Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 05:24, курсовая работа
Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
● конструктивтiк бизнес-идея;
● тиiмдi басқару (менеджмент);
● қаржы жеткiлiктiлiгi.
Кіріспе.....................................................................................................................3I.Бөлім. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуі..........................4
1.1.Шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеудің алғышарттары.........4
1.2.Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге
асырылуы................................................................................................................9
II.Бөлім. Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну және өтеу опепацияларының есебі.......................................................................................................................16
2.1.Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну операцияларының есебі......................16
2.2.Қысқа мерзімді несиелерді өтеу операцияларының есебі.........................17
III. Бөлім.Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары.................................................................................................................19
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................32
1.Iс әрекет көлемi (өндiрiс көлемi мен өнiмдi өткiзу көлемi көп болған сайын тауарлы материалды құндылықтардың запасы соншалықты көп болады).
2.Өнеркәсiп пен өндiрiс салалары (өнiмге деген сұраныс және оны өткiзуден түсетiн түсiмдердiң келу жылдамдығы).
3. Өндiрiстiк цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндiрiс көлемi).
4.Материалдарды жаңартуға қажеттi уақыт (өтiмдiлiк қаражаттарының айналымдылығы).
5. Маусымдық жұмыстар.
Ал, өтiмдiлiк қаражаттар мөлшерiнiң азаюына келесiдей фактор әсер етедi:
а) ағымдағы iс әрекет шығындары;
б) өткен жыл шығындары;
в) өтiмдiлiк қаражаттарының бағасының кемуi;
- өтеу коэффициентi - жобаның жалпы несиелiк қаблетiмен байланысты болып табылады. Бұл коэффициенттi есептеу кезiнде бұл көрсеткiштің өндiрiс сипатына байланысты кенеттен ауытқуына көңiл бөлiнуi керек. Коэффициенттiң мәнiне мынадай факторлар әсер етедi:
- жөнелтiлген тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн есепайырысу формасы;
- өндiрiстiк циклдың ұзақтығы;
- өндiрiс қаражаттарының айналымдылығы.
Өндiрiс коэффициентi мен өтеу коэффициентi арасында керi байланыс бар өтеу коэффициентi мәнiнiң жоғарылауы әдетте өтiмдiлiк коэффициентiнiң төмендеуiне алып келедi және керiсiнше. Көптеген қарыз алушылар үшiн төмен өтiмдiлiк коэффициентi мен жоғары өтеу коэффициенттерi тең. Бұл қарыз алушылардың шикiзаттың, материалдардың, құрал жабдықтардың, тауарлардың артық материалдардың болуымен байланысты. Осыған байланысты шығындардың дұрыс негiзделмеуi ақша қаражаттарының жетiспеуiне алып келедi.
Қарыз алушылардың өз айналым қаражаттарымен қамтамасыз етiлу коэффициентiн анықтау кезiнде бұл көрсеткiштiң есептiк және базалық кезеңдердегi мәлiметтерi салыстырылады. Меншiктi айналым қаражаттарының сандық мәнiн есептеу үшiн баланс пассивiнiң бiрiншi бөлiмiнiң барлық мәнiнен активтердiң бiрiншi бөлiмiнiң сомасын және шығындарды шегеру керек. Қарыз алушы банкке арнайы балансқа қосымша меншiктi айналым қаражаттарының анықтама есептемесiн тапсырады. қарыз алушының өз меншiктi айналым қаражаттары жеткiлiксiз болған жағдайда банк одан өз айналым қаражаттарының жетiспеушiлiгi бойынша iс әрекет жоспарын талап етедi. Жалпы бұл коэффициенттi есептеу кезiнде қосымша көрсеткiштердi де есептеу керек.
1.Өтiмдiлiк коэффициентi. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы сенiмдi болады.
2.Өтеу коэффициентi.
3.Өз айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету коэффициентi.
Осы коэффициенттердi есептегеннен кейін қарыз алушының несие қабілеттiлiгiнiң класын анықтайды. Класты анықтау негiзiнде коэффициенттердiң критерилiк деңгейi жатыр. Мысалы нормаланған активтердiң есебiнен өтiмдiлiк қаражаттарының жалпы көлемiнiң өсуi, сұранысы жоқ дайын өнiм қалдықтарының өсуi, қарыз қаражаттарының уақытында қайтарылуын қамтамасыз етпейдi. Өтiмдiлiк және өтеу коэффициенттерiнiң өсiмi сонымен қатар қарыздық мiндеттемелердiң қысқаруымен де түсiндiрiлуi мүмкiн. Сонымен, қарыз алушының несиелiк қабілеттiлiгi класын анықтау үшiн несиелiк қабілеттiлiктiң салалық коэффициенттерiн пайдалану қажет. Жалпы осы коэффициенттердi есептеп, қарыз алушының класын анықтағаннан кейін, несиелiк эксперт қорытынды жасайды. Яғни, жоба бойынша оң қорытынды шығаруы қажет. Талдау кезiнде жобаның тиiмдi екендiгi және қажеттi талаптарға сай екендiгi анықталды. Бұл қорытынды, яғни, жобаның қаржылық талдауы кепiл зат туралы қорытындымен бiрге несилiк комитеттiң қарауына жiберiледi.
Қаржылық бағалаудың қарапайым әдiсiнiң көмегiмен жобаға талдау жасау:
1.Жобаға жұмсалған шығынның өзiн-өзi өтеу мерзiмiн есептеу әдiсi: жобаның өзiн-өзi өтеу мерзiмi = (несие сомасы / таза пайда) ай сайын несиелеу мерзiмi
2.өнiм рентабельдiгiн есептеу әдiсi.
өнiм рентабельдiгi=таза пайда / тауар өнiмiнiң өзiндiк құны.
Сонымен, жалпы несиелiк комитеттiң несие беруi жайында шешiмi қабылданғаннан кейін, осы шешiмнiң негiзiнде банктiң несиелеу басқармасының жобалардың мониторингi бөлiмiнде несиелiк келiсiм шарт, кепiл шарт негiзiнде 2 дана жедел мiндеттеме толтырылады. Жедел мiндеттеменiң бiрiншiсi банктiң есеп бөлiмiнде, ал екiншiсi клиентте сақталуы тиiс. Жедел мiндеттемеде несие алушы клиенттiң аты-жөнi, мекенжайы, несие мөлшерi, проценттiк ставкасы, қайтарылу мерзiмi көрсетiлiп оған несие алушы мекеме басшысы және банк қызметкерi өз қолдарын қойып, ол мөрмен расталуы керек. Одан кейін осы мониторинг бөлiмiнiң қызметкерi банктiң есеп бөлiмiне клиентке несие беруге және ссудалық шот ашуға бұйрық және жедел мiндеттеменiң бiр данасын тапсырады. Содан кейін осы құжаттар негiзiнде есеп бөлiмiнiң қызметкерлерi қарыз шотын ашады.
ІІ. Бөлім. Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну және өтеу операцияларының есебі.
Несиелік келісім шартта көрсетілген мерзім ішінде өтелінетін қысқа мерізімді қарыздар 1411-"Қысқа мерзімді несие" шотында есептелінеді.
1424 - "Клиенттердің қысқа мерзімді несие бойынша мерзімі өткен қарызы" осы шотта негізгі несие бойынша белгіленген мерзімінен 90 күнге кешіктірілген қарыздар есептелінеді, және мерзімі біткенде шектелген болып табылады. Ол 1427 - "Шектелген қарыз" - деген шотында есептелінеді, бұл шотта тағы 90 күнге есепке қойылады.
Егер несие алу үшін қажетті құжаттарды қарастыру мерзімі мен нақты несие ұсыну мерзімі сәйкес келмесе мына шоттар ашылады:
6125 - "Ұсынылған несиелер мен депозиттер бойынша болашақ талаптар".
6625 - "Болашақта депозиттер мен қарыздарды ұсыну бойынша шартты міндеттемелер."
Қабылданған кепілдердің есебі үшін келесі шоттар ашылған:
6075 - "Қабылданған кепілдер бойынша мүмкін талаптар"
6575 - "Қабылданған кепілдер бойынша талаптардың азаю мүмкіндіктері".
Шұғыл міндеттеме, банктің қарызды өтеу үшін қаржыны іздестіретін құқын куәландыратын құжат ретінде 7339 - "Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар" деген шотында есептелінеді.
Несие ұсыну туралы барлық ісқұжаттар несиелік басқармада қалады, ал операциялық бөлімге өтініштің бір данасы беріледі, өтініштің артқы бетінде берілген несиенің бағыты, несиенің шифры көрсетіледі, шұғыл міндеттемемен бірге бекітім құжаты ұсынылады. Мұнда несие және сыйақы сомасы есептесіп, қарыз сомасына залог қабылданғаны туралы міндеттеме көресетіледі.
Заңды тұлғаға несие ұсыну кезінде:
Дт - 1411
Кт - 2203, 1051, 13502221.
Кіріс - 7339 (несие сомасына)
Шығын – 7339 (бір теңге)
Дт - 6075
Кт - 6575
Егер өтініш алған кезде құжаттардың 6125-6625 шотында есептелсе, онда осы шоттар жабылады.
Дт - 6625
Кт - 6125
Ал, жеке тұлғаға несие ұсыну кезінде:
Дт - 1411
Кт - 1001
Кіріс - 7339
Кіріс - 6075, 6125, 6625.
Несиені қолдану бойынша жоспарлы сыйақыны аудару 1740 -"Қосылған, бірақ іздестірілмеген сыйақылар" шотынан жүргізіледі.
Дт – 1740
Кт - 4411
Қарызшы төлем тапсырысы бойынша, ағымды шотындағы бос ресурстар есебінен несиені мерзімінен бұрын жартылай өтеген кезде:
Дт - 2203
Кт - 1411
Ал, қарызды толығымен өтеу кезінде:
Дт - 2203
Кт - 1411
Шығын - 7339.
Жеке тұлғаларда қарызды толық өтеу кезінде:
Дт - 1001, 2211, 1350, 2223.
Кт - 1411
Шығын - 7339
Қарызды өтеумен бірге несиені пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдделік) ұсталынады:
Дт - 1001, 2211, 2223, 1051, 1350.
Кт - 1740.
Сонымен қатар, несиені өтеу мерзімі жеткенде қарызшының шотында қаржы жетіспесе, онда қарызшы шотындағы қалдық сомасына несие жартылай өтеледі, ал өтелмеген бөлігі мерзімі өткен қарыз шотына ауыстырылады, яғни бұл заңды тұлғаларда:
Дт - 2203 бос қалдық соммасына
Дт - 1424 өтелмеген бөлігіне
Кт - 1411 толық сомаға.
Ал, жеке тұлғаларда:
Дт - 1424
Кт - 1411
Сонымен бірге мерзімінде өтелмеген сыйақылар мерзімі өткен қарыз шотынан өтеледі:
Дт - 1424
Кт - 1740
Ұлттық Банктің талаптарына сәйкес несие бойынша мерзімі өткен қарыз пайда болған кезде банктер шығын есебінен болашақта өтелмеген қарызды жабуға қор құруы тиіс:
Дт - 5455
Кт - 1469
1469 - "Резервтер" (банктің қызметі бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар)
5455 - "Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша арнайы резервтерге (провизия) ассигнования".
Ағымды шотқа қаржы түскен жағдайда және мерзімі өткен қарызды толық өтеу кезінде, мемориалдық ордер ретінде шұғыл міндеттеме қабылданады:
Дт - 2203
Кт - 1424
Шығын - 7339
Егер 90 күн ішінде мерзімі өткен қарыз өтелмесе немесе мерзімі ұзартылған несие бойынша қарызшының қаржылық жағдайы нашар деп саналса, несие шектелген берешекке ауыстырылады, яғни заңды тұлғаларда:
Дт - 1427
Кт - 1424
Ал, жеке тұлғаларда бір ай ішінде мерзімі өткен қарыз өтелмейтін болса, онда ол шектелген қарыз шотына жіберіледі және ұзақ дегенде бір айға есепке қойылады:
Дт - 1427
Кт - 1424
Сонымен заңды тұлғаларда 90 күн ішінде шектелген берешек өтелмесе, онда сенімсіз несиені өтеу провизия есебінен болады:
Дт – 1469
Кт - 1427
Кіріс 7130 "3иянға есептелген қарыздар"
Баланыстан тыс шотта қарыздар 5 жыл ішінде есептелінеді және бұл уақытта несие бойынша сыйақы есептелінбейді. Егер көрсетілген мерзімде қарызшыдан қарыз қайтарылып алынса, онда қаржы провизия қорына жіберіледі:
Дт - 2203
Кт - 1469
Шығын - 7130
Түскен түсім есебінен шектелген қарыз және есептелген сыйақылар өтеледі, банктің мүлікті сатып өткізу кезінде болған шығынды табу үшін қаржы іздестіріледі:
Дт - 1350
Кт - 1424
Кт – 960 (сыйақыларды төлеуге және шығынды жабуға 4802 басқа да операциялық кірістер).
Егер залогты сатып өткізуден түскен түсім банк пайдасына кіретін төлем сомасынан артық болса, онда айырма клиенттің талап ету аманаты бойынша ағымды шотта есептелінеді. (711) 2211 немесе аманатшы келген кезде ақшамен беріледі:
Дт - 2011
шағын және орта бизнес - экономикалық қолайсыз жағдайларға қарамай аяғынан тұрып келедi.
Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрiбесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әртүрлi қаражат тарту (жергiлiктi деңгейде), өзiнiң корпоративтi құнды қағаздарын шығару, басқа да iрi компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес кәсiпорындарына айналуларына жол ашар едi. Бiрақ бұл жағдайда кәсiпорын екi түрлi мәселенi қолға алар едi;
1.Капитал нарығында iшкi және сыртқы көздерден қарыз алар едi.
2.бiрақ шағын кәсiпорын бұл жұмыспен айналысуға оның бұл бағытта тәжiрибесi жоқ, өзiнiң меншiктi құнды қағаздары жоқ, және оны шығару механизмiмен таныс емес екендiгi себеп болады.