Қазақстандағы депозит рыногының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын «Темірбанк» ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
I. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі 5
1.1. Депозиттердің жіктелуі 5
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар 10
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы 12
II. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ «Темірбанктің» материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау. 20
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі ретіндегі мәні 20
2.2. Темірбанктің депозиттік саясаты. 21
III. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі 27
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі 27
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру қорын құруды ұйымдастыру 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

bank2_kurs_28.doc

— 280.00 Кб (Скачать документ)

Үшінші деңгейде (екінші деңгейдегі банктердің деңгейінде) –  бұл банк саясатының негізгі бөлігі болып табылатын депозиттерді тарту  мен басқарудың тиімді әдісіне негізделген депозиттік саясатты әзірлеу.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы  депозиттік рыноктың қызмет ету үлгісі








 




 


 

 

 

 

 



 

 

 

 

 


 

 

 

 

2 - сызба

Дереккөз: депозиттік рынокты зерттеу  негізінде автор жасаған.

 

Қазақстандық депозиттік рыноктың қызмет ету үлгісінің келесі звеносы әртүрлі нысандар, әдістер  және құралдар арқылы бұл бағдарламаларды  субъектілер (мемлекет, кәсіпорын, халық  және банк) арасында тарату және жүзеге асыру болып табылады. Мұндай бірізділік депозиттік рыноктың қызмет ету стратегиясының жүзеге асуына мүмкіндік береді, оның нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткізіледі: банктер үшін депозиттік базаны ұлғайады; халықтың қаражатты салуы мүмкін болады және осы қаражат проценттермен қайтарылады. Соңғы кезеңде халық жағдайының әлеуметтік-экономикалық мониторингінде және депозиттік рыноктың жекелеген санаттарына негізделген біршама түзету мүмкін. Бұл депозиттік рыноктың дамуына әсер ететін (оң, теріс) факторларды анықтауға мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде банктер  әртүрлі депозиттерді ұсынуда. Мысалы, «Темірбанк» ААҚ-ы мынаны ұсынады:

«Береке» депозиті –  салым бойынша сыйақы ставкасы –  белгіленген және мерзімінің аяқталуына дейін өзгертілмейді.

«Береке» депозитінің  талаптары:

• сыйақы салымның сақталу мерзімінің аяқталуы бойынша есептеледі;

• салым 3 айдан астам  сақталған кезде, бірақ есепшотты  ашу кезінде айтылған мерзімнен  аз болмаса, сыйақы барлық сақтау кезеңіне талап етілгенге дейін салым  ставкасы бойынша есептеледі;

• банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін осындай мерзімге автоматты түрде сыйақы (мүдде) есептей отырып  ұзартылады, оны есептеу ұзарту сәтіндегі ставка бойынша жасалады, есептелген сыйақы (мүдде) сомасы салымшыға беру үшін талап етілгенге дейінгі салым бойынша есепшотқа аударылады.

1 - кесте

«Береке» депозитінің сыйақы ставкасы.

Валюта түрі

Сыйақы ставкалары жылына %

3 ай

6 ай

12 ай

18 ай

Теңгемен

11,0

13,0

14,0

16,0

АҚШ долларымен

7,0

7,5

8,0

9,0


 

Ең төменгі салым  сомасы (теңгемен):

150 000 теңге – Алматы филиалының ЦСО;

10 000 теңге – Алматы филиалдарының басқа бөлімшелері;

2 000 теңге - «Темірбанк» ААҚ-ының басқа филиалдарында

         Ең төменгі салым сомасы (АҚШ долларымен):

$ 1 000 – Алматы филиалы;

$ 500 – Алматы филиалдарының  басқа бөлімшелері;

$ 100  - «Темірбанк» ААҚ-ының басқа филиалдарында

          «Капитал»

«Капитал» депозитінің  талаптары:

• салым сомасына сыйақы оны енгізген күні есептеледі;

• салымның барлық сақталу  мерзімінде сыйақы ставкасы белгіленген  болып табылады;

• есепшотты ашқан  күні талап етілгенге дейінгі салымға аударылады немесе қолма-қол ақшамен беріледі;

• банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін осындай  мерзімге автоматты түрде сыйақы (мүдде) есептей отырып  ұзартылады, оны есептеу ұзарту сәтіндегі  ставка бойынша жасалады, есептелген сыйақы (мүдде) сомасы салымшыға беру үшін талап етілгенге дейінгі салым бойынша есепшотқа аударылады.

2 - кесте

«Капитал» депозитінің сыйақы ставкасы.

Валюта түрі

Сыйақы ставкалары жылына %

3 ай

6 ай

Теңгемен

8,0

11,0

АҚШ долларымен

5,0

6,0


 

Ең төменгі салым  сомасы (теңгемен):

1. 150 000 теңге – Алматы филиалының ЦСО;

2. 50 000 теңге – банктің басқа филиалдары мен бөлімшелерінде;

Ең төменгі салым  сомасы (АҚШ долларымен):

1. $ 1 000 – Алматы филиалы;

2. $ 500 – банктің басқа  филиалдары мен бөлімшелерінде;

 

«Темірбанк» ААҚ

Депозиттердің құрылымында 2011 жылдың 31 желтоқсанында мерзімдік депозиттердің үлес салмағы 2010 жылдың соңындағы 27,3%-пен салыстырғанда 53,5%-ке дейін өсті. Депозиттердің валютадағы үлес салмағы 2010 жылғы 61%-тен клиенттердің есепшотына валюталық түсімдердің өсуі нәтижесінде 2011 жылдың соңындағы 72%-ке дейін өсті. Мерзімдік депозиттердің банкке сенімнің артуымен және клиентке жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуге байланысты 2011 жылы 145,2%-ке өсуі байқалады. 2011 жылдың 31 желтоқсанында 20 ірі банк клиенттері клиенттерден тартылған қаражаттың 47,1% мөлшерін алды. Депозиттердің шоғырлану тәуекелін төмендету ұсақ және орта клиенттерді, сондай-ақ жеке тұлғаларды тарту жолы арқылы көзделеді. Қазіргі кезде есепшоттардағы депозиттердің 62% қаражаты жылдық айналымы 3 млн. АҚШ долларынан астам ірі корпоративті клиенттерге тиесілі; орта және ұсақ корпоративтік клиенттер есепшоттарындағы депозиттер қалдықтары тиісінше 11% және 4% болады. Жеке тұлғалардың депозиттері жалпы көлемінің 23% алып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі

3.1. Депозиттерді  сақтандырудың әлемдік тәжірибесі

 

Халықтың жинақ ақшасы кез келген мемлекеттің ішкі инвестицияларының негізгі көзі болып табылады. Мемлекет оны екі негізгі жолдармен: бағалы қағаздар рыногы және қаржы мекемелері арқылы жұмылдыруға тырысады. Бағалы қағаздардың ролі өсе түскен қазіргі кезде халықтың жинағын тартуда банктер алда келе жатыр.

Мұндайда елдің барлық қаржы жүйесінің арқауы болып табылатын банк жүйесін нығайту өте маңызды.

Банк жүйесінің қызметтері сан-алуан – ол ақша-кредит саясатын, тәуекелдерді бағалау, есепайырысуларды жүргізу жұмыстарын атқарады. Сонымен бірге, бұл жұмыстар банктерді өз қызметтерінде тәуекелдерге итермелейді. Тәуекелдер мәселелерінің алдын алу мақсатымен бірнеше елдерде банктердің өзіндік қауіпсіздік жүйесі жасалған, атап айтқанда банк жүйесіне салымшылардың мүдделерін қорғау жөніндегі құрылым енгізілген, бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың бірі болып табылады. Бұл құрылым - халықтың банктердегі салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі*.

Дегенмен, халықаралық тәжірибе көрсеткендей депозиттерді сақтандырудың дұрыс жасалмаған жүйесі банк секторының тұрақтылығына жағдай туғызбайды, қайта қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Депозиттерге кепілдік беру әлеуметтік мақсаттарды (ұсақ жеке салымшыларды қорғау) және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету (банктерден салымдарды жаппай алудың және дүрбелеңнің алдын алу). Мұндайда, көптеген елдерде соңғы кездері алапат толқын тәріздес, өзінің табиғаты бойынша тиімсіз банктік салымдарды жаппай алудың қаупіне қарағанда тым жоғары тәуекелді және спекуляциялық операциялардың нәтижесінде туындайтын банкроттық мәселесі маңызды болып отыр. Мысал ретінде 1990 жылдардағы Швеция, Мексика, Чили және Норвегия, сондай-ақ банктік бақылауы және реттеуі тиімсіз көшпелі экономикасы бар басқа елдерде болып өткен  банктік кризистерді келтіруге болады. Көптеген банктердің төлем қабілетсіздігімен қоса қабат жүретін жүйелік банк кризистері Болгария, Венгрия, Латвия, Литва мен Румыния елдерінде орын алды. 

Салымдарды жаппай алудың алдын алу және кризиске ұшыраған банк жүйесін тұрақтандыру үшін бірқатар елдер салымдарды мемлекеттік қорғау туралы жария етіп депозиттерді сақтандыруды жедел енгізбекші болып көрді.

Бірақ кепілдік берілетін  салымдар жағдайы ауыр банктерде  болып, ал оларды бақылаудың жоқтығы  кризисті және оның салдарларын ұлғайта  түсті. Егер депозиттерге кепілдік беру күшті банктік кризис жағдайында сақтандыру жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуіне әсер ететін, бір жағынан тиімді банктік қадағалау, екінші жағынан – тиісті қаржыландырумен қолдау көрсетілмеген кезде бұл жүйе банкроттыққа ұшырайды.

Депозиттерді сақтандырудың тиімділігінің төмендеуі банктердің де, сондай-ақ салымшылардың да жаупкершілігін төмендетуге алып келетін салымдарды сақтандыру қорының енгізілуі серпінді моральдық тәуекел мәселесімен (dynamic moral hazard problem) байланысты. Салымшылар жоғары проценттік ставкалар ұсынатын жоғары тәуекелді қаржы институттарына қаражаттарын жауапкершіліксіз орналастырып банктің қаржы жағдайын қадағалап отыру ынтасынан айырылады. Салымдарды сақтандыру негізінен тәуекелді банк қызметін ынталандырады. Банктік міндеттемелерге кепілдік беру салымдарды алу қаупін азайтады және банктерге қаражаттар шығынынан қауіптенбестен резервтердің көлемін төмендетіп және өздеріне жоғары тәуекелдерді қабылдауға мүмкіндік береді, яғни сақтандыру жоғары тәуекелді банктерге жасырын субсидия болып табылады. Осылайша депозиттерді сақтандыру банк жүйесінің статикалық тұрақтылығының жоғары дәрежесін қамтамасыз етсе де, бұл тұрақтылық бұзылуы мүмкін, өйткені депозиттерді сақтандыру банктерді жоғары тәуекелдерге итермелейді.

Соңғы жылдардағы әлемдік  тәжірибе толық кепілдік беру банк жүйесінің қаржы тұрақсыздығына ұшырау ықтималын ұлғайтатынын көрсетіп отыр. Моральдық тәуекел мәселесі едәуір дәрежеде соңғы екі онжылдық ішінде жүйелік банктік кризистердің туындауына септігін тигізді. Дамымаған құқықтық базаның әсерінен үкімет тәуекелді қызметтің алдын алу үшін пруденциальдық банктік қадағалауды пайдалана алмағандықтан мұндай кризистер бірқатар елдерде болып өтті.

Бірқатар сарапшылар салымдарды сақтандыру жүйесі туындататын  бұрмалаулар оны қолданудың артықшылықтарынан  асып түседі. Салымшыларды қорғаудың қымбат емес және өте тиімді жолдары бар болса, салымдарды сақтандыру жүйесіне қарағанда соларды қолданған жөн.

Сонымен қатар мынадай  мәселе тұр: «Салымдарды сақтандыру қандай болуы тиіс: мемлекеттік пе, әлде жекеменшік пе?» Көптеген елдерде банк салымдарын сақтандыру  мемлекеттік болып табылады, ал сақтандыру қызметін жекеменшік компаниялар жүргізеді. Жекеменшік салымдарды сақтандыру жүйесі егерде дұрыс қаржыландырылса экономикалық тұрғыдан тиімді, саяси тәуелсіз және икемді болады. Бірақ жекенменшік сақтандыру институтының қаражаты жетпеген жағдайда, бәрібір мемлекеттің араласуының қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, сақтандырудың жеке меншік жүйесі қатаң реттеуді және қадағалауды талап етеді. Мемлекеттік сақтандырудың тартымдылығы мемлекеттік бюджет жүйесі өміршең болып және халықтың сенімін тудырарлықтай болса, салымшылар тарапынан үлкен сенімге ие болатындығында. Салымдарға кепілдік берудің мемлекеттік жүйесі көптеген елдерде қолданылады, тек бірқатар елдерде мемлекеттік және жекеменшік сақтандыру жүйелері аралас қолданылады.

3.2. Қазақстан  Республикасы халқының салымдарына  кепілдік беру қорын құруды  ұйымдастыру

 

1999 жылдың мамырында  Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде  Президент Н. Назарбаев кезек  күттірмейтін шаралардың бірі  ретінде халықтың отандық қаржы жүйесіне сенімін арттыру үшін депозиттерді ұжымдық сақтандыру механизімін дайындап және іске қосу қажеттілігін атап айтты. Сол 1999 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы жарияланды. Ал сол жылдың желтоқсанында коммерциялық емес ұйым болып табылатын Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) қоры құрылды. Қордың құрылтайшысы болған Ұлттық банк жарғылық капиталға 1 млрд. теңге салды. Бастапқыда кепілдік беру жүйесіне ең тұрақты, пруденциалдық нормативтерді орындайтын және халықаралық стандарттарға көшудің бірінші тобына жатқызылған банктер кірді. Кепілдік беру жүйесінің ережесіне сай мұнда ерікті түрде басқа банктер де кіруіне болады, сондай-ақ жүйеге қатысу оның барлық қатысушылары ұжымдық жауапкершілікті атқарады. Ұлттық банк және Қор Кепілдік беру жүйесіне екінші деңгейдегі банктерді енгізу ережесін дайындау кезінде жаңадан мүше болатын банктерді таңдаудың қатаң критерийлерін белгіледі. Атап айтқанда, негізгі талаптардың бірі болып жеке капиталдың 1 млрд. теңгеден кем болмауы және бірінші топ банктері үшін белгіленген деңгейдегі жеке капиталының жекткіліктілік коэффициенттерін сақтау болып табылады. Бұдан басқа, талаптың бірі банктің соңғы жылының қаржы есебі тізімі Ұлттық банк бекіткен халықаралық аудиторлық ұйымдардың бірімен расталуы тиіс. Күтілгендей, кепілдік беру қорына енбеген көптеген банктер мұнда ерікті мүше болуға ниет білдірді.

Қордың негізгі міндеті  салымшылардың мүдделерін қорғау, атап айтқанда қатысушы-банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымдар бойынша төлемдерді қайтарудың кепілділігі, төлемді қайтару үшін Қордың резервін құру туралы мәселе ең маңыздысы болып табылады. Кепілдік беру ережесіне сәйкес бұл резерв қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарын аудару есебінен құрылады. Қазіргі кезде барлық қатысушы банктер үшін сақтандырылған депозиттер сомасының 0,250% мөлшеріндегі бірдей міндетті күнтізбелік жарна ставкасы белгіленген. Бұл қаражаттан басқа, қажеттілік туындаған жағдайда Қор өзінің жарғылық капиталынан 500 млн. теңгеге дейін пайдалануға құқылы, сондай-ақ қатысушы банктердің қосымша жарналарын және Үкімет займдарын, Ұлттық банктің немесе басқа ұйымдардың займдарын тартуға құқылы. Займды өтеу таратылатын банктің активтерін қайтару және кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктерден төтенше жарналары есебінен жүргізіледі.

Информация о работе Қазақстандағы депозит рыногының дамуы