Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 11:32, дипломная работа
Банктің қаржылық сенімділігін анықтаудың анықтаудың экономикалық ақпарат жүйесінің бұрынғы функционалдық мүмкіндіктері талданған және жаңа ЭАЖ-н құру керек екендігіне көз жетті.
ААҚ «Тұран Әлем Банкі» өтімділік бөлімінің қызметіне талдау жасалған. ЭАЖ әзірлегенде OЖ Windows XP және Delphi программалық саланы пайдалануға негізделген. Программалық, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, ұйымдық жабдықтауға негізгі талаптар бірітірілген.
ЭАЖ алдына қойылған талаптарға негізделіп, мәліметтер базасын қоса функционалдық программалық жабдықтау дайындалды.
Бірітірілген программа Delphi-ді пайдалану стандартты объектілерін қолданып, программаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пайда болған нәтиже тез арада монитор терезесіне шығады. Осы арқылы уақытты үнемдеуге қол жеткіздік.
Ұлттық валюта түріндегі нарық сыимдылық деңгейі өскендіктен несиелік валюта мәртебесіне теңге ие болды. Қысқа мерзімді несиелердің берілген сомасы 696947 теңге, орта есеппен 17,9 және 12,0 ставкасы. Олардың өтелгені 625018 теңге, бұл 90% жуық. Ұзақ мерзімді несиелердің берілгені 556476 мың теңге, орта есеппен 16,6 ставкасымен олардың өтелгені 498913 теңге. Валюта түрінде берілген ұзақ мерзімді активтер қарастырылмайды. Банктің несиені 2002 жылға берілген барлық сомасы 1253363 теңге құрайды, ал барлық өтелгені 1123931 теңге.
Пруденциалды нормативтерде халық банкімен бір қарызалушыға тәуекелділік көлемі максималды нормативтер орнатылған. Белгілі бір несие алушыға, сонымен қатар банкке, есептілікке тәуекелділік көлем сомасы берілген:
3. ҚР заң шығарушы актілерінде қарастырылғандай немесе жасалынған шарттар бойынша ағымдағы және келесі екі ай бойы немесе анықталмаған мерзімде пайда болатын талаптар:
- тәуекелді несиелер;
- қарыз алушы атынан алынған банктің міндеттемелері;
- үшінші жақ пайдасына немесе қарыз алушы алдынға негізделген
4. Қарыз алушының міндеттемелері
бойынша алынған
- Осы міндеттемелерді
- аффинерленген бағалы метал;
- ҚР-ның үкіметінің кепілдемесі;
- Standart & Poor’s агентімен “А”-дан
төмен емес ұзақ мерзімді
Банктің тәуекелдік көлемі бір қарыз алушыға қатынасы оның міндеттемелері меншік капиталынан асу керек:
ААҚ “Тұран Әлем Банкі” бір қарыз алушыға максималды тәуекелділік коэфициент көлемінің орындалуы жеке ай сайынғы бақылаулы көрсеткіші келесідей көрінеді.
14-кесте
Бір қарыз алушыға ААҚ “Тұран Әлем Банкі” максималды тәуекелділік коэфициент динамикасы (К3)
Жылдар |
0.30 қалыптан көп емес байланысы жоқ тұлғаларға |
0.10 қалыптан көп емес байланысы жоқ тұлғаларға |
2002 |
0,18 |
0,01 |
2003 |
0,17 |
0 |
2004 |
0,20 |
0 |
Осылайша бір қарыз алушыға тәуекелділік көлемінің максималды коэфициенті бойынша ААҚ “Тұран Әлем Банкі” пруденциалды коэфициент соңғы екі жылда орындалады.
Ұзақ мерзімді несиелер .... қосылған теңге бойынша берілген ипотекалық несие сомасы 13474 мың теңге, орта есеппен пайыздық ставка бойынша 24,59 % 2004 жылға ипотекалық несие сомасы 11802 мың теңге құрады.
Банк үнемі бұрын берілген балансынан шығарылып тасталған несиелерді қайтарумен жұмыс жүргізеді:
Шығарылып тасталған несиеге қатынасы қайтарылғандар үлесі ерте шығарылған қарыздар заңды тұлғаға 30,99 % жеке тұлғаға 11,76 % барлығы 42,75 % құрады. Нәтижесінде 2002 жылы ерте шығарылып тасталған несиелер бойынша алынған табыс 340,5 мың теңге сомасын құрады.
Тұтастай алғанда 2001-2002 жылдар бойына Банктің несиелік операцияларды жетілдіру мақсатында несиелік портфельдің сапасын жақсартуға бағытталған, оны оптималдандыру бойынша несиелік тәуекелділікті азайту мақсатында ірі көлемдегі несиелердің шоғырланған топтарын азайту және салааралық бөлу.
ААҚ “Тұран Әлем Банкі” міндеттемелік құрылымының динамикасы туралы мәлімет 16-кестеде берілген.
15-кесте
ААҚ “Тұран Әлем Банкі” 2002-2004 жылдардағы міндеттемелер динамикасы
(мың тг.)
Міндеттемелер |
2004 |
Үлесі % |
2003 |
Үлесі % |
Ағымдағы шоттар |
393 115 |
51,74 |
306 372 |
49,38 |
Есеп шоттағы валюталық қалдықтар |
38 290 |
13,56 |
52 352 |
17,09 |
Есеп шоттағы теңгелік қалдықтар |
354 825 |
86,44 |
254 020 |
82,91 |
Сұрауға дейінгі депозиттер |
65 030 |
8,56 |
51 116 |
8,24 |
Жедел депозиттер |
271 929 |
35,79 |
254 071 |
40,95 |
Қысқа мерзімді депозиттер |
188 861 |
69,45 |
187 995 |
73,99 |
Орта мерзімді депозиттер |
0,00 |
0,00 |
1 952 |
0,77 |
Ұзақ мерзімді депозиттер |
26 927 |
9,9 |
5 107 |
2,01 |
Арнайы депозиттер |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Кепілдемелік депозиттер |
56 141 |
20,65 |
59 017 |
23,23 |
Шығарылған облигациялар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Басқалары |
29 716 |
3,91 |
8 858 |
1,43 |
Барлығы |
759 790 |
100,00 |
620 417 |
100,00 |
Берілген 16-кестеден ААҚ “Тұран Әлем Банкі” міндеттемесі 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 139 373 мың теңге немесе 22,5%-ға артқанын көреміз. Міндеттеме құрылымындаға артқанын көреміз. Міндеттеме құрылымындағы өзгерісті белгілеуге болады: бұрынғы міндеттемелердің жартысынан көбі 51,74% ағымдағы шотты құрайды, жедел депозиттер 35,79%, талап етуге дейінгі депозит 5,66%, басқа да міндеттемелер 3,9%, соның ішінде салық. Көбіне байқалатын өсім ұзақ мерзімді депозиттік өсім болып табылады.
01.01.2005 жылғы жағдайында 4338 тұлғалық есеп шот ашылды, соның ішінде баланстан тыс есеп саны 713. алынған мәләметтерді растайтын саны қалған клиенттердің қалдықтарын және ұзақ мерзім бойы қозғалыс болмаған клиент шоттары, банктің алшақтығы болып табылады.
Банктің 01.01.2005 жылғы жағдайына қарай барлық дебиторлық қарыздар стандартты болып топтастырылды және одан провиздер жасалмаған. Банктің белгілі бір міндеттемелер көлемі 7 493 мың теңге субстандартты актив түрінде классификацияланады. Олар бойынша құрылған провиздер көлемі 5%. 375 мың теңге сомамен болды. 2004 жыл бойына есеп шоттағы келіп түскен ақшамен дебиторлық қарыз табылып келген, сот атқарушы департаментімен бұрын балансынан шығарылып тасталған сомасы 881 мың теңге. Құрылған провиздер есесінен 180 құн бойына дебиторлық қарыз 1074 мың теңге сомасында өтелмеген баланстан шығарылып тасталған. Уақыттың бітуіне байланысты банк балансының дебиторлық қарыз сомасы 4025 мың теңге. 01.01.05 жылдың жағдайына байланысты дебиторлық қарыз 180 күннен жоғары баланстық есеп шоттардан көрінгендері жоқ.
1.6. КОНЦЕПТУАЛДЫ СЫЗБА
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.
Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелгенАқпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ)
Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызбасы
|
Түрі |
Сипаттама |
Түрлері |
ЭАЖ |
ЭИС |
Желі |
Желі |
Локальді |
Архитектурасы |
Клиент-Сервер |
2. «ТҰРАН ӘЛЕМ БАНКІ» ААҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1. АҚПАРАТТЫҚ БАЗА
Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.
Машинадан тыс ақпарат базасы – Аж-ні жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік – анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік – анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты- тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Оған қатты магниттік табақшалар, иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.
Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру дегеніміз – бұл оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің тізімін, әрбір реквизиттің ұзындығын және олардың ақпарат массивінде орналасу тізбегін табу. Ақпарат массиві қолданылу белгісіне қарай: кіретін, шығатын және ішкі болып бөлінеді. Кіретін массив, объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды. Шығатын массивтер, баспа құрылғысы – принтерге басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде, қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады.
Машина ішіндегі ақпарат массивтері тұрақты, сақтаулы, жедел және қызмет көрсететін болып келеді. Тұрақты ақпарат массиві мөлшерлік құжаттар мен анықтамалардан алынып, мәліметтерді өңдеуге дейін қалыптасады және ол АЖ есептерін шешуде пайдаланылады. Тұрақты ақпарат массивіне жіктегіштер, анықтамалар, шартты – тұрақты ақпараттар қатысты болады.