Қазақстандағы депозит рыногының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын «Темірбанк» ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
I. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі 5
1.1. Депозиттердің жіктелуі 5
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар 10
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы 12
II. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ «Темірбанктің» материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау. 20
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі ретіндегі мәні 20
2.2. Темірбанктің депозиттік саясаты. 21
III. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі 27
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі 27
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру қорын құруды ұйымдастыру 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

bank2_kurs_28.doc

— 280.00 Кб (Скачать документ)

2011 жылдың мамырында резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 1,8%-ке (жыл басынан бастап өсуі – 5,9%) өсті және 307,8 млрд.  теңге (2,1 млрд. доллар) болды.

Ай ішінде заңды тұлғалардың  да,  сондай-ақ жеке тұлғалардың да депозиттері: заңды тұлғалардың  депозиттері – 0,8%-ке 199,6 млрд. теңгеге  дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері  – 3,8%-ке 108,2 млрд. теңгеге өсті.

Мерзімдік депозиттердің  жалпы көлемі 1,9%-ке 173,1 млрд. теңгеге  төмендегенде талап етілгенге дейінгі  депозиттер 7,1%-ке 134,7 млрд. теңгеге ұлғайды. Мерзімдік депозиттердің үлес салмағы 58,4%-тен 56,2%-ке дейін төмендеді.

Халықтың (резидент еместерді  ескере отырып) салымдарының өсу үрдісі жалғасуда. Олар 3,9%-ке өсіп, 112,1 млрд. теңге (768 млн. доллар шамасында) болды. Жыл  басынан бастап халықтың депозиттерінің өсуі 20,4 млрд. теңге (133 млн. доллар).

Депозиттік рынокта ставкалар деңгейі аз ғана өзгерді. Жеке тұлғалардың теңгелік мерзімдік депозиттері бойынша орташа алғандағы сыйақы ставкасы 14,6%-тен 14,7%-ке өсті, ал валюталық депозиттер бойынша 7,9%-тен 7,7%-ке дейін төмендеді. Сәуірде және мамырда жеке тұлғалардың мерзімдік теңгелік депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары ставкалар жылына 16-17%-тен аспағанын, ал екі ай бұрын бұл көрсеткіш жылына 19-20%-тен астам болғанын атап өткен жөн. Осылайша инфляцияның және қайта қаржыландыру ставкасы деңгейінің төмендеу кезінде теңгелік депозиттер бойынша номиналдық ставкалардың жалпы төмендеуі байқалды.

Шілдеде маусымдағыдай  депозиттік рыноктағы жағдай «Азаматтардың  ақшасын жариялауына байланысты рақым жасау туралы» ҚР Заңының  жүзеге асу аясында қалыптасты. Бұл шара 2011 жылдың 14 маусымынан бастап 13 шілдеге дейін созылды. Жоғарыда аталған заңның нормаларына сай шара аяқталғаннан кейін арнайы есепшоттардың иелеріне жария етілген ақшалармен өз қалаулары бойынша жұмсауына рұқсат берілді, осыған байланысты заматтардың біршамасы өздерінің ақшаларын алды. Соған қарамастан арнайы есепшоттардағы жария етілген ақшалардың үлкен бөлігі (55%-тен астамы) мерзімдік депозиттерге салынды. Бұл жөнінде банктік жүйеде депозиттер көлемінің күрт өсуі дәлел бола алады. Нәтижесінде шілденің соңында резиденттердің депозиттері 10%-ке өсіп, 393,2 млрд. теңге (2,68 млрд. доллар шамасында) болды. Азаматтардың капиталын жариялау жөніндегі шара халықтың салымдарының өсу үрдісін жеделдетті. Мұндайда жарияланған ақшалардың негізгі салмағы азаматтардың банк жүйесіне сенімділігінің артуына куә болады.

Біздің елдің қаржы  рыногының серпінді дамыған сегменттері  туралы айтқанда банктердің бос қаражаттарды тарту саласында оң үрдістері  туралы сенімділікпен айтуға болады, банктердің қолайлы жағдайларда  сапалы қызметтер ұсынуы салымшылардың банктік мекемелерге сенімдерінің өсуімен расталады.

Банк жүйесіне халық  сенімінің нығаюы көп жағдайда азаматтардың мерзімдік салымдарына кепілдік беру жүйесінің және жеке тұлғалардың  есепшоттарына қатысты қолданылатын қабылданған «Банктік құпия туралы» Заңның қызмет істеуіне байланысты. Қазіргі уақытта салымдарды қорғау жүйесінде Қазақстанның барлық банктерінің жартысы дерлік (21 банк) қатысады.

2012 жылғы Қазақстандағы банктер жүргiзген депозиттiк операциялары жоғарғы қарқынмен дамып үлкен нәтижелер бердi. Өйткенi, 2011 жылғы жүргiзiлген акция көлеңкелi айналымда жүрген 500 млн. доллардан астам қаржыны ел экономикасына құйды. Нәтижесiнде банктiк жүйеде экономикалық көрсеткiштер оң нәтиже бердi.

Соңғы уақыттарда екiншi деңгейлi банктердiң меншiктiк қаржы жиынтығы 150,3 млрд. теңгенi құрайды. Соның iшiнде бiрiншi деңгейлi қаржы 16,3 %-ке яғни, 14,9 млрд. теңгеге ұлғайды, ал, екiншi деңгейлi қаржы 35,8 %-ке (12,9 млрд. теңгеге) ұлғайды. (7-кесте.)

Екiншi деңгейлi банктердiң активтерi 2012 жылдық қаңтарымен  қарашасы аралығында  225 млрд. теңгеге немесе 28,7 %-ке ұлғайып, жалпы 1009 млрд. теңгенi құрады. Активтердiң ұлғайуы экономиканы банктермен несиелендiру секторының тұрақты түрде жедел қарқынмен дамуына алып келдi. 2012 жылдың қазан айында бұл көрсеткiш 155,5 млрд. теңгенi құрады. Ал, жылдық 8 ай iшiнде 1178,2 млрд. теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп.

2011 жылғы қаңтар айында резиденттердiң депозиттерiнiң жалпы көлемi 3,5 %-ке төмендеп 581,9 млрд. теңгенi (АҚШ долларымен 3,7 млрд.долл.) құрады. Бұл көрсеткiш аусымдық болып табылады. өйткенi, мұндай түсiм банктердiң басынан өткерген әр жыл сайын байқалады.

Заңды тұлғалардың депозиттерiнiң  көлемi 2011 жылғы қаңтар айында 7,0 %-ке төмендеп 327,8 млрд. теңгенi құрады. Бұл төмендеу «Қазақмыс» ААҚ-ның мемлекеттiк акцияларының бiр бөлiгiн инвесторлардың сатып алуының нәтижесi болып табылады. Депозиттердiң жалпы көлемiнiң төмендеуiне қарамастан Қаңтар айында халықтың депозиттiк салымдарының өсiмi байқалды. Халық салымдары (резидент емес тұлғаларды қоса алғанда) ай iшiнде 1,6 %-ке өсiп 261,4 млрд. теңгенi құрады.

Депозиттерден түсетiн  түсiмнiң мөлшерi бойынша 2011 жылы қаңтар айында 2012 жылдың қараша айымен салыстырғанда бiршама азайды. Орташа сыйақы мөлшерi жеке теңгелiк мерзiмдiк депозиттер бойынша 11,0 %-тен 10,4 %-ке дейiн, ал, заңды тұлғалар депозиттерi бойынша  5,4 %-тен 5,2 %-ке дейiн төмендедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ «Темірбанктің» материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау.

2.1. Депозиттердің  банктік ресурстарды қалыптастыру  көзі ретіндегі мәні

Депозиттік операциялар  коммерциялық банктердің операцияларының  ең негізгілерінің бірі болып табылады. Олардың көмегімен банк халық  қолындағы бос ақша қаражаттарын табыс табу үшін жұмылдырады.

Депозиттер банк ресурстарын  қалыптастырудың маңызды көзі болып  табылады. Олардың банктегі құрылымы жылжымалы және ақша рыногының конъюнктурасына байланысты қойылған. Дегенмен банк ресурстарын қалыптастырудың бұл көзіне бірнеше кемшіліктер тән. Әңгіме негізінен салымдарға қаражатты тарту кезінде елеулі материалдық және ақшалай шығындар туралы, жеке аймақ шеңберінде бос ақша қаражатының шектеулі екендігі жөнінде болып отыр. Сонымен қатар, салымдарға (депозиттерге) қаражатты жұмылдыру банктің өзіне ғана емес елеулі дәрежеде клиенттерге (салымшыларға) байланысты. Соған қарамастан, кредиттік ресурстар рыногында банктер арасындағы нақты күрес оларды депозиттер тартуға жағдай туғызатын қызметтерді дамыту жөнінде шаралар жасауға мәжбүр етеді.

Уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру – бұл коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық бірінші  қызметі. Банк пассиві жеке капиталдан және тартылған қаражаттан тұрады. Жеке капитал – банктің барлық ресурстарының бар болғаны 10%-ін құраса да, банктің кредиттік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Басқа кәсіпорындарға қарағанда қаржы ресурстарының құрамында жеке капиталдың төменгі деңгейде болуы мынамен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржы рыноктарында басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос ақша сомаларын депозиттер түріндегі сомаларды қаржы делдалы ретінде жұмылдырады. Мұндайда олар оны тиімді басқарады, яғни олардың сақталуын қамтамасыз етеді және пайда табу үшін заемшыларға несие береді. Екіншіден, банктер тартатын депозиттер жылдам жылжымалы, жоғары өтімді және басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерге орналастырылған активтеріне (жабдық, үй-жай және т.б.) қарағанда рынокта жылдам сатыла алады.

Бұл міндеттемелер коммерциялық банктерге жеке капиталы мен тартылған ресурстар арасындағы аз қатынасқа қарамастан басқа кәсіпорындармен салыстырғанда өз міндеттерін жүзеге асыруға және қалыпты қызмет етуге мүмкіндік береді. Жеке капитал – бұл банктің қорғанатын-кепілдік қоры. Осылайша жеке капитал банктің маңызды, міндетті түрде қажетті қоры болып табылады. Оның банк қаражатының құрылымында банктің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі және оның тиімді жұмыс істеуіндегі ролі үлкен болып табылады. 

Банктер өздерінің белсенді операцияларын жүргізу үшін тартылған қаражаттың есебінен ақша қорларының 90%-тен астамын пайдаланады, яғни банктер өздерінің клиенттерінің уақытша бос ақша құралдарын жинақтайды. Әдетте осы қаражаттың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер деп жинақтау ақшаларынан басқа барлық мерзімді және мерзімдері белгіленбеген банк клиенттерінің салымдарын атаймыз. Банктердің ақша құралдарын салымдарға (депозиттерге) тартып оларды табысты орналастыру мақсаты жөніндегі жұмыстарды депозиттік операциялар деп аталады. Дәл осылардың негізінде коммерциялық банктердің кредиттік қорларының негізгі бөлігі құрылады.

Депозиттік операциялар  мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

• депозиттік операциялар  банктік табыс табуға немесе келешекте  табыс алу жағдайларын жасауға  көмектесуі тиіс;

• банк балансының оперативтік өтімділігін ұстау мақсатымен икемді депозиттік саясат жүргізілуі тиіс;

• депозиттік операцияларды  ұйымдастыру барысында банк балансының өтімділігін өте жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін  мерзімді  салымдарға аса көңіл аудару қажет;

• депозиттік операциялар мен мерзімдері және сомалары бойынша несиелер беру жөніндегі операциялар бойынша өзара байланысы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет.

2.2. Темірбанктің депозиттік саясаты

 

Депозиттік рыноктың дамуының объективті факторларының  бірі тиімді депозиттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Депозиттік саясаттың орасан зор мағынасы қаражаттарды депозитке тартуға және оларды тиімді басқаруға бағытталған тиімді банк саясатын жүргізу үшін маңызы бар. Банктер өздерінің қызметін жүргізу барысында көптеген тәуекелдерге тап болады. Олардың арасыда ең көп тарағанының бірі – бұл банктің депозиттік операциялармен байланысты тәуекелі. Сондықтан банктің міндеті депозиттік портфельді тиімді басқару болып табылады.

Депозиттік рыноктың дамуына әсер ететін факторларды қорыту барлық факторларды бірнеше блоктардан тұратын депозиттік портфельді басқарудың жалпы блок-схемасына біріктіруге мүмкіндік берді (1-сурет).

 

 

 













 

 

Банктің депозиттік портфельді басқаруының  жалпы блок-сызбасы

1-сызба.

 

1. Ақпарат блогына  банктің ақпарат базасының кешенді  талдауы кіреді. Бұл банкке депозиттік  ресурстар бойынша деректер (салымдардың  қандай түрі танымал, қандай  сыйақы ставкасы салымшыларға  ең тиімді, халықтың қандай санаттары  ақшаны жиі жинақтайды және т.б.) жинау қажеттігін білдіреді.

Мұндай деректерді жинағаннан кейін банк банктің өзі үшін де, сондай-ақ салымшы үшін де өтімділігі, сенімділігі және пайдалылығы тұқрғысынан  қандай салымдардың ең тиімді екенін есептей алады.

2. Депозиттік ресурстарды басқару блогы. Бұл кезеңде қажетті ақпаратты жинағаннан кейін банк депозиттік ресурстарды тиімді басқару бойынша сонымен бірге депозиттік ресурстардың бірнеше түрлерінің серпінділік сатыларын тұрғызу әдістемесін, сондай-ақ мерзімдері, түрлері, сомалары, клиенттер топтары бойынша депозиттердің жіктелуін әзірлейді. Сонымен қатар депозиттердің топтары бойынша бағаны анықтау бөлігінде депозиттің тартымдылығына көңіл аударылады.

3. Тәуекелді басқару  блогы. Бұл кезеңде банк депозиттік  операциялармен жұмыс кезінде кездесетін тәуекелдерге кешенді талдау жүргізіледі.

Алуан түрлі тәуекелдер туралы толық ақпарат негізінде  банктің активті операцияларды  мейлінше аз шығынмен жүргізетіндігіне көмектесетіні күмән тудырмайды. Мысалы, инфляциялық процестерге қатысты тәуекелдер көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда клиенттердің банктен салымдарды жаппай алуы, мерзімдік және жинақтау салымдарынан қаражатты мерзімінен бұрын алу процесі басталуы мүмкін, бұл банкті ауыр жағдайларға, тіпті банкроттыққа да және басқа да жағдайларға ұшыратуы мүмкін.

4.  Депозиттерді сақтандыру  блогы. Бұл кезеңде банк кризистері  туындаған жағдайда салымшылардың  мүдделерін қорғау және банк  салымдарын сақтандыру түрінде  кепілдіктер беру қажеттілігі  туындайды. Бұл коммерциялық банк  банкроттыққа ұшыраған жағдайда  салымдарды қорғалуын сақтандыруды қамтамасыз ететін кешенді шаралар болуы мүмкін. Мұндай сақтандырудың негізі мынада, арнайы ұйым (сақтандырушы) банк банкрот болғанда немесе ол ақшаны қайтарып бере алмаған кезде осы ұйымның өзі басқаратын ерекше сақтандыру қорының есебінен банкке салынған қаражатты қайтарып беру жөнінде салымшылар алдында өзіне міндеттемелер қабылдайды.

5. Тартылған қаражаттарды  құрылымдық талдау блогы. Бұл  блокқа банктің депозиттік портфелін  басқару тиімділігін талдаудың  бірнеше кезеңдері кіретін депозиттік операциялар бойынша тәуекелдердің ретроспективті талдауы кіреді.

Банктің депозиттік портфелін тиімді басқару банктің барлық депозиттік ресурстарды кешенді талдауын дәл және уақтылы жүргізуіне байланысты. Банктің депозиттік портфелін тиімді басқарылуын талдауға салымшылардың түрі бойынша депозиттерге құрылымдық талдауды; талап ету дәрежесі бойынша депозиттердің құрылымына талдауды; трансформация тәуекелінің талдауын кіргізеді.

Депозиттік рыноктың қызмет ету үлгісі қойылған мақсаттарға  жету қағидалары мен тактикасы, стратегиясы мынадай бағдарламалардың жүзеге асырылуы және келісілуіне негізделген: мемлекеттік, Ұлттық банктің (Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорымен бірлесе) бағдарламасы және екінші деңгейдегі банктер бағдарламалары.

 Мемлекеттік деңгейде – жұмыспен қамтамасыз ету, демографиялық, халықтың табыс деңгейін реттеу, ақша жинақтауды арттыруға жағдай туғызу саясаттары.

Ұлттық Банктің деңгейінде – банк салымдарын сақтандыру бағдарламасы. Бұл бағдарламаны орындаушы негізгі  агент Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қоры болып табылады.

Информация о работе Қазақстандағы депозит рыногының дамуы