Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 11:32, дипломная работа
Банктің қаржылық сенімділігін анықтаудың анықтаудың экономикалық ақпарат жүйесінің бұрынғы функционалдық мүмкіндіктері талданған және жаңа ЭАЖ-н құру керек екендігіне көз жетті.
ААҚ «Тұран Әлем Банкі» өтімділік бөлімінің қызметіне талдау жасалған. ЭАЖ әзірлегенде OЖ Windows XP және Delphi программалық саланы пайдалануға негізделген. Программалық, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, ұйымдық жабдықтауға негізгі талаптар бірітірілген.
ЭАЖ алдына қойылған талаптарға негізделіп, мәліметтер базасын қоса функционалдық программалық жабдықтау дайындалды.
Бірітірілген программа Delphi-ді пайдалану стандартты объектілерін қолданып, программаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пайда болған нәтиже тез арада монитор терезесіне шығады. Осы арқылы уақытты үнемдеуге қол жеткіздік.
Қазіргі таңда Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінің арасындағы ең күшті жүйеге ие. Көптеген талдампаздардың айтуынша даму бойынша Ресей банк саласынан алдыңғы орында.
Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Банк жұмысында ең үлкен рольді ақпарат құрайды. Дұрыс және толық ақпараттың мәні ішкі пайдаланушыларға және сыртқы, әғни тапсыпырыс берушілер үшін маңыздылығы өте жоғары. Дұрыс ақпарат көмегімен банк проблемасын көруге және оның пайда болуына баламалы әсер етуіне септігін тигізеді. Сондықтан талданатын ақпарат дұрыс және толық болуы қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикалық ақпараттық негізгі қоры болып есептелетін “ақпараттық экономикаға” ауысуы болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттық қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің “ҚР-ның ақпараттандыру заңын” қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез-келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда пайдаланып жүрген телекоммуникациалы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдындағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелері есептеу техникасыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) – экономиканы басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымынның ақпараттық жүйесіне негізделгеннен экономикадағы ақпараттық жүйесі кіреді – бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді, өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызған ақпараттық жүйе.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – банктің қаржылық сенімділігін оқып-үйретуде жалпы банктің, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпарат жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ
1.1. Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мӘні мен мӘселелері
Қазіргі заман жағдайларында ұйымның нақты қаржылық жағдайын дұрыс анықтау шаруашылық субъектілерінің өздеріне ғана емес, сондай-ақ көптеген акционерлер, әсіресе – болашақ потенциалдық инвесторлар үшін орасан зор мәнге ие. Әсіресе бүгін мемлекеттік емес көздерден ірі инвестициялар қажет. Алайда, іскерліктің дамуына еркін қаражат қосқысы келетін және қоса алатындар, ұйымдардың сенімділігі, қаржылық тұрақтылығына сенімді болуы керек, шынымен де олардың дамуы нақты табыс әкелетініне көзі жетуі қажет. Сондықтан да бүгінгі таңда ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдай білу мен инфляция жағдайларын ескере отырып, олардың қаржылық жағдайларының өзгеруіне негізді болжамдар жасай білу аса маңызды.
Ұйымның қаржылық жағдайы – бұл капиталдық айналым процесінде оның жағдайын және шаруашылық субъектісінің белгілі уақыт кезінде өздігінен дамуға қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Жабдықтаушы, өндірістік, өтімдік және қаржылық қызметінің барысында капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражат құрылымы мен оларды қалыптастыру көздері, қаржылық ресурстардың қолда бары мен қажеттілігі және соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы, оның сыртқы көрінісі ретінде төлем қабілеттігі өзгереді.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз (дағдарыс алдындағы) және дағдарыста болуы мүмкін. Ұйымның уақытылы төлем жасау, кеңейтілген негізде өз қызметін қаржыландыру, болжанбаған шайқалыстарды өткізу және қолайсыз жәйттерде өзінің төлем қабілеттілігін қолдау қабілеті оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы және керісіншесі де туралы куәландырады.
Ұйым қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, төлем қабілеттігін сақтау мен өзіндік өндіріс жағдайын жасау мақсатында кірістің шығыстан асуын тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін капиталдың иілгіш құрылымы болуы қажет, оның қозғалысын ұйымдастыра білу керек.
Сондықтан, ұйымның қаржылық тұрақтылығы – бұл субъектінің қызмет ету мен даму қабілеті, мүмкін деңгейіндегі тәукел шегінде оның тұрақты төлем қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылғына кепіл болатын, ішкі және сыртқы ортада өзгеріп отыратын өзінің активтері мен пассивтерінің тепе теңдігін сақтау қабілеті.
Ұйымның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы ұйымның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің қорытындыларына байланысты. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар табысты орындалса, онда бұл ұйымның қаржы жағдайына жақсы әсер етеді. Керісінше, өнімді өндіру мен сату бойынша жоспардың орындалмауы нәтижесінде, оның өзіндік құны өседі, табыс сомасы азаяды және соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі төмендейді. Сондықтан, тұрақты қаржылық жағдайы кездейсоқ жәйт емес, ол ұйымның шаруашылық қызметінің қорытындыларын айқындайтын барлық факторлар кешенін білікті, сауатты басқарудың нәтижесі.
Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуы мен өндіріс қажеттіліктерін керекті ресурстармен қамтамасыз етуге жақсы әсер етеді. Сондықтан қаржы қызметі шаруашылық қызметінің құрамдас бөлігі ретінде ақша ресурстарын жоспарлы түрде түсуі мен жұмсалуын қамтамасыз етуге, есептік дисциплинаның орындалуына, жеке және заемдік капиталдың рационалдық прпорцияларына жетуі мен оның тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс.
Ұйымның қаржылық қызметінің басты мақсаты бір стратегиялық шешім – кәсіпорын активтерінің ұлғаюына жинақталады. Ол үшін ол тұрақты түрде төлем қабіліттігі мен рентабелдігін, сондай-ақ баланстың активі мен пассивінің оптималдық құрылымын ұстап тұруы қажет.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың негізгі мәселелері мыналардан тұрады:
1. Қаржы қызметіндегі
кемшіліктерді уақытылы
2. Шаруашылық
қызметінің нақты жағдайы мен
жеке және заемдік
3. Қаржы ресурстарын
тиімді пайдалану мен ұйымның
қаржылық жағдайын нығайтуға
бағытталған нақты іс-
Қаржылық жағдайды талдаумен ұйымның басшылары мен тиісті қызметтер ғана айналыспайды, сонымен бірге ресурстарды пайдаланудың тиімділігін зерттеу мақсатында инвесторлар, несие беру жағдайларын бағалау мен тәуекел деңгейін айқындау үшін – банктер, жеткізушілер – төлемдерді уақытылы алу үшін, салық инспекциялары – қаражаттың бюджетке түсу жоспарының орындалуын қадағалау үшін. Соған сәйкес талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі талдауды ұйым қызметтері жүргізеді және оның нәтижелері ұйым қызметінің қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау және болжау үшін пайдаланылады. Оның мақсаты – ақша қаражатын жоспарлы түрде түсуін қамтамасыз ету және ұйымның жақсы қызмет етуі үшін жағдай тудыру, көп табысқа қол жеткізу мен банкрот тәуекелін болдырмау үшін өзінің жеке және заемдік қаражатын орналастыру.
Сыртқы талдауды инвесторлар, материалдық және қаржылық ресурстарды жеткізушілер, бақылаушы органдар жарияланатын есептілік негізінде жүзеге асырады. Оның мақсаты – мол табысқа қол жеткізуді және шығын тәуекелін болдырмауды қамтамасыз ету үшін қаражатты тиімді орналастыру мүмкіндігін белгілеу.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін негізгі ақпарат көзі – бухгалтерлік баланс, кіріс пен шығыс туралы есептер, ақша қозғалысы туралы есеп, баланстың жекелеген баптарын ашатын және бөлшектейтін бастапқы және аналитикалық есеп мәліметтері.
1.2. “ТҰРАН ӘЛЕМ БАНКІ” АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА
1.2.1. Ұйымның есептік саясаты
Бухгалтерлік есептіліктің стандартында есептік саясат - бухгалтерлік есептілікті және қаржылық есепті, олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес жүргізу мен ашу үшін субъект басшысы қабылдайтын әдістердің бірлігі ретінде түсіндіріледі. Есептік саясаттың мәселелері - ұйымның бухгалтерлік есебін шынайы жүргізілуін қамтамасыз ететін әдістерді әзірлеу; банктің шаруашылық-қаржылық іс-әрекеті туралы толық және шынайы ақпараттың берілуін қамтамасыз ету; мүдделі пайдаланушылардың осы ақпаратпен қамтамасыз ету; ішкі бақылау жүйесін әзірлеу болып табылады.
“Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның есептік саясаты Директорлар кеңесімен бекітіледі. Есептік саясатты қалыптастыру банк іс-әрекетінің ерекшеліктері есебімен әлемдік шеңберде Қазақстандық есеп стандарттары негізінде құрылады. “Тұран Әлем Банкі”ААҚ-ның есептік саясаты есептіліктің мынадай негізгі принциптері мен есептеудің сапалы сипаттары қаржылық есептілікті түсінікті, маңызды, шынайы, бейтарап, байқағыш, салыстырмалы, шынайы берілуі арқылы көрінеді.
Қаржылық есептер қаржылық мәліметтерді олардың экономикалық сипаттарына сәйкес көлемді кластарға топтастыра отырып банк операцияларының қаржы нәтижелерін көрсетеді. Бұл көлемді кластар қаржылық есептіліктің элементтері деп аталады. Қаржы жағдайын бағалаумен тікелей байланысты элементтер – ол активтер, міндеттемелер және жеке капитал болып табылады. Кіріс пен шығыс туралы есептегі көрсеткіштерді өлшеумен байланысты элементтер - кіріс пен шығыс болып табылады.
Бағалау – ақша сомаларын айқындау әдісі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржы есептерінде танылып және ескерілуге тиісті. Қаржы есептерінде бағалаудың әр түрлі деңгейдегі және түрлі үйлесімдердегі әр түрлі негіздердің қатары пайдаланылады. Оларға бастапқы, дисконттелген, ағымдағы және баланстық құн, сондай-ақ реализация құны кіреді.
Банктің қаржы есептілігі – банкте жүзеге асырылатын аналитикалық және синтетикалық бухгалтерлік есептілік мәліметтерінің негізінде жасалады. Қаржы есебін берудің нысандары “Банктердің қаржы есептілігі” БЕ Қазақстандық стандарты – 21 сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкімен айқындалады. Қаржы есептілігі өтімділік пен төлем қабілеттілігі, сондай-ақ банктің талаптары мен міндеттемелеріне сай тәуекел деңгейіндегі пайдаланушылардың мүдделерін қанағаттандыруға тиіс. Қаржы есептілігінің нысандары: бухгалтерлік баланс, қаржы іс-әрекетінің қорытындылары туралы есептер, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, есептік саясат пен түсінік жазба.
Бағалы қағаздардың есепке алынуы мынадай категориялар бойынша жүргізіледі: сатуға арналған бағалы қағаздар, сатуға жарамды қағаздар, өтеуге дейін ұсталатын бекітілген кірісі, қазынашылық міндеттемелер, өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, сондай-ақ капиталға инвестициялар. Банк бағалы қағаздарды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, үлесті және борышты бағалы қағаздар деп жіктейді. Бағалы қағаздар бойынша есептеулер мен сыйақылар ай сайын есептеу әдісі бойынша айдың соңғы күні жасалады. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша жеңілдік (сыйлықақы) амортизациясы олардың иелігі кезеңі үшін бірегей жүзеге асырылады және сыйақы алумен байланысты кіріс шоттарында көрінеді.
Шетелдік валютадағы операциялардың есепке алынуы банк мүлік пен қызметтерді шетелдік валютаға сатып алғанда және сатқанда, сомалар шетелдік валютада белгіленген кредиттер, депозиттерді алғанда немесе бергенде, активтерді шетелдік валютаға алмастырып сатып алғанда немесе сатқанда, корреспондент шоттар бойынша операциялар жасағанда жүргізіледі. Баланстағы бастапқы тану кезінде шетелдік валютадағы активтер мен міндеттемелер операция жүргізілген күнге, нарықтық бағам бойынша, теңгеде көрінеді. Содан кейінгі кезеңдерде шетелдік валютадағы ақшалай ставкалар қайта бағаланады. Қайта бағалаудан болған бағамдық айырма шетелдік валютаны қайта бағалаудан болған кіріс пен шығыс ретінде көрінеді.
Несие операцияларының есепке алынуы әрбір несие алушыға және әрбір бөлек заем бойынша ашылатын бөлек жеке шотта жүргізіледі. Заемнің негізгі бағасы ресурстардың өзіндік бағасы ескеру мен банктің болжалды табысы, несиелердің жеделділігі, кредиттік тәуекелдің деңгейі, заем алушының төлем қабілеттілігі, пайыз ставкалар деңгейінің және өзге факторлар есебімен қалыптастырылады. Сыйақы ставкасы бекітілген немесе бос болуы мүмкін. Заемдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Кепілдік мүліктің есепке алынуы кепілдік шартына сәйкес кепіл құнын көрсете отырып меморандум шоттарында жүзеге асырылады. Егер кепілдік мүлік ақша болып табылса, меморандум шоттарында кепіл есебі жүргізілмейді. Кепіл құжаттары кассалық сақтау қоймасында сақталады.
Банк міндеттемелерін есепке алу. Банк ішкі депозиттік саясатқа және депозиттік операцияларды жүргізудің жалпы талаптарына сәйкес депозиттерді тартуды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есепте депозиттер ақшаның шотқа түскен кезінде көрінеді. Тәуекелден сақтану үшін депозитті пайдаланғаны үшін процент кредит үшін берілген проценттен төмен болуы керек. Депозиттер бойынша міндеттемелер бухгалтерлік есепте қандай валютада алынса, сол валютада көрінеді.
Кассалық оперциялардың есепке алынуы банкте ҚР Ұлттық Банкінің Басқарма Қаулымен 2001 жылғы 3 наурызда бекітілген № 58 “ҚР-ның екінші деңгейлі банктердегі және ҚР-ында операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық операцияларды жүргізу ережесіне” сәйкес жүргізіледі.