Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 05:24, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
● конструктивтiк бизнес-идея;
● тиiмдi басқару (менеджмент);
● қаржы жеткiлiктiлiгi.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3I.Бөлім. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуі..........................4
1.1.Шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеудің алғышарттары.........4
1.2.Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге
асырылуы................................................................................................................9
II.Бөлім. Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну және өтеу опепацияларының есебі.......................................................................................................................16
2.1.Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну операцияларының есебі......................16
2.2.Қысқа мерзімді несиелерді өтеу операцияларының есебі.........................17
III. Бөлім.Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары.................................................................................................................19
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс2.doc

— 272.50 Кб (Скачать документ)

Бесiншi алғышарт. Несиенi қайтару  және оған сыйақы төлеуiне бақылау жасау. Бұл несиелiк операциялардың маңызды кезеңi. Ссудалар бойынша кәзіргі қайтару тәсiлi ссудалық шот формасында, банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты. Ссуданы қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен құжатталады: егерде ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi мiндеттеме толтырылады, ал ссуда бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса, онда әр төлемге әртүрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тiкелей осы шотқа келiп түсетiн түсiмдер есебiнен қайтарылады.

Ссуданың  қайтарылуына бақылау  жасау үшiн банкте ссудалар бойынша  мерзiмдi мiндеттемелердiң  картотекасын жүргiзедi. Банк қызметкелерi күнделiктi қайтарылатын мерзiмi жеткен ссудаларды қарай  отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм ордерiн бередi. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзiмдi мiндеттеменiң келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды. Егерде қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негiзiнде жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындақтарға кезiгуiне байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн, бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. Сыйақы мөлшерi оны төлеу мерзiмi және тәртiбi, сондай-ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн. Банктiк тәжiрибеде ссуда бойынша жай және күрделi сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай проценттер бiрiншiден  қысқа мерзiмдi несиелеу үшiн қолданылады. Олар бойынша проценттердi есептеу және төлеу  келiсiм  шартта көрсетiледi:

S=P(1+n*i),

мұнда: S - несие бойынша барлық соманың көлемi

     P - бастапқы қарыз

     i - пайыздық мөлшерлеме

     n - мерзiмi

Банк  тәжiрибесiнде күрделi проценттер ұзақ мерзiмдi несиелеу кезiнде  қолданылуы мүмкiн. Мұнда  мәмiле аяқталғанға  дейін несие алушыға есептелген сома төленбейдi, ал негiзгi қарыз сомасы өсiп отырады. Оны мына формуламен көрсетуге болады:

                                      S=P(1+i)n

Банк  несиелiк келiсiм  шарттың орындалуына, қарыз алушының алған  несиенi пайдалануына және оны толық  қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметiне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлiк жазуларын, есептiк материалдарын тексередi. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлерi мен басқадай ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбiр банктiң өзiнiң клиентiнiң несиелiк iсiн (несиелiк досье) жүргiзу жүйесi болады. Несиелiк келiсiм шартқа байланысты өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға әрi қарай несиелеудi тоқтат туралы ескерту жасауға; несиелiк шартта қарастырылғандай несиенi берудi тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелiк келiсiмнiң шарттарын жүйелi түрде орындамаған жағдайда банк несиенi мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. Несиелеу процесiне жасалатын бақылау банктiң несиелiк портфелiн мерзiмдi түрде тексерiп отырумен де толықтырылады. өйткенi, банктiң несиелiк портфелi оның табыс көзi және несиелiк операцияларды жүргiзу барысындағы тәуекел көзi болып табылады. Банктiң тұрақтылығы, өтiмдiлiгi және репутациясы көбiне оның несиелiк портфелiнiң құрылымы мен сапасына байланысты болып келедi. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау негiзiнде банктер рейтингi бойынша ссудаларды жiктейдi, ол өз кезегiнде оларға несиелiк портфелдiң құрамын бақылауға және қажет кезде оны қайта  қарап отыруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық банктiң әдiстемелiк нұсқауларына сәйкес екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер ссудалар бойынша мүмкiн болар зияндарға арнайы резервтер (провизиялар) құрады. Резерв мөлшерi есептiк күнге берiлген несиелердiң жалпы сомасына байланысты. Елдегi экономикалық жағдайларға байланысты жалпы тәуекелге есептелетiн ең төменгi резерв мөлшерi 5%-тi құрайды.

Банк  ұсынатын несиелер сапасы бойынша несиенi қайтару мерзiмiне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз алушы мен банк арасындағы байланысқа, несиелiк тарихына, несиенi қамтамасыз етуiне және оның өтiмдiлiгiне байланысты бөледi.

1.2. Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге асырылуы.

 

             «БанкЦентрКредит» өз ресурстары қаражатынан мемлекеттiң алға ұстанып отырған саясаты шағын және орта  бизнестi дамыту бағдарламасы бойынша несие қаражаттарына сұраныс бiлдiрген қаржы жағдайы тұрақты, өз iсiн алып жүре алатын шағын бизнес субъектiлерiн несиелейдi. Бұл несиелеу дәстүрлi банктiк қызметтердiң көрсеткiшi болып табылады. Негiзiнде кез келген шағын бизнес субъектiлерi несиеге өтініш бергенде, оның қаржылық шаруашылық әрекетiне талдау жасалынады. Онда, клиенттiң, яғни кәсiпорынның нақты қаржылық жағдайын, жоспарланып отырған жобаға жұмсалатын несиенiң қаншалықты көлемде қажет екендiгiн анықтайды. Немесе, оның балансы бойынша ол өнiмдi өткiзу шығындары, пайдасы мен табысына талдау жасайды. Онда керектi мәлiметтерге талдау  жасалынады. Өтініш келiп түскеннен кейiн несиелiк жобалардың тиiмдiлiгiн зерттеу үшiн несиелiк сараптауға берiледi. Несиелiк сараптаушы сол фирманың өтініш алғаннан кейiн, оның сұранысын қанағаттандыру немесе керi қайтару үшiн басынан аяғына дейiн бұл процестi өзi атқарады несиелiк өтініші келiп түскеннен кейiн несиелiк эксперт ең бiрiншi несиелiк өтінішке талдау жасау үшiн оған керектi құжаттардың тiзiмiн бередi. Осы ретте ашық акционерлiк қоғам «Банк ЦентрКредит» өз клиенттерiне банктiк қызметтердiң кең түрiн көрсетедi. Соның iшiнде кез келген банктiк мекеменiң дәстүрлi қызметтерiнiң бiрi, әрi негiзгi түрi - банктiк несиелердi беру болып табылады. Банк ЦентрКредит өзiнiң ұстанып отырған несиелiк саясатына байланысты, көбiне қарыз алуға мұқтаждық бiлдiрген клиенттерге қысқа мерзiмдi несиелеу түрi бойынша қарыз бередi. Себебi банктiң өзiнің қаражаттарының көпшiлiгi сырттан тартылған қаражаттар және олар қысқа мерзiмдiк сипатта. Несиелiк өтінішті фирманың осы мәселелермен  айналысуға құқығы бар өкiлi немесе фирма жетекшiсi ғана өтінішке қол қойып, банкке өткiзе алады. Және олар несиелiк экспертпен кездесiп, ауызша келессөздер жүргiзедi. Несиелiк эксперт болашақ қарыз алушының сұрап отырған несиесiнiң мақсатын, сомасын, мерзiмiн, қалап отырған пайыз ставкасының мөлшерiн анықтайды. Және  де осы банкте несиелiк тарихының бар немесе жоқ екендiгiне көз жеткiзедi. Содан кейiн, клиенттi банктiң несиелеу процесiнiң механизмiмен таныстырады. Несиелiк эксперт қарыз алушының қызмет ету саласын анықтап, оның қандай әрекеттермен айналысатынына көңiл бөледi. Осы ретте айта кететiн жайт, екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер, экономиканың барлық салаларын несиелей алады, тек қана ломбардтар және осы сипаттағы мекемелердi несиелемейдi. Ұлттық Банктiң инструкцияларына байланысты банктер Қазақтан Республикасында заңмен тиым салынбаған, барлық экономикалық iс әрекеттерiмен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды несиелей алады. 2012 жылдың 1 наурызына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны 27414 бірлікті құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,5 -%-ға көбейген.Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 83,2 мың. адамды құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 -%-ға көбейген.Шағын және орта кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 49,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішімен салыстырғанда 1,0 %-ға көбейген (өсім үрдісі тұтыну баға индексінің есебімен).2011 жылдың басынан облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 373 объектісі іске қосылды, оларда 1425 жаңа жұмыс орны құрылды.Атырау облысы әкімдігімен «Бизнес жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Бағдарламаның жергілікті жердегі үйлестіруші болып белгіленген.Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларға және негізгі қаражаттарын толықтыруға Банктен алған несиелерін субсидиялау бойынша 2011 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесімен сомасы 7,7 млрд. теңге 30 жоба мақұлданып, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 92,3 млн. тенгені құрайтын 3 жоба.Бағдарламаға қатысу облыс кәсіпкерлеріне әр түрлі саладағы шағын және орта бизнестің жаңа объектілерін ашуға мүмкіндік берді, 665 жаңа жұмыс орны құрылды.Кәсіпкердің нысандарына жетіспеген инфрақұрылымды жеткізіп беру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Былтырғы жылы 4 нысанның кіре беріс жолы жаңғыртылды, 1 нысанға жеткізетін жолдың жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды, 2 нысанға газ, су, электр желісі тартылып және кіре беріс жолының құрылысы жұмыстары жүргізілуде.2011 жылы «Даму» қорымен кәсібін жаңа бастаушы кәсіпкерлерді қолдау бойынша 490 әлеуетті кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өтті.Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту бойынша «Назарбаев Университет» бизнес-мектебі базасында 4 кәсіпорын басшылары оқытудан өтті.«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 10 кәсіпкер оқытылды.Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау бойынша конкурс жеңімпаздары «Туран-Профи» мекемесі және «Салық Консалтинг» ЖШС-мен бүгінгі күнге 6 лота бойынша 338 кәсіпкерлерге кеңес берілді.2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының II бағыты шеңберінде 260 адам кәсіпкерлік негізіне оқытылды, олар өз ісімен айналысатындар, жұмыссыздар және аз қамтылғандар. Шағын және орта кәсіпкерлік Қазақстанда қарқынды дамуда. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты. Дегенмен, қазіргі таңда олардың өсуінің баяулағанын байқауға болады.Шағын және орта кәсіпкерліктің оны экономиканың ерекше секторы ретінде бөлетін бірнеше ерекшеліктері бар.Мемлекеттің оған деген ерекше назары қоғам үшін жағымды экономикалық, саяси және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу мақсатыментүсіндіріледі.Шағын және орта кәсіпкерлік мынадай экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге ықпалын тигізеді:1. бәсекелестікорта қалыптастырады;2.нарықты отандық тауарлар және қызметтермен толықтыруға ықпал етеді.

Сол себепті «AsiaCredit Bank(АзияКредит Банк)» АҚ «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесе  отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша жаңа бағдарламаларды келесі бағыттар бойынша жүзеге асыруда: 1.Астана және Алматы қалаларында қызмет көрсету саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы;   2.Әйелдер кәсіпкерлігін шағын несиелендіру бағдарламасы  Несиелiк эксперт жоғарыда айтылғандай, болашақ қарыз алушының қызмет, әрекет ету саласын анықтағанда осы жағдайларға аса көңiл бөлуi керек.

Несиелiк  өтiнiштi қарастыру  кезiнде келесi регламенттер нақты реттелiп  отыруы қажет:

· Әлуеттi қарыз алушының сауалнама парағын несиелiк офицер қарыз алушымен бiрiншi кездесуiнде толтыруы қажет. Ол жерде өтiнiш бiлдiрушiнiң қызметiне байланысты мынадай сұрақтар қарастырылады:

1.Қандай қызмет түрiмен айналысады және қазiргi уақытта нарықта алатын үлесi қандай?

2.Қанша уақыттан берi қызмет атқарып келе жатқандығы туралы?

3.Оның қызметiнiң географиялық спекторы қандай?

4.Олардың компанияларының негiзгi бәсекелестерi кiм?

5.Кредитор қандай инфрақұрылымдық объектiлермен (қойма, дүкен, көлiк және т.б.) қамтамасыз етiлгендiгiн анықтап алу керек.

Компанияның басқармасы, құрылымы және басқарудың профессионалдық деңгейi.

Жобаның сипаты, бағасы және мақсаты. Сонымен қатар жобаны қаржыландыру формасын анықтау.

Қарыз алушының қаржылық көрсеткiштерi:

1.Талданып отырған уақытта негiзгi қызметi пайдалы ма, зиянды ма?

2. Кәсiпорын соңғы қаржылық жылы негiзгi табысты қандай қызмет түрiнен алып отыр?

3. Қандай қаражат фирманың жиынтық активтерiнiң қалыптасуының негiзгi көзi болып табылады? 

Бұл процедуралардан  кейiн несиелiк  эксперт қарыз  алуға өтiнiш бiлдiрген клиенттiң несиелiк  өтінішін банктiң канцеляриясында тiркеп, оған яғни, қарыз алушыға банкке қажеттi құжаттар  тiзiмiн бередi. өздерiңiз көрiп отырғандай несиелiк эксперт қарыз алуы мүмкiн клиенттің өтiнiшiн, оның сұрап отырған несиелiк жобасының қаншалықты дәрежеде қайтарымды және сұралған несие берiлу керек пе, әлде басқада варианттар туралы кеңес беру үшiн клиенттiң қаржылық  шаруашылық жағдайына талдау жасайды. Сонымен қарыз алушы қаржылық  шаруашылық жағдайын талдауға қажеттi құжаттар:

Клиенттiң несие алу мақсатында берген өтініші;

Қарыз алушының анкетасы;

Кәсiпорынның қаржылық құжаттары, ол құжаттарда несие берiлер алдындағы соңғы тоқсан және соңғы үш жылғы мәлiметтерi көрсетiлуi керек;

Клиенттiң дебиторлық және кредиторлық қарыздары туралы мәлiметтер;

Ссудалық берешегiнiң бар немесе жоқтығын растайтын анықтама (егер қарыз алушы басқа банктен бұрын соңды несие алған болса, сол банктен оның ссудалық берешегiнiң жоқтығын растайтын құжаттар алып келуi қажет);

Салық комитетiнде есепте тұрғандығы туралы анықтама;

Бюджет және бюджеттiк емес мiндеттi қорлар алдында берешегiнiң жоқтығын растайтын анықтама;

Бизнес жоспар немесе техника экономикалық жоба.

Осылайша  несиелiк эксперт  осы клиенттiң  құжаттары арқылы оның қаржылық шаруашылық жағдайына талдау жасайды. Талдауда жалпы  болашақ несиелендiрiлетiн  жобаның қаншалықты тиiмдi жақтары, алынатын несиенi жаба алуы немесе жаба алмауы, оның жалпы қарыз алушының қал-жағдайына тигiзетiн әсерлерi қарастырылады. Әрине, несиелеу принциптерiне байланысты кез келген несиенi қамтамасыз ететiн кепiл мүлкi болуы керек. Жалпы кей кездерде несиенiң берiлу, берiлмеуi осы кепiл затының нарықтағы сұранысына, өтiмдiлiгiне байланысты болуы мүмкiн. Яғни ол заттың бағасы сұрағалы отырған несие сомасынан екi немесе үш есе артық болуы қажет.

Осы келiп түскен өтініш негiзiнде қаржылық шаруашылық жағдайына талдау жасау үшiн, жобаның анық-қанығына жету үшiн қарыз алушының мәртебесiне құқықтық сараптау жасау үшiн керектi құжаттар тiзiмi:

1 Өтініш;

2.Қарыз алушының анкетасы;

3.жарғысы;

4.құрылтай құжаттары;

5.Заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi туралы куәлiгi;

6.Статистикалық карточка;

7.Салық комитетiнде салық төлеушi ретiнде тiркеуде тұрғандығы туралы анықтама;

8.Бюджет және бюджеттiк емес мiндеттi қорлар алдында берешегiнiң жоқтығын растайтын анықтама;

9.Қызмет көрсетушi банктiң оның алдында қарыз алушының берешегi жоқ екендiгiн растайтын құжат;

10.Егерде, бұл фирма бұрын басқа банкте несие алған болса, сол банктен оны жапқандығы туралы және жалпы несиелiк тарихы туралы анықтама.

Несиенiң  мақсатты пайдалануын  растайтын келiсiм  шарт, контракт, спецификация, шот фактураларды тапсыруы қажет. Сонымен, қарыз алушы жоғарыда аталған құжаттар пакетiн несиелiк экспертке тапсырады. Өтініш бергеннен кейін қарыз алушы толық құжаттар пакетiн жинауға кем дегенде бiр апта уақытын жұмсады. Несиелiк эксперт жиналған құжаттар пакетiн спецификалық, сәйкесiнше жұмыс жасайтын бөлiмдерге жiбердi.

Несиеге өтініш келiп түскен кезде несие және заң бөлiмдерi өтiнiшке талдау мен сараптау жүргiзедi:

жобаның экономикалық экспертизасы;

қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау;

қамтамасыз ету мүлкiн бағалау;

құқықтық экспертиза жүргiзу.

Сонымен қатар осы талдауға байланысты, төмендегi жағдайлар жасалынуы  керек:

жоба бойынша қорытынды (несие бөлiмi); 

кепiл мүлкiн бағалау актi (несие және заң бөлiмдерi);

заңгер қорытындысы;

Аталған материалдар Несиелiк  Комитет отырысында несие беру туралы шешiм қабылдау үшiн берiледi.

Жалпы, қарыз алушының қаржылық коэффициенттерiн  талдау кәсiпорынның өтiмдiлiгiн, несиелiк  қаблеттiлiгiн, жобаның  тиiмдiлiгi мен пайдалылығын бағалау үшiн қажет. Бұл жоба бойынша  қолданылатын коэффициенттер үшке бөлiнедi;

1.өтiмдiлiк коэффициентi

2.өтеу коэффициентi

3.өз қаражаттарымен қамта масыз ету коэффициентi.

Өтiмдiлiк коэффициентi аталған фирманың өзiнiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерi бойынша бағалау үшiн қолданылады. Оларға:

- ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi - ағымдағы активтердiң ағымдағы мiндеттемелерге қатынасын бiлдiредi. Бұл коэффициенттiң мәнi активтердiң құнының төмен болуы, және өзiнiң алдындағы мiндеттемелердi жаба алуымен сипатталады. Бiр қалыпты өтiмдiлiк көрсеткiшi үшiн 2:1 қатынасы анықталған. Бiрақта оның қолданылуы саланың ерекшелiктерiне және переспективаларына байланысты. Егер компанияда айналым капиталының айналымы жоғары болса және онда кредиторлық қарыз бойынша мәселе жоқ болса, онда олар үшiн бұл коэффициенттiң төмен болғаны да қолайлы. Егер ол 1,5:1 төмендейтiн болса, онда оған көңiл бөлген дұрыс, себебi бұл кәсiпорынның айналым капиталының аздығын (ағымдағы мiндеттеме ағымдағы активтен жоғары) яғни, оның жағдайының тұрақсыздығын көрсетедi.

- Тез өтiмдiлiк коэффициентi. Жалпы ағымдағы коэффициентпен ұқсас, бiр айырмашылығы ол барлық мiндеттемелерге жоғары өтiмдi активтердiң қатынасын көрсетедi. Мұнда тауарлы-материалдық запастармен  алдын ала өтелген шығындар ағымдағы активтер қатарынан алынып тасталады, себебi олар тез арада нақты ақшаға айнала алмайды. Егерде бұл коэффициент төмен болып, ағымдағысы жоғары болса, онда бұл фирмадағы тауарлы-материалды құндылықтардың басымдылығын  көрсетедi. Және өтiмдiлiк коэффициентiн есептеу кезiнде қарыз алушының өтiмдiлiк қаражаттары жеткiлiктi мөлшерде болуы керектiгiн ескеру қажет. Бұл мынадай факторларға байланысты:

Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары