Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 20:43, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын «Темірбанк» ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Кіріспе 3
I. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі 5
1.1. Депозиттердің жіктелуі 5
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар 10
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы 12
II. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ «Темірбанктің» материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау. 20
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі ретіндегі мәні 20
2.2. Темірбанктің депозиттік саясаты. 21
III. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі 27
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі 27
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру қорын құруды ұйымдастыру 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 34
Мазмұны
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Коммерциялық кәсіпорындардың
Құрамы жағынан банктердегі
тартылған қаржылар әр түрлі болып
келеді. Тартылған қаржылардың ең
негізгісіне банктердің клиенттермен
жұмыс жасау барысында
Коммерциялық банктер қазіргі нарықтағы бәсекелік тартыс кезеңінде өзінің несиелік ресурстарының көлемінің ұлғаюына ғана емес, сонымен қатар тартылған депозиттердің сапасына да мән беруі қажет. Депозиттік нарықты талдау барысында байқағанымыздай Қазақстан Республикасындағы резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 2010 жылдың 11 айы ішінде 22,8%-ке көтеріліп 2012 жылдың 1-ші желтоқсанында 546,4 млрд. теңгені (АҚШ долл. шаққанда 3,5 млрд. долл.) құрады.
Негізгі оң нәтижелер мерзімді депозиттердің ұлғаюына көрініс тапты. Тек, 2012 жылы мерзімді депозиттер 23,5%-ке ұлғайып 376,9 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде мерзімді депозиттердің үлес салмағы 68,6 %-тен 71 %-ке дейін өсті. 2012 жылы халықтық депозиттердің өсу тенденциясы тұрақты түрде сақталды. Қаңтар айы мен қараша айын қоса алғанда, халық салымдары 32,2%-ке өсіп, 246 млрд. теңгені құрады. (шамамен 1,6 млрд долл.).
Негізінен банктің депозиттік саясаты әр түрлі сатыдағы, әлеуметтік және жастық топтағы халықтың қызығушылығын көмектесуі тиіс. Қазіргі уақыттағы кең ауқымды депозиттердің түрлері клиенттерге ақша-қаражаттарын қартайған жақтарын қамсыздандыруға және алдағы уақыттағы шығыстарын жоспарлауға сонымен қатар, басқа да мақсаттарға қаржы жинақтауға көмектеседі.
Соңғы уақыттарда орташа сыйақы мөлшері теңгелік мерзімді депозиттер бойынша 12% - ті, ал шет ел валютасында 6,7% - ті құрады.
Елдегі дұрыс жүргізілген қаржылық кешендік саясаттың арқасында коммерциялық банктердегі жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалардың да қаржылық салымдары көбеюде. Нәтижесінде, елдегі инфляция қарқыны біршама төмендеп ақша қаражаттарының қорлануына жағдай жасалынды. Сонымен қатар, депозиттердің ұлғаюына қосымша жүргізілген біршама іс-шаралар әсер етті. Бұларға мыналар жатады:
- Халықтың ақшалай
салымдарын және зейнетақы
- депозиттерді (сонымен қатар, жеке тұлғалардың талап етілгенге дейінгі салымдарын) міндетті түрде кепілдендіру және сақтандыру қорының құрылуы;
- 2011 жылы жүргізілген қаржылық капиталды амнистиялау туралы іс-шаралар;
Осындай жүргізілген іс-шаралардың арқасында, қазіргі уақытта банктік жүйеде депозиттік нарық түрінде көрініс тапқан динамикалық сегмент пайда болды және бұған қызығушылық уақыт өткен сайын көбеюде.
Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік
қызмет түрлерінің сұранысына
әсер ететін негізгі
- ҚР-ғы банктік жүйедегі
депозиттік операциялардың
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Банк мекемесінің коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретіндегі ерекшелігі оның ресурстарының басым көпшілігі өзінің жеке қаражатынан емес тартылған заемдық қаражаттардың есебінен қалыптастырылуында. Банктердің қаражатты тартуының шегі бар және ол кез келген мемлекеттің Орталық банкі тарапынан реттеліп отырады.
Депозит латынның (depositum) деген сөзінен алынған, ол сақтауға берілген затты немесе депозиттік операциялардың субъектілері банкке енгізетін белгілі ақша қаражатын немесе банктік және қаржылық операцияларды жүргізу тәртібіне байланысты белгілі уақытқа банктердің есепшоттарында болатын қаражатты айтады.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңында депозиттің анықтамасы былай деп берілген – бұл бір тұлғаның (депозитордың) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін қайтарылуы тиіс пе, тиіс емес пе, оған қарамастан толығымен немесе бөлшектеліп, алдын ала айтылған үстеме ақымен немесе онсыз, тікелей депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаға ұлттық мәнде қайтарылу талаптарымен берілген ақшасы.
Демек, депозиттік рынок – салымдар және депозиттер рыногы – халықтың ақша қаражатын пайда табу мақсатымен белгілі талаптармен әртүрлі қаржы мекемелеріне салу жөніндегі экономикалық қатынастар саласын көрсетеді.
Депозиттік операциялар –
Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің ролі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Депозиттік есепшоттар әртүрлі болуы мүмкін, және олардың жіктелуінің негізінде салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі және т.б. критерийлер жатыр. Ең көп қолданылатындары төменде келтірілген.
Салымдар санаттарына орай депозиттер былай бөлінеді:
- заңды тұлғалардың (
- жеке тұлғалардың депозиттері.
Экономикалық тағайындалуы бойынша депозиттер 4 топқа бөлінеді:
1. мерзімдік;
2. талап етілгенге дейін;
3. халықтың жинақ ақша салымдары;
4. бағалы қағаздар.
Мерзімдік депозиттер –банктер белгілі мерзімге тартатын депозиттер. Мерзімдік депозиттердің өзі заңды және жеке тұлғалардың мерзімдік салымдары және алдын ала хабарлаумен жасалатын мерзімдік салымдары деп бөлінеді.
Мерзімдік салымдар шартта көрсетілген мерзімге және талаптармен банктің толық қарамағына қаражатты беру, ал ол мерзім аяқталған соң салымды иесі кез келген сәтте алуы мүмкін. Клиентке мерзімдік депозит үшін төленетін сыйақы мөлшері депозиттің мерзімінен, сомасынан және салымшының шарт талаптарын орындауына байланысты болады. Салымның мерзімдері неғұрлым ұзақ және (немесе) сомасы үлкен болса соғұрлым сыйақы мөлшері үлкен болады.
Мерзімдік депозиттер мерзімі бойынша: 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан бір жылға дейін, бір жылдан астам болып бөлінеді. Мұндай мерзімдерінің егжей-тегжейлі бөлінуі салымшылардың өз қаражаттарын тиімді ұйымдастыруға және оларды салымдарға орналастыруға ынталандырып, сондай-ақ банктерге өздерінің өтімділігін басқару үшін жағдай туғызады.
Қаражатты алу жөнінде алдын ала хабарландырылатын салымдар дегеніміз клиенттің банкті шарт бойынша белгіленген мерзімде алдын ала хабардар етуі тиіс салым. Хабарлау мерзіміне байланысты салым бойынша проценттік ставка анықталады.
Мерзімдік салымның сомасы дөңгелек сомалармен белгіленіп шарт күшінде болатын барлық мерзім ішінде өзгертілмеуі тиіс. Мерзімдік салымдар ағымдағы төлемдерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Егер салымшы салым сомасын өзгерткісі келсе – азайтқысы немесе ұлғайтқысы келсе, онда ол қолданыстағы шартты бұзып, өз салымын алып, жаңа талаптармен қайта ресімдейді. Бірақ салымшы салым бойынша қаражатты мерзімінен бұрын алған кезде ол шартта көзделген проценттерден ішінара немесе толығымен айырылуы мүмкін. Әдетте, мұндай жағдайларда проценттер талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша төленетін проценттер мөлшеріне дейін төмендетіледі.
Мерзімдік депозиттер банктің басшысы арқылы банк және клиент (салымшы) арасында жасалатын шартпен ресімделеді. Банктер депозиттік шарттың нысанын дербес даярлап, салымның жекелеген түрлері бойынша өзгеше үлгілері болады. Шарт екі дана етіп жасалады: біреуі салымшыда, екіншісі – банктің кредиттік немесе депозиттік бөлімінде (бұл жұмыс қандай бөлімге тапсырылғанына орай) сақталады. Шартта салым сомасы, оның әрекет мерзімі, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін салымшы алатын проценттер, тараптардың құқықтары және міндеттері, олардың шарт мерзімін сақтау туралы жауапкершіліктері, дауларды шешу тәртібі белгіленеді. Көптеген банктер банктің ұсақ, орта және ірі клиенттерге қызмет етуіне байланысты мерзімдік салымның ең төменгі мөлшерін белгілейді. Банк өз тарапынан шарттың барлық талаптарын уақтылы орындауға және оларды бұзғаны үшін жауап беруге міндеттенеді. Бұл депозит иелеріне қаражатты немесе проценттер төлеуді уақытында бермегені үшін өсімпұл немесе айыппұлдар төлеуде көрініс табады. Банк және салымшы арасында туындайтын даулар төрелік сотта немесе сот тәртібімен (егер салымшы жеке тұлға болса) шешілуі тиіс.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер – белгісіз мерзімге салынатын, салымшы кез келген уақытта банкті алдын ала хабардар етпестен алатын немесе басқа тұлғаға аудара алатын қаражат.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер қаражаттың сипаты және кімге тиесілілігі бойынша бөлінеді:
• кәсіпорындардың және ұйымдардың есепайырысу, ағымдағы есепшоттарында сақталған қаражаттары, әртүлі қорларда сақтауы бойынша арнайы есепшоттардағы қаражаттары; кәсіпорындардың капиталдық салымдарға арналған есепшоттарындағы, жергілікті бюджеттердің табыстары бойынша есепшоттардағы қаражат;
• жергілікті бюджеттердің қаражаты;
• басқа банктермен есепайырысу бойынша корреспонденттік есепшоттардағы кредиттік қаражат қалдықтары және шетелдік банк-корреспонденттердің есепшоттарындағы қаражат.
Жекелеген топтарға арнайы есепшоттарда есепайырысуға (мысалы, аккредитивтермен, чек кітапшаларымен) тартылған (арнайы қорларға) және арнайы мақсаттарға (капиталды салымдарды және т.б. қаржыландыру үшін) резервтелген қаражаттарды біріктіріледі.
Банктік өтімділікті басқару тұрғысынан банктерге ағымдағы және бюджеттік есепшоттар, капиталдық салымдарды қаржыландыру жөніндегі есепшоттар, арнайы мақсаттағы есепшоттар пайдалы болып есептеледі, өйткені олардағы қаражат қозғалысы (сомалары, мерзімдері, төлемдер немесе аударылған ақшалардың келіп түсуі) банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ағымдағы және бюджеттік есепшоттардың иелері өз мәртебелеріне орай (заңды тұлғаның құқығының болмауынан) кредиттерге ұмтылмайды, ал бұл банктерге мұндай қаражатты өз қалауы бойынша активтік операцияларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Мерзіміне байланысты салымдар мыналарға бөлінеді: талап етілгенге дейінгі салымдар (есепайырысу және ағымдағы есепшоттардағы қаражат), мерзімдік (белгілі мерзімге, бірақ бір айдан кем емес мерзімге орналастырылған қаражат) және квазимерзімдік (жеткілікті түрде ұзақ уақытқа, бірақ белгісіз мерзімге тартылған қаражат).
Талап етілгенге дейінгі депозиттерге банктердің бір жақты тәртіппен немесе бір бірінің тапсырмасы бойынша есепайырысу мен төлемдерді жүргізу мақсатында Орталық Банкте немесе корреспондент банктерде ашылған корреспонденттік есепшоттары да жатады. Банк басқа банкте ашқан корреспонденттік есепшот «НОСТРО» есепшоттары деп аталады, ал банк басқа банк үшін ашқан корреспонденттік есепшот «ЛОРО» есепшоты деп аталады. Бұл есепшоттарды ашу есепшоттардың қызмет ету талаптары және олар бойынша жүргізілетін операциялардың тізімі анықталған банктер арасындағы жасалған шарттар негізінде жүргізіледі. Көрсетілген есепшоттардан сондай-ақ клиенттердің есепшоттарынан да төлемдер олардағы қаражат шегінде жасалуы тиіс екендігін есте ұстаған жөн.
Талап етілгенге дейінгі депозиттерге өзінің классикалық нұсқасында отандық тәжірибеде қолданылмайтын, бірақ олардың қызмет етуі назар аударуға болатын контокорренттік есепшоттар тәрізді арнайы есепшоттарды жатқызуға болады.