Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 20:35, курсовая работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады. Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.
КІРІСПЕ
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Төлем жүйесінің технологияларына сараптама жасаған кезде банкілік есеп айырысу мен төлем құжатының жоқ болуы себебі, осы технология мен ұйымдастырудың артықшылығы мен кемшілігі анықталады. Олардың төлем жүргізудегі тиімділік дәрежесін анықтау үшін реквизиттер құрамы, клиенттердің банкілік есепшоты мен төлем құжаттары қажет. Сондықтан сараптау кезінде электронды технология негізгі фактор ретінде қарастырылады.
Бөлшек төлем жүйелерінің ішінде жиі қолданылатыны – халықаралық Visa және Europay жүйелері. Слип бұл да төлем құжаты, бірақ оның форматы басқаша. Бұл формат слип басылымы әрекетінің өзгеше болуынан пайда болған. Қазіргі таңда слип касса чегіне ұқсас болып келеді, себебі карточкалық жүйе электронды технологияға көшіп, ол компьютерлік жолы бар жаңа кассалық ақпараттарда басылып шығады.
Төлем тапсырмасының форматы Ұлтық банк жүйесі бойынша нақты тіркелген болса, онда бұл халықаралық есеп айырысуда да болмайды. Ол жерде әр банк форматты өздігінше құра алады. Сонымен қатар кейбір клиенттер үшін үш банк бәсекелестік күресте төлем тапсырысын кез келген түрде қабылдайды. Олар үшін ең негізгісі өздерінің арнайы реквизиттар құрамының болуы.
Халықаралық есеп айырысуда клиенттердің төлем тапсырысы клиент пен банк арасындағы қарым-қатынасты тіркеу үшін, яғни жүйеге қатысушылар керек. Алдағы уақытта қатысушы-банк клиенттің төлем ережесін SWIFT форматы бойынша электрондық жүйеге көшірді. SWIFT хабарламасы сырт көзге қарағанда клиент тапсырысынан мүлдем басқа. Бұл хабарлама электронды бейнені банкаралық каналдарға таратудың нысаны, операциялық бағдарламаларды өңдеуші және төлем өткізудің негізі болады.
Карточканың иесі банкомат арқылы қолма-қол ақша алуды жүзеге асырғанда, ол картаны салады да, төлем ережесін банкомат клавиатурасы бойынша, дисплейдегі нұсқаулар бойынша жүзеге асырады. Іс-әрекетті жүзеге асырған кезде, банкоматтың карточкалық есеп реквизиттері мен әрекет жасалған соманы көрсететін чекті басып шығарады. Чек алғашқы төлем құжаты болып табылмайды, оны банкілік есептің қорытындысы деп айтқан дұрыс. Оның басылымы міндетті емес, ол клиенттің іс-әрекет жасаудағы есебін сақтау үшін қолайлы. Мұндай жағдай сауда орындарында да кездеседі, мысалы, сатушыға қол қоятын слиптің орнына пин-код енгізу үшін клавиатурасы бар құрал береді [30;88-96].
Төлемді желілік ақшамен жүзеге асырғанда төлеуші өзінің төлем тапсырысын әдеттегі жағдайда көре алмайды. Жүйенің операциялық бағдарламасы клиентке оның компьютерінде бірнеше шолу жасалған, яғни мазмұны банкоматтың дисплейіндегі бағдарлама сияқты образдарды көрсетеді. Жалпы, шолу жасалған образ форматын төлем құжаты деп тануға болады. Егер оны қағазға басып шығаратын болсақ, ол дәстүрлі төлем тапсырысындағы бухгалтерлік есеп айырысу сияқты болады. Бірақ, банкоматтағы чек секілді жүйе үшін міндетті болып табылмайды. Электрондық жүйе негізінде төлеуші мен алушы өздерінің чиптік карталарын арнайы құрылғыларға қояды. Бұл құрылғының клавиатурасында төлеуші пин- код пен төлем сомасын тереді де, оны клавишті ұзақ басып тұру арқылы акцептейді. Бұл жағдайда ешқандай төлем құжаттары талап етілмейді, барлық төлем нұсқаулары мониторда орындалады. Құрылғыға әр іс-әрекетті жадында сақтау қажет емес, тек ақшанаы бір картадан екінші картаға ауыстырудың бір рет қана жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек.
Электронды технология кең тарағанға дейін, қағаз құжат төлем нұсқауларын төлеуші банк пен қызметкер үшін тиімді тасымалдаушы ретінде қолданды. Ол сонымен қатар төлеушінің акцептін тіркеуге, сондай-ақ акцепті банк қызметкерлері тарапынан бақылап, отыруға қолайлы. Қағаз және төлем құжатының қатаң формалары төлеушіден төлем жүргізудің бастапқы әрекеттерін жүзеге асырғанда ұқыпты болуды талап етеді. Қағаз құжат қолмен өңдеу жұмысын жеңілдетіп, төлемнің нақты әрі тез жүзеге асуына негіз болады.
Төлем құжаттары электронды технологияға негізделген жүйелерде емес, дәстүрлі қағаз құжат айналымын автоматтандыруда қолданылады.
Төлем нұсқауларын электрондық жүйеде қалыптастыру нұсқауларды енгізетін клавиатурасымен бақылау үшін дисплейі бар арнайы құрылғылар көмегімен жүзеге асады. Клавиатура мен дисплей көп қызметті және қарапайым болады. Төлем реквизиттері электронды құрылғылардың жадында сақталады.
Клиентке өзіндік жұмыс жасау үшін аз ғана мүмкіндік беріледі. Барлық төлем нұсқаулары толығымен қалыптасып болғандықтан, клиент нұсқаулары стандартталғандардың ішінен таңдайды. Төлемші, алушы және қатысушы-банкілердің барлық реквизиттері алдын ала электронды құрылғыларға енгізіліп, автоматты түрде шығарылады. Әдете, клавиатурамен тек төлем сомасын теру ғана жеткілікті. Осы электронды құрылғылардың көмегімен төлеушінің акцепті тіркеледі. Акцепті тіркеудің әр түрлі тәсілдері төменде беріледі.
Қалыптасқан тізім мен төлем жадына енгізілген реквизиттерді қолдану төлем нұсқауларын дұрыс құруға негіз болады. Олар бірден электронды формада құрылады да, клиенттің алғашқы төлем нұсқасын қайта қарап, қайталап енгізуден сақтайды. Электронды құжат айналымы төлем құжаттарын бастапқы өңдеуде, төлемді дұрыс жүргізуде қолмен өңдеудегі қағаз құжатқа қарағанда үлкен мүмкіндік береді. Электронды құжат қазіргі уақытта төлемді жүзеге асырудың алғашқысы болып табылады [27; 69-78].
Банкілік сараптау мен төлем жүргізудің кең таралған жүйесінде электронды құжат қолданылады. Мұндай тәртіп, мысалы, төлемді пластикалық картамен жүзеге асыратын жүйеге, чектер арнайы магниттік сиямен толтырылатын чектік төлем жүйесіне, SWIFT жүйесі мен клиенттің банкілік төлем тапсырмасымен шектелетін Ресей банкіне тән.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар төмендегідей нәтиже жасауға мүмкіндік береді. Төлем құжаты мен банкілік шоттың есебін тиімді жүзеге асыруды талдау қорытындысы кестеде жалпы түрде көрсетілген (16 кесте):
Кесте 16 – төлем құжаты мен банкілік есепшоттың тиімділігі
Төлем құжаты |
Банкілік есепшот |
Мамандардан шығатын қажетті қолма-қол сома | |
Тіркеудің нақтылығын, өңдеудің тиімділігін және қабылдаудың ыңғайлылығын қажет етеді | |
Төлем нұсқаулардың акцепті |
Төлемдер, төлем нұсқауларын орындаудағы есеп беру |
Тәжірибе мен технологияға қарсы | |
Банкомат жұмыстары, алдын ала төленген карталар жүйесі, интернет желісіндегі электронды ақша мен электронды қолма-қол ақша |
Жедел ақша аудару жүйесі, интернет жүйесінде электронды қолма-қол ақша аудару жүйесі. |
Қарама-қайшылық материалды тасымалдаушының трансформациясы арқылы ашылады | |
Дәстүрлі қағаздың жағымды жақтары қарапайым тұлғаларды қабылдау үшін қолданылған |
Жаңа электрондық жүйенің жағымды жақтары жедел өңдеу мен төлем өткізуді, акцептік бақылауды жеделдетеді |
Металдарды тасымалдаушының өзгеру тенденциясы | |
Өңдеу ұсталымдарының электронды құжатқа көшуі – электронды негіз және қағаз көмекші |
Өңдеу ұсталымдарының төмендеуі және төлем жүргізуі. Бір электронды құжатқа төлем құжаты мен банк есебінің бірігуі |
Фактілер | |
Компьютердің көмегімен қағаз тасымалдаушыда құжаттарды басуды қалыптастыру. Электронды-цифрлы қол қоюды заңды тұрғыдан қарастыру. Жаңа электрондық жүйенің таралуы және дәстүрлі жуйе позициясының жоғалуы |
Төлем тізілімі мен жалпы есеп жүйесінде корреспонденттік есепшот бойынша көшірменің бірігуі, жедел ақша аудару мен электронды ақша аудару мен төлем құжаты негізінде өткізілген төлемдерге есеп беруі |
Клиенттің төлем құжаты банкомат арқылы қолма-қол ақша алуда, электрондық жүйе мен интернетте болмайды.
Бұл жүйенің технологисы автоматтандырылған күннің өзінде, төлем құжаты міндетті түрде төлем жүйесі мен банк-клиент қарым-қатынасының дәстүрлі формасында қолданылады.Төлемқұжатының банк-клиент қатынасы электронды технологиялар жүйесінде қолданылмайды.
Бастапқы төлем құжатының негізгі қызметі – төлемнің барлық реквизиттері мен төлеуші акцептінің дұрыс тіркелуін қамтамасыз ету. Бұл қызметтерді электронды технология негізінде жүзеге асыруға болады.
Дәстүрлі төлем құжатынсыз электрондық жүйелер электрондық құжат негізінде нақты уақытта төлемдерді тез әрі нақты жүзеге өткізеді.
Төлем құжаты төлем негізі ретінде банкаралық корреспонденттік қатынаста қолданылады. Төлем тізілімі төлемші-банкінің төлем нұсқауларын тіркеу үшін қажет. Тізілімнің электронды түрі электрондық өңдеу мен банкаралық төлемдерді өткізуге негіз болады.
Дәстүрлі төлем жүйесінде клиент төлемдерді тізілім мен корреспонденттік шот бойынша көшірмелерге арнайы орындар бөледі.
Жалпы төлемдер жүйесінде біріккен құжат айналымы жүзеге асады. Тізілім төлемдер негізі ретінде өткізілген төлемдер туралы корреспонденттік шот есебінің көрінісі болып табылады. Клиенттік төлемдердің барлық реквизиттері біріңғай электронды құрылғыларға түсетін ауырлықты азайтады.
Western Union ақша аудару жүйесі, пошталық ақша аударулар, Ресей Жинақ банкінің ақша аудару жүйесі, Ресей жинақ төлемдер жүйесі, алдын ала төленген карта мен электронды қолма-қол ақшаға негізделген жүйе клиент-банкінің есепшотын қажет етпейді.
Банкілік есепшот ашуда тәжірибесі бар төлем жүйелері клиент тарапынан уақытша есепшот ашуға қатысушылардың санын көбейтті.
Технологиялық жағынан дамыған төлем жүйелері банкілік есепшот ашудағы іс-әрекеттерді жеңілдетіп, интернет арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз төлемдердің бірден бір қағидасы – төлеушінің төлемді жүргізуге кесімін беруі. Акцепті куәландыру амалы төлем құжатын банкіге көрсетумен анықталады. Электронды құжаттағы жүйеде электронды-цифрлы кодтың алуан түрі қолданылады. Электронды қол төлем құжаты негізінде қағаз құжатқа басылғанда сандардың жеке-жеке жазылуы түрінде сипатталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаржы жүйесінің тиімді қызмет етуі республикадағы төлем жүйелерінің дамуы мен тұрақтылығына байланысты. Соңғы жылдары Қазақстан Ұлттық төлем жүйесінде күрделі оң өзгерістер болды. Олардың ең бастылары:
Қазіргі уақытта Қазақстан төлем жүйесі ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда алдыңғы орында тұр. Сонымен қатар төлем жүйесіндегі стратегиялық талапты анықтап, оларға қол жеткізуге тырысу керек. Ұлттық төлем жүйесін модернизациялау Қазақстанның банкілік секторын дамытудың жалпы стратегиялық мүмкіншіліктері мен банкінің төлем жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келуі керек.
Қазақстан төлем жүйесінің тиімді моделі мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
Сонымен қатар модернизацияланған төлем жүйесінде овердрафт пен күндізгі кредит міндетті түрде болуы керек.
Ұлттық төлем жүйесін дамытудың негізі тенденцияларын анықтауда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімді формаларын құру туралы мәселені де қарастыру керек. Нарықтық экономикада төлем құралдарының алуан түрі бар. Төлем құралдары дегеніміз – ақшаны бір клиенттің шотынан екіншісінің шотына аудару туралы банкіге берілген электронды немесе қағаз жүзіндегі тапсырма.
Қазіргі кезде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі төлем құралы төлем тапсырмасымен есеп айырысуды (аз мөлшерде болса да төлем талаптарымен немесе есеп айырысудағы) инкассомен жүзеге асыру болып табылады. Чек және заңды тұлғалардың көпшілігі есеп айырысуды қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан төлем карточкалары арқылы жүзеге асырады. Сондықтан төлем карточкаларын есеп айырысу мен төлем қатынастарына енгізуді дұрыс жолға қою керек.
Төлемдерді чек арқылы жүзеге асырудың формасын дамыту үшін чектерді қабылдау ережесіне, қағаз бен баспа сапасына, сонымен қатар клирингілік жүйе арқылы чектің өтуі үшін талап етілетін уақыт мерзімін тексеруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Сондай-ақ жалпы жарнамалық компания арқылы чекке сенімді төлем құралы ретінде жарнама жасау, белгілі сома мөлшерінде чекпен төлемді кепілдендіру туралы банкіге ұсыныстар жасау, есепшоттағы ақшаға кішігірім мөлшерде пайыздық үстеме қосу арқылы өздеріне клиенттерді тарту қажет.
Төлем карточкалары қызметінің бөлшек нарығын дамытудағы басты бағыт – «Тенгри-карт» микропроцессингілік технология ірі және ұсақ төлемдерді жүзеге асыру үшін өз карточкаларын қолдануға мүмкіншілік береді. Микропроцесингілік технология арқылы жүзеге асырылатын ірі төлемдер 80 %-ды құрайды. Мұндай жүйе құрудың ең негізгісі – маңызды әрі ірі көлемдегі қолма-қол ақша айналымын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түріне алмастыру болып табылады. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін салықтар түсімін көбейтуге, коммерциялық кәсіпорындардың сауда айналымдарын заңдастыруға, қолма-қол ақшаның жасырын айналымын қысқартуға мүмкіндік жасайды. Орталықтанбаған төлем жүйесін құру жобаның негізін қалаған маңызды идея болып табылады. Мұндағы мақсат – карточка иесінің кең көлемді бірегей инфрақұрылымын жасау, яғни банкілер Ұлттық банкаралық төлем жүйесін құру үшін әрбір банкінің инвестициясын қысқартуға мүмкіншілік береді.
Төлем жүйесін дамытудағы басты мақсат – төлем жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық база құру. Мұндағы міндеттер:
Төлем жүйесінің құқықтық базасының негізгі элементтері: төлем жүйесі мен банкілердің қызметін бақылауға құқығы бар реттеуші орган, қызметпен қамтамасыз ететін немесе менеджер болып табылатын және де төлемдерді жүзеге асыратын ұйымдар, төлем жүйесіне тікелей немесе жанама қатысушылар, жүйені жанама қолданушылар (банкілік мекеменің клиенттері болып табылатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар).
Төлем жүйесіне қатысты заңдар заңдар жеткілікті деңгейде тәуелсіз болғаны дұрыс, себебі клиенттер банк тарапынан көрсетілген қызметтер мен берілетін ұсыныстардан ешқандай қолайсыздықты сезінбеуі керек. Сонымен қатар бұл заңдар ішкі банкілік тәртіп пен процестерде, төлем жүйесінің операциясы мен функциясында аудит жүргізуге мүмкіндік береді. Компьютерлік операция, желі және жүйеге кіруде кеткен қателіктермен бірге банк пен клиенттер арасындағы қаржылық даулар да жиі кездесетін заң бұзушылықтарға жатады.
Құқықтық қатынастар жүйесін дайындауда клиенттерді қорғау үшін де шаралар жүргізуі керек, яғни операциялық мүмкіндіктің жоқ болуы себепті, делдалдар төлем қызметінде клиентке ақша аударуда туындайтын кірістерден пайда табуға тырысады. Заңды базаның негізінде әр түрлі төлем механизмдерінің жекелеген түрлеріне «ойын ережесін», төлем операциясы кезінде ақшаларды жіберуші мен алушылардың рөлін ойнайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің, төлемдерді жүзеге асыратын делдалдардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге болады. Төлем жүйесінің жалпы нормативтік базасы Қазақстан Республикасы территориясында чектер мен вексельдердің айналымын реттейтін ережелерді қоспағанда, басқа қызметтерде де қолданылады. Бұл құжаттардың толығымен жете зерттелмеуі құралдарды енгізуге кедергі жасауда. Аталған құралдар тиімді айналысқа ену үшін олардың ережелеріне қосымша кепілдеме немесе ұсыныс дайындау керек.
Информация о работе Қр төлем жүйесі және оның даму тенденциялары