Еуразиялық банк пайызының экономикалық мәні, рөлі, әдісі мен тәсілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік қаржы дағдарысы қоғамдық өміріміздің қай саласына болса да өзінің кері әсерін тигізіп жатқаны мәлім.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының Қазақстанға қатысы тікелей деп айтуға болады. Экономикаға, әсіресе, банк жүйесіне ықпалы, бұрыннан қалыптасқан үрдістердің күбіртіктеуі күн құрғатпай шешетін мәселелерді алға тартып отырғаны сөзсіз. Қаржы дағдарысы АҚШ-та ипотекалық дағдарыстан басталды. Біздің коммерциялық банктер қаржы көзі ретінде АҚШ, Англия, Германия және т.б. кейбір Еуропа елдерін пайдаланған болатын

Содержание

КІРІСПЕ 4

1. ССУДАЛЫҚ ПАЙЫЗДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ БАНКТІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні 5
1.2 Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде 6
1.3 Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның
атқарымдары 9
2. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 13
2.1 «Еуразиялық банк» АҚ-ның даму тарихы мен басқару құрылымы,
банктің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне баға беру 13
2.2 Банктің несиелік қызметі және белгіленген пайыздық
мөлшерлемелері көлемін талдау 18
2.3 Банктің таза пайыздық табысын талдау 21
3. БАНКТІҢ ПАЙЫЗ САЯСАТЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 29
3.1 Коммерциялық банкте пайыз саясатын жетілдіру шаралары
жүйесінің баға белгілеу механизміне әсері 29
3.2 «Еуразиялық банк» АҚ-ның тарифтік саясатын құрудың қағидалары 31
ҚОРЫТЫНДЫ 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 253.39 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе            4   

                                                                                                       

1.  Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және  банктің пайыздық саясатының теориялық  сипаттамасы           5

1.1  Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні                                                   5

1.2  Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде                   6

1.3  Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның

атқарымдары                                                                                                 9  

2.  «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық  қызметіне экономикалық талдау                                          13  

2.1  «Еуразиялық банк» АҚ-ның даму тарихы мен басқару құрылымы,

банктің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне  баға беру                              13  

2.2  Банктің несиелік қызметі және белгіленген пайыздық

мөлшерлемелері  көлемін талдау                                                                 18 

2.3  Банктің таза пайыздық табысын талдау                                                    21   

3. Банктің пайыз саясатын оңтайландыру мәселелері  29 

3.1  Коммерциялық банкте пайыз саясатын жетілдіру шаралары

жүйесінің баға белгілеу механизміне әсері                                                29   

3.2  «Еуразиялық банк» АҚ-ның тарифтік саясатын құрудың қағидалары 31   

Қорытынды                                                                                              33

    

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                  34   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
 Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. 

Әлемдік     қаржы     дағдарысы        қоғамдық      өміріміздің               қай саласына болса да өзінің кері әсерін тигізіп жатқаны мәлім.  
 Дүниежүзілік қаржы дағдарысының Қазақстанға қатысы тікелей деп айтуға болады. Экономикаға, әсіресе, банк жүйесіне ықпалы, бұрыннан қалыптасқан үрдістердің күбіртіктеуі күн құрғатпай шешетін мәселелерді алға тартып отырғаны сөзсіз. Қаржы дағдарысы АҚШ-та ипотекалық дағдарыстан басталды. Біздің коммерциялық банктер қаржы көзі ретінде АҚШ, Англия, Германия және т.б. кейбір Еуропа елдерін пайдаланған болатын.  
           Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан еліміздегі коммерциялық банктер қызметінде оның негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша, несиелеу қызметі халықтың салымдарын қабылдау қызметі, инвестициялық қызметтері аясында көрсеткіштердің төмендеу тенденциясы байқалуды. Осы орайда, коммерциялық банктердің қызметін егжей-тегжейлі зерттеу, банктер қызметін оңтайландыру тұрғысында оның пайыздық саясатын тиімді қалыптастыру мәселелері маңызды. 
   Банктің қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы тауарлардың бағасы сынды пайыздық мөлшерлемеге әсерін тигізеді. Егер ұсыныс сұраныс артық болса, мөлшерлемелер төмендейді, және керісінше сұраныс ұсыныстан артық болса, олар өседі. Соңғы жылдары несие нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңесуі орын алуда, бұл пайыз мөлшерлемсінің деңгейіне әсерін тигізуде. Олар баяулап төмендей бастады. 
Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне әсер ететін басқа маңызды фактор инфляция деңгейі болып табылады. Инфляцияның күшеюі кезінде мөлшерлемелер өседі, осыған байланысты банктік тәжірибеде номиналды және нақты (инфляция деңгейіне түзетілген) мөлшерлемелер ажыратылып қарастырылады.  
 Осы факторлардың әсерінен банктің пайыздық саясаты соңғы жылдары қалыптастырылып келеді. Осы орайда коммерциялық банктердің қазіргі орын алған жағдайларда пайыздық саясатын қалыптастыру мәселелері өзекті болып табылады. 
 Курстық жұмысының мақсаты – Еуразиялық банк пайызының экономикалық мәні, рөлі, әдісі мен тәсілі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер орындалады:

-Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің пайыздық саясатының теориялық сипаттамасын қарастыру;

- «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне

экономикалық талдау;

- Банктің пайыз саясатын оңтайландыру мәселелері

           Зерттеу обьектісі «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамы Тараз филиалы болып табылады. Филиал мәліметтері қол жетімсіздігі себебінен талдау жұмыстары банктің жылдық есеп беру құжаттары негізінде жасалды.

Зерттеудің пәні - коммерциялық банктердегі пайыздық мөлшерлеменің мәні.

Зерттелу дәрежесі:

  • коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық негіздерін зерттеу;
  • несие пайызының мәні мен мазмұнын қарастыру;
  • банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері мен пайыздық табыстарын талдау;
  • банктің инвестициялық қызмет тұрғысындағы пайыздық саясатын талдау;
  • банктің несие беру қызметін және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді талдау;
  • дағдарыс жағдайында банктің пайыздық саясатын оңтайландыру жолдарын ұсыну.

           Курстық  жұмысының теориялық  және әдістемелік негіздері. Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында Қазақстан Үкіметінің  банк және банк қызметі туралы заңдары мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агентствасының мәліметтері, отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері мен оқулықтар, экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар қолданылды.

           Курстық  жұмысының тәжірибелік негізі. Зерттеу жұмысында анықталған мәліметтер банктердің есеп айырысу жүйесін дамыту үшін қолдануға болады. Арнаулы семинарлар өткізуде, дәріс беруде, тренинг жүргізуде пайдалануға болады.

          Зерттеу  әдістері. Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік, функционалды талдау әдістері қолданылды.  

          Курстық  жұмысының құрылымы. Курстық  жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды,   қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты  мен міндеттері, объектісі мен  пәні, зерттеу әдістері қарастырылған.

Бірінші бөлімде ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің 

пайыздық  саясатының теориялық сипаттамасы қарастырылады.

Екінші бөлімде «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасалды.

Үшінші бөлімде Банктің пайыз саясатын оңтайландыру мәселелері                                         ұсынылған.

Курстық жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда қарастырылған.

 

 

 

 

 

1.Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің пайыздық саясатының теориялық сипаттамасы

 

1.1 Қазақстандағы пайыздық  саясаттың мәні

 

Ақша мемлекет пайда болмастан  көп бұрын қолданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар  ретіндегі сапасын біртіндеп  жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі  саласында өзіне дейінгі қолданылған  ақшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін  кеңестік (кейін ресейлік) сомдарды қолданды. Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің  Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.

 «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы» заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы  аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардың айналысын ұйымдастыру  және айналыстан алуды тек  қана Қазақстан Ұлттық Банкі  қолма-қолсыз эквивалентпен алу  арқылы банкнот пен монеталарды  банктерге сату нысанында жүзеге  асырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда  өзінің ақша жүйесі қалыптасты. Ақша жүйесінің  элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол  және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы  жатады.

Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді..

Қазақстандағы инфляциямен  күресудің тағы да бір маңызды  факторы — шетел валютасына деген  артық сұранысты төмендету болып  табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі  жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің  салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық  нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас  бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті  қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның  тұрақсыздығын одан сайын арттыра  түсті [1].

Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз  мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде  қызмет етеді.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің  шамасы ақшалай қаражаттарға деген  сұранысқа және инфляция деңгейіне  байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы  ақша жиынының шамасына әсер етеді  және несиеге деген сұранысты  арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік  жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің  деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің ресми  пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының  шартына сай банктер дербес белгілейтін  нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде  сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің  қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік  қысқа мерзімді несиелер бойынша  пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің  өзгеруіне  байланысты  төмендеп  отырған.

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын  депозиттердің несиелік мекемелерге  ағылуын арттыра түсті [2].

 

 

1.2 Банктік ссудалық пайыз  экономикалық категория ретінде

 

   Ссудалық пайыз тауарлы өндіріс жағдайында және қоғамда несие қатынастары дамығанда пайда болады. Несие болмаған жағдайда ссудалық пайызболмайды. 
  Ссудалық пайыздың өзінен қарыз алушының несиені өнімді пайдалануына оның ссудаға берілген құнды пайдаланудың нәтижесінде алған пайда жатады. Сол себепті де ссудалық құнды ұсынушы несие мен оны пайдаланатын қарыз алушының арасындағы экономикалық мүдделердің  ұдайы болып тұрады.

Несиелік қатынастар пайызы дербес экономикалық категория ретінде  тіркелетін тікелей негіз болып  табылады. Қарыз пайызының мәнін  оны қарыз капиталын қайтарымдылық  принципімен пайдалану негізінде  пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері-қарыз  пайызын тиісінше алушы және төлеуші  ретінде болатын кредитор және қарыз  алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен  аралауға болмайды[3].

Олардың айырмашылықтары  арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:

  • қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
  • несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;
  • қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
  • несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.

Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын факторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің  санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының  шамасы – пайыздық мөлшерлеме деңгейіне  және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір  белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар  басқа да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді [4].

Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені  белгілі, оның бөлу фазасында пайда  болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол – қайта бөлу категориясы болып  табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар  бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз – мүлдем басқа, несиенің қозғалысы  негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.

Пайыздық мөлшерлеме тұрақты  және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.

Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі  бойынша өзгеріссіз қалады.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс  пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе депозиттік шарттың  барлық әрекет ету мерзімі бойында  банк арқылы өзгертілуі мүмкін.

Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады: несиелік ресурстарға деген сұраныс  пен ұсыныстың арақатынасына  және инфляция қарқынына қарай [5].

Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады – номиналды  мөлшерлемеден инфляция қарқыны  алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы  тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі – несиелеу және инвестициямен байланысты шығындардың  орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдық  шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем  қабілетсіз қарыз алушылардан келетін  шығындар), салық, тәуекел үшін төлем, пайда.

Экономикалық ғылымда номиналдық және нақтылы пайыздық мөлшерлемелер  арасындағы өзара байланыс И.Фишердің формуласымен өрнектеледі, яғни

 

І=г+г*11+11                                                                                                                                                                             (1)

Информация о работе Еуразиялық банк пайызының экономикалық мәні, рөлі, әдісі мен тәсілі