Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 14:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – атмосфера ауасының ластануын, ластану жолдарын және де ластану кезіндегі ауа-райын және т.б құбылыстарды анықтай отырып, зерттеу нысанының атмосферасының ластануын, сонымен қатар қоршаған ортаға өндірістік кәсіпорындардың және еріксіз кәсіпорындар сферасының әсер ету сипаты мен деңгейін анықтап, сипаттап көрсету болып табылады. Қандай да белгілі бір ортаға физикалық, химиялық және биологиялық сипаттағы жаңа заттардың түсуі немесе осы сипаттардың орташа көп жылдық деңгейінің өсуі ластану деп аталады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..........................................................................
1.1 Атмосфералық ауа, оның құрамы және мәні ...................................
1.2 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер..........................................
1.3 Ауа бассейні жағдайын бағалау.........................................................
1.4 Аэрозольді ластану..............................................................................
1.5 Фотохимиялық тұман..........................................................................
1.6 Ауа ластануының зардаптары............................................................
1.7 Автомобиль транспорты.....................................................................
1.8 Шаң.......................................................................................................
1.9 Қоршаған орта жағдайының мониторингісінің негізделуі..............
1.10 Экологиялық мониторинг..................................................................
1.11 Экологиялық аудит.............................................................................
1.11.1 Экологиялық аудит түрлері және оны жүргізу үшін негіздер.............................................................................................................
1.11.2 Экологиялық аудитті жүргізу.......................................................
1.11.3 Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктері..........
1.11.4 Экологиялық аудит экологиялық менеджменттің құрама бөлігі ретінде ..................................................................................................
1.11.5 Экологиялық сараптама және экологиялық аудит.................................................................................................................
1.11.6 Экологиялық аудит экологиялық бақылауда........................................................................................................
1.12 Атмосфера ластануын болжаудың негізгі принциптері туралы...
1.13 Ауа ластануын болжаудың физикалық негізі.................................
2 ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ...................................................................................
2.1 Қарағанды станциясының физико–географиялық сипаттамасы..................................................................................................
2.2 Жезқазған станциясының физико-географиялық сипаттамасы..................................................................................................
3 ҚАРАҒАНДЫ МЕН ЖЕЗҚАЗАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ ПОТЕНЦИАЛЫ............................................................................................
3.1 Қоршаған ортаның сапасы және табиғи ресурстардың жағдайы....
3.2 Қарағанды қаласының ластану жағдайы............................................
3.3 Қарағанды қаласының атмосферасының ластануына табиғи-климаттық әсер ететін факторлар.................................................................
3.4 Жезқазған қаласының ластану жағдайы............................................
3.5 Жезқазған қаласының атмосферасының ластануына табиғи-климаттық әсер ететін факторлар.................................................................
4 ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АТМОСФЕРАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ..........................
4.1 Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайын болжау......
4.2 Қалалардағы атмосфераның ластануының экстремалды жоғарғы деңгейін болжау..............................................................................................
4.3 Қарағанды және Жезқазған қалаларында тіркелген қоспалардың дамуындағы синоптикалық процестердің ролі............................................
4.4 Қарағанды станциясы және Жезқазған станциясы бойынша ластаушы заттардың таралуының синоптикалық шарттары......................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………….
2 кесте
Жалпы өндірістік шығыстардың мөлшері, %
Шаң |
Күкіртті газ (SO2) |
Көмір тегі оксиді (СО) |
Азот оксиді (NO2) |
Көмірсутектер (CnHn) |
Атмосфераға шығатын зиянды заттардың жалпы меншікті салмағы | |
Жылу электростанциясы |
39 |
38 |
- |
- |
- |
29,0 |
Құрылыс материалдарын өңдеу |
25 |
- |
- |
- |
- |
8,1 |
Қара металлургия |
20 |
16 |
16 |
23 |
3 |
24,0 |
Түсті металлургия |
16 |
22 |
22 |
- |
- |
10,5 |
Мұнай өңдеу және мұнай химиялық өнеркәсіп |
- |
3 |
13 |
- |
82 |
15,5 |
Химиялық өнеркәсіп |
- |
- |
- |
12 |
- |
7,3 |
Кестеде келтірілген мәліметтерге сүйенетін болсақ, жалпы өнеркәсіпорындарына қарағанда жылу электростанциясынан шығатын шығындардың мөлшері өте үлкен екендігін және ең аз көлемдегі шығатын шығынның мөлшері шамамен алғанда химиялық өнеркәсіптен көруге болады. Ал құрылыс материалдарын өңдеу, қара металлургия саласынан, түсті металлургия және мұнай өңдеу және мұнай химиялық өнеркәсіптен шығатын өндірістік шығыстардың пайыздық көлемдегі мөлшері салыстырмалы түрде аз болған.
Қазақстандағы жалпы өндірістік шығыстардың пайыздық үлесін төменде келтірілген диаграммадан көруге болады (2 сурет).
2 сурет . Қазақстандағы жалпы өндірістік шығыстардың диаграммасы, %
Пайыздық үлестер бойынша ең жоғарғы пайыздық үлесін жылу электростанциясы көрсетіп отыр (31 %), ал ең төменгі көрсеткішті химиялық өнеркәсіп (8 ℅) көрсетіп отыр.
Атмосфераға тасталатын
52 Гт әлемдік антропогендік
Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда, ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.
Атмосфераға антропогендік әсер тікелей немесе жанама түрде болуы мүмкін. Жанама әсер – биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Оған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен суқоймалар, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, жаппай пайдалы кен қазбаларын ашық әдіспен алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипаттамасының өзгеруі жер-атмосфера энергетикалық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо (беттің шағылыстырғыш қабілеті) шамасына, жер бетінің жылу сипаттамасына және осыған сәйкес атмосфераға берілетін жылу мөлшеріне, атмосфераға өтетін ылғалдылыққа әсерін тигізеді. Ал тікелей әсерге мысал ретінде өндірістерден шығатын тастанды заттектерді: күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстарын, аммиакты, көмір сутектерін, радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды, сутек қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Кестеде
мысал ретінде Қазақстанның
3 кесте
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер
Қалалар |
Негізгі ластаушы көздер |
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер |
1 |
2 |
3 |
Қарағанды |
Синтетикалық каучук өндіретін зауыт, коксхимиялық өндіріс, металлургия комбинаты, автокөлік |
Көмір қышқыл газы, аммиак, күкірт қышқылының буы, күкіртті сутек, азот оксидтері, күйелер, көмірсутектер |
Жезқазған |
Тау-кен металлургия комбинаты, жылу электр станциясы, кірпіш зауыты |
Күкірт оксидтері мен тұздары, мышьяк, ауыр металдар |
Алматы |
Энергетика, автокөлік, үй құрылыс комбинаты, асфальт-бетон зауыты, ауыр машина зауыты |
Бенз(а)пирен, формальдегид, шаң, көмірқышқыл газы, күйелер, азот оксидтері, ауыр металдар, аммиак |
Тараз |
Фосфор зауыттары, энергетика, автокөлік |
Бенз(а)пирен, фторлы сутек аммиак, шаң, күкірт ангриді, азот және көміртек оксидтері, күйелер |
Өскемен |
Қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаттары, энегетика, автокөлік, цемент зауыты |
Бенз(а)пирен, формальдегид, күкірт, көміртек, азот оксидтері, мырыш, хлор, ауыр металдар, көмірсутектер |
Шымкент |
Қорғасын, фосфор, цемент зауыттары, автокөлік, ЖЭС |
Қорғасын және т.б. ауыр металдар, бенз(а)пирен, шаң, күкірт, азот, т.б. оксидтері |
3 кесте жалғасы | ||
Түркістан |
Мақта тазалайтын зауыт, қазандықтар, темір-бетон зауыты, автокөлік, теміржол объектілері |
Көміртек оксидтері, ауыр металдар, шаң, бенз(а)пирен, пестицидтер, тұздар, күл, күйе, мұнай өнімдері |
Ақтау |
АЭС, автокөлік |
Радиоактивті звттектер, мұнай, көміртек, азот оксидтері, көмірсутектер |
Атырау |
Мұнай өңдейтін өндіріс орындары, химия зауыттары, гипс өндірістері, автокөлік |
Күкіртті сутек, көмірсутектер, шаң-тозаң |
Ақтөбе |
Хром, ферросплав, химия зауыттары, жасанды талшық өндірісі, энергетика, автокөлік |
Хром қосылыстары, азот оксидтері, фторлы газдар, сульфаттар, күкіртті сутек, қорғасын және т.б. ауыр металдар |
Қостанай |
Тау-кен өнеркәсібі, жөндеу механикалық зауыты, энергетика, машиналардың шинасын жөндейтін зауыт, түрлі-түсті жасанды талшықтар өндіретін химия зауыты, құрылыс-монтаж конструкциялар комбинаты, темір-бетон, қызыл және силикатты кірпіш зауыттары, «Транс Петролеум» |
Аммиак, көміртек оксидтері, шаң-тозаң, ауыр металдар, көмірсутектер |
Павлодар |
АҚ «Қазақстан алюминиі», автокөлік, жылу электр орталығы, мұнай өңдеу зауыттары |
Фторлы қосылыстар, көміртек, азот оксидтері, бенз(а)пирен, көмірсутектері, шаң |
Семей |
Синтетикалық каучук өндіретін зауыт, коксхимиялық өндіріс, металлургия комбинаты, автокөлік |
Көміртек оксидтері, цемент шаңы, ауыр металдар, бенз(а)пирен, радиоактивті элементтер |
Көріп отырғанымыздай, атап шыққан қалалардың көбісінде кейбір ластағыштардың мөлшері ШМК-дан асқан. Жалпы зиянды заттектердің шығарындыларында негізгі үлес автокөліктерге келеді.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің тұрақты көздерден атмосфераға шығарылатын зиянды заттектердің мөлшері туралы мәліметтері әр облыс бойынша төмендегі кестеде берілген (4 кесте).
4 кесте
Қазақстан Республикасының әр облысының ірі тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын зиянды заттектердің орташа жылдық мөлшері.
ҚР облыстарының аталуы |
Зиянды заттектер шығаратын кәсіпорындар саны |
Атмосфераға тасталатын зиянды заттектердің көлемі (мың тонна) | |||||||
Қатты |
Газ тәрізді және сұйық |
Оның ішінде: | |||||||
SO2 |
H2S |
CO |
NO2 |
NH3 | |||||
Қазақстан |
2921 |
687 |
1640 |
983 |
1,3 |
360,5 |
160 |
1,2 | |
Қарағанды |
231 |
240 |
770 |
567 |
0,3 |
157,9 |
39,9 |
0,2 | |
Ақтөбе |
97 |
5 |
41,6 |
8,3 |
- |
19,4 |
1,2 |
- | |
Алматы |
293 |
31,2 |
41,1 |
23,5 |
- |
5,6 |
4,0 |
0,1 | |
Атырау |
105 |
2,4 |
133 |
38,5 |
0,1 |
52,2 |
7,6 |
- | |
Шығыс Қазақстан |
390 |
35,8 |
129 |
85,2 |
0,9 |
33,3 |
7,5 |
0,1 | |
Жамбыл |
261 |
5,6 |
14,2 |
6,9 |
- |
2,2 |
4,6 |
0,1 | |
Батыс Қазақстан |
200 |
3,0 |
12,3 |
3,0 |
- |
3,2 |
1,9 |
- | |
Қызылорда |
44 |
10,6 |
60,2 |
8 |
- |
35,7 |
1,1 |
- | |
Қостанай |
265 |
46,4 |
41,7 |
32 |
- |
5,6 |
3,4 |
- | |
Маңғыстау |
37 |
17,2 |
53,8 |
1,3 |
- |
5,0 |
5,4 |
- | |
Павлодар |
167 |
202 |
238,4 |
152 |
- |
26,9 |
54,0 |
- | |
Солтүстік Қазақстан |
267 |
42,7 |
39,5 |
25,6 |
- |
6,1 |
7,1 |
- | |
4 кесте жалғасы | |||||||||
Оңтүстік Қазақстан |
84 |
0,9 |
19,2 |
2,8 |
- |
2,3 |
1,0 |
- | |
Астана |
56 |
20 |
21,5 |
13,8 |
- |
1,0 |
6,7 |
- |
Жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан бойынша 2921 зиянды заттектер шығаратын кәсіпорындарынан атмосфераға шығатын ластаушы заттардың көптеп шығатынын байқауға болады. Ең лас қалаларға Шығыс Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қарағандыны жатқызуға болады. Ал ең таза Маңғыстау, Қызылорда, Астана қалаларын атап өтуге болады.
Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттегінің саны 2000-ға жуық. Барлық ластағыш заттектер агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Газ тәріздес заттектер атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ын құрайды. Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде жыл сайын адамның іс-әрекеті салдарынан атмосфераға 25,5 млрд. т көмірек оксиді, 190 млн. т күкірт оксиді, 65 млн.т азот оксиді, 1,4 млн.т (хлорфторкөміртек), қорғасынның органикалық қосылыстары, көмірсутектер, соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын көмірсутектер таралады.
Ластағыштар табиғи және антропогендік бірінші реттік (тікелей ластану көздерінен шығатын түрлері) және трансформациялық екінші реттік (бірінші немесе екінші реттік химиялық реакциялар арқылы түзілетін түрлер) болып бөлінеді. Ластағыштардың көбі (пестицидтер, полихлорифенилдер, пластмассалар, беттік активті заттарға т.б.) табиғи жағдайда өте баяу ыдырайды, ал кейбір улы қосылыстар (сынап, қорғасын, т,б, ауыр металдар) мүлде залалсыздандырылмайды. Әр түрлі ластағыштардың табиғи ортаға түсуі бірқатар зардаптарға ұшыратады: ормандар мен өсімдіктердің өнімділігі азаяды, табиғи биогеоценоздың тұрақтылығы бұзылады, металдар, металл конструкциялары және сәулет ғимараттары коррозия процесінің нәтижесінде бүлінеді.
Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірістері ауаны газ тәрізді және қатты қоспалардан басқа жылу шығындыларымен, электр магнитті өрістермен ультракүлгін, инфрақызыл, жарық және радиоактивті сәулелермен, басқа да көптеген физикалық факторлармен ластайды.
Атмосферада тұрақты түрде химиялық құрамы және пайда болған жолдары әр түрлі шаң немесе тозаң деп аталатын қатты бөлшектер болады. Түтіннен оның айырмашылығы желсіз кезде шөгетіні болып табылады. Жылына атмосфераға шамамен 2 млрд. тонна шаң, оның ішінде 200-400 млн. т тегі антропогендік шаң. Атмосфералық шаңға отын жанғанда түзілетін, оттықтан шығарылған газдармен бірге негізінен ұсақ бөлшектер түрінде әкелінетін көміртектің сутекпен конгломератын, күйені, күлді жатқызуға болады. Күйе негізінде жоғары дисперсті, улылығы төмен, 90-95 % көміртек бөлшегінен тұратын қатты заттек. Күйенің адсорбциялық қабілеті өте жоғары болғандықтан, ауыр сутектерін, әсіресе бенз(а)пиренді өз бойына сіңіріп адамның денсаулығына қауіптілік тудырады. Аса қауіпті болып саналатын бөлшектердің диаметрі 2,5 мкм-ден төмен келеді, олар тыныс мүшелеріне оңай өтіп отырады. Төменде атмосфераға тасталатын кейбір қатты және сұйық қоспалар бөлшектерін сипаттайтын шамалар (мкм) келтірілген:
майлы тұман .......................
өнеркәсіп түтіні ......................
өнеркәсіп шаңы
.............................
тікелей булану ......................
Кейбір ластағыштардың орташа тәуліктік концентрациялары мен атмосфераның улылық жағдайының арасындағы әсерлік байланыс төмендегі кестеде келтірілген (5 кесте).
5 кесте
Атмосфераның
ластану деңгейі мен
Ауаны ластайтын негізгі заттектер |
Қауіптілік класы |
Ластағыштардың концентрациялары жоғарылаған (мг/м3) кездегі ауа бассейнінің жағдайы | ||
Қауіптілік туғызуы мүмкін |
Қауіпті |
Төтенше қауіпті | ||
Анорганикалық шаң |
IV |
0,15 |
0,75 |
3,75 |
Күкіртті газ |
III |
0,05 |
0,2 |
0,38 |
Азот оксиді |
II |
0,085 |
0,255 |
0,765 |
Көміртек оксиді |
IV |
3,0 |
5,0 |
25,0 |
Көмірсутектер |
IV |
1,5 |
7,5 |
37,5 |
Күйе |
III |
0,05 |
0,25 |
1,25 |
Фенол |
III |
0,01 |
0,04 |
0,16 |
Қорғасын |
I |
0,0007 |
0,00126 |
0,00224 |
Күкіртті сутек |
II |
0,008 |
0,024 |
0,072 |
Күкіртті көмірсутек |
II |
0,005 |
0,015 |
0,45 |
Аммиак |
ІV |
0,2 |
1,0 |
5,0 |
5 кесте жалғасы | ||||
Күкірт қышқылы |
II |
0,1 |
0,3 |
0,9 |
Тұз қышқылы |
ІІ |
0,2 |
0,6 |
1,8 |
Формальдегид |
ІІ |
0,012 |
0,036 |
0,108 |
Сынап |
І |
0,0003 |
0,00054 |
0,00096 |
Фтор қосылыстары |
ІІ |
0,005 |
0,015 |
0,045 |
Информация о работе Қарағанды мен жезқазан қалаларының ластану потенциалы