Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 18:12, реферат

Краткое описание

Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Содержание

1. Кіріспе
1.1. Қазақстанда ерекше қорғауға алынған аймақтар...................................2

2. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттік табиғи қорықтары..........................................................3-4
2.2. Ақсу-Жабағалы қорығы.......................................................................5-6
2.3. Алматы қорығы.....................................................................................7
2.4. Наурызым қорығы................................................................................8
2.5. Барсакелмес қорығы............................................................................9
2.6. Қорғалжын қорығы.............................................................................10
2.7. Марқакөл қорығы.................................................................................11
2.8. Үстірт қорығы.......................................................................................12
2.9. Батыс-Алтай қорығы............................................................................13
2.10. Алакөл қорығы....................................................................................14
2.11. Қаратау қорығы...................................................................................15
2.12. Табиғи резерваттар.........................................................................16-20
2.13. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты.....................21
2.14. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерват.......................22
2.15. «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты .........................23-25
2.16. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ....................................26
2.17. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ...................................27
2.18. Бұқаралық ақпарат құралдары.......................................................28-30

3. Қорытынды
3.1. Табиғатты қорғау парыз....................................................................31
3.2. Ұсыныс-пікірлер....................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКО.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

2.8.Үстірт мемлекеттік  табиғи қорығы 

 

Үстірт қорығы-Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.

Маңғыстау облысыңдағы Ералы  ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.

 Сондай-ақ қорықта  ерекше бір қақпалар, аса үлкен  емес қос тесікті үңгірлер, диаметр  5 м-дей домалақ тастары бар  алаңдар да көп.

 Бұрын теңіз түбі  болған Үстіртет ежелгі заман  жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың  іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.

   Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән. Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астам түрі мекендейді.

Мұнда Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген үстірт арқары,

қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар  жылан;

құстардан: жорға  дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады.

орық аумағында  өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі – бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар. Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі – Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді.Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында 2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі. Бұл өңірлерде қабыланның кездескендігі туралы ешбір ғылыми мәлімет жоқ. Қабылан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген, қазір ол туралы дерек жоқ, сондықтан жойылып кеткен түр санатына жатқызылады. Шөлді жерлерді мекендейтін қабыландар жыныстық жағынан 3-4 жылда жетіледі. Желтоқсан – қаңтар айларында ұйығып, 90-95 күннен кейін 2-4 күшік табады. Қорегі қарақұйрық, арқар, киік және т.б. өзінен кіші аңдар. Жемтігін негізінен түнде аулайды. Жылдамдығы өте жоғары, сағатына 80 – 90 шақырымға дейін көтеріледі.

 

2.9.Батыс-Алтай  мемлекеттік табиғи қорығы

 

Батыс Алтай  мемлекеттік табиғи қорығы Кенді  Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде  Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

   Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.

   Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

    Қорықтың ландшафты - таулы-тайгалы сипатта болады және қара топырақты, күңгіртқылқанды тайга, субальпілік, альпілік, егістік белдемдер кіреді. Ормандар түзілімдердің 3 сыныбына жатады: жапырақты, күлгртқылқанды, ақшыл қылқанды ормандар. Жапырақты ормандар ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде қалыптасады. Ақшыл қылқанды ормандар үзік-үзік болып негізінен құрғақ беткейлерде кездеседі. Қорық аумағына күңгіртқылқанды тайга тән.

   Алдын-ала жүргізілген бағалау бойынша қазіргі күні Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында Алтай ботаникалық бағының жетекші ғылыми қызметкері биология ғылымдарының кандидаты Юрий Андреевич Котуховтың сипаттауы бойынша 800 түрден аса өсімдік өседі. Оның ішінен 45 түр - бұл сирек кездесетін, құрып бара жатқан және жергілікті түр, ал мына 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: 1. Сібір қандығы 2. Сафлор тәрізді рапонтикум 3. Ұсақ торлы жуа 4. Ірі гүлді шолпанкебіс 5. Нағыз шолпанкебіс 6. Телпек сүйсін 7. Алтай рауғашы 8. Алтай гимноспермиумы 9. Қызғылт семізот 10. Алтай суықшөбі 11. Алтай қасқыржидегі 12. Қылтанды дәлен 13. Еуропа орманоты 14. Су қазанақ 15. Ұсақ жемісті мүкжидек 16. Таңдамалы плаун (сушырмауық)

       Бір кездері қорық беткейлері мүлдем жалаңаштанып қалған болатын, ал оларды қалпына келтіру - табиғи қалпына келуіне жағдай жасау жаңа-жаңа қолға алынуда. Қорық аумағындағы тау беткейлерінің тым тік болуы, сондай-ақ өте алмайтын бақпақты болуы, қорық ормандарын мүлдем құрып кетуден сақтап қалды.

 

2.10.Алакөл қорығы 

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылы құрылған. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

    Алакөл, Алакөл өзенінің ағындысындағы ең үлкен көл, сонымен қатар, Қазақстанның ең ғажайып көлдерінің бірі. Ол, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай шекарасында теңіз деңгейінен 340 шаршы метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 104 кл. ал, ені 52 кл. Көлдің жағалауы емдік лайға, минералды тұздарға бай. Алакөл көлінің суы теңіз суының құрамымен бірдей: сульфат-хлорлы натрий және бұрыннан емдік қасиетімен танымал.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269 түрден астам құс бар. Олар табиғатты және табиғи ресурстарды  қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың  Қызыл кітабына енгізілген. Олар, шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар, дуадақтар. Алакөл суында балықтың 8 түрі мекендейді. Көлге құятын өзендердің сағасында ондатра мекендейді. Жағалауда баклан, гагара, акку, бірқазан, ақққұтан, үйрек мекендейді.

 

2.11.Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

Қаратау қорығы, Қаратау  тау жоталарының орталық бөлігінде  орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорық жері айналасында  орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқын байқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер ерекше көз тартады. Мысалы, “Түйетас”, “Хантағы”, “Кемпіртас”, т.б. Қорықта өсімдіктердің 1666 түрі өсетіні анықталған, оның 153 түрі – эндемик. Ондай сирек кездесетін өсімдік түрлеріне: Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. жатады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликті түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Мұнда жойылып бара жатқан, сондықтан қорғауға алынған: бүркіт, ителгі, қара дегелек, үкі, т.б. бар

   Қаратаудың оңтүстік –батысынан Сырдария , солтүстік шығысынан Шу және Талас өзендері өтеді.Қаратаудың  барлық аймағында өзіне тән ертеден өсіп келе жатқан өсімдік түрлері  көптеп кездеседі.

   Қаратау бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрын  Жерорта теңізі мен Тынық мұхитының  түбінен біртіндеп көтерілген ең ежелгі  тау жоталарының бірі болып саналады. Қаратаудың табиғат байлықтарының ерекшеліктерін ескереотырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің №249 қаулысымен 2004ж 1 наурызда Қаратау мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың жер көлемі 34300 гектар аумақты алып жатыр. Қаратаудың қорығының табиғаты айналасы құрғақ далалы және шөлейттіөңірлерімен шектеліп жатқан оазисті аймақты құрайды. Қаратау қорығы Батыс Тянь–Шань тау жотасының   солтүстік - батыс   сілемдерімен шекаралас Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан.Қорықтың айналасын Қызылқұм, Бетпақдала   және Мойынқұм шөлдері қоршап жатыр. Қорық аумағының ауа –райы күрт құбылмалы болып келеді.Онда жылына орта есеппен 300-500 мм шамасында жауын–шашын түседі.Жазы ыстық, әрі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +22  +26 ºС.

    Қаратаудың алып жатқан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай  меридиан бағыты бойынша 23,6 км-ге , ал шығыстан батысқа қарай ендік бағыты бойынша 28,3 км-ге, ал шығыстан  батысқа қарай 28,3 км-ге созылып жатыр.

 

 

2.12.   Табиғи резерваттар

  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.

1973 жылы БҰҰ-ның  қарамағындағы білім, ғылым және  мәдениет мәселелерімен айналысатын  арнайы ұйым ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific, and Cultural Organization - UNESCO) «Адам және биосфера» (МАБ) деп аталатын ғаламдық деңгейдегі ғылыми-экологиялық бағдарлама қабылдап, Жер ғаламшарының әртүрлі географиялық табиғи белдемдерінде бұрыннан ұйымдастырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында (ЕҚТА), яғни мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтарға биосфералық резерваттар мәртебесін беруге шешім қабылдаған болатын. Ол үшін әрбір мемлекет өз аумағындағы ЕҚТА-дың (табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтардың) табиғи құндылықтарын жан-жақты анықтап, халықаралық комитетке ұсыныс жасауы қажет. Мұндай ұсыныстарды арнайы құрылған сараптамашылар тобының талқылауына салып, соның қорытындысы бойынша шешім қабылдайды.

       Биосфералық резерваттарды кейде «Биосфералық қорықтар» деп те атайды. Мұндай мәртебені иеленген биосфералық қорықтар ЕҚТА-дың ғаламдық деңгейіндегі жеке тобы болып саналады және олар Әлемдік биологиялық резерваттар жүйесінің (ағылшынша: World Network of Biosphere Recerves) тізіміне тіркеледі.

    Биосфералық резерваттар мәртебесін иеленген ЕҚТА-тар аумағының табиғаты адамның іс-әрекеттерінен бастапқы табиғи қалпынан онша өзгере қоймаған ауқымды аумақтарды қамтиды әрі белгілі бір географиялық табиғи белдемдерге тән ерекшеліктері бар аумақтар тіркеледі.

     Биосфералық резерваттар негізінен табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті сақтау және қоршаған табиғи ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне тіркеліп, халықаралық деңгейде бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, өзара тәжірибе алмасады және табиғатта болып жатқан түрлі өзгерістерге алдын ала болжам жасап, қоғам мен табиғат арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін тиімді шаралар қабылдап отырады.

     Биосфералық резерваттардың аумағы негізінен 3 белдемге бөлінеді. Оның біріншісі орталық (ядролық) белдем деп аталады. Бұл белдемде тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ешқандай шаруашылық жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді, яғни бұл белдемнің барлық табиғат байлықтары қатаң түрде қорғалады.

    Биосфералық резерваттардың екінші белдемі буферлік белдем деп аталады. Бұл белдем орталық белдемді қоршай орналасады да, онда табиғат байлықтарына жағымсыз әсер етпейтін туризмді дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және экологиялық білім мен тәрбие жұмыстарын жүргізу шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

    Биосфералық резерваттардың үшінші белдемі шектеулі шаруашылық белдемі деп аталып, онда елді мекендер орналасады және табиғат қорғау жұмыстарына жағымсыз әсер етпейтін кейбір шаруашылық жұмыстары жүргізіледі.

     Биосфералық резерваттарды ұйымдастыру жұмыстары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысынан басталды. 1976 жылы АҚШ-та тұңғыш рет биосфералық резерват ұйымдастырылып, онда ұзақ уақытқа арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленді. Сонымен қатар, осы жылы биосфералық резерваттар ұғымына нақты анықтама берілді.

   1983 жылы Белоруссияның астанасы Минск қаласында биосфералық резерваттарға арналған алғашқы Конгресс болып, онда биосфералық резерваттар жүйесін алдағы уақыттарда дамытудың жоспары белгіленді.

   1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Жер ғаламшарындағы табиғи қоршаған орта туралы Саммит ұйымдастырылып, онда биологиялық алуантүрлілік Конвенциясы қабылданды. Бұл Конвенцияда ғаламдық деңгейдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді табиғи қоршаған орта мәселелерімен байланыстыра отырып шешу қажеттігі айрықша атап өтілді.

Информация о работе Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар