымдарда батыс және солтүстік-батыс бағыттағы циклондардың енуі басым болады, онымен атмосфералық шептердің өтуі байланысты. Ауа-райының фронтальды түрінде әдетте бұлттылық қалыңдай түседі, ал фронтальды бөлік тау жоталарына жақындаған кезде жауын- шашан болады және желдің жылдамдығы арта түседі. Жазда континенталды процестер күшейе түседі, бұл нөсер жауындар мен ақ жауындардың көбеюіне әкеп соғады. Ауаның тиімді температурадағы жоғарғы ылғалдылығы қорықта тайганың қалыптасуын қамтамасыз етіп, орман және шалғын өсімдіктерінің пәрменді дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Қорықтың өсімдіктер әлемі, сирек кездесетін және аса  бағалы түрлер

Қорықтың ландшафты - таулы-тайгалы сипатта болады және қара топырақты, күңгіртқылқанды тайга, субальпілік, альпілік, егістік белдемдер кіреді. Ормандар түзілімдердің 3 сыныбына жатады: жапырақты, күлгртқылқанды, ақшыл қылқанды ормандар. Жапырақты ормандар ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде қалыптасады. Ақшыл қылқанды ормандар үзік-үзік болып негізінен құрғақ беткейлерде кездеседі. Қорық аумағына күңгіртқылқанды тайга тән.

Алдын-ала жүргізілген  бағалау бойынша қазіргі күні Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында Алтай ботаникалық бағының жетекші ғылыми қызметкері биология ғылымдарының кандидаты Юрий Андреевич Котуховтың сипаттауы бойынша 800 түрден аса өсімдік өседі. Оның ішінен 45 түр - бұл сирек кездесетін, құрып бара жатқан және жергілікті түр, ал мына 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: 1. Сібір қандығы 2. Сафлор тәрізді рапонтикум 3. Ұсақ торлы жуа 4. Ірі гүлді шолпанкебіс 5. Нағыз шолпанкебіс 6. Телпек сүйсін 7. Алтай рауғашы 8. Алтай гимноспермиумы 9. Қызғылт семізот 10. Алтай суықшөбі 11. Алтай қасқыржидегі 12. Қылтанды дәлен 13. Еуропа орманоты 14. Су қазанақ 15. Ұсақ жемісті мүкжидек 16. Таңдамалы плаун (сушырмауық)

Сондай-ақ көптеген бағалы дәрілік шөптер өседі: қызғылт семізот – золотой корень, сафлор тәрізді левзей – маральи корень, шай тиынтағы - белошный корень, кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) - пион Марьин корень, ұсақ торлы жуа - черемша, колба және көптеген басқа өсімдіктер.. Қорық аумағында реликті (көне) қарағайлы ормандар - сібір самырсын қарағайы немесе сібір қарағайы - орналасқан, бұл қорық қорғайтын және күзететін өсімдіктер әлемінің ішіндегі қорықтың негізгі байлығы.

Қорықтың жануарлар  дүниесі, сирек кездесетін және аса  бағалы түрлер

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды. Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

Батыс Алтай мемлекеттік  табиғи қорығы – бірегей табиғат  туындысы және оны қорғау ұлттық және жалпымемлекеттік міндет. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы табиғатты пайдаланудан алып қойылған жерлерде орналасқан. Бұрын бұл жерлер қорғауға алынып қойылғанға дейін қатты тозып кеткен еді: осы жерлерде басты мақсатқа пайдалану үшін ағаш кесулер және аң терісін дайындау кәсіпшілігі жүргізілген болатын. Қорық аумағы арқылы Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын орман тасуға арналған жол өтеді. Осы жолмен кесілген ағаш тиелген машшиналар тізбегі жүреді. ҚР Үкіметі 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Риддер - Алтай Республикасының шекарасы» жолын салу туралы шешім шығарды. Қорық жерінің 87 га алынып қойылды. Және де қорық аумағы екіге бөлініп қалды. Қорық аумағын кесіп өтетін 22 км жолды жүріп өткенше бірталай көз қызықтырып еліктіретін нәрселерді байқайсыз.

Бір кездері қорық беткейлері мүлдем жалаңаштанып қалған болатын, ал оларды қалпына келтіру - табиғи қалпына келуіне жағдай жасау жаңа-жаңа қолға алынуда. Қорық аумағындағы тау беткейлерінің тым тік болуы, сондай-ақ өте алмайтын бақпақты болуы, қорық ормандарын мүлдем құрып кетуден сақтап қалды.

Адамдардан жапа шеккен жаралы табиғат жарасын емдеп, бұрынғы  сұлулығы мен байлығын қалпына келтіруге  тырысуда. Қазіргі кезде орман  жапқан жердің жалпы құрамы 12,5 мың  га жерді құрайды (бұл қорық ауданының 20 %). Негізгі орман құрайтын ағаш түрлері:

  • қылқанжапырақты ағаштар: самырсын қарағайы, майқарағай, балқарағай, шырша, қарағай;
  • жапырақты ағаштар: қайың, көктерек, терек, шетен.

Көлемі бойынша самырсын қарағайлы ормандар бірінші орын алады - 3184 га, майқарағайлы орман - 2353 га, шыршалы ормандар - 1169 га.

Ғылыми зерттеулер

Қазіргі кезде табиғат  процестеріне ұзақ мерзімді қадағалау  жүргізілуде - «Табиғат жылнамасы» жазылады. Қорықта 10 жыл бойы табиғи кешендерге - компоненттерге түгендеу жүргізілмеген, қорықтың эталонды экологиялық жүйесі және шектес аумақтардағы ұқсастықтар  анықталмаған. Қорықтың өсімдіктіктер мен жануарлар дүниесіне түгендеу жүргізілмеген, қорық аумағы мен оған шектес жатқан аудандардың генофонды мен экологиялық жүйесін сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған ғылыми ұсыныстар әзірленбеген. Іс жүзінде қорықта тіркелген барлық ғылыми жұмыстарды Алтай ботаникалық бағының (Риддер қаласы) жетекші ғылыми қызметкері Юрий Андреевич Котухов істеген және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бөліміне тегін берілген.

Қаратау қорығы

Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқын байқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер ерекше көз тартады. Мысалы, “Түйетас”, “Хантағы”, “Кемпіртас”, т.б. Қорықта өсімдіктердің 1666 түрі өсетіні анықталған, оның 153 түрі – эндемик. Ондай сирек кездесетін өсімдік түрлеріне: Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. жатады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликті түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Мұнда жойылып бара жатқан, сондықтан қорғауға алынған: бүркіт, ителгі, қара дегелек, үкі, т.б. бар.

 

 

 

Қорғалжын қорығы

Қорғалжын қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ӘС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ӘС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, [қосмекенді|қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

Информация о работе Ерекше корғалатын табиғи аймақтар