Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 20:35, курсовая работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады. Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.
КІРІСПЕ
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі уақытта төлем жүйесі арқылы төлем жүргізу мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру кезіндегі уақытша кідірістер жойылған.Төлем жүгізу қауіпсіздігі мен тиімділігінің жоғарылауына байланысты Қазақстанның төлем жүйесі екінші деңгейлі банкілерден, банкілік емес ұйымдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден қолдау табуда.
Мен осы жалпы Төлем жүйесі және оның Қазақстандағы даму тенденциялары тақырыбын қорытындылай кетсем,отандық экономистер осы төлем жүйелеріндегі мәселелерге қатты көңіл бөліп отыр. Алайда, олардың қалыптасуы жағынан айырмашылық өте көп, ол уақыт және зерттеумен түсіндіріледі. 1990 жылдан бастап отандық экономистер қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысты ұстанымдарды өзекті ендіре түсті. Сол кезден бастап төлем жүйелерін ұйымдастыру мен технологиялары, ұстанымдарды қалыптастыруға көмегін тигізген құрылғылар да өзгере бастады.
Сонымен қатар төлем жүйесін жүргізуге көп септігін тигізетіндер, яғни төлем жүйелерінің қатысушыларын да атап өтсем.
Төлем жүйесіне қатысушылар – көбіне коммерциялық банкілер. Жүйе операторлары қызмет көрсетулерді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банкілер сияқты тарта алмайды. Оларда төлем қызметтерінің жалпы қамтылымы ыңғайлы емес және клиенттердің талаптарына сай келмейді. Көптеген қатысушы-банкілер клиенттерге қызмет көрсету жағынан бәсекелесе отырып,бірнеше төлем жүйелеріне қатыса алады.
Сондай-ақ мен Қазақстан төлем жүйесіндегі төлемдер ағынына қысқаша тоқталып өтетін болсам, бөлімде 2005,2006 және 2007 жылдар аралығындағы төлемдер ағынын көрсетіп өттім және оларды қысқаша сипаттап кетсем.
Жалпы алғанда 2005 жылы ел экономикасының дамуына үлес қосқан қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер саны мен көлемінің айтарлықтай өсуі байқалды. Мәселен, 2005 жылдың І тоқсанында БААЖ мен банаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 1 646,1 мың трансакция құрап, сомасы 9 379,2 мың теңгеге жетті.
Ал,2006 жыл ел экономикасын дамытудың жағымды үрдістеріне негізделген. Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер санының және көлемінің одан әрі ұлғаюы байқалды.
2006 жылы І тоқсанында Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) мен Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 6 003,7 мың трансакция құрап, сомасы 17 098,7 мрд. Теңгеге жетті. 2005 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 28,8 %,-ға ал төлемдер сомасы 77,2 %-ға артқан. Бұл ретте, БААЖ арқылы жасалған төлемдерге 2006 жылдың І тоқсанында еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 32,2 %-ы, ал төлемдер көлемінің 97,8 %-ы келеді. Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемдер санының 67,8 %-ы, ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің 2,2 % -ы келеді.
Жалпы алғанда Қазақстан төлем жүйелері арқылы 2007 жылы І тоқсанда 39,1 трл.теңге (313,4 млрд.$) сомаға 5,4 млн. трансакция жүргізілді. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төлемдер сомасы 2,3 есе (22,0 трлн. теңге) ұлғайғанда, төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 10,9 %-ға (658,7 мың трансакция) төмендеді.
Соңғы кезге дейін интернет-төлем жүйелерінің дамуы туралы пікірталастар тек іскерлік одақтастықтар аясымен ғана шектелетін. Жалақы төлемдерінің қолма-қол ақшадан жиро-трансферттерге өтуі, кредиттік карталарды енгізу, халықаралық төлем жүйелерінің пайда болуы немесе банкоматтық желілердің таралуы сияқты жаңашылдықтар ғылым аясынан тыс қалды. Сауда нүктелерінде электрондық төлем жүйелерін, атап айтқанда дебеттік карталарды пайдаланумен төлемдерге, әсіресе электрондық әмияндарды енгізуге үлкен көңіл аударылды. Бірақ осы мәселелердің біреуін де жаңа интернет-төлем жүйелерінің дамуына арналған мәселелермен салыстыруға болмайды.
Мен осы тақырып бойынша қорытындылай кетсем алдағы уақытта Қазақстан Республикасының төлем жүйесі қарқынды дамиды деп ойлаймын.
Ақша аударымдарының қызмет етуін реттейтін заңнаманың негізгі қағи даларын анықтау үшін төлемдер саласында жаңа халықаралық заңнама мен осы заңнаманың салыстырмалы-құқықтық нормативтеріне зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ақша аудару саласында құқықтық бос кеңістік төлем жүйесінің өсуі немесе дамуына кедергі келтіреді, ал бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикасына төлемдердің түсуін қиындатып жіберуі мүмкін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2004 ж.
Информация о работе Қр төлем жүйесі және оның даму тенденциялары