Нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің негізі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа

Краткое описание

Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ- ның Жамбыл филиалы болып отыр. Зерттеу көрсеткіштері ретінде 2006-2007 жылдардағы банк мәліметтері пайдаланылып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Турсынбаева.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

3. несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтар орындалуына бақылау жасау құралы;несиелік талдау, яғни аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Жалпы несие саясаты  несие механизмі арқылы қызмет атқарады.

Несие механизмі –  нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің бір негізгі бөлігі болып табылады.

Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі негізінде қарастырылып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді:  Нарықтық экономика жағдайында  несиенің дамуы және қызмет ету үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы  бойынша объективті сипатқа ие болады. Олай болмаса, несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет теуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айрылып қалар еді.

Несие механизмінің ерекшеліктерін айта отырып екі элементі: несиені және несие механизмін бір-бірінен  бөліп қарау керек. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алас жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.

Несие механизміне несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады.

Берілген несие механизмі  тұжырымы бұл механизмнің тек  субективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан кейбір несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан  оқып,  біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын  оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизміне өтеді.

Кез-келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы  мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.

Несие механизмінің басқа  экономикалық механизмдер сияқты мынандай құрылымдық элементтері болады:

    • несие түрлері;
  • несиелеу объектілері;
  • несиелеу субъектілері;
  • несиелеу әдістері;
  • несиелеу процесі;
  • несиелеу принциптері;
  • несиелік тәуекелді басқару.

Несие механизмінің дұрыс  қызмет жасауы сол банктің несие  ресурстарының дұрыс қамтамасыз етілуін қамтиды [6, 59 б.].

 

 

1.3  Несие түрлері және несиелеуді ұйымдастыру принциптері

 

Несиенің түрі бұл  несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы жәнге ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.

Несие берушілер  мен  қарыз алушылар арасында байланыстар  қалай өзгергенмен де, несиенің сол  түрі сол күйінде сақталып отырады.

Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мына белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

2.Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

-мақсатты қорларға;

-банктерге;

-қаржы-несие мекемелеріне.

3.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

-өнеркәсіп салаларына;

-ауыл шаруашылығына;

-саудаға;

-дайындау ұйымдарына;

-жабдықтау-сату ұйымдарына;

-кооперативтерге;

-жеке кәсіпкерлерге.

4.Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

5. мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
  • орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);

6. тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

  • негізгі қорларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын.

7. Қамтамсыз ету дәрежесіне қарай:

1. Қамтамасыз етілген:

  • кепілхатпен;
  • кепілдемемен;
  • кепілдікпен;

8. Сақтандырылған:

9.Қамтамасыз етілмеген:

- сенім несиесі;

10. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

  1. Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қатуында ешқандай күмән жоқ несиелер болып табылады.
  2. Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер болып табылады. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінетіндігі белгілі:
  3. 1- санатты күмәнді;
  4. 2- санатты күмәнді;
  5. 3- санатты күмәнді;
  6. 4- санатты күмәнді;
  7. 5- санатты күмәнді;
  8. Үмітсіз несиелер – қайтарылуы кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотында жазылған несиелер;

9. Валютамен берілуіне қарай:

  • ұлттық валютамен;
  • шетел валютасымен.

10. Берілу шартына қарай:

  1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие болып табылады.
  2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үй, өндіріс ғимараттары, жер және т.б.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие болып табылады.
  3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы болып табылады.
  4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несие болып табылады.
  5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
  6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
  7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие болып табылады.
  8. Лизингнтік несие – құрал-жабдықтарды  жалға алумен байланысты  берілетін несие болып табылады.
  9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен  дайын өнімді сыртқа шығару тәжірбиесінде пайдаланылатын несие.
  10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген төлем қабілеті жоғары клиенттерге беріліетін несие болып табылады.
  11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие болып табылады.
  12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

Сонымен қатар, несие  құрылымы несие беруші мен қарыз  алушыдан, сондай-ақ қарыз алушыларды несиелік несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды  несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса, несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер, банк типтес мекемелер және қаржылық ұйымдар, сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйыдары да жатады. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез-келген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Несиелеу объектісі  – бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп  түсінуге болады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне келесілер жатады:

  • өндіріс объектілерінің құрылысы;
  • өндіріс обектілерін қайта  құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру және кеңейту;
  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
  • жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
  • өшдірістік емес маңызы бар объектілерді салу;

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті  экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері  негізінде несиелік процесс, яғни  банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асрылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуі пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты  Банктік несиелердің  берілуіне басты шарттары: несиенің мқсаты және мерзімі олардың  қаржаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және тағы басқалар анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері үш топқа  бөлінеді:

  1. топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің диференциалдылығы.
  1. топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер қарастырылады:
  • несие мерзімділігі;
  • несиенің төлемділігі;
  • несиенің қамтамасыз етілуі және тағы басқалар.

Қазіргі несиенің дифференциалдық  принципінің мазмұны  өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік  принципімен байланысады, яғни несие  уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі.Сондықтан да несиелеудің дифференциалдануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіш негізінде ғана жүзеге асырылады.  Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып үйрену барысында потенциалды қароыз алушылардың несиелік қабілетін және  сұралып отырған несиенің қамтамасыз ету сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу  ұзақтылығын жетекшілікке ала отырып бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциалдануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады [7, 156 б.].

Несиенің төлемділігі  – бұл несие беруші қарыз алушаға  берілетін қаражатты қайтару  барысында бастапқы сомадан өсіп, қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.

Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп  атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі банктердің несие  үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескертетін басты факторлары келесілер  болып табылады:

  • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
  • банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
  • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
  • банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
  • несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
  • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтқанда банк үшін оның қамтамасыз етілуін байланысты тәуекел дәрежесі;
  • еліміздің ақша айналысының тұрақтылығы.

Сонымен қатар, пайыз  мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық сол сияқты субъективтік факторлар  да әсер етеді.

Несиелеудің келесі принципі - берілетін несиелердің материалдық  жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің  экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бұл принциптің мазмұны толық өзгерген. Бүгінгі күні несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолдануда.

Енді осы несиенің қамтамасыз ету тәсілдеріне тоқталайық.

Кепілге берілетін несие  – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып  табылады. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігіне қалып, оның пайдалануында болады.

Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде  мына шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында  несие мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екнішіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде барлық заңдылық жақтарын, құқықтарын, міндеттерін тексере отырып тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден бүгінгі жағдайға сай қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін жағдайын, құүндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға байланысты болып келеді.

Информация о работе Нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің негізі ретінде