Нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің негізі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа

Краткое описание

Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ- ның Жамбыл филиалы болып отыр. Зерттеу көрсеткіштері ретінде 2006-2007 жылдардағы банк мәліметтері пайдаланылып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Турсынбаева.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынандай сипатта болуын қамту қажет:

  • кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуы тиіс;
  • кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыруы қажет;
  • кепілдің өтімділік дәрежесін  есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге ашлынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуы тиісті;
  • кепіл туралы келісім кепілдің амортизациясын немесе морльдық тозу жақтарын ескеру қажет. Себебі кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.

Кепілхат күрделі экономикалық құрал ретінде мына түрлерге бөлінеді:

Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген  болып бөлінеді. 

Екіншіден, ол шектеулі және шектеусіз болып бөлінеді. Шектеусіз  кепілхат бойынша оны беруші бір  қарыз  алушының барлық қарызын несие  берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы  кепілхат қамтамасыз етілмеген болып  келеді. Шектеулі кепілдеме – бұл нақты қарыз алушының несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіәлхаттың бұл түрлері біздің елімізде  дами алған жоқ болып табылады.

Үшіншіден жеке немесе корпоративтік  кепілхаттар. Жеке кепілхат  жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір корпорациялардың алған несиелерін қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады.  Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тәжірбиесінде кең қолданғанмен де біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, оллардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.

Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру болып табылады. Бұл енді біздің тәжірбиемізде кезінде қолданылғанмен де оның айналысында көптеген мәселелер орын алуда.

Несиелеу әдістері –  несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының  шеңберіне қатынасу тәсілдері болып  табылады.

Реформалауға дейінгі  кезеңдегі отандық банктік тәжірбиеде несиелеудің екі әдісі қолданылады:

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша.

Қазіргі банктік тәжірбиеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

  • айналым бойынша несиелеу әдістері;
  • қалдық бойынша несиелеу әдістері;
  • айналым-қалдықтық.

Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтілік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несиеге қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады [8, 91 б.].

Қалдық бойынша несиелеу барысында несиеге тауарлы-материалдық  құндылықтар және шығындар қалдықтарымен  өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды  өзінің қаржылай көздері есебінен сатып алу мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз те отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды. Несие бұл жағдайда тауарлы- материалдық құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірбиесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтамасыз етілсе, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толығымен құамтылады.

Айналым және қалдық бойынша  несиелеудің іс-жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдіс қалыптасады. Мұнда бірінші кезеңде  несиеге деген қажеттіліктің  туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезекте берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы материалдық құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңдерінде берілсе, , ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзіимді міндеттемелері негізінде өтеледі.

Шетелдік банктік тәжірбиеде несиелеудің келесі екі әдісі  бар: бірінші әдіс бойынша несиені  беру туралы мәселе әр алған сайын  қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие  қаражатқа деген белгілі бір  мақсатты қажеттілікті қанағаттандыруды беріледі. Бұл әдіс несиелердің нақты бір мерзімге, яғни мерзімді несиелерді беру барысында қолданылады.

Екнші әдіс барысында  несиелер қарыз алушы үшін банктің  алдын-ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға белгілі мерзім аралығында төлем құжаттарын төлеуге көрсету жолымен қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.

Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп  атайды.

Несиелік желі – келісілген лимит негізінде белгілі бір  мерзім ішінде қарыз алушыға несие  беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз алушы алдындағы міндеттемесі болып табылады.

Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз  алушының арасында жасалынған несиелік келісімшартқа сәйкес есеп айырысу  құжаттарын төлеуге болады.

Несиелік желінің жаңартылған және жаңартылмаған түрлері болады. Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желі барысында несие автоматты түрде қарыздың белгіленген лимит шегінде белгіленеді және өтеледі.

Жаңартылатын несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан  отандық, яғни ірі объектінің айналымы бойынша несиелеу  әдісне көбірек  ұқсастығы бар. Бірақ та олардың  арасында айырмашылықтар бар. Сөйтіп шетелдік банктер несиелік желіні тек бірінші кластық қарыз алушыларға ғана ашады, ал біздің коммерциялық банктерде ондай клиенттерді бөліп жатпайды [9, 78 б.].

Сонымен қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол сияқты өлшенбейтін төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол біршама маңызды болып табылады. Мұндай кемшіліктер жаңа коммерциялық банктер құрылымдарға несиелік желі  ашуға болмайды. Бірақ, мұндай клиенттерді несителеудің басты әдісі әр жекелеген несиелерді беру барысында қарапайым көзқараста болу болып табылады.

Несиелік портфелді  басқару саясаты несие саясатының тиімді ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Несиелеу саясаты жоғарыда айтқандай  несиелеудің механизміне тікелей  байланысты болып табылады.

Несиелеу механизмі  – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалсына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі  бұл несиені пайдалану  механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі  – бұл несиені ғылыми тұрғыдан тану механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Несиелеу процесі мына кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетті талдау;
  • несиелік келісімшаротты жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Несиелік қарызды қайтару  туралы қарастырылған варианттар бұл  процесті мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:

1. несиені толық қайтару;

2. несиені жартылай қайтару;

Қайтару жиілігіне қарай:

1. бірден қайтару;

2. несиені бөліп-бөліп  қайтару;

Қайтарудың жүзеге асырылу  уақытына қарай:

1. несиені жүйелі түрде қайтару;

2. несиені эпизодтық қайтару.

Несиенің қайтарылуын  арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын  негіздейтін құжаттарға клиенттің жазбаша өкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.

Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелер бойынша картотека жүргізіледі. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерізмі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды.

Сыйақы мөлшері оны  төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және тағы басқа да мерзімге есептелуі мүмкін және ол қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында  шартты түрде айдағы күндер саны- 30 күн, ал жылдағы 360 күнмен алынады.

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиесі пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне оның қаржылық жағдайына талдау жасап қажет болған жағдайларда орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлоық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік келісім шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған  қарыз алушыларға қатысты банк қарыз  алушыға қатысты банк қарыз алушыға  ары қарай несиелеуді тоқтату  туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға  құқы бар болып табылады. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын талап етуге құқылы болып табылады.

Несиелеу процесіне  жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі мен және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.

Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни  оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты болып табылады.  Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банк  несиелік тәуекелді  басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруы тиіс.

Несиелік тәуекел –  қарыз алушының банктен алған  несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді  басқарудың негізгі элементьтері келесілер  болып табылады:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • лимиттер белгілеу;
  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты деңгейлеріне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
  • несиелік мониторинг;
  • несиелік портфелді басқару;
  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез-келген банктік несие  белгіленген мөлшер негізінде беріледі.

Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушылармен бірлесе  отырып, материалдық қорлардың қажеттілігін зерттеу барысында  шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін және өндіріс көлемі мен шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығыстарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты болып табылады. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен және банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері  экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалдық бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
  • маржа деңгейіне;
  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
  • банкте бар ресурс көлеміне және тағы басқалары;

Информация о работе Нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің негізі ретінде