Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 14:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – атмосфера ауасының ластануын, ластану жолдарын және де ластану кезіндегі ауа-райын және т.б құбылыстарды анықтай отырып, зерттеу нысанының атмосферасының ластануын, сонымен қатар қоршаған ортаға өндірістік кәсіпорындардың және еріксіз кәсіпорындар сферасының әсер ету сипаты мен деңгейін анықтап, сипаттап көрсету болып табылады. Қандай да белгілі бір ортаға физикалық, химиялық және биологиялық сипаттағы жаңа заттардың түсуі немесе осы сипаттардың орташа көп жылдық деңгейінің өсуі ластану деп аталады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..........................................................................
1.1 Атмосфералық ауа, оның құрамы және мәні ...................................
1.2 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер..........................................
1.3 Ауа бассейні жағдайын бағалау.........................................................
1.4 Аэрозольді ластану..............................................................................
1.5 Фотохимиялық тұман..........................................................................
1.6 Ауа ластануының зардаптары............................................................
1.7 Автомобиль транспорты.....................................................................
1.8 Шаң.......................................................................................................
1.9 Қоршаған орта жағдайының мониторингісінің негізделуі..............
1.10 Экологиялық мониторинг..................................................................
1.11 Экологиялық аудит.............................................................................
1.11.1 Экологиялық аудит түрлері және оны жүргізу үшін негіздер.............................................................................................................
1.11.2 Экологиялық аудитті жүргізу.......................................................
1.11.3 Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктері..........
1.11.4 Экологиялық аудит экологиялық менеджменттің құрама бөлігі ретінде ..................................................................................................
1.11.5 Экологиялық сараптама және экологиялық аудит.................................................................................................................
1.11.6 Экологиялық аудит экологиялық бақылауда........................................................................................................
1.12 Атмосфера ластануын болжаудың негізгі принциптері туралы...
1.13 Ауа ластануын болжаудың физикалық негізі.................................
2 ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ...................................................................................
2.1 Қарағанды станциясының физико–географиялық сипаттамасы..................................................................................................
2.2 Жезқазған станциясының физико-географиялық сипаттамасы..................................................................................................
3 ҚАРАҒАНДЫ МЕН ЖЕЗҚАЗАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ ПОТЕНЦИАЛЫ............................................................................................
3.1 Қоршаған ортаның сапасы және табиғи ресурстардың жағдайы....
3.2 Қарағанды қаласының ластану жағдайы............................................
3.3 Қарағанды қаласының атмосферасының ластануына табиғи-климаттық әсер ететін факторлар.................................................................
3.4 Жезқазған қаласының ластану жағдайы............................................
3.5 Жезқазған қаласының атмосферасының ластануына табиғи-климаттық әсер ететін факторлар.................................................................
4 ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АТМОСФЕРАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ..........................
4.1 Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайын болжау......
4.2 Қалалардағы атмосфераның ластануының экстремалды жоғарғы деңгейін болжау..............................................................................................
4.3 Қарағанды және Жезқазған қалаларында тіркелген қоспалардың дамуындағы синоптикалық процестердің ролі............................................
4.4 Қарағанды станциясы және Жезқазған станциясы бойынша ластаушы заттардың таралуының синоптикалық шарттары......................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………….
МАЗМҰНЫ
б
КІРІСПЕ....................... |
6 |
|
8 |
1.1 Атмосфералық ауа, оның құрамы және мәні
.............................. |
8 |
1.2 Атмосфералық ауаны
ластаушы көздер............... |
8 |
1.3 Ауа бассейні жағдайын бағалау....................... |
20 |
1.4 Аэрозольді ластану............ |
25 |
1.5 Фотохимиялық тұман............ |
26 |
1.6 Ауа ластануының
зардаптары.................... |
27 |
1.7 Автомобиль транспорты......... |
27 |
1.8 Шаң........................... |
28 |
1.9 Қоршаған орта жағдайының мониторингісінің негізделуі.............. |
30 |
1.10 Экологиялық мониторинг.................... |
31 |
1.11 Экологиялық аудит......................... |
36 |
1.11.1 Экологиялық аудит түрлері және оны
жүргізу үшін негіздер...................... |
36 |
1.11.2 Экологиялық аудитті жүргізу....................... |
37 |
1.11.3 Міндетті экологиялық
аудитті жүргізудің |
39 |
1.11.4 Экологиялық аудит экологиялық менеджменттің
құрама бөлігі ретінде .............................. |
39 |
1.11.5 Экологиялық сараптама және экологиялық
аудит......................... |
40 |
1.11.6 Экологиялық аудит экологиялық бақылауда..................... |
40 |
1.12 Атмосфера ластануын болжаудың негізгі принциптері туралы... |
40 |
1.13 Ауа ластануын болжаудың
физикалық негізі.............. |
46 |
|
47 |
2.1 Қарағанды станциясының физико– |
47 |
2.2 Жезқазған станциясының физико |
48 |
|
50 |
3.1 Қоршаған ортаның сапасы және табиғи ресурстардың жағдайы.... |
50 |
3.2 Қарағанды қаласының ластану жағдайы....................... |
56 |
3.3 Қарағанды қаласының атмосферасының
ластануына табиғи-климаттық әсер
ететін факторлар..................... |
58 |
3.4 Жезқазған қаласының ластану жағдайы....................... |
60 |
3.5 Жезқазған қаласының атмосферасының
ластануына табиғи-климаттық әсер
ететін факторлар..................... |
62 |
4 Орталық Қазақстан облысының
атмосферасының ластануының синоптикалық
жағдайлары.................... |
72 |
4.1 Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайын болжау...... |
72 |
4.2 Қалалардағы атмосфераның ластануының
экстремалды жоғарғы деңгейін болжау........................ |
73 |
4.3 Қарағанды және Жезқазған қалаларында
тіркелген қоспалардың дамуындағы синоптикалық
процестердің ролі.......................... |
77 |
4.4 Қарағанды станциясы және Жезқазған станциясы бойынша ластаушы заттардың таралуының синоптикалық шарттары...................... |
80 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
83 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................ |
84 |
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………… |
85 |
КІРІСПЕ
Зерттеу нысаны – Орталық Қазақстан облысы, Қарағанды және Жезқазған қалалары.
Курстық жұмыстың мақсаты – атмосфера ауасының ластануын, ластану жолдарын және де ластану кезіндегі ауа-райын және т.б құбылыстарды анықтай отырып, зерттеу нысанының атмосферасының ластануын, сонымен қатар қоршаған ортаға өндірістік кәсіпорындардың және еріксіз кәсіпорындар сферасының әсер ету сипаты мен деңгейін анықтап, сипаттап көрсету болып табылады.
Қандай да белгілі бір ортаға физикалық, химиялық және биологиялық сипаттағы жаңа заттардың түсуі немесе осы сипаттардың орташа көп жылдық деңгейінің өсуі ластану деп аталады.
Экологияның ластануы деген мағына тура немесе жанама жолмен кіретін энергияның таралуын, радиацияның деңгейін, оның химиялық қасиетін және тірі ағзалардың өмір сүру жағдайының өзгеруімен, сонымен қатар антропогендік әсердің нәтижесінде қоршаған ортаның қолайсыз өзгерілуімен түсіндіріледі.
Атмосфера – биосфераның құрама бөлігі және жермен бірге айналатын оның газ тәрізді қабығы. Бұл қабық қатпарлы, әрбір қабаттың атауы және өзіне тән физика-химиялық ерекшеліктері бар. Шартты түрде атмосфераны екі үлкен құрама бөліктерге бөлу қабылданған: жоғарғы және төменгі. Бізді қызықтыратын тропосфера – атмосфераның төменгі бөлігі болып табылады, өйткені осында атмосфералық ауаның ластануына әсер ететін негізгі метеорологиялық құбылыстар жүріп жатады.
Адам өзінің даму сатысынан бері қоршаған ортамен тығыз байланыста болып келеді. Бірақ жоғары индустриалды қоғамның пайда болғанынан бастап адамның табиғатқа деген қауіпті араласуы күшейе бастады, бұл араласудың көлемі үлкейді, ол жан-жақты бола бастады және қазіргі таңда адам үшін дүниежүзілік қауіп төніп тұр. Шикізаттардың қайтып келмеген түрлері көбейіп келеді, көптеп жыртылған жерлер де экономикадан шыға бастады, осылай ол жерлерде қалалар мен зауыттар бой көтеруде. Планетаның тіршілік көзі бар бөлігінде адамның биосфера шаруашылығына араласу көлемі үлкейіп бара жатыр. Жердің биосферасы қазіргі таңда үлкейіп келе жатқан антропогендік әсерге душар болуда. Сонымен қатар, планетада экологиялық жағдайы жақсарып кете қоймайтын бірнеше процестерді атап көрсетуге болады.
Қалалардың қазіргі заман талабына сай экономикалық базасының дамуы концентрацияның, комбинациялаудың, өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік процестерінің интенсификациясының көбеюімен сәйкестенеді. Нәтижесінде көп қалдықты технологиямен сипатталатын өндірістің өсуі атмосфераның ластануына әкеліп соғады. Ластанудың масштабы: атмосфераға техногенді жылу энергиясының 8 Т вт/жыл түсуі өте маңызды. Бұл жер беті үшін жылу бөлінудің тығыздығының барлық жұтылатын күн энергиясының 0,016 % тең орташасын береді. Көмірқышқыл газының тастамы – 20 млрд. т/жыл (шамамен атмосфера құрамындағы 0,7% көмірқышқыл газы). Күкірттің қос тотығының тастамы – 200 млн. т/жыл (газ тәрізді қосынды түріндегі күкірттің атмосфераға табиғи түсуінен екі есе артық). Фреондардың тасталымы – 1 млн. т\жыл, табиғи көздерден түсуінен екі есе артық. Соңғы жүз жыл ішінде көмірқышқыл газының атмосфераға тастамы 20 есеге артты.
Қазіргі таңда қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттың болуы шаруашылықты дұрыс бағыттауға, әр түрлі табиғат қорларын рационалды қолдануға бағыттайды.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Атмосфералық ауа, оның құрамы және мәні
Атмосфера өз алдына жер шарының ауа қабатын көрсетеді. Оның вертикальды ұзындығы шамамен 20 000 м-ге жетеді. Атмосфераның жоғарғы шекарасы шартты, ауаның іздері үлкен биіктіктерде де байқалады (30 000-35 000 м). Атмосфера массасының шамамен 95 пайызы 20 000 м-ге дейінгі қабатында болады, ал 50 пайызы – 5 км-ге дейінгі қабатында болады.
Атмосфералық ауа - әр түрлі газдардың қоспасы болып табылады. Оның құрамында 78,08 пайыз азот, 20,95 пайыз оттегі, 0,93 пайыз аргон, 0,03 пайыз көмірқышқыл газы болады. Ал басқа газдардың үлесіне (неон, гелий, метан, ксенон, рaдон және т.б.) 0,01 пайыздан келеді.
Жерде оттегісіз өмір жоқ. Ол жасыл өсімдіктердің өмір сүруінің қорегі болып табылады. Өсімдіктер фотосинтез кезінде су мен көмірқышқылды ыдырата отырып, көмірқышқылды бөліп шығарады.
Атмосфераға көмірқышқыл
газы тірі жандардың тыныс алуынан,
жанармайды жағудан, органикалық заттардың
езілуі мен ыдырауы нәтижесінде
түседі. Ауада көмірқышқыл газының
мөлшерден тыс көп болуы
Атмосфералық ауаның табиғат үшін мәні үлкен және әр түрлі. Ол тыныс алу үшін оттегінің және фотосинтез үшін көмірқышқылдың көзі болып табылады. Тірі жандарды зиянды химиялық шағылудан сақтайды. Жер жылуының сақталуына әсер етеді және климатты реттейді [1].
1.2 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер
Тропосферада космостық және антропогендік шаңның, су буының, оттегінің және инертті газдардың көп бөлігі бар. Ол өзінен өтетін қысқа толқынды күн радиациясы үшін мөлдір болып табылады. Сонымен бірге, мұндағы су буы, көмірқышқыл және озон (қысқатолқынды сәулеленулер) біздің планетамыздың жылулық (ұзынтолқынды) сәулеленуін қатты жұтады, осының нәтижесінде тропосфера жылынады. Бұл жылыну ауа ағындарының вертикалды таралуының, су буының конденсациясының, бұлттардың пайда болуы мен жауын-шашын түсуінің бірден-бір себебі болып табылады. Тропосферада температура әрбір 100 м биіктікте 0,5-тен 0,6 0С дейін төмендейтіні анықталған. Температураның атмосфераның жерге жақын қабатында таралуы климат пен оның сипаттамаларының қалыптасуының маңызды себебі болып табылады [2].
Табиғаттағы кейбір газ тәрізді заттардың - күкірт диоксидінің, күкіртсутектің, аммиактың, көмірсулардың, көмір оксидінің, көмір диоксидінің табиғи және антропогендік бөлініп шығуын қарастырайық. (1 кесте).
1 кесте
Кейбір газ тәрізді заттардың ауаға бөлініп шығуы (106 т/тәулік)
Зат |
Көздер | |
табиғи |
антропогендік | |
Күкірт диоксиді |
- |
0,4 |
Күкіртсутек |
0,3 |
0,01 |
Аммиак |
2 |
0,2 |
Көмірсулар |
3 |
0,01 |
Көмір оксиді |
2 |
0,2 |
Көмір диоксиді |
10 |
1 |
Келтірілген кестеге сәйкес, табиғи көздер зиянды заттарды көбірек бөліп шығарады, солай бола тұрса да, ең қауіптісі – антропогендік бөліп шығару. Бұл антропогендік текті зиянды заттар адамның өмір сүру аймағында жиналуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, табиғат жағдайларында бұрын болмаған спецификалық зиянды заттар қазіргі уақытта атмосфера ауасының құрама бөлігі, оның микроэлементтері болып отыр.
Ластаушы заттар әртүрлі ортаға мысалы, атмосфераға, суға, топыраққа түсуі мүмкін. Атмосфераға түскен ластаушы заттар су мен топырақтың аймақтық қана емес, әлемдік масштабта ластануының негізгі көздері болып табылады.
Өндірістің қарқынды дамуымен және көп мөлшерде жанармайды жағудың нәтижесінде атмосферада көмірқышқыл газының жиналуы күрт өсті. Академик А.П. Виноградов егер де атмосферада көмірқышқыл газы жыл сайын 0,2 пайызға өсетінін көрсетті. Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әректеті нәтижесінде ластанады (1 сурет). Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты [3].
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар, атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостық шаң түсіп отырады.
Табиғи шаң да жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігінде жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-6-10-5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.
Табиғи шаң бөліктерінің тегі минералды (органикалық емес), органикалық және космостық болады. Желге мүжілудің және таутектілердің бұзылуы, вулкандардың атылуы, ормандық, далалық және торфтық өрттер, теңіз бетінен булану минералды шаңның көзі болып табылды. Органикалық шаң ауада атмосферада өмір сүретін организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтардың спорлары, өсімдіктердің тозаңдары және т.б.) – аэропланктондар мен өсімдіктер мен жануарлардың шіруі, ашу және ыдырауының нәтижесіндегі өнімдермен ұсынылады. Космостық шаң атмосферада жанған метеориттердің өткен кезіндегі қалдықтарынан пайда болады.
Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.
Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.
Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектердің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.
Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаудың атқылауы нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997 ж) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды. Жанартау атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік активтілігі жоғары химиялық ластағыштар – сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынандай негізгі түрлерге бөліп көрсетуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су қалдықтары, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагниттік өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар, мұнай өңдеуші өнеркәсіптері, тыңайтқыш өндіру орындары және т.б. (2 кесте). Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.
Информация о работе Қарағанды мен жезқазан қалаларының ластану потенциалы