Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 05:24, курсовая работа
Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
● конструктивтiк бизнес-идея;
● тиiмдi басқару (менеджмент);
● қаржы жеткiлiктiлiгi.
Кіріспе.....................................................................................................................3I.Бөлім. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуі..........................4
1.1.Шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеудің алғышарттары.........4
1.2.Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге
асырылуы................................................................................................................9
II.Бөлім. Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну және өтеу опепацияларының есебі.......................................................................................................................16
2.1.Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну операцияларының есебі......................16
2.2.Қысқа мерзімді несиелерді өтеу операцияларының есебі.........................17
III. Бөлім.Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары.................................................................................................................19
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................32
Екiншi деңгейдегi коммерциялық банктермен шағын және орта бизнестi қаржыландыру бағдарламасы бойынша жоғарыда аталғандай Азия Даму Банкi 50 млн. АҚШ долларын, Еуропалық Дамыту және қайта құру Банкiмен шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн 77,5 млн. АҚШ долларын аударды. Және де ауыл шаруашылығы үшiн 2,5 млрд. теңге жұмсалу керек. Яғни бұл схема бойынша несие қаражаттарының қайтарылуына және тәуекелдердiң банктерге өтуiмен сипатталады. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестi дамыту үшiн аз емес 77,5 млн. АҚШ долларын аударып отырған ЕДҚҚБ - шағын бизнестi несиелеу екiншi деңгейдегi коммерциялық банктердiң даму институтционалдығына сүйене отырып жасауда. Банктер шағын бизнестi несиелеудiң қазiргi заманға сай технологиясын толығымен игеруi керек, олар болашақта, күнделiктi өмiрде ыңғайлы орын алуы керек. Банктерден шағын бизнестi несиелеу схемасын тұрақты түрде жүзеге асуына қол жеткiзу банктер арқылы несиелердi берiп жiберу ғана емес, банктер тарапынан да қызығушылық болуы керек.
Банк өзiнен ақша қаражатын (несие) сұрап келген клиенттiң несиелiк қабiлеттiлiгiн бағалау, талдау, анализ жасау, оның сұралып отырған несиенi сол мақсатқа пайдаланатынына толық көз жеткiзу, әрине банктiң өз мүддесiне жатпақ. Басқаша айтқанда, банкпен клиенттi (қарыз алушыны) несиелеу процесi, оның несиелiк қабiлеттiлiгi деңгейi, оның партнерлер алдындағы беделі, қаржылық жағдайы, нарықта бәсекелестер арасында алатын орны сияқты жағдайларына аса көңiл бөлiнiп, толыққанды талдау жасалынуы тиiс.
Банк несиелеу функциясын жүзеге асыру арқылы, өздерiнiң өтiмдiлiгiн қамтамасыз етсе, нарықтық қатынастар жүйесiнде жұмыс жасау тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Бұл процес қарыз алушылар әртүрлi шағын бизнес субъектiлерi үшiн несиелерге деген қажеттiлiгiн қанағаттандыратын жол ашылса жалпы экономика үшiн мұндай қатынастардың дамуы өте жағымды фактор болып табылады. Бiрақ та банктер кез келген уақытта, кез келген қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелдi банктiң қаншалықты тиiмдi жаба алу тәуекелiне кез болады.
Әрине, Қазақстандағы шағын және орта бизнестiң дамуы мемлекеттiң ұстанып отырған нарықтық - экономикалық қалыптасу саясатының бiрден бiр инструментi десек те болады. Қазақстан Республикасының даму стратегиясының ең басты құжаты болып табылатын «Қазақстан - 2030» бағдарламасында 1998-2000 жылдарға даму болжамының негiзгi басымдылығы ретiнде шағын бизнестiң кедейшiлiк пен жұмыссыздық проблемасын шешетiн маңызды экономикалық сектор екендiгiн айқындаған. Экономиканың осы секторының дамуы үшiн 1998 жылы, республикада 100 миллион доллар (АҚШ) сомасында микрокредиттер берiлу бағдарламасы болып өттi.
Негiзiнде несиенi экономикалық категория ретiнде түсiну үшiн, шағын бизнес субектiлерiнiң, кәсiпкерлердiң және басқа да шаруашылық субектiлердiң несиені қалайша қолданған нәтижесi, қорытындысы бойынша оның мемлекет экономикасына тигiзетiн әсерi арқылы бағаланады. Әрине, несиемен максималды табыс табу мүмкiндiгi артады, ол жағдай тек несиелендiру принциптерiн қатаң сақтаған кезде ғана оң нәтиже бере алады. Әсiресе шаруашылықта ол алынған мақсаты бойынша жұмсалса күнделiктi өмiр тәжiрибесi көрсеткендей шаруашылық субъектiлерi өндiрiстi кеңейту қажеттiлiктерiне деп несие алғанымен, оның мақсатсыз мысалы, қарыздарын өтеуге жұмсап, қымбат тұратын көлiктер алып, басқа да өндiрiстiк емес мақсаттарға жұмсау қоғамымызда орын алып отыр. Мұндай жағдайда несиенi алған кәсiпорын үшiн ешқандай табыс алу туралы айтудың қажетi де жоқ сияқты. Керiсiнше, егер несиеге жұмсалатын бүкiл потенциалды сол мақсатта пайда алу үшiн аянбай еңбек ету керек. Сол жағдайда ғана егер ол бизнес жоспары бойынша көздеген табыс ала алады. Тағы да несиенiң осы ретте өндiрген өнiмдердi өткiзу мен өндiрiстiк процестің үздiксiз жүруiн оның тоқтап қалмауын қамтамасыз етедi.
Шаруашылық субъектiлерi несиеге деген қажеттiлiгi қай өндiрiстiк циклда пайда болатынына тоқталсақ өнiмдердi өткiзуден түсетiн түсiм уақыты мен қызметтерге төлем, жұмысшыларға жалақы беру, материалдық құндылықтарды алуға кететiн шығындар уақытымен сәйкес келе бермейдi. Ал, өз кезегiнде бұл аталған шығындарды кәсiпорын уақытында өтемесе өндiрiс тоқтап қалу қаупi төленедi.
Несиенiң өндiрiстiң жандауында, оның кеңеюi процесiнде алатын ролi орасан. Ол негiзгi қорларға (үй, ғимарат) қаражат көзi ретiнде жаңа технологиялар ендiру, өндiрiстi жаңа техникамен жабдықтау жолында алатын орны ерекше. Несиенi осы сұраныстар бойынша пайдалану бюджеттен қайтарылымсыз қаржыландырудан бiршама артықшылықтары байқалады. қайтарымсыз қаржыландыру арқылы капиталдану, бұл кезде шаруашылық қаражаттарды басқа да мақсаттарға жұмсаулары мүмкiн, өйткенi ол сұраусыз кеткен ақшалар. Ал, белгiлi бiр мақсатқа алынған несие тек сол мақсатқа қолданылуы керек, басқа жаққа жұмсау тiптен ойдан да шығарылуы керек. Және несие қайтарымдылық принциппен берiледi де, қайтаруды өз уақытынан кешiктiрсе ол үшiн проценттер төлеуi керек.
Несиенiң нарықтық экономикалық қатынастардың дамуында атқаратын ролi Қазақстанның нарықты экономикаға бет бұрып, бiршама ретте несиелiк қатынастарды дамытуымен байланысты. Сондықтан да нарықтық қатынастардың қалыптасуы несиемен жалпы ақша айналымының түбегейлi қайта құрылуының бiрден бiр шарты болып табылады. Бұл реформаның ең басты мақсаты - ақша ресурстарының орталықтандырылған сипатта бөлiнуiн максималды түрде жойып, оның қаржы нарығындағы қозғалысына түпкiлiктi өту болып табылса, ол өз ретiнде бүгiнгi таңда бiршама жолға қойылды. Қаржылық нарықты құру, шаруашылық субъектiлерiнiң несиелiк институтарын басқару iзiнде, экономикалық қатынастар жүйесiнде несиенiң ролiнiң артуын жоғарылатады.
Несие Қазақстан Республикасы нарыққа көшу жолында ссудалық капитал қозғалысы нысанын, яғни ссудаға берiлетiн ақша капиталының қозғалысын көрсетедi. Несие ақша капиталының ссудалық капиталға трансформациялануына және қарыз алушылар (әртүрлi формадағы шаруашылық субъектiлерi - ашық және жабық акционерлiк қоғамдар; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер; шағын және орта бизнес өкiлдерi) және кредиторлар (екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер) арақатынасын анықтайды. Несиенiң көмегiмен банктiң уақытша бос капиталы шаруашылық субъектiлерiне уақытша пайданауы үшiн пайда мен қайтарылатын капитал болып табылады. Бұл ретте банк те кәсiпорын да табыс таба алады. кәсiпорын несие арқасында мысал үшiн, айналым қаражат мөлшерiн ұлғайтып алса, және өз уақытында несиенi банкке қайтарса, ал банк өз уақытша бос жатқан ссудалық капиталы арқылы табыс (сыйақы) алады.
Жалпы экономикалық басылымдарда несиенiң функцияларын әртүрлi түсiндiрмелермен бередi. Оған бөлушiлiк, қайта бөлушiлiк, нақты қаражаттарды ауыстырушылық, қаражаттардың аккумуляциялануы және тағы да басқа функциялар жатады. Бiрақ несиенiң функцияларына әртүрлi мiнездеме беру бiршама түсiндiрiлуi мүмкiн, егер, қоғамдық өндiрiс немесе экономиканың айрықша анықталған кәсiпорынының типi мен айналымының процесiне терең үңiлсек, оған жауап таба аламыз.
Несие - ақша массасының құрылымы мен көлемiне зор әсер етедi. Несие - Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар экономикасына көшу сатысында несиелiк қаражаттардың әртүрлi нысандарын өмiрге келтiрiп, қолма қолсыз есеп айырысулар, олардың әртүрлi формаларын енгiзу арқылы осылардың дамуының базасы ретiнде қалыптасады. Мiне, осы факторлардың барлығы айналым қаражаттарының тиiмдiлiгi мен жалпы қоғамдық өндiрiс қуатын жандандыруды күшейтпек. Несиеге орай, пайданың тез де тиiмдi капитализациялану процесi артса, мұның жалпы өндiрiстiң концентрациялануына жол ашары сөзсiз.
Қазақстанның жалпы экономикалық жағдайының тұрақсыздығына байланысты әлi де болса көптеген өзектi мәселелер өз шешiмiн күтiп отыр. Оның iшiнде бизнес мәселелерiне тоқталсақ, жоғарында айтылғандай, оларды ең алдымен несиелiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылса, оларды несиелейтiн елдiң екiншi деңгейдегi коммерциялық банктерiнiң жағдайына да тоқталған дұрыс. Қазақстанда бүгiнгi күнi ресми мәлiметтерге сүйенсек, 35 коммерциялық банктер қызмет көрсетiп отыр. Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір опеациялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.
Олардың санаулысы ғана мықты банктер қатарына жатады. Осы отандық банктерiмiздiң барлық капиталының мөлшерi әлемдегi iрi банктердiң капиталынан жүз есе кем екендiгiн ескеретiн болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерiнiң ресурстарын нығайту қажеттiлiгi туып отыр. Егер бұндай мәселе болатын болса, онда банктердiң шағын бизнестi несиелеуге қандай шамалары бар екендiгiн ескеру қажет. Әрине, қатаң нарықтық экономика аясына өзiн-өзi сақтандыру, өзiн-өзi көрсете бiлу, бәсекелестiкке төтеп беру үшiн банктер тарапынан бiраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердiң шағын бизнестi несиелеу механизмi проблемаларына әлемдiк тәжiрибеде кеңiнен қолданылатын әдiстемелiк нұсқауларды өндiру керек.Шағын бизнес экономикалық өсудің басты факторы екендiгi анық, олай болса оны неге әлемдiк деңгейге көтермеске. Сондай ақ шағын және орта бизнес өзiнен өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам, әрбiр индивид жағдай жасуға талпынулары қажет екендiгi айтылып өткен. Екiншi тарауда, осы шағын бизнестiң дамуының бiрден бiр көзi болып банктiк несие табылса, сол несиеге қалайша қол жеткiзуге болатындығы, оны тиiмдi пайдаланып, дер уақытында банкке қайтару мәселелерi қарастырылған. Тәжiрибе жүзiнде шағын бизнес субъектiлерiнiң банктiк ресурстарға мұқтаж болуы бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiнiң бiрi екендiгiн дәлелдеп, шағын бизнестi несиелеуге құштарлық танытпай отырған банктердi қалайша ынталандыруға болатынына өз ойымды қосып кеттiм. Қазiргi банктер клиенттерге қызметтердiң кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып, банкте несиелiк операцияларында жаңа технологиянын қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр. Банктердiң ең басты қызметi – несиелiк операциялар болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшiн iске асырылады. Банктер өздерiнiң несиелік операцияларын қаншалықты тиiмдi жүзеге асырса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайына әсерiн тигiзедi. Себебi банктiк қарыз жаңа кәсiпорындардың пайда болуына, жұмыс орын санының өсуiне мүмкiндiк туғызады және олардың экономикалық өмiр икемдiлiгiн қамтамасыз етедi. Соның iшiнде әсiресе жеке және заңды тұлғалардың, яғни кәсiпорындардың экономикалық тәуекелдiлiгiн басшылыққа ала алады.Банктiк несиелеу жүйесi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негiзсiз ақша массасының өсуiн шектеуге, инфляциялық процестердiң алдын алуға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.Кейiнгi жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайюы бұрын болған несие ресурстарының тапшылығын қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң құрылымдық саясаты, қоғамдық сенiмдi арттырып, мемлекеттiң банк секторының динамикалық дамуына мүмкiншiлiк туғызды. Несие ресурстары мен несие операцияларының тиiмдiлiгi бәсеке жағдайында өсуiнiң нәтижесiнде Қазақстан банктерi пайыздық мөлшерлеме және мерзiмге байланысты банктiк қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылыс жасауда.Қорыта келгенде, банктердiң шағын бизнеске несие ұсынуының тиiмдiлiгiн арттыру негiзiнде ынталылығын көтермелеу үшiн, несиелердiң қайтарылмау ықтималдығын, олардың жоғары тәуекелге баруын төмендету шараларын жасаған жөн. Оның астарында қарыз алушы - шағын бизнестiң тұрақты жұмыс жасауымен қатар өз бизнесiн жандандыру мақсатында несие алуы, және оны уақытында қайтару процестерi ғылыми дәрежеде зерттелiнген. Осы секторды көтермелеу арқылы өндiрiстi жандандыру, оның iшiнде Қазақстан экономикасының сыртқы тәуекелдiлiгiн қысқарту мен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау экономика саясатының басымды бағыты болып табылады.
1 |
«Қазақстан Республикасының банк және банктік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. |
2 |
Сейітқасымов
Ғ.С Ақша,несие,банктер.Алматы- |
3 |
Ілиясов К.Қ.,Құлпыбаев С., «Қаржы» Алматы,2006 ж |
4 |
Гамидов Г.М. Банковское и кредитное дело М., Юнити - 2007г. |
5 |
Жуков В.Г. Общая теория денег и кредита. М., - 2006 г. |
6 |
Мақыш С.Б.Банк ісі-оқулық. Алматы, издат .маркет. - 2007 ж. |
7 |
Калиева К. Кредитное дело. Алматы, Экономика - 2006г. |
8 |
Кәсiпкерлiк ерекше экономикалық құбылыс. Группа авторов преподавателей КазГУ. Алматы - 2010 г. |
9 |
Кенжегузин М. Реформирование экономики Казахстана. Алматы-2006 г. |
10 |
Қалығұлова Р.Ж. Ғұмар Н.Ә. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру., «Арыс» баспасы, Алматы. – 2009ж. |
11 |
Хамитов Н.Н.Банк ісі. Алматы.Экономика - 2010г. |
12 |
Лебедев Е.А. Кредитный механизм и его роль в становлении рыночной экономики. СПб.изд.СПбУЭФ - 2006 г. |
13 14 |
Мамыров Н.Н. Предпринимательство. Алматы. Экономика -2008. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері :оқу құралы.- Алматы :Экономика, 2008 |
15 |
Райдберг Б.А. Лозовский Л.Ш. Современный экономический словарь, М., Инфра-М, 2006 |
16 |
1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауы//Егемен Қазақстан, 2 наурыз |
17 |
ҚР-сы Президентінің № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы» жарлығы. |
18 |
Информация о ходе реализации Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан за январь-май 2007 года// htpp://www.mit.kz |
19 |
Официальный веб-сайт АО «Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов» // htpp://www.mgf.kz |