Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 18:12, реферат

Краткое описание

Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Содержание

1. Кіріспе
1.1. Қазақстанда ерекше қорғауға алынған аймақтар...................................2

2. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттік табиғи қорықтары..........................................................3-4
2.2. Ақсу-Жабағалы қорығы.......................................................................5-6
2.3. Алматы қорығы.....................................................................................7
2.4. Наурызым қорығы................................................................................8
2.5. Барсакелмес қорығы............................................................................9
2.6. Қорғалжын қорығы.............................................................................10
2.7. Марқакөл қорығы.................................................................................11
2.8. Үстірт қорығы.......................................................................................12
2.9. Батыс-Алтай қорығы............................................................................13
2.10. Алакөл қорығы....................................................................................14
2.11. Қаратау қорығы...................................................................................15
2.12. Табиғи резерваттар.........................................................................16-20
2.13. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты.....................21
2.14. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерват.......................22
2.15. «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты .........................23-25
2.16. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ....................................26
2.17. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ...................................27
2.18. Бұқаралық ақпарат құралдары.......................................................28-30

3. Қорытынды
3.1. Табиғатты қорғау парыз....................................................................31
3.2. Ұсыныс-пікірлер....................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКО.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

   Орманның аса қауіпті зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде жұмыстар жүргізу мемлекеттік орман қорының сақталуын, ормандардың санитариялық және экологиялық жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.

   Орман зиянкестері саланың елеулі проблемасы болып табылады. Өйткені олардың ошақтары жыл сайын 150-200 мың гектарға дейінгі алқапта тіркеледі. Бұл орман көмкерген барлық жердің 1,5-2,0 пайызын құрайды. Зиянкестер жаппай көбейіп кететін жылдары олардың ошақтарының алқабы 350-400 мың гектарға дейін жетеді (1986-1987 жж.).

   Орман аурулары мен зиянкестерінен сүректің жыл сайынғы шығыны жалпы құны 50 млн. теңгені құрайтын 1,0 мың гектарға дейін қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдыларды құрайды.

   2010 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша республикада орман зиянкестері мен ауру­лары ошақтарының алқабы 197,0 мың гектарды құрады.

   Орман зиянкестерінің ошақтары негізінен Шығыс Қазақстан (128,3 мың гектарға – 65 пайыз), Қостанай (19,1 мың гектарға – 9,7 пайыз), Алматы облыстарында (16,4 мың гектарға – 8,3 пайыз) орналасқан.

   Еліміздің ормандарында жүргізілген көпжылдық мониторингі көрсеткендей, көптеген зиянкестер 3-4 жылдық кезеңмен дамиды. Ошақтары әлі болымсыз мөлшердегі және 100-300 гектарды құрайтын бірінші кезеңде олар соншалық қауіпті болмайды. Өйткені эн­томофагтармен, басқа барлық зиянкестермен теңгерімдік сатыда болады. Сондықтан зерттелу мен мониторингке жатады. Зиянкестер ошақтары 1 мың гектарға дейін ұлғайған кезде оларды мемлекеттік орман иеленушілердің күштерімен дербес өңдеуге болады.

   Тізбесін Қазақстан Үкіметі бекітетін орманның аса қауіпті зиянкестерінің ошақтарын өң­деуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1.  Табиғатты қорғау парыз

Табиғатты қорғау парыз – адамзат қоғамы мен бүгінгі және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Адамның өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерін белгілі бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адамзат қоғамының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келді және қазіргі тех. үдеріс заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай Т. қ-ды мемл. реттеу жүйесі қазіргі заманда экономикасы дамыған елдерде тұрақты мемл. реттеу тетіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы 1960 жылдардан, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің экол. зардаптарын реттеу мен бақылаудың құқықтық нормативтік негізі жасалып, әкімш. тарапынан осы салада ғыл.-зерт. және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды үйлестіру органдары құрылған кезден басталды. 1970 – 80 жылдардың тоғысында әкімш. бақылау құралдары (экол. жағынан қолайсыз өндірістерді лицензиялаудан бас тарту, жобалардың экол. жағынан негізделуін, өнімге экол. таңбалар қойылуын, оның экол. жағынан сертификатталуын талап ету, т.б.) тікелей және жанама түрде экон. реттеу нысандарымен толықтырыла түсті. Экон. ынталандыру шараларында экол. жағынан таза өнім өндірушілерге жәрдем қаражат беру және оларды қаржы жағынан қолдаудың басқа да нысандары қамтылады. Оларға басқа да тең жағдайлармен қатар мемл. сатып алу бағдарламасын іске асыру, келісімшарттарды орналастыру және сауда-саттық жүргізу кезінде артықшылық беріледі. Өнімнің “тазалық“ деңгейіне қарай сараланған салық мөлшерлемесі қолданылады. Ерекше күрделі экол. мәселелерді шешу үшін мемлекет экономиканың жекелеген секторларының өкілдерімен ерікті салалық келісімдер жасасады. Осындай жолдармен Т. қ-ды мемл. реттеу “таза” өнім мен технологияларға деген сұраныс қалыптасатын нарыққа ықпал жасап, өндірушілерді қоршаған ортаның ластануына қарсы күресудің неғұрлым тиімді құралдарын таңдауға мәжбүр етеді.

    Ғылыми техникалық төңкерістің жаңа кезеңінде экология мен ресурстарды үнемдеу мәселелері көбінесе ұлттық сипаттан жоғары тұрғандықтан дамыған елдерде осы салаларда құрылатын басқару жүйесі үш деңгейден тұрады, олар: ұлттық мемлекет нарығы, қоғамдық ин-ттар, мемлекетаралық ұйымдар. Көптеген халықар. экон. байланыс агенттерінің қатысуымен көп жақты экол. келісімдер жасасу табиғатты пайдалануды басқарудың сапасын арттырудың және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Олар қоршаған ортаны бұзатын заттарды пайдаланудан, қауіпті қалдықтарды тасымалдаудан туындайтын зиянды зардаптарға жол бермеу, биол. алуан түрлілікті сақтау, т.б. күрделі ғаламдық мәселелерді шешу үшін неғұрлым тиімді.

3.2.  Ұсыныс-пікірлер

 

1.Бұқаралық  ақпарат құралдарымен жұмыс.Мұнда  қорықтар мен ұлттық парктердің  әкімшілігі Жергілікті БАҚ өкілдерімен  тығыз қарым-қатынас орнату арқылы ЕҚТА-ның қоғамдағы рөлін,мақсатын,міндеттерін,тәрбиелік мәнін ариялап отыру керек.

2.Кино-бейнероликтерді  ұйымдастыру.Бұндай жұмыс түрі  қорық таби,атының әрьүрлілігін,байлы,ы  мен сұлулығын тұрғындарға паш  етеді.Бұл жұмысты толық іске асыру үшін қорықтар мен ұлттық парктер,биосфералық резерваттар  жоғары кәсіби,білікті кино түсіретін шетелдік компаниялармен іскерлік байланыс орнату.

3.Қоғамдық ұйымдар  мен бірлестіктерді экологиялық  жұмыстарға тарту,экологиялық-ағарту  жұмыстарын жүргізу.

4.Қорғалатын  аумақтың арнайы бір бөлігін  арнайы келушілер үшін бөлу:эклогиялық  маршуттар мен экскурсиялар ұйымдастыру,келушілерді ұдайы бақылауға алу.

5.Халық арасында  табиғатты қорғай шараларын насихаттау.Табиғатты қорғау жұмыстарын насихаттау бұл табиғатты ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы адамдарға жан-жақты білім беру.

 6. өндіріс қалдықтарының түзілуін азайту және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, қалдықтарды қайта өңдеу шараларын жүргізу

7. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт

8.Табиғат алдында  әрбір адамның жеке жауапкершілігі,отандық,рухани  патриотизмге тәрбиелеу,табиғатты  пайдалануға дұрыс көзқарас қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебеттер:

 

1, Жалпы экология -А.Т.Қуатбаев Алматы,2012

2.Экология және тұрақты даму- М.С.Тонкопий,Г.С.Сатбаева,Н.П.Ишкулова Алматы,2011

3.Экология А.Ж.Ақбасова,Г.Ә.Саинова   Алматы-2003

4.Экология негіздері   Ж.Ж.Жатқанбаев  Алматы-2003

5.Экология және  биосфера негіздері  Ж.Ж.Жатқанбаев  Алматы-2009

6.Экология және  тұрақты даму  М.Ш.Алимов  Алматы-2012

7. Абдурахманов, Г.М. Основы экологии и природопользования

8. Байділдінов, Д.Л. Казакстан Республикасынын экологиялык кукыгы  Алматы-2005

9. Бродский, А.К. Жалпы экологиянын кыскаша курсы

10. Гусманова, А.Г. Охрана труда и окружающей среды  Алматы-2003

11. Мамыров, Н.К. Табигатты пайдалану экономикасы  Алматы-2005

12. Президент және халық газеті

13. «Табиғат тынысы» газеті

14. www.massaget.kz сайты

15. www.baq.kz сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар