Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа
Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ- ның Жамбыл филиалы болып отыр. Зерттеу көрсеткіштері ретінде 2006-2007 жылдардағы банк мәліметтері пайдаланылып отыр.
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие берунен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ- ның Жамбыл филиалы болып отыр. Зерттеу көрсеткіштері ретінде 2006-2007 жылдардағы банк мәліметтері пайдаланылып отыр.
Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдаға, сонымен қатар, халыққа қызмет ететін банктерді айтады.
Диплом жұмысымның тақырыбы «Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің негізі ретінде» болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі - қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктердің негізгі мақсаттары, міндеттері, қызметтерінің ерекшеліктер және қазіргі жағдайдағы олардың ролін зерттеу болып отыр. Сонымен қатар, банктердің несие ресурстарының қалыптасу жағдайлары, олардың құрамы мен құрылымы, сонымен қатар, несие портфелінің ерекшеліктерінің зерттелуі болып отыр. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесстерді ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары болып табылады. Басқаша айтқанда, несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. Коммерциялық банктерде несиелік саясатпен қатар, несиелеу механизмі қалыптасады. Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесстерін сонымен қатар, несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл механизм тәжірбиеде нақты қызмет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм болып табылады. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несителік процесс технологиясын бейнелейді [1, 102 б.].
Банктердегі несиелік портфелді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады. Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар: нақты қарыз алушылар мен оларпдың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу; әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау, төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау, жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдау және тағы басқалар.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты – берілген мәліметтер негізінде банктің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау, коммерциялық банктердің зерттеу объектісі негізінде қаржылық қызметін қарастыру, талдау, жалпы қызметтерін, активтері мен пассивтерін қарастыру, таза пайдасына баға беру және банктің несие ресурстарының қалыптасу жағдайы мен оларды тиімді бөлу процесінің қалыптасу жағдайын зерттеу және банктің ары қарай дамуы үшін нақты ұсыныстар беру болып табылады. Сонымен қатар, жалпы коммерциялық банктердің қызметтерін ұйымдастыру, реттеу және бағалау, өтімділігін бағалау және басқару, олардың нарықтық экономикадағы ролі мен қызметтерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі:
- банктің жалпы даму тарихымен танысу;
- банктің ұйымдастыру және басқару құрылымымен танысу;
- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;
- берілген мәліметтерді өңдеу;
- дұрыс, әрі тиімді теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;
- несие ресурстарының қалыптасу жағдайы мен қолдануын талдау;
- рационалды басқару шешімдерін таңдау, банктің даму перспективаларын көрсету.
Диплом жұмысының пәні ретінде коммерциялық банктерді несиелеу барысында туындаған несиелік тәуекелдер қарастырылады.
Диплом жұмысының объектісі - ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінің несиелік іскерлігі болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізіне несиелік тәуекелдермен басқару әдістерінің ережелері, бағалау және тәуекел деңгейінің төмендеуі, сондай-ақ болжау теориялары түрткі болды.
Жұмыс барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, несиелік тәуекелдермен басқарудың әлемдік мол тәжірибесі қолданылды.
Дипломдық жұмыстың жазылу барысында жүйелік талдаудың әдістері, абстракция, жіктеулер, графикалық иллюстрация, экономико-математикалық тәсілдер, имитациялық құрастырулар және т.б. қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелдерді басқару жүйесін құруда жаңарту ұсыныстары берілген.
Жұмыстың тәжірибелік бағыты: зерттеу материалдары коммерциялық банктердің, қаржылық аналитиктердің, менеджерлердің жұмысында қолданылуынан тұрады.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратан қаржылық институттардың қызмет етуінде қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде банк менеджментінің теориялық әдістемесі қарастырылды. Екінші бөлімде коммерциялық банктердегі тәуекел-менеджментті, банктің қаржылық қызметіне талдау жүргізілді, ал үшінші бөлімде қазіргі кезеңде банктік тәуекел-менеджментті жетілдіру жолдары ұсынылады.
1 Нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің негізі ретінде
1.1 Коммерциялық банктер: қалыптасуы, мақсаты, міндеттері және қызметтері
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің даму кезінде банктің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болады)
Коммерциялық банктер нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелер тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттері 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір операцияларын түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялардың буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша –несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес «Банк – бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға». Коммерциялық банктер өз клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйесінің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
1. Ақша қаражатын шоғырландыру және тарату;
2. Несие беру;
3. Шаруашылық есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
4. Төлем құралдарын шығару;
5. Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
6. Клиенттерге кеңес беру.
Коммерциялық банктердің мынадай басты қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Коммерциялық бактердің
басқа қаржы институттарын
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуге маңызды роль атқарады. Өздерінің депозитін және несиелік операциялардың көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылық қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды. Клиенттердің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.
Коммерциялық банктер қызметін жүзеге асыру барысында филиалдары, өкілеттігін, сондай-ақ еншілес банктерін ақша алады.
Банк филиалы – бұл бос банктің берген құқықтары шегінде банктін операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқару акционерлер қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелерін сайлайды және т.б. яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.
Банк жүйесі нарықтық экономика жағдайындағы
ажыратылмайтын және маңызды қүрылымдардың
бірі. Банктер ментауар-ақша қатынасының
дамуы тарихи түрде қатар жүреді жәнетығыз
түптелген. Банктер тікелей және күнделікті
халық шаруашылығын басқарудың барлық
деңгейлерінің қызметтерімен байланысты.
Осылар арқылы жаңа өндірілген процестердеқатысушылардың
экономикалық қызығушылықтарынқанағаттандыра
ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын,
халықтың жиналымдарын және шаруашылық
қызмет процесінде босатылатын бос ақша
қаражаттарын тартады және оларды уақытша
қолдануға береді және ақша есеп айрылысуларын
жүргізеді және қоғамдық өнімгеайналдыру
және өндіріс тиімділігіне тікелей әсер
етіп, экономикаға басқа көптеген қызметтер
көрсетеді.
Қаржылық делдалдар ақша капиталын қайта бөлудің аймақаралық, салааралық механизмді қоғамға қамтамасыз ете маңызды халық шаруашылық қызметін орындайды.
Банктер- нарықтық экономика жағдайында негізгі қаржылық делдалдар болып табылады. Олар өзінің қызмет процесінде ақша нарығындағы тауарға айналатын міндеттемелер мен жаңа талаптарды қүрады. Банк осымен клиенттердің салымдарын қабылдап, жаңа міндеттемелер- депозитті, ол ссуданы бере отырып, зайымшыға жаңа талаптар құрады.
Бұл жаңа талаптар мен жаңа міндеттемелер құру процесі қаржылық делдалдық негізді құрастырады. Қозғалыс, орнын ауыстыру, зайымшылар кредиторлардан қаржылық ресурстарды құлпырту және институттардың осы қызметімен байланыстылар қаржылық делдалдар аталады. Банктер әртүрлі көздердің ақша капиталдарын шоғырландырып, жалпы құтылған "пұл" ақша қаражаттарын құрады,оларды әрекет ететін капиталға айналдырады және әртүрлі жағдайда несиелік талаптарды қанағаттандыруы мүмкін.