Қазақстандағы депозит рыногының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын «Темірбанк» ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
I. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі 5
1.1. Депозиттердің жіктелуі 5
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар 10
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы 12
II. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ «Темірбанктің» материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау. 20
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі ретіндегі мәні 20
2.2. Темірбанктің депозиттік саясаты. 21
III. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі 27
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі 27
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру қорын құруды ұйымдастыру 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

bank2_kurs_28.doc

— 280.00 Кб (Скачать документ)

Өз қызметінің нәтижесінде  Қор қатысушы-банктердің тоқсан сайынғы  жарналарынан құралатын тұрақты  түрде өсіп отыратын активтерге ие. Негізінен Қордың активтері қатысушы банктердің біреуінің банкроттыққа ұшыраған жағдайында салымшылардың төлемдеріне нақты кепіл болып табылады. Жарғыға былады. Жарғыға тен кем емес бөлігі тұрақты табыс беретін ең төменгі тәуекелді болып табылатын мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға тиіс. Қордың активтері 2010 жылы 116,7 млн. теңге, ал 2011 жылдың 1 маусымында 1 957,7 млн. теңге болды.

Қазақстанда кепілдік беру жүйесі қалыптасу сатысында. Қазіргі  кезде сақтандыру обьектісіне жеке тұлғалардың теңгемен, АҚШ долларымен, евромен салынған мерзімдік салымдары  және талап етілгенге дейінгі  депозиттерге теңгемен салынған салымдар кіреді. Осылайша ең бірінші кезекте халықтың көпшілігі кіретін және банк қызметінен малғұматы аз санатқа енетін салымшылар болып табылатын ұсақ салымшылардың мүдделері көзделген.

Қазіргі кезде қор  әр салымшыға өтеу сомасы ережеге  сәйкес мынадай схемамен есептеледі:

Мерзімді салымдар бойынша:

• 400 000 теңгеге дейінгі  салымдар (депозиттер) негізгі борыш  бойынша  - 100% және оған қоса ҰБ –  тің бекіткен сыйақы мөлшерінің 50 % - і мөлшерінде сыйақы есептеледі;

АҚШ доллары және евролық  салымға сыйақы есептелмейді, өтеу сомасы салынған соманың 90 % - ін құрайды. Бірақ, теңгеге шаққандағы жалпы сома 360 000 теңгеден аспауы тиіс;

Талап етілгенге дейінгі  салымдар бойынша теңгемен салынған салымдар ғана 50 000 теңге көлемінде  қайтарылады. Бұларға сыйақы есептелмейді.    

Банктер салымдарға кепілдік беру бойынша барлық шығыстарды банк клиенттерінің салымдары бойынша  сыйақы төлемдерін азайту есебінен емес, Қорға күнтізбелік және басқа  жарналарды банктің жалпы шығыстарына  жатқызу есебінен аудару арқылы жеке жүргізеді.

Қордың отандық банк жүйесінде салымшылардың сенімін  қайтару жөніндегі жұмысы халықтың барлық топтарына кепілдік беру жүйесінің  қызметі туралы ақпаратты жеткізу  жөніндегі кең ауқымды кампаниямен  тығыз байланысты. Ал бұл Қор жұмысының негізін құрайтын қатысушы-банктердің депозиттер жөніндегі жұмысы туралы ақпаратты кіргізеді. Бірінші жылы республикалық БАҚ-ын және орталық арналар бойынша радио және телехабарлар беру арқылы жүргізілді. 2011 жылғы ақпараттық кампанияның бағдарламасы халықты түгел қамтыды, бұл үшін орталық БАҚ-мен қатар аймақтық БАҚ-да іске жұмылдырылды. Қазақстанның банк жүйесінің жаңа құрылымы ретінде кепілдік беру жүйесінің іске қосылуына байланысты халық қатысушы-банктердегі салымдарының сақталуының нақты кепілдік беру құқығына ие болды. Бұл оқиға Қазақстанның қаржы жүйесінің банк халықаралық стандарттарға жету жолындағы жаңа қадамы болды. Бір жылдық жұмыс ішіндегі халықтың отандық банк жүйесіне сенімін қайта қалпына келтірудің алғашқы нәтижелері депозиттерге кепілдік берудің қазақстандық жүйесі қызметінің тиімділігі дәлел бола алады. 2010 жыл ішінде халықтың депозиттері резидент еместерді ескере отырып 36,7 млрд. теңгеге ұлғайды, ал 2009 жылы бұл өсім 23,4 млрд. теңге болатын. Қазіргі кезде Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы салымының орташа мөлшері 6,2 мың теңге немесе 42,6 АҚШ доллары болады, бұл ТМД елдерінің ішіндегі Ресейден кейінгі екінші көрсеткіш болып табылады.

2011 жылы халықтың депозиттері резидент еместерді ескере отырып шамамен 4135-140 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Ал халықтың және кәсіпорындардың қаражатын депозиттерге тарту есебінен банктердің кредиттік қызметінің кеңеюі бір жыл ішінде экономикада кредиттер көлемінің 35-40%-ке 370-380 млрд. теңгеге өсіреді. Осы мақсатпен екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жетілдіру жөніндегі жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ, басқа барлық қатысушы емес банктер кепілдік беру жүйесінің талаптарына сай болып  Қорға қатысушы болуға ұмтылуда.

Сақтандыру институты  әлемдік тәжірибеде 60 жылдан астам  жұмыс істеп келеді, кепілдік беру жүйесі әлемнің жетпіс елінде қолданылуда, оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде жұмыс  істеуде. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бұл салада көш бастаушы болып отыр.

 

Екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктер 2011 жылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша:

 

1. «ТұранӘлем» банкі;

2. «ЦентрКредит» банкі  ААҚ;

3. «Қазақстан Халық  банкі» ААҚ;

4. «Алматы сауда-қаржы  банкі» ЖАҚ;

5. «Темірбанк» ААҚ;

6. «Казкоммерцбанк» ААҚ;

7. «Нұрбанк» ААҚ;

8. «Евразийский банкі» ЖАҚ;

9. «Цеснабанк» ААҚ;

10. «Валют-Транзит Банк» ААҚ;

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қызметтің негізгі мәселелері тиімді депозиттік саясаттың жеткілікті дәрежеде дайын еместігі мен жүзеге асырылмауы және оның әлемдік экономика деңгейіне – банк жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі болып табылады.

Коммерциялық банктердің қаржы тұрақтылығын нығайту мақсатында тиімді банк саясатын қалыптастыру қажет. Депозиттік саясат тиімді банк саясатының құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады, ал оны қалыптастыру үш кезеңмен жүргізіледі:

• зерттеу кезеңі;

• жоспарлау кезеңі;

• шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі.

 Зерттеу кезеңінде  банк клиенттердің тұтынысын  зерттейді: депозиттердің қандай  түрлері тартымды; депозиттердің,  салымдардың әр түрлеріне қандай  проценттер белгілеу керек. Бұлардың  барлығы банктің банк операцияларын  жүргізу жөніндегі мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл кезеңде қоршаған ортаны, рынокты, банктің бұл рыноктағы орнын және ролін талдауы кіретін рынокты зерттеу және талдау жүзеге асырылады. Яғни, банктің географиялық орны, оның клиентке жақындығы, филиалдар желісінің жеткіліктігі, қала немесе ауылдық жер, бәсекелестердің бар екендігін депозиттік саясатты дайындаудың бастапқы сатысының өзінде-ақ бұларды зерттеу қажет.

Жоспарлау кезеңінде  банк депозиттік операциялар бойынша  талдау және табысты бағалауды жүзеге асырып, түрлі тәуекелдерді жоспарлап, ұсынылатын қызметтердің ассортиментін және т.б. кеңейтеді. 

Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңінде белгілі  кезең (жоспарлы) ішінде қандай депозиттер көлемі тартылатыны шешіледі. Мұнда  қаражаттарды депозиттерге тартудың рәсімі (банк қызметкерлерінің клиенттермен табысты жұмысы, салымдардың түрлері, мерзімдері, артықшылықтары бойынша түсіндіру жұмыстары) роль атқарады.

Осылайша, депозиттік рынок  – қызығушылық тұрақты өсіп келе жатқан қаржы рыногының маңызды және ажырамас бөлігі. 1994-2001 жылдардағы қазақстандық депозиттік рынокты талдай отырып бұл күндері біздің республикамызда (ТМД елдерімен салыстырғанда) жеке және заңды тұлғалардың салымдарын тартудың жеткілікті түрде дамыған жүйесі бар деуге болады. 1996 жылдан бастап депозиттер бойынша ставкалар оң болды, бұл әлеуетті салымшылар үшін тартымды болды.

Сонымен қатар, депозиттік рыноктың тұрақты нығаю үрдісі бар:

• банктердің сенімді  тұрақтылығына (басқа қаржы институттарымен  салыстырғанда);

• проценттік ставкалардың бәсекелестігімен (басқа салымдармен салыстырғанда);

• ұсынылатын қызметтердің үлкен тізімімен;

• банк қызметі саласындағы  заңның дамуымен (депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу, «Банктік құпия туралы» заң және т.б.).

Банктер арасында салымшылар үшін, сондай-ақ сенімді, тиімді банк мәртебесі үшін бәсекелестік күресі күшейе түскендігі байқалады.  Қайта қаржыландырудың ставкасының (бұл күндері 11,5%) артынша одан әрі проценттік ставкаларды төмендету жалғасын табуда.

Банктердің дамуының экономикалық негізі олардың жоғары дербестігі мен өзінің депозиттік және кредиттік саясатын жүргізудегі серпінділігі болып табылады. Осыны ескерегенде банктердің алдында екі міндет тұр:

1. Уақытша бос қаражаттарды  жұмылдыру; банктердің бәсекесі  күшейген қазіргі кезде маңызды болып табылатын коммерциялық банктердің есепайырысу және жинақтау операцияларына қатысты жұмылдыру құралдарын жасау;

2. Коммерциялық банктердің  жеке депозиттік саясатын әзірлеу  үшін қызметтеріне талдау жасау  және оның нәтижелеріне қол жеткізу.

Депозиттік операциялардың дамуын талдауы депозиттік саясатты (салынатын теңгенің орташа сақтау мерзімін табу және т.б.) жүргізуде кредиттерді  беруде оң нәтижелерге жеткізетін математикалық  есептеулердің қажеті бар екенін дәлелдеді.

Осы қарастырылып отырған кезеңдегі депозиттік рыноктың даму үрдісін бағамдау мынадай қорытынды жасауға алып келді, инфляция қарқыны бәсеңдеді, бұл банктердің салымдары және депозиттері бойынша табыстылығына қолайлы болды: жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарының ағынын ұлғайтты, ал бұл өз тарапынан инвестициялық ахуалдың оң қалыптасуына жағдай туғызды.

Бұл күндері жеке және заңды тұлғалардың теңге бойынша  да, сондай-ақ валюта салымдары бойынша  да тұрақты өсу байқалады. Бұл  айғақ банктер таңдап алған депозиттік саясаттың дұрыстығын көрсетеді, дегенмен ол әлі толық жетілді деп айту ерте. Біздің банктердің оны жетілдіру қажеттігін түсінгені  бұл мәселенің негізгісі, өйткені қазақстандық банктер жинақтаған тәжірибенің және банк жүйесінің зор әлеуетінің бұл мақсатқа жеткізетіні анық.

Халықтың салымдарына  кепілдік беру қорын құру банктер  алдында қойылған мақсатқа қол жеткізуде  жауапты да маңызды қадам болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.

 

  1. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заң. Казахстанская правда. 2002 г. № 12
  2. «Ұлттық банк туралы» Заң. Казахстанская правда. 2002 г. № 5
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 05.11.1999 ж. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы.
  4. Ахметов А.Р. «Фонд гарантирования вкладов - гарант личной финансовой безопасности» / Банки Казахстана № 6, 2001 г.
  5. Каценеленбаум З.С. «К вопросу о сущности банковского депозита» / Деньги и Кредит №4, 1991 г.
  6. «Общая теория денег и кредита»/учебник, под ред. Проф. Е. Ф. Жукова –М.: «Юнити»,1999г.
  7. Э. Перотти «Гарантирование банковских депозитов: мировая практика и проблемы» / Деньги и Кредит № 6,2000г.
  8. «Банковское дело» / под ред. О.И.Лаврушина, Москва «Финансы и статистика», 2000 г.
  9. «Банковское дело» / под ред. Г.С. Сейткасымова, Алматы «Каржы-Каражат», 1998г.
  10. «Деньги, Кредит, Банки» / под ред. Г.С.Сейткасымова, Алматы «Экономика», 1999г.
  11. Деловая неделя //Садыков А. «Неработающие вклады»,№16, 2000г.
  12. Банки Казахстана № 9, 10, 12 2002 г.
  13. Банки Казахстана №1,3,4,6,8,9 2001 г.
  14. Деловая неделя от 23.02.2001 г., 16.11.2001 г.
  15. «Деньги и Кредит» № 4,1991 г., стр. 75-76
  16. Банки Казахстана №1,2,3 2003г.
  17. Бизнес-курьер/Сагиндыкова М. О. «Казахстанский фонд гарантирования вкладов физических лиц»,№36, 2002г.
  18. Бухгалтерский баланс ОАО "ТЕХАКАВАНК» / Начнем с понедельника № 42 от 25.10.2001 г.
  19. Годовой отчет.  ОАО «Темірбанк»  1999-2002гг

 

 




Информация о работе Қазақстандағы депозит рыногының дамуы