Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 14:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – атмосфера ауасының ластануын, ластану жолдарын және де ластану кезіндегі ауа-райын және т.б құбылыстарды анықтай отырып, зерттеу нысанының атмосферасының ластануын, сонымен қатар қоршаған ортаға өндірістік кәсіпорындардың және еріксіз кәсіпорындар сферасының әсер ету сипаты мен деңгейін анықтап, сипаттап көрсету болып табылады. Қандай да белгілі бір ортаға физикалық, химиялық және биологиялық сипаттағы жаңа заттардың түсуі немесе осы сипаттардың орташа көп жылдық деңгейінің өсуі ластану деп аталады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..........................................................................
1.1 Атмосфералық ауа, оның құрамы және мәні ...................................
1.2 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер..........................................
1.3 Ауа бассейні жағдайын бағалау.........................................................
1.4 Аэрозольді ластану..............................................................................
1.5 Фотохимиялық тұман..........................................................................
1.6 Ауа ластануының зардаптары............................................................
1.7 Автомобиль транспорты.....................................................................
1.8 Шаң.......................................................................................................
1.9 Қоршаған орта жағдайының мониторингісінің негізделуі..............
1.10 Экологиялық мониторинг..................................................................
1.11 Экологиялық аудит.............................................................................
1.11.1 Экологиялық аудит түрлері және оны жүргізу үшін негіздер.............................................................................................................
1.11.2 Экологиялық аудитті жүргізу.......................................................
1.11.3 Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктері..........
1.11.4 Экологиялық аудит экологиялық менеджменттің құрама бөлігі ретінде ..................................................................................................
1.11.5 Экологиялық сараптама және экологиялық аудит.................................................................................................................
1.11.6 Экологиялық аудит экологиялық бақылауда........................................................................................................
1.12 Атмосфера ластануын болжаудың негізгі принциптері туралы...
1.13 Ауа ластануын болжаудың физикалық негізі.................................
2 ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ...................................................................................
2.1 Қарағанды станциясының физико–географиялық сипаттамасы..................................................................................................
2.2 Жезқазған станциясының физико-географиялық сипаттамасы..................................................................................................
3 ҚАРАҒАНДЫ МЕН ЖЕЗҚАЗАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ ПОТЕНЦИАЛЫ............................................................................................
3.1 Қоршаған ортаның сапасы және табиғи ресурстардың жағдайы....
3.2 Қарағанды қаласының ластану жағдайы............................................
3.3 Қарағанды қаласының атмосферасының ластануына табиғи-климаттық әсер ететін факторлар.................................................................
3.4 Жезқазған қаласының ластану жағдайы............................................
3.5 Жезқазған қаласының атмосферасының ластануына табиғи-климаттық әсер ететін факторлар.................................................................
4 ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АТМОСФЕРАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ..........................
4.1 Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайын болжау......
4.2 Қалалардағы атмосфераның ластануының экстремалды жоғарғы деңгейін болжау..............................................................................................
4.3 Қарағанды және Жезқазған қалаларында тіркелген қоспалардың дамуындағы синоптикалық процестердің ролі............................................
4.4 Қарағанды станциясы және Жезқазған станциясы бойынша ластаушы заттардың таралуының синоптикалық шарттары......................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………….
3) өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау;
4) қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн бағалау мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер жасалуы мүмкiн.
Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар және аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың негiзiнде туындайды.
1.11.1 Экологиялық аудит түрлерi және оны жүргiзу үшiн негiздер
Мiндеттi аудит және бастамашылық аудит экологиялық аудиттiң түрлерi болып табылады. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуге:
1) жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнен қоршаған ортаға келтiрiлген, құжат бойынша расталған елеулi залал;
2) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды тұлғаны қосу, бөлу және бөлiп шығару түрiнде қайта ұйымдастыру;
3) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы - заңды тұлғалардың банкроттыққа ұшырауы негiз болып табылады.
Бастамашылық экологиялық аудит бастамашының және экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмдерi мен көлемi ескерiле отырып, аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша жүргiзiледi. Мүдделi жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар экологиялық аудитке тапсырыс берушiлер болуы мүмкiн.
1.11.2 Экологиялық аудиттi жүргiзу
Экологиялық аудит экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi, оны экологиялық аудитор осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып жасайды және ол тапсырыс берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiледi. Экологиялық аудит жүргiзудi жоспарлау кезiнде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекiткен, ұсынымдық сипатта болатын экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарының үлгiлiк нысанын басшылыққа алады. Экологиялық аудиттi жүргiзудiң сатылары мыналар:
1) аудиттелетiн субъектiмен алдын ала танысу;
2) аудит жүргiзу жоспарын әзiрлеу;
3) қажеттi ақпаратты жинау және жүйелеу;
4) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал жүргiзу;
5) арнайы зерттеулер көлемiн айқындау;
6) арнайы зерттеулер жүргiзу;
7) экологиялық тәуекелдердi айқындау;
8) экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
9) экологиялық аудиторлық есеп жасау болып табылады.
Экологиялық аудит жүргiзудiң жоспарын әзiрлеу үшiн экологиялық аудитор аудиттелетiн субъектiнiң ерекшелiктерiмен алдын ала танысады. Қажеттi ақпаратты жинау мен жүйелеу аудиттелетiн субъектiде және өзге де ұйымдарда жүргiзiледi. Ақпарат құрамына:
1) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң аудиттелетiн субъектiнiң қызметiне қатысты талаптары;
2) аудиттелетiн субъект орналасқан ауданның картасы және карта-схемасы;
3) егер
бар болса,
4) аудиттелетiн субъектiнi басқарудың әкiмшiлiк құрылымы;
5) егер
бар болса, аудиттелетiн
6) экологиялық рұқсат;
7) аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған ортаны қорғау бойынша соңғы бес жылдағы есебi;
8) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу жөнiндегi есептiлiк;
9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның соңғы үш жылда тексерулер жүргiзуi туралы хаттамалардың көшiрмелерi;
10) егер
бар болса, аудиттелетiн
11) апатты жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
12) қабылданған толықтырулармен қоса, аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған ортаға әсер етуiн бағалау;
13) шығарындыларды, төгiндiлердi түгендеу жөнiндегi ағымдағы кезеңдегi есеп;
14) жол берiлетiн шектi шығарындылар мен төгiндiлердiң, қалдықтарды орналастырудың ағымдағы кезеңде қолданыста болатын нормативтерiнiң жобалары;
15) субъект
қызметiнiң экологиялық-
16) бұған дейiнгi экологиялық аудиторлық есептердiң көшiрмелерi;
17) аудиттелетiн субъектiнiң әсерi болатын аудандағы мемлекеттiк экологиялық мониторингтiң деректерi;
18) аудиттелетiн субъектiнiң қызметiне байланысты азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерi туралы мәлiметтер кiредi.
Аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал жүргiзу құжаттаманың аудиттелетiн субъектiнiң нақты жай-күйiне сәйкес келуiн бағалау, аудиттелетiн субъект мамандарының бiлiктiлiгiн айқындау, аудиттелетiн субъект қызметiнiң тиiмдiлiгiн жақсарту үшiн ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi. Қарап тексеру барысында:
1) аудиттелетiн субъектiнiң жоспар-схемаға және жалпы технологиялық сипаттамаға сәйкес келуi;
2) аудиттелетiн субъектiнiң құжаттамасында қоршаған ортаға әсер ету көздерi көрсетiлуiнiң толымдылығы;
3) аудиттелетiн субъектiнiң ықтимал әсер ету аумағының жай-күйi;
4) қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы құжаттамаға енгiзiлмеген мән-жайлардың болуы;
5) өндiрiстiк объектiлерде есепке алу және өзге де қажеттi құжаттаманың болуы мен толымдылығы;
6) объектiнi пайдалану процесiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуы;
7) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзуге қойылатын талаптардың сақталуы анықталуға тиiс.
Арнайы зерттеулердi экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар мынадай жағдайда:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу жөнiндегi есептiлiктi растау қажет болғанда;
2) қоршаған ортаға әсердiң құжаттамаға енгiзiлмеген көздерi анықталғанда;
3) аудиттелетiн субъектi қызметiнiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулық жағдайына терiс әсер ету салдарлары туралы мән-жайлар болғанда жүргiзедi.
9. Қажет болғанда, зерттеулер:
1) шығарындылар (төгiндiлер) көздерiнде жүргiзiлетiн өлшеулердi, қалдықтар үлгiлерiн зерттеудi;
2) аудиттелетiн субъектiнiң ықпалды әсер ету аймағында қоршаған ортаның ластануын өлшеулердi;
3) аудиттелетiн субъектiнiң ықпалды әсер ету аймағында өсiмдiктердiң, жануарлар дүниесiнiң, экожүйелердiң және халық денсаулығының жай-күйiн зерделеудi қамтиды.
Арнайы зерттеулердi жүргiзу үшiн қоршаған ортаның жай-күйiн айқындайтын аккредиттелген зертханалар тартылуға тиiс. Аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық тәуекелдерiн айқындау:
1) құжаттама мен есептердiң байқалатын ағымдағы жай-күйге сәйкестiгiн
талдау;
2) аудиттелетiн субъект қызметiнiң өсiмдiктерге, жануарлар дүниесiне, экожүйелерге және халық денсаулығының жай-күйiне ықтимал салдарларын бағалау, соның iшiнде қоршаған орта сапасының бұзылуынан туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм жағдайларын талдау;
3) қоршаған орта үшiн терiс салдарларға әкеп соғуы мүмкiн аудиттелетiн субъектiдегi авариялық жағдайлардың ықтималдылығын немесе технологиялық регламенттен өзге де ауытқуларды айқындау жолымен жүргiзiледi.
Аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық қауiпсiздiгi деңгейiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу:
1) осы сияқты объектiлер үшiн пайдаланылатын ең үздiк қолжетiмдi технологияларды;
2) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн жақсарту жөнiндегi ықтимал шараларды;
3) өндiрiстiк экологиялық бақылауды жетiлдiру тәсiлдерiн;
4) экологиялық нормативтер мен талаптарды өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды зерделеу негiзiнде жүргiзiледi.
1.11.3 Мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзудiң ерекшелiктерi
Мiндеттi экологиялық
аудит аудиттелетiн субъект
1.11.4 Экологиялық аудит экологиялық менеджменттің құрама бөлігі ретінде
Экологиялық менеджмент пен табиғатты қолданудың негізгі элементі ретінде қоршаған ортаға әсер етуді мөлшерлеу, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаның және оған әсер әсер ету деңгейі жағдайына мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаның ластануына эколого-экономикалық және құқықтық жауапкершілік және табиғи қорларды қолдану танылады. өнеркәсіп өндірістерінің экологиялық талаптарына сай анықтау мақсатында аудитті жүргізу әдетте этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру, сонымен қатар т.б. кезіндегі негізгі технологиялық құралдарды тіркеу үшін сыртқы органдар талап етуі мүмкін. Соның ішінде экологиялық бақылау және сараптама, сертификация және лицензиялау жүргізуде де.
1.11.5 Экологиялық сараптама және экологиялық аудит
Экологиялық аудит талап етілуі мүмкін жағдайлар:
Экологиялық аудиттің мақсаты құрылып біткен не болмаса экологиялық сараптамасының дұрыс қорытындысынсыз құрылыс деңгейінде тұрған объекттерді проектілеу және объекттің құрылысы кезінде табиғатты қорғау заңдығы талабын орындауды растау болып табылады.
1.11.6 Экологиялық аудит экологиялық бақылауда
Бұл мәселенің белсенділігі кәсіпорындардағы апаттардың болуымен байланысты, әсіресе қауіпсіздікті ресми түрде мәлімдеу қарастырылған өте қауіпті объектілерде өсіп келеді. Қауіпті өндірістік объектілердің экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздауда ықпалды құралдардың бірі ретінде міндетті экологиялық аудит бола алады. Экологиялық аудитті объект орналасқан территорияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары бастамашылық ете алады.
Мемлекеттік экологиялық бақылаудың негізгі тапсырмасының бірі болып – оның алдын ала ескертуі, экологиялық құқық бұзушылықты анықтау және бұлтартпау (пресечение) болып табылады.
Іс-тәжірибелер көрсеткендей
табиғатты қолдану
1.12 Атмосфера ластануын болжаудың негізгі принциптері туралы
Атмосфераны ластанудан қорғау туралы іс-шаралармен метеорологиялық қамтамасыздау және оған тигізетін әсерін азайту мәселесінде ауа ластануының қайіпті жағдайын болжау туралы сұрақтар айтарлықтай орын алады. Қазіргі кезде қолайсыз ауа-райы жағдайында жерге жақын ауа қабатында зиян қоспалар концентрациясының күрт өсуінің мүмкіндігін бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін болжаудың әр түрлі әдістері жасалуда. Төменде осы бағытта жасалған кейбір жұмыстар қарастырылады.
Болжаудың көрсетілген әдістерінің өңделуінде үлкен мүмкіндіктер метеорологиялық факторларға байланысты көздердің әр түрлі типтерінен қоспалардың таралу заңдылықтарын теориялық және эксперименталды зерттеулердің қорытындысын қолданумен байланысты. Мұнда екі негізгі көзқарас байқалады, оның біреуі қоспалар таралуының эмпирико-статистикалық моделіне негізделген, ал екіншісі – атмосфералық диффузия теңдеуін шешуге негізделген. Соңғысы жан-жақты және перспективті болып саналады. Айтарлықтай дамуын ол А.И. Воейков атындағы Басты геофизикалық обсерваториядағы жұмыстарда алды. Диффузияның турбуленттілік теңдеуін сандық шешілуін қолдану әр түрлі ауа-райының және топографиялық жағдайларды есепке ала отырып жеке және көптеген көздерден қоспа концентрациясының алаңын анықтауға мүмкіндік тудырды.
q концентрациясын есептеуге арналған алынған формулалар стационарлы жағдайда диффузия теңдеуін шешуге негізделген. Алайда q-дің кіретін параметрлеге бағыныштылығы квазистационарлы сипатта болады. ол ауа-райы болжамының және тасталым режимінің мәліметтері бойынша концентрация алқабының өзгеруін болжауға көмектеседі.
Қауіпті ауа ластануын болжау әдісін өңдеудегі негізгі талаптардың бірі болып қоспалардың жер беті концентрацияларының ең үлкен мәніне жететін шарт қою болып табылады. Ол үшін жұмыста диффузия теңдеуімен бірге қоспаның алғашқы көтерілуін анықтайтын теңдеулер жүйесі сандық түрде шешіледі. Ол кезде салыстырмалы түрде көп кездесетін ауа-райы жағдайы, яғни қалыпты және ауа ластануының күрт өсуі болуы мүмкін аномалды жағдайлары белгіленеді. Табылған шешімнен биік көздер үшін берілген қуаттың ең үлкен концентрациясына биіктік бойынша температураның төмендеуі кезінде, яғни қарқынды турбуленттік алмасу және желдің анықталған қауіпті немесе критикалық жылдамдығы болғанда жетеді. Мұндай шешім концентрациясының максималды мәнін оған сәйкес келетін қауіпті жылдамдығын, сонымен қатар көзден әр түрлі арақашықтықта концентрацияның ең үлкен мәніне жететін қауіпті жылдамдығын есептеуге мүмкіндік береді. Н биіктікті N жақын орналасқан бір типті топ үшін ең үлкен концентрация келесі формула бойынша есептеледі:
Информация о работе Қарағанды мен жезқазан қалаларының ластану потенциалы