Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 20:35, курсовая работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады. Өздерінің іскерлік міндеттерінің орындалуы үшін экономикалық процестің барлық қатысушылары қолма-қол ақшаларды пайдаланады. Көп көлемді қолма-қол ақшаны ұстап тұру мақсатты емес, сонымен бірге қолма-қол ақша төлемнің ыңғайлы құралы болып табылмайды. Осыған байланысты төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс.
КІРІСПЕ
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ұсынылған төлем құралдарынның жалпы санының көбеюі негізінен төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар санының 17 млн. трансакцияға өсуіне себепші болды. Бұл ретте төлемдер көлемінің көбеюі негізінен төлем тапсырмаларын пайдалана отырып жасалған төлемдер көлемінің 23 трл. теңгеге өсуімен байланысты болды [23;36-45].
Төлем тапсырмалары және төлем карточкалары, бұрынғысынша Қазақстанның аумағында барынша тартылған болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2006 жылы 2,2 млн. теңге болды және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49,1%-ға ұлғайды. Төлем карточкаларын пайдаланған кезде бір трансакцияның орташа сомасы 2006 жылы 18,6 мың теңге болды. Сонымен қатар, төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының үлес салмағының жоғары және төлемдер көлемі бойынша төмен болуы осы төлем құралынын негізінен қолма-қол ақша алу үшін пайдаланумен сипатталады..
Басқа төлем құралдарына тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуға арналған чектер, банк шоттарын және орындалған аккредитивтерді тікелей дебеттеу кіреді. Көрсетілген төлем құралдарының санының 81,5 %-ға өсуі негізінен банк шотын тікелей дебеттеуді пайдаланудың ұлғаюы себепші болды.
Тұтастай алғанда Қазақстан төлем жүйелері арқылы 2007 жылы І тоқсанда 39,1 трл.теңге (313,4 млрд.$) сомаға 5,4 млн. трансакция жүргізілді. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төлемдер сомасы 2,3 есе (22,0 трлн. теңге) ұлғайғанда, төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 10,9 %-ға (658,7 мың трансакция) төмендеді.
Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ): 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БААЖ-да 48 пайдаланушы тіркелді.
2007 жылы І тоқсанында барлығы БААЖ арқылы 38,7 трлн.теңге (309,7 млрд.$) сомаға 1,9 млн. трансакция жүзеге асырылды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төлемдер саны 4,3 %-ға қысқарды, бұл ретте төлемдер сомасы 2,3 есеге ұлғайды. Төлемдер санының аздап қысқарып, олардың елеулі өсуі БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасының 2,4 есе 20,8 млн. теңгеге дейін іріленумен сипатталды.
Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2007 жылғы І тоқсанда 633,8 млрд.теңге сомаға 30,5 мың трансакция өтті, бұл 2006 жылғы осы кезеңдегі деңгейден саны бойынша 1,9 мың трансакцияға (5,9 %) аз, бірақ 355,0 млрд. теңге (2,3 есе) сома бойынша көп.
2007 жылғы І тоқсанда байқалған
БААЖ-дағы төлемдер сомасының
өсуі 2006 жылғы І тоқсанмен
БААЖ, елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі арқылы неғұрлым ірі және басымдағы жоғары төлемдердің өтуі осы жүйеге қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы сомасының ең көп үлесінің тиесілі болуына мүмкіндік береді. Мәселен, 2007 жылы І тоқсанда БААЖ арқылы елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 98,8 % және олардың жалпы санының 34,6 % (10 кесте).
Кесте 10 – банкаралық ақша аударымдар жүйесіндегі төлемдер көлемі
Айы |
2006 ж.І тоқсан |
2007 ж. І тоқсан | ||
Саны (мың тр.) |
Сомасы (млрд. теңге) |
Саны (мың тр.) |
Сомасы (млрд. теңге) | |
Қаңтар |
477 |
4397,8 |
5,2 |
100,5 |
Ақпан |
732,1 |
5515,9 |
15,6 |
90,5 |
Наурыз |
75,3 |
6815 |
9,7 |
123,3 |
І тоқсан |
1944,4 |
16728,8 |
30,5 |
313,4 |
Банкаралық клиринг жүйесі: 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚБЕО Банкаралық клирингіне 32 қатысушы тіркелді.
2007 жылғы І тоқсанындағы бөлшек төлемдер ағыны 461,5 млрд. теңге (3,7 млрд.$) сомаға 3,5 млн. құжат болды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 14,0 %-ға (574,2 мың құжатқа) қысқарды, бұл ретте төлемдер сомасы 24,7 %-ға (91,5 млрд. теңге) ұлғайды.Төлемдер санының төмендеуіне Ұлттық банк белгілеген клиринг жүйесіндегі бір төлемнің ең көп сомасының 3 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін ұлғаюы себепші болды.
Орташа алғанда бір күнде талданып отырған кезең үшін клиринг жүйесі арқылы 7,6 млрд. теңге сомаға 57,6 мың құжат өтті, бұл 2006 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден 10,5 мың. трансакцияға аз, бірақ төлемдер саны бойынша 1,4 млрд. теңгеге аз.
2007 жылғы І тоқсанда 2006 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда Банкаралық клирингтегі төлемдер көлемінің өзгеруіне бюджетке төлемдер және бюджеттен төлемдер көлемінің 49,1 %-ға, тауарлар және материалдық емес активтер үшін төлемдер 37,2 %-ға, көрсетілген қызмет үшін 42,1 %-ға өсуіне себепші болды. Көрсетілген төлемдер түрлерінің ұлғаю сомасы талданып тырған кезең үшін Банкаралық клирингтегі төлемдер көлемінің жалпы өсімінің 84,6 % болды [25;66-71].
Бұл ретте аз сомаға бөлшек төлемдер жүргізуге арналған Банкаралық клирингте барлық қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жартысынан астамы, олардың жалпы санының 65,4 %-ы өңделді, бұл елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 1,2 %-ын құрайды. Клиринг жүйесінің 20,8 мың теңге орташа сомасымен елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің барлық санының жартысынан астамын жүргізуі жүйенің ұсақ сомаларға арналған төлемдердің едәуір санын жүргізу қызметін орындағанын көрсетеді (11 кесте).
Кесте 11 – банкаралық клирингтегі төлемдер көлемі
Банкаралық клиринг
|
Көлемі (%-бен) |
Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлемдер |
49,1 % |
Тауарлар және материалдық емес активтер үшін төлемдер |
37,2 % |
Көрсетілген қызмет үшін |
42,1 % |
Төлем карточкалары: 2007 жылғы І тоқсанда төлем карточкалары нарығының одан әрі дамуы байқалады. Сонымен, 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларын екінші деңгейдегі 19 банк және «Қазпошта» АҚ шығарды.
Қазақстандық банктер және «Қазпошта» АҚ эмисссиялаған және таратқан төлем карточкаларының жалпы саны 2007 жылғы 1 сәуірде 4,40 млн. бірлік болды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңдегі деңгейден 26,1 % артық. Бұл ретте осы карточкаларды ұстаушылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,6 %-ға ұлғайып, 4,22 млн. адам болды. Бұрынғысыншы, елдегі ең танымал карточкалар халықаралық төлемі жүйелерінің Visa International және Europay International карточкалары болып табылады, олардың үлесі айналыстағы төлем карточкаларының және оларды ұстаушылардың жалпы санының тиісінше 95,5 % және 95,7 % болды. Жергілікті төлем жүйелері карточкаларының ішінен ең көп тарағаны Altyn Card карточкасы (үлесі–тиісінше 2,6 % және 2,4 %).
Қазақстандық эмитенттер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, жүргізілген трансакциялар көлемі 2007 жылы бірінші тоқсанда 370,3 млрд. теңге сомаға 18,9 млн. трансакция болды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда трансакциялар саны 36,7 %-ға , ал сомасы 53,4 %-ға ұлғайды.
Бұл ретте Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар саны 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда саны бойынша 34,2 %-ға және сомасы бойынша 48,4 %-ға ұлғайып, 325,1 млрд. теңге сомаға 16,4 млн. трансакция болды. Сонымен қатар Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауар және қызмет үшін қолма-қол жасалмайтын төлемдер 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда саны бойынша 56,0 және сомасы бойынша 2,0 есе ұлғайып, 45,2 млрд. теңге сомаға 2,4 млн. трансакция болды. Осылайша, қолма-қол ақшаны алу үшін негізінен Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану үрдісінің жалғасуына қарамастан соңғы уақытта қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың өсуімен салыстырғанда қолма-қол жасалмайтын төлемдердің басымдықпен өсуі байқалды (12 кесте).
Кесте 12 – 2007 жылғы І тоқсанындағы халықаралық және жергілікті жерлердің төлем карточкалары
Банктің атауы |
Жүйе |
Айналыста- ғы карточка -лар саны |
Қолма-қол жасалмай -тын төлемдер саны |
Қолма-қол ақшаны алу бойынша трансакция-лар саны | |
| |||||
«АСҚ Банк»АҚ |
VISA |
83784 |
55968 |
371682 | |
Europay |
8 |
- |
- | ||
«Тұран Әлем Банкі»АҚ |
VISA |
517162 |
197339 |
1831362 | |
Europay |
266939 |
41309 |
661617 | ||
«Банк Центр Кредит» АҚ |
VISA |
199003 |
75197 |
689531 | |
«Казкоммерцбанк»АҚ |
VISA |
409745 |
437440 |
1423451 | |
Europay |
276554 |
292262 |
1068696 | ||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ |
VISA |
1750010 |
904712 |
7203237 | |
Europay |
318718 |
133853 |
119797518 | ||
«АБН АМРО Банк Казахстан» ЕАБ ЖАҚ |
VISA |
59351 |
83774 |
285777 | |
Басқалары |
325909 |
153188 |
129657 | ||
|
4207183 |
2375042 |
15862985 |
| |||||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ |
Altyn |
116246 |
48338 |
355037 | |
«Банк Каспийский» АҚ |
Каспийский |
2542 |
919 |
61 | |
«Тұран Әлем Банкі»АҚ |
Smart Alem Card |
68 206 |
17965 |
196161 | |
«Ситибанк Казахстан» АҚ |
Ситикарт |
2437 |
1087 |
14694 | |
Басқалары |
8166 |
29 |
5650 | ||
Жергілікті карточкалар,барлығы |
197597 |
68338 |
571603 | ||
Жиынтығы |
4404780 |
2443380 |
16434588 |
2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі мынадай түрде берілген: Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 5702 сауда кәсіпорындары жұмыс істейді (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсімі – 46,5 %), олар төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған жабдықты 8026 сауда нүктелеріне орналастырды.Бұл ретте төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін 2716 банкомат ( өсімі 01,04,2006 ж. жағдаймен салыстырғанда – 50,4 % немесе 910 бірлік), 11790 pos-терминал (өсімі 58,6 % немесе 3858 бірлік) және 1202 импринтер (төмендеуі 14,6 % немесе 206 бірлік) пайдаланылды.
Кесте 13 – 2007 жылғы 1 сәуірдегі төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған жабық жөніндегі мәліметтер
Банктің атауы |
Рos-терминал- дар саны |
Имприн- терлер саны |
Банкомат- тар саны |
Ақы төлеуге төлем карточка -ларын қабылдай- тын кәсіпкер- лер саны |
«АСҚ Банк»АҚ |
579 |
84 |
63 |
329 |
«Банк Каспийский» АҚ |
112 |
2 |
6 |
23 |
«Тұран Әлем Банкі»АҚ |
1217 |
87 |
527 |
642 |
«Банк Центр Кредит» АҚ |
638 |
71 |
163 |
274 |
«Казкоммерцбанк»АҚ |
4875 |
427 |
604 |
2489 |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ |
2982 |
406 |
922 |
1406 |
«АБН АМРО Банк Казахстан» ЕАБ ЖАҚ |
13 |
4 |
19 |
1 |
Басқалары |
1374 |
121 |
412 |
565 |
Жиынтығы |
11790 |
1202 |
2716 |
5702 |
Басқа да төлем құралдары: 2007 жылғы І тоқсан үшін екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ 13–кестеде келтірілген төлем құралдарын пайдалана отырып, 18 935,5 млрд. теңге сомаға, саны 29 242,6 мың трансакция жүргізілді. Жалпы алғанда түрлі төлем құралдарын пайдалануды көбейту байқалады. Сонымен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда саны 29,1 %-ға, ал төлемдер сомасы 81,2 %-ға өсті (14 кесте)
Информация о работе Қр төлем жүйесі және оның даму тенденциялары