Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 11:32, дипломная работа
Банктің қаржылық сенімділігін анықтаудың анықтаудың экономикалық ақпарат жүйесінің бұрынғы функционалдық мүмкіндіктері талданған және жаңа ЭАЖ-н құру керек екендігіне көз жетті.
ААҚ «Тұран Әлем Банкі» өтімділік бөлімінің қызметіне талдау жасалған. ЭАЖ әзірлегенде OЖ Windows XP және Delphi программалық саланы пайдалануға негізделген. Программалық, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, ұйымдық жабдықтауға негізгі талаптар бірітірілген.
ЭАЖ алдына қойылған талаптарға негізделіп, мәліметтер базасын қоса функционалдық программалық жабдықтау дайындалды.
Бірітірілген программа Delphi-ді пайдалану стандартты объектілерін қолданып, программаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пайда болған нәтиже тез арада монитор терезесіне шығады. Осы арқылы уақытты үнемдеуге қол жеткіздік.
6-кесте
2003-2004 жылдардағы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның өтімділігі мен төлем қабіліттілігін бағалау
№ |
Көрсеткіш атауы |
2003 ж. |
2004 ж. |
Өсім темптері | |
абсолют. +,- |
шартты +,- | ||||
1 |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
0,84 |
0,9 |
-0,06 |
107,7 |
2 |
Қысқа мерзімдік өтімділік коэффициенті |
1,18 |
1,12 |
-0,08 |
93,2 |
3 |
Жеке капиталдың жинақталу коэффициенті |
0,33 |
0,36 |
-0,03 |
109,0 |
4 |
Ағымдағы активтердің жинақталу коэффициенті |
0,28 |
0,27 |
-0,01 |
96,4 |
5 |
Ағымдағы міндеттемелердің кірістілік коэффициенті |
0,67 |
0,73 |
-0,06 |
108,9 |
Есептелген коэффициенттердің талдауы мынадай пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді:
Осылайша, 2004 жылы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіші 2003 жылмен салыстырғанда ұлғайған, Банктің өскен табысымен, ағымдағы активтермен байланысты, дәлірек айтсақ Банктің жаңа қызметтерінің нәтижелілігі артты.
1.4.1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдаудың әдістемесі
Экономикалық талдау әдісі – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, статистикалық, есептік және басқа әдістерін қолдана отырып ұйым қызметін кешенді, өзара байланысты зерттеу болып табылады. Мұндай талдау әдістерінің айрықша ерекшеліктері:
а) ұйымның қызметін жан-жақты сиппаттайтын көрсеткіштер жүйесін пайдалану;
б) бұл көрсеткіштердің факторлары мен себептерінің өзгеруі;
в) олардың арасындағы өзара байланысты анықтау мен өлшеу.
Талдауда жедел бухгалтерлік есеп пен бақылау барысында қалыптасатын көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Жетіспейтін көрсеткіштердің бөлігі зерттеу барысында есептеледі. Экономикалық құбылыстар мен процестердің себепті байланыспен шектелуі, талдаудан көрсеткіштердің өзгеруін тудыратын факторлардың зерттелуін талап етеді. Талдау арқылы ұйым қызметінің нәтижелеріне әсер ететін ең маңызды факторлық көрсеткіштер белгіленеді. Ұйым қызметінің ақпаратын экономикалық талдау жүйесіне жүйелік банк және математикалық моделдер жүйесі кіреді. Жүйелік банк – бұл ақпаратты өңдеудің дәстүрлі, сондай-ақ қазіргі заманғы статистикалық әдістері. Әдістер көп, бірақ кең қолданылатыны – салыстыру әдісі, топтастыру әдісі, талдау нәтижелерін көрнекі көрсету әдісі, коэффициенттер әдісі, индекстік әдіс, жүйелік талдау әдісі мен элиминирлеу әдісі.
Математикалық моделдер банкі – бұл дамытушы мәселелерді шешу үшін арналған моделдердің кешені. Ең дәстүрлі әдістерді қарастырайық, салыстыру әдісі ұйым туралы толық мәлімет алу үшін қажет. Баланстың жекелеген баптары мен есептік көрсеткіштерінің өзгеруін тұрақты түрде бақылап отыру үшін де, сонымен бірге олардың мәндерін салыстырып отыру үшін де маңызды. Салыстыру әдісі динамикалық өзгерістер мен ауытқулардың әсер ету себептері мен деңгейін айқындауға мүмкіндік береді, мысалы, нақты өтімділіктің нормативтік өтімділіктен, кірістіліктің өсу мен шығыстардың төмендеу резервтерін анықтау үшін. Коэффициенттер әдісі капитал қызметін, өтімділік деңгейін бақылау үшін қажетті. Осы әдіс, баланс баптарының әр түрлі баптары, бөлімдері немесе топтары арасындағы сандық байланысын анықтау үшін пайдаланылады. Талдау нәтижелерін көрнекі көрсету әдісінің бірі - табулдеу әдісі. Элиминирлеу әдісі - басқа факторлардың әсерін жою арқылы жекелеген факторлардың жинақтаушы көрсеткішке әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің бір жолы – тізбекті алмастырулар әдісі. Оны қолдану үшін байланыстың мультипликативтік нысаны болуы қажет, ол кезде факторлар көбейткіштермен шығады. Әдістердің мәні нақты шаманың жеке көрсетікштердің базалық шамасын алмастыру мен олардың әрбіреуінің әсерін өлшеу болып табылады. Тізбекті алмастырулар әдісінің түрлері – абсолютті және шартты айырмалар әдістері. Әрбір қарастырылған әдістердің артықшылықтары да, кемшіліктіері де бар, бірақ барлық қолданылатын әдістердің мақсаты, ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайын, өткен есептік кезеңде оның іс-әрекетінің нәтижелерін, сондай-ақ болашақта ұйымның даму мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі сипаттау болып табылады.
Төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықты бағалаудың дәстүрлі әдістері, әрбір нақты ұйымның баланс құрылымының негізінде айқындалатын коэффициенттерді есептеуден құралады. Есептелген коэффициенттер одан кейін олардың нормативтік мәндерімен салғастырылады, міне дәл осы нәрсе бағалаудың қорытынды актісі болады. Бұдан басқа, коэффициенттер деңгейін баллмен есептеуге әрекеттер жасалады, одан кейін бұл баллдар қосылып жинақталады, осылайша бұл ұйымның басқа ұйымдармен салыстырғандағы рейтингі шығады. Ұйымдардың тұрақтылығын өлшеуде бірнеше коэффициенттер қолданылады:
Коэффициенттер екі топқа бөлінетіндігін айта кету керек: 1-топ капиталдың іс-әрекетін сиппаттайды, 2-сі – баланстың өтімділігін. Банктердің өтімділік жағдайын бақылау мақсатында ҚР Ұлттық Банкі мынадай нормативтерді белгіледі: банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері, жеке капиталдың жетімділік коэффициенті, бір заем алушыға тәуекелдің ең аз мөлшері, өтімділік коэффициенті, ашық валюталық айырманың лимиттері, банк инвестицияларының ең көп мөлшерінің коэффициенті және басқа қаржылық емес активтер.
Талдау кезінде айналым капиталының шамасын ғана емес, сонымен бірге жеке капиталдың жалпы шамасындағы үлес салмағын да айқындау маңызды. Бұл көрсеткіш ұйымның қаржылық тұрақтылығының аса маңызды сипаттамасы болып табылады және ептілік коэффициенті деп аталады. Ол кәсіпорынның жеке қаражатының қандай бөлігі мобилдік нысанда екендігін көрсетеді, осы қаражатты ептілікпен еркін түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
К7 = жеке айналымдық капиталы/жеке капитал
Қаржылық жағынан қарағанда, оның ұлғаюы және жоғары деңгейі кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсы сипаттайды: өзінің жеке қаражаты, сонымен қатар мобилді, олардың үлкен бөлігі айналым қаражатына мен өзге айналымнан тыс активтерге салынбаған, керісінше айналым активтерге салынғаны. Егер коэффициент айналым қаражатының ұлғаюымен салыстырғанда жеке өздерінің көздеріне байланысты өсіп, айналым қаражаты құнының азайғандығы есебінен ұлғаймаса, онда коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының өскендігіне дәлел болады. “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ы бұл коэффициенті 2004 жылы 1,4-ке тең болса, 2003 жылы оптималдық шамасы >0,5 кезде 1,2 тең болды.
Осылайша, есептелген коэффициенттерден жеке қаражаттың біраз бөлігі мобилдік нысанда екендігін және олар тез ақшалай қаражатқа айнала алатындығын көреміз, ол қаржылық тұрақтылықтың дәлелі.
Қаржылық тұрақтылық үшін кәсіпорындардың ТМҚ мен шығындарды қалыптастыру көздері болатын жеткіліктіліктің абсолюттік көрсеткіштерінің айқындаушы роліне сәйкес, қаржылық тұрақтылықтың басты көрсектіштерінің бірі - ТМҚ мен шығындар құнына жеке айналымдық қаражат шамасының қатынасына тең қорлардың жеке көздермен жеткіліктілік коэффициенті болып табылады.
К8 = жеке айналымдық капиталы/ТМҚ
Қалыпты мәні мынадай түрде: К9>0,6.
Есептеулер 2004 жылы 2,4, ал 2003 жылы – 2,1 болды. Бұл коэффициент мынадан айқындалады, өздерінің жеке көздерімен қорлар мен шығындардың қажетті мөлшерлері жабылуы тиісті, қалғандарын қысқа мерзімді тартылған қаражатпен жабуға болады, мұндайда қорлар мен шығындардың қажетті мөлшері көбінде олардың жылдамдығы жоғары болған кезеңдердегі негізді қажеттілікке сәйкеседі.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері – бұл олардың қалыптасу көздерімен ТМК қамтамасыз ету деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады:
К = жеке капитал – ұзақ мерзімдік активтер.
2004 жылы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның көрсеткіші 1046048 мың теңге, ал 2003 жылы - 874439 мың теңге болды. Осы көрсеткіштің өткен кезеңмен салыстырғанда 2004 жылы ұлғаюы кәсіпорынның дамып келе жатқандығының дәлелі;
2. ТМҚ қалыптастырудың жеке және
ұзақ мерзімдік заемдік
К = жеке капитал + ұзақ мерзімдік активтер.
2004 жылы бұл көрсеткіш 1058672 мың теңге, ал 2003 жылы 879546 мың теңге болды.
3. ТМҚ қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасы. Бұл көрсеткіш жеке капитал мен ТМҚ+қысқа мерзімдік кредиттік заемдарды қалыптастырудың ұзақ мерзімдік заемдік көздерінің барына тең. (К).
“Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ында бұл көрсеткіш 2003 жылы 1067541 мың теңгеге, ал 2004 жылы – 1247623 мың теңгеге тең болған.
ТМҚ мен шығындарды қалыптастыру көздерінің барлығының үш көрсеткішіне оларды қалыптастырудың ТМҚ мен шығындар көздерін қамсыздандырудың үш көрсеткіші сәйкеседі:
К... – 3 (ТМҚ) тең.
Бұл жағдайда жеке айналым қаражатының сомасы ТМҚ-дан 300048 мың теңгеге артық.
К.../. – 3
“Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ында ТМҚ қалыптастырудың жеке ұзақ мерзімдік көздерінің сомасы 1058672 мың теңге болды, ол ТМҚ 314762 мың теңгеге артық.
К. – 3
Қорларды қалыптастырудың негізгі көздерінің сомасы (1247623 мың теңге) 523623 мың теңгеге артық.
Қорлар мен шығындарды қамсыздандырудың, оларды қалыптастырудың көздерінің үш көрсеткішін есептеу, қаржылық жәйттерін олардың тұрақтылық деңгейі бойынша жіктеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық тұрақтылықты төрт типке бөлуге болады:
1. қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы, өте сирек кездеседі және қаржылық тұрақтылықтың ең шеткі типі болып табылады, мынадай шартпен беріледі
3<К...
К... <3<К..
3. төлем қабілеттілігімен
3>К..
Онда, 3 – шығындар мен ТМҚ
К.. – жеке айналым капиталы
К... – ТМҚ мен шығындарды қалыптасырудың жеке және ұзақ мерзімдік заемдік көздері
К.. – ТМҚ мен шығындарды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасы.
Егер қорлар мен шығындарды қалыптастыру үшін тартылатын қысқа мерзімді кредиттер мен заемдік қаражаттардың шамасы өндірістің сомалық құнынан аспаса, қаржылық тұрақсыздық қалыпты (мүмкін) болып саналады.