Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 18:12, реферат

Краткое описание

Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Содержание

1. Кіріспе
1.1. Қазақстанда ерекше қорғауға алынған аймақтар...................................2

2. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттік табиғи қорықтары..........................................................3-4
2.2. Ақсу-Жабағалы қорығы.......................................................................5-6
2.3. Алматы қорығы.....................................................................................7
2.4. Наурызым қорығы................................................................................8
2.5. Барсакелмес қорығы............................................................................9
2.6. Қорғалжын қорығы.............................................................................10
2.7. Марқакөл қорығы.................................................................................11
2.8. Үстірт қорығы.......................................................................................12
2.9. Батыс-Алтай қорығы............................................................................13
2.10. Алакөл қорығы....................................................................................14
2.11. Қаратау қорығы...................................................................................15
2.12. Табиғи резерваттар.........................................................................16-20
2.13. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты.....................21
2.14. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерват.......................22
2.15. «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты .........................23-25
2.16. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ....................................26
2.17. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ...................................27
2.18. Бұқаралық ақпарат құралдары.......................................................28-30

3. Қорытынды
3.1. Табиғатты қорғау парыз....................................................................31
3.2. Ұсыныс-пікірлер....................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКО.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ  АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы

 

 

 

 

Студенттің  оқытушымен өзіндік жұмысы

 

Тақырыбы:Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар

 

 

 

 

 

 

                                               Орындаған Био-13-1 тобының студенттері:

Майланова Жадыра

Қалекешова  Жансая

          Қабылдаған аға оқытушы:Каратаева Айзада Маскубаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

                                                 

                                            

                                                 Ақтау,2013 жыл

 

 

1.      Кіріспе

1.1. Қазақстанда ерекше қорғауға алынған аймақтар...................................2

 

2.      Негізгі бөлім

2.1.  Мемлекеттік табиғи қорықтары..........................................................3-4

2.2.  Ақсу-Жабағалы қорығы.......................................................................5-6

2.3.  Алматы қорығы.....................................................................................7

2.4.  Наурызым қорығы................................................................................8

2.5.   Барсакелмес қорығы............................................................................9

2.6.   Қорғалжын қорығы.............................................................................10

2.7.  Марқакөл қорығы.................................................................................11

2.8.  Үстірт қорығы.......................................................................................12

2.9.  Батыс-Алтай қорығы............................................................................13

2.10. Алакөл қорығы....................................................................................14

2.11. Қаратау қорығы...................................................................................15

2.12.   Табиғи резерваттар.........................................................................16-20

2.13. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты.....................21

2.14. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерват.......................22

2.15. «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты .........................23-25

2.16. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ....................................26

2.17. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ...................................27

2.18.  Бұқаралық ақпарат құралдары.......................................................28-30

 

3.     Қорытынды

3.1.  Табиғатты қорғау парыз....................................................................31

3.2.  Ұсыныс-пікірлер....................................................................................32

   

Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................33

 

 

 

                                  

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

    Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

    Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

    Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

    Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

    Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

2.1.   Мемлекеттік табиғи қорықтары

     Мемлекеттік  табиғи қорықтар  қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.

     Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған  жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын  шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер  мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман  болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн  тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі.          Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.

     Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

 

2.1. кесте   Қазақстанның мемлекеттік қорықтары

 

Қорықтар  атауы

Құрылған  жылы

Аумағы,га

Орналасқан  жері

1

Ақсу-Жабағалы мемлекеттік табиғи қорығы

1926 ж

131 934

Оңтүстік  Қазақстан және Жамбыл облыстары

2

Алматы  мемлекеттік табиғи қорығы

1931 ж

71 700

Алматы  облысы

3

Наурызым  мемлекеттік табиғи қорығы

1931 ж

191 381

Қостанай  облысы

4

Барсакелмес мемлекеттік табиғаты

1939 ж

160 826

Қызылорда облысы

5

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

1968

543 171

Ақмола  және Қарағанды

6

Марқакөл  мемлекеттік табиғи қорығы

1976

102 979

Шығыс Қазақстан облысы

7

Үстірт  мемлекеттік табиғи қорығы

1984

223 342

Маңғыстау облысы

8

Батыс-Алтай  мемлекеттік табиғи қорығы

1992 ж

86 122

Шығыс Қазаөстан облысы

9

Алакөл  мемлекеттік табиғи қорығы

1998

20743

Алматы  және Шығыс Қазақстан облыстары

10

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

2004

34 300

Оңтүстік  Қазақстан облысы


 

2.2. Ақсу-Жабағылы қорығы

     1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.

      2000-2300 метр биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сакталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.

    Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. [1] Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Информация о работе Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар