Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 18:12, реферат

Краткое описание

Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Содержание

1. Кіріспе
1.1. Қазақстанда ерекше қорғауға алынған аймақтар...................................2

2. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттік табиғи қорықтары..........................................................3-4
2.2. Ақсу-Жабағалы қорығы.......................................................................5-6
2.3. Алматы қорығы.....................................................................................7
2.4. Наурызым қорығы................................................................................8
2.5. Барсакелмес қорығы............................................................................9
2.6. Қорғалжын қорығы.............................................................................10
2.7. Марқакөл қорығы.................................................................................11
2.8. Үстірт қорығы.......................................................................................12
2.9. Батыс-Алтай қорығы............................................................................13
2.10. Алакөл қорығы....................................................................................14
2.11. Қаратау қорығы...................................................................................15
2.12. Табиғи резерваттар.........................................................................16-20
2.13. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты.....................21
2.14. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерват.......................22
2.15. «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты .........................23-25
2.16. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ....................................26
2.17. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ...................................27
2.18. Бұқаралық ақпарат құралдары.......................................................28-30

3. Қорытынды
3.1. Табиғатты қорғау парыз....................................................................31
3.2. Ұсыныс-пікірлер....................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКО.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)

 

2.15.  «Ырғыз-Торғай»  мемлекеттік табиғи резерваты


 

 

 

  

 

 

 

 

Резерват Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында орналасқан. Бүгінгі таңда резервать ауданы 764 мың га жерге тең. Алдағы уақытты резерват ауданын тағыда 400 мың га жерге ұлғайту жоспарланған. Нәтижесінде оның ауданы 1,15 млн. га болады. Осы аумақ үшін де ҚБСА жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындаған. Барлық негіздемелер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Орман және аңшылық шаруашылығыжәне Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экспертиза тексеруіннен өтті. 

Жоғарыда аталған  резерваттар «Алтын дала» табиғатты  қорғау бастамасының жобалық территориясына енеді.  Бұл территорияда ҚБСА өзінің серіктестерімен жыл сайын авиаесеп, киік телеметриясын және басқа да жануарларды зерттеу мақсатында экспедициялар өткізеді.

Зерттеулер  нәтижесінде алынған мағлұматтарға  сүйене отырып, «Алтын дала» резеватын  құру және Ырғыз-Торғай резерватын кеңейту  туралы шешім қабылданған.

Ерекше қорғалатын табиғи аумағында (ЕҚТА) кездеседі:

  • құстардың - 250 түрі, оның 32-сі ҚР Қызыл кітабына енген
  • сүтқоректілердің - 42 түрі, оның 2-і ҚР Қызыл кітабына енген
  • бауырымен жорғалаушылардың - 14 түрі
  • қосмекенділердің - 4 түрі
  • балықтардың - 8 түрі

  -     өсімдіктердің  - 402 түрі, оның 4-і эндемик, 1-і ҚР  Қызыл кітабына енген кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.15. кесте Ырғыз-Торғай  резерватындағы  ҚР-ның Қызыл  кітабына енген құстар

 

 

                   Қарақұс- Могильник -  Aquila heliaca

Жыланжегіш қыран-

Змееяд-

Circaetus gallic

Ителгі-Балобан-

Falco  cherrud Gray

Қызылжемсаулы қарашақаз-

Краснозобая казарка-

Branta ruficollis.

Дала қыраны -Степной  орел  -

Aquila nipalensis

Лашын-Сапсан-

Falco peregrinus

Қарабай-Каравайка-

Plegadis falcinellus

Қарабауыр бұлдырық-Чернобрюхий  рябок-

Pterocles orientalis

Үкі - Филин –

Bubo bubo

Убақ,қылқұйрық бұлдырық- Саджа-

Syrrhaptes   paradoxus.

Кішкене аққұтан-

Малая белая цапля-Egretta garzetta

Бұйра бірқазан-Кудрявый пеликан-Pelecanus crispus

Тарғақ – Кречетка –

Chettusia gregaria

Безгелдек –Стрепет-

Tetrax  tetrax

Дуадақ-Дрофа-

Otis tarda.

Джек немесе жорға  дуадақ – Джек  –

Chlamydotis

Қоқиқаз – Фламинго -Phoenicopteris roseus

Ақ тырна-Стерх-

Grus leucogeranus

Бүркіт-Беркут-

Aquila chrusaetos

Кіші шалшықшы,

құртамыш-

Кроншнеп-малютка- Numemius minutus.

Ақбас үйрек -

Савка – Oxyura

leucocephala

Қызғылт бірқазан-Розовый  пеликан-Pelecanus onocrotalis.

Жалбағай-Клопица-Platalea leucorodia

Сұр тырна –

Серый журавль –

Grus-grus

Ақбас тырна –

Журавль красавка-                   Anthropoides virgo

Кіші аққу-

Малый лебедь-

Cygnus bewiskii

Аққұйрықты субүркіт-Орлан-белохвост-Haliaeetus albicilla

Тұрымтай

Ақбауыр бұлдырық-

Белобрюхий рябок  -

Pterocles alchata

Сұңқылдақ аққу-

Лебедь-кликун –

Cygnus Cygnus

Кезқұйрықты-субүркіт-

Орлан-долгохвост-

Halliaeetus leucorhyphus.

Аққұйрықты тарғақ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүтқоректілердің 42 түрі кездеседі, олардың 2 түрі - шағыл мысығы мен бобр жарқанаты Қазақстанның Қызыл кітабына енген

      - Жұптұяқтылар  отрядынан киік, қабан т.б. Ақбөкен  (киік) -халықаралық Қызыл кітапқа  енген, ерекше қорғауға алынған  түр

- Жыртқыштар отрядынан  (2 тұқымдасы, 3 туысы, 9 түрі) қасқыр, шибөрі, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық т.б.

- Кеміргіштер отрядынан  (2 тұқымдасы, 4 туысы, 22 түрі) сарышұнақ, сутышқаны, далатышқаны, қосаяқ, атжалман, дала алақоржыны т.б.

- қоян тәрізділер  отрядынын ор қоян жене құм  қояны 

- жәндік жегіштер отрядынан (2 тұқымдасы, 4 туысы, 7 түрі) құлақты кірпі, құм жарқанаты, бобр жарқанаты т.б.

     Ырғыз-Торғай  резерватының мақсаты:Киік санын  көбейту.

Ақбөкен, немесе киік (сайгак, Saiga tatarica) – түрлілігі  екіге (Saiga tatarica tatarica и Saiga tatarica mongolica) бөлінетін, бес негізгі таралымы, оның үшеуі Қазақстанда, біреуі Ресейде (Калмақ жері), біреуі Монголияда бар, көшпелі жұптұяқты жануар. Киіктердің Бетпақдала таралымы- барлық таралымдардың ішіндегі ең ауқымдысы болды және бола бермек.

 

 

2.15.диаграмма   Резерват ашылғанан бергі 6 жылдағы  Қазақстандағы киіктер саны

 

 

 

2.16.  «Ақжайық»  мемлекеттік табиғи резерваты

 

    Мемлекеттiк табиғи резерваат «Акжайыык» қала Атырау облысы Махамбет ауданында орналастырған. Мемлекеттiк табиғи резерват "Мемлекеттiк мекеменiң жасауының кейбiр сұрақтары туралы" № 119-шы Қазақстан Республикасының үкiметiн қаулысымен құрылған. Орал өзен атырауда 2009 жылды 6 ақпаннан «Ақжайық» атырау теңiзiнiң жиек iргелес. халықаралық мәннiң су - батпақты жайылымдарының тiзiмiне атырау теңiз өзен атырау Орал және iргелес жиегiнiң аумағы 2009 жылды 1 сәуiр. Ол теңiзден кейiн екiншi қазақстандық аумақ болды - көлдердi Қорғалжын жүйесi осы тiзiм кiретiн. Гидрологиялық режiм сәуiрдiң екiншi жартысында Оралдың өзенiнде су тасу мамырда ауысумен көктемдегi-жазғы майдың аяғында қарбаласпен немесе маусымның бiрiншi жартысына сутың деңгейiнiң бiртiндеп көтеруiмен бейнеленедi.

  Мемлекеттік табиғи резерват Каспий теңізі,Орал өзендерге дельталарға аумақта жасаған « Акжайык » еді. Аумақтар ортақ көлем –111, 5 мың га, 70 – су-батпақ қоныстар. Ерекше қорғалатын аумақта құстардың 292 түрі жүргізіп жатыр, олардан Солтүстік - шығыс жиектерге аумақта 110 ұялайды, 76 бұл жерде қыстап жатыр, қалған – ұшып өтетін. Резерват Сібір-сібір миграциялы маршрутқа жолдарға болады үлкен суқұзғынның кездестіруге ұшып өтетін құс.Бұл жерде квакву, үлкен және малую әупілдек, суқарақұсты кездестіруге болады. Құстардың 36 түрлері Қызыл кітапқа енгізілген. Қамысқа атырау тоғайларда длинноиглого кірпіні, жирен путорака, еуропалық күзенді кездестіруге болады. Резерватта 80 түлкілер түрінің, қабанның 300 түрлері қорғалуда.

    «Ақжайық» табиғи қорығы Каспий теңізі мен Жайық өзенінің арасындағы жерді алып жатқан аң-құсқа бай мекен. Бұл резерват-құрамында құрлық,су экожүйелері бар табиғи кешендер және соларға байланысты биологиялық алуан түрлікті қорғайды және орнына қайта келтіру жұмыстарымен айналысады.

    Өсімдіктер аквальных немесе су экосистемалардың 2 негізгі түрге бөлшектеніп жатыр : жүктелген-су үстемдік етумен — бірлестіктер фитобентос түптен бекітған ірі су өсімдігілерге және жоғарғы су өсімдіктерге суларға қалыңдықта жүктелген ; (қамысқа, қоғаларға жоғарғы, су беті яруста — гигрофиттерден жоғарғы өсімдіктерден үстемдік етумен әуе-су — бірлестіктер және др.), сол санда жаңғаққа (құмыра гүлге, сулы беттерге жүзетін және др.) және су асты (роголистник, др.) уруть және.

    Каспий теңіз Орал өзендерінің жиектері арқылы ұшып өтетін құстардың Сібір миграциялы жатыр. Бұл жерде үлкен саны шоғырланған.

 

 

 

 

2.17.  «Алтын  дала» мемлекеттік табиғи резерваты

 

 «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты - Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан резерват.

  2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастырылды.

   «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының жер көлемі – 489 766 га алқапты қамтиды.

   Бұл табиғи резерват Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді.

    Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

«Алтын дала»  мемлекеттік табиғи резерватының аумағы 3 кластрлі телімге бөлінген:

Сарықопа – 52 115 га (Сарықопа көлдер жүйесі).

Тосынқұм – 95 881 га (Тосынқұм құмы, Торғай өзенінің сол жағалауы).

Ұлы Жыланшық – 341 670 га (шөлейттенген далалы алқап, Ұлы  Жыланшық өзенінің жағалауы).

 

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері

   www.baq.kz сайтынан: Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еңгізілді. Бұл туралы  Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті.

     Шешім ағымдағы жылғы шілденің 7-інде қабылданған.

«Екі далалы өлкені әлемдік маңызы бар объектілерге қосу жұмыстары 8 жылдай уақыт шамасында  жүргізілді. Қорғалжын мен Наурызым қорықтары «Сарыарқа – солтүстік  Қазақстанның даласы мен көлдері» атауымен бір аталымға біріктіріліп, 2002 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар орталығының қарауына ұсынылған болатын», деді Н. Ысқақов.

   Қорғалжын қорығының аумағын қазіргі 259 мың гектардан 544 мың гектарға дейін кеңейту көзделіп отыр. Ал Наурызым қорығының аумағы 191 мың гектар. Онда шиқылдақ қаз, қызыл жемсаулы қарашақаз және сирек құстың бірі - ақтырналар мекендейді.

   «Бұл шешімнің экологиялық тиімділігінен бөлек, имидждік, саяси пайдасы да бар. Мұның өзі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 2010 жылы болатын Азия-Тынық мұхиты аймағы министрлерінің конференциясы, 2011 жылы Астанада өтетін Панеуропалық министрлер мәжілісінің қарсаңындағы өте жағымды жаңалық болды», деді министр.

 

«Табиғат  тынысы» газетінен 13 шілде 2012 жыл :2012 жылы 11 шілде күні ЮНЕСКО-ның Париж қаласында өткен «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесінің ұйғарымы бойынша дүниежүзінің отыздан астам мемлекетінен келіп түскен өтініштерді сараптай келе, әлемдегі 15 табиғи қорыққа биосфералық табиғи қорық мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.

   Әлемдегі осы 15 биосфералық табиғи қорық мәртебесін иеленген табиғи қорықтардың бірі – біздің еліміздегі Қорғалжын мемлекеттік биосфералық табиғи қорығы екендігін ерекше мақтаныш сезіммен атап айтуға болады.

    1973 жылы БҰҰ-ның қарамағындағы білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын арнайы ұйым ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific, and Cultural Organization - UNESCO) «Адам және биосфера» (МАБ) деп аталатын ғаламдық деңгейдегі ғылыми-экологиялық бағдарлама қабылдап, Жер ғаламшарының әртүрлі географиялық табиғи белдемдерінде бұрыннан ұйымдастырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында (ЕҚТА), яғни мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтарға биосфералық резерваттар мәртебесін беруге шешім қабылдаған болатын. Ол үшін әрбір мемлекет өз аумағындағы ЕҚТА-дың (табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтардың) табиғи құндылықтарын жан-жақты анықтап, халықаралық комитетке ұсыныс жасауы қажет.

 

www.massaget.kz сайтынан: Қазақстан Алакөлді ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының құрамына кіргізуді жоспарлап отыр.  Бұл туралы ҚазТАГ ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының басшысы Сергей Лазаревке сілтеме жасай отырып хабарлады.

    "Қазіргі  кезде Қазақстандағы "Адам  және биосфера" комитеті осы  мәселеге байланысты құжат дайындап қойды. Бұл қағаздар қыркүйек айының ішінде Парижге жіберіледі. Содан кейін Алакөлдің бұл тізімге кіруге лайық не лайықсыздығы анықталып, шешім шығарылады. Нақты жауап келесі жылдың жазына дейін айтылады", - деді Лазарев TURKSOY мүшелерінің ЮНЕСКО ісі комитеті мен ұлттық комиссиясының III отырысында. Отырыс бүгін, яғни, 13 қыркүйекте Алматы қаласында өтті.

    Бюро  басшысының ойынша, Алакөл биосфералық  резерват тізіміне енуге әбден  лайық.

   Отырыс  аясында, сонымен қатар, Қорғалжын қорығына биосфералық резерват статусын беру рәсімі өтті.  Айта кетелік, бұл шешім 2012 жылдың 11 шілдесінде ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының халықаралық координациялық кеңесінің мақұлдауымен қабылданды.

   Мәжіліске  TURKSOY құрамына кіретін 14 мемлекет пен автономиялық аймақтардың, Ресейдің, ЮНЕСКО-ның аймақтық офистерінің өкілдері қатысты. Жиылғандар түркі әлемінің мәдени, табиғи объектілерін сақтау және қорғау туралы сұхбаттасты.

   Айта  кетелік, Бүкіләлемдік биосфералық  резерваттар желісі (World Network of Biosphere Reserves) ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының аясында ашылды. Жоба мақсаты жер бетіндегі қорғауға мұқтаж табиғи мұралардың қалыпты дамуына жағдай жасау.

 

«Президент және халық» газеті №42 :«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға жануарлар дүниесі объектілерін жасанды жолмен өсіру мәселесі бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ұлттық аң аулауда пайдаланылатын бүркіт, ителгі, лашын, ақсұңқар секілді қыран құстарды өсіру жөнінде жеке адамдардың питомник құруына мүмкіндік береді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су қоймаларында әуесқойлық, мелиоративтік балық аулауды ұйымдастыру дәстүрлі түрде балық аулаумен айналысатын жергілікті халықты әуесқойлық балық аулау мүмкіндігімен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Бұл олардың әл-ауқатын жақсартудың маңызды әлеуметтік факторы болып табылады. Балықтың тұншығып, қырылып қалуының алдын алады, браконьерлікті азайтады, аналық басты балық ресурстарын жасанды жолмен өсімін молайту және ғылыми зерттеулер үшін пайдалануға мүмкіндік туғызады, әуесқойлық балық аулау мен туризмді дамытуды қамтамасыз етеді.

    Заң жобасының жекелеген нормалары республикалық бюджеттен қосымша қаржыны талап етеді. Орманның  аса қауіпті  зиянкестерімен  және  ауруларымен күресу жөнінде жұмыстар жүргізуге 131,4 млн теңге бағытталатын болады.

Информация о работе Биосфералық резерваттар және мемлекеттік қорықтар