Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 05:24, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
● конструктивтiк бизнес-идея;
● тиiмдi басқару (менеджмент);
● қаржы жеткiлiктiлiгi.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3I.Бөлім. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуі..........................4
1.1.Шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеудің алғышарттары.........4
1.2.Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге
асырылуы................................................................................................................9
II.Бөлім. Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну және өтеу опепацияларының есебі.......................................................................................................................16
2.1.Қысқа мерзімді несиелерді ұсыну операцияларының есебі......................16
2.2.Қысқа мерзімді несиелерді өтеу операцияларының есебі.........................17
III. Бөлім.Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары.................................................................................................................19
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс2.doc

— 272.50 Кб (Скачать документ)

Экономиканың  тамыры болып табылатын  бұл сектор алдындағы  мәселелер тез де тиiмдi түрде шешiлмесе, әсiресе оны қаржыландыру мәселесi, онда негативтi процестердiң әсерiнен шағын және орта бизнестiң жоқ болып кету қаупi тууы мүмкiн.

Ағымдағы  жылы Үкіметтің жұмысы шағын және орта бизнесті дамыту үшін әкімшілік  кедергілерді қысқарту жөніндегі жоспарлы жұмысқа арналды. Әкімшілік кедергілерді азайтуға және еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған Үкіметтің 13 қаулысы мен бірқатар ведомствоішілік актілер қабылданды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанның халықаралық рейтингтері көтеріліп келеді. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктің елдегі бизнестің оңай жүргізілу жағдайына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша («Doing Business») Қазақстан алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 орынға көтеріліп, 181 елдің ішінде 70-ші орын алып отыр. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларға мониторинг жүргізілуде. 2007 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап бүгінгі күнгі жағдай бойынша шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсалған қаржының жалпы сомасы 214,8 миллиард теңгені құрап отыр, оның ішінде 126,8 миллиард теңге - республикалық бюджеттен бөлінсе, 10 миллиард теңге - «Даму» Қоры» акционерлік қоғамының өз қаражаты есебінен, 28 миллиард теңге - жергілікті атқарушы органдар есебінен, ал 50 миллиард теңге екінші деңгейлі банктерден қосымша бөлініп отыр. Шағын және орта бизнестерді қаржылай қолдау амалы субъектілерді әрі қарай несиелеу үшін екінші деңгейлі банктерге қаржыны орналастыру және «Даму» Қоры» АҚ арқылы жергілікті атқарушы органдармен тең қаржыландыру жолымен төмендегі сызбанұсқа бойынша жүзеге асырылады: 1. Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырудың тұрақтандырушы бағдарламасының бірінші траншы - «Даму» қоры- екінші деңгейлі банктер Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 48,8 миллиард теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша нақты заемшылар үшін жылдық ставка нарықтық ставкадан жоғары болмауы тиіс. Қаржыны игеру мерзімі ? 3 ай, жеңілдік берілетін кезең ? 2 ай. Екінші деңгейлі банктер игерген қаржының жалпы көлемі, үлестіру көрсеткішін ескергенде, 51,3 миллиард теңгені құрады. Осы сомаға 2238 жоба қаржыландырылды, ондағы несиенің орта сомасы 23 миллиард теңгені құрап, орташа салмақты ставка - 17,7 пайызды, ал оңтайлы ставка 20,2 пайызды құрады. 2. Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырудың тұрақтандырушы бағдарламасының екінші траншы - «Даму» қоры ? екінші деңгейлі банктер Бұл жобаны жүзеге асыруға мемлекет екінші деңгейлі банктермен бірлесіп 100 миллиард теңге бөлді. 2008 жылғы желтоқсанның 1-індегі жағдай бойынша бұл қаржы есебінген 59,6 миллиард теңге сомаға (59,6 пайыз) 1830 жоба қаржыландырылды. 3. «Даму» қоры мен жергілікті арқарушы органдардың қатысуымен аймақтардағы шағын және орта бизнестерді тең қаржыландыру бағдарламасы. Жалпы қоржыны 56 миллиард теңгені құрайтын бұл бағдарлама бойынша «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың тең қатысуымен, 28 миллиард теңгелік тең үлеспен, аймақтарда шағын және орта бизнес жобаларды қаржыландыру мәселесі қарастырылған. «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының, кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескеріле отырып, бұл бағдарлама бойынша нақты заемшылар үшін сыйақы ставкасы 14 пайыздан 12,5 пайызға төмендетілді. 2008 жылғы желтоқсанның 1-індегі жағдай бойынша банктер 5 миллиард теңге сомаға (56 миллиард теңгенің 8,9 пайызы) 258 жобаны несиелендіріп отыр. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Әлеуметтік-экономикалық дамудың орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:

- 50/50 бағдарламасы бойынша «Даму» қорының қаражаты мен банктердің өз қаражаттарын екінші деңгейлі банктердің игеру мерзімі 6 айдан 4 айға дейін қысқарды, 2008 жылғы желтоқсанның 25-іне дейін;

- мемлекеттік қаржыландырудың барлық бағдарламасы бойынша қаржыны бастапқы орналастыру кезінде шағын және орта бизнес субъектілерінің жобалары бойынша берілген бұрынғы несиелерді қайта қаржыландыруға салынған шектеулер алып тасталды;

- барлық бағдарламалар бойынша қаражатты бастапқы орналастыру кезінде заемшылардың айналым қаржыларын екінші деңгейдегі банктердің қаржыландыруына салынған шектеулер алып тасталды;

- Шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша бір заемшыны қаржыландыру лимиті 3 миллион доллардан 5 миллион долларға арттырылды; - 28/28 бағдарламасы бойынша сыйақы ставкалары 14 пайыздан 12,5 пайызға дейін төмендетілді; - барлық бағдарламалар бойынша нақты заемшыларға арналған несиелер бойынша оңтайлы ставка 12,5 пайызбен шектелді. Оның үстіне, жаңа қаржы бағдарламаларын жүзеге асыруға «ҚазАгро» акционерлік қоғамы мен «ФФПСХ» акционерлік қоғамы тартылды, бұл бастамалар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде селолық кәсіпкерлікке нақты қолдау болатыны анық. Бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту мен рұқсатнама жүйесін оңтайландыруды, ең алдымен лицензиялау, сертификаттау, аккредитациялау амалдарын оңтайландыруды қарастырған рұқсатнама жүйесі жетілдірілді. Рұқсатнама жүйесі саласындағы әлемдік тәжірибелер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында Рұқсатнама жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы талдап жасалды. Осы орайда 2009 жылдан бастап бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік актілерді қайта қарау жоспарланып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде реттеу іс-қимылдары мен рұқсатнама құжаттар екі есеге қысқартылмақ. Аталған Тұжырымдама аясында рұқсатнама құжаттарды беру бағытында бірқатар мемлекеттік органдармен келісу жүйесінен бас тарту, лицензиялаудың типтік ережелерін бекіту, рұқсатнама құжаттарын «жалғыз терезе» қағидаты бойынша тапсыру және Интернет арқылы хабарлама жіберу, сондай-ақ аталған құжаттарды беру турасында стандарттар пен регламенттер әзірлеу мәселелері қамтылмақ. Бизнес ортаны жақсарту (BEI), сауда-саттық пен кеден реформасын ырықтандыру (RTLC) және Қазақстанның «Doing business» 2008-2010 жылдардағы рейтингіндегі позициясын жақсарту жөніндегі USAID жобалары мен ҚР Үкіметінің бірлескен іс-қимылдарының жоспары әзірленді. Дүниежүзілік банктің «Doing business» рейтингіндегі Қзақстанның позициясын жақсарту аясында нормативтік құқықтық актілерді реттеу жөніндегі жоспардың кестесі талдап жасалды. Қаржылық есеп-қисапты жетілдіру аясында Қаржылық есептің халықаралық стандарттарын (МСФО) оңтайлы енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 2007 жылы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы» Заңның жаңа редакциясы қабылданды, бұл құжатқа сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілері мен бұқаралық мүдделі ұйымдар қаржылық есептерін халықаралық стандарттарға сәйкес толтыруға міндетті болып отыр. Басқа жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар (мемлекеттік мекемелерден, ірі кәсіпкерлік субъектілері мен бұқаралық мүдделі ұйымдардан басқа) өз есеп-қисаптарын халықаралық стандарт негізінде әзірленген ұлттық стандартқа сәйкес жүргізеді. Халықаралық стандартты мемлекеттік тілге аудару және ресми жариялау бойынша жұмыс атқарылуда. Мемлекеттік органдар мамандарының құзырлық және кәсібилік деңгейлерін арттыру үшін 2007 жылы Қаржы жүйесі органдары мамандарын дайындау, қайта дайындау және олардың біліктіліктерін арттыру орталығы» АҚ құрылып, ол орталық мемлекеттік орган қызметкерлері үшін халықаралық стандарт бойынша курстар жүргізуде. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға түзетулер енгізілді. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнды арттыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін, түзетулер бойынша, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық холдингтер мен олармен аффилиерленген заңды тұлғалар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның үйлестіру аясынан шығарылды. Бұл жаңалық аталған компанияларға Заңда қарастырылған амалдар мен шектеулерсіз, тапсырыстарды бірінші кезекте отандық өндірістерге орналастыруға мүмкіндік береді. Конкурстық бағалық ұсынымға әсер ететін көрсеткіштер толықтырылды, отандық әлеуетті жеткізілімшіні таңдау басымдығы үшін қазақстандық мазмұнның болу көрсеткіші нақтыланды. Бірдей шартты баға ұсынылған жағдайда отандық жеткізілімшілерге басымдық беру туралы шарт қарастырылуда. Уәкілетті органның веб-порталында - www.goszakup.kz ? электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйесі туралы толыққанды мәліметтер алуға болады, сайтқа сондай-ақ Мемлекеттік сатып алулардың, келісімшарт реестрлерінің, тапсырыс берушілердің, жеткізілімшілер бюллетенінің электрондық басылымы да шығып отырады. Ал 2008 жылғы сәуірдің 1-інен бастап электрондық сатып алулар жүйесі аясында «Баға ұсыныстарына сауал салу» модулі іске қосылды.

«Бизнестің  жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры қаржы агентінің қызметін атқарады, яғни пайыздық жүктемені субсидиялау үшін банктерге қаржы аударады, несиеге белгілі бір мөлшерде кепілдеме береді және бағдарламаның жүзеге асуына мониторинг жүргізіп отырады. Айта кету керек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт – жаңа бизнес бастамаларды қолдау, екіншісі – кәсіпкерлік секторды сауықтыру, үшінші бағыт – экспортқа өнім шығаруға бағдарланған кәсіпорындарды қолдау. Аталған үш бағыт шеңберінде кәсіпкерлердің 3 млрд теңгеден аспайтын, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыздан аспайтын жаңа және бұрыннан бар несиелері қарастырылады. Ал кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15 пайыздан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25 пайыздан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Бірінші бағыт шеңберіндегі мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге банктер берген несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің белгілі бір бөлігіне субсидия беру, банктердің жаңадан беретін несиелерін ішінара кепілдендіру және өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту, бизнес жүргізуге сервистік қолдау арқылы көрсетілетін болады. Бұдан өзге 2011 жылдан бастап кадрлар даярлау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары атқарыла бастамақ. Мұндағы мақсат аймақтарда кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру және маңызы бар жаңа жобалардың іске қосылуына жәрдемдесу. Банктер мен Өңірлік үйлестіруші кеңестерге өз жобаларының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлердің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыздық несие алуына мүмкіндігі бар, ал мемлекет тарапынан оның бір бөлігіне өтеусіз субсидия беру арқылы жеңілдік жасалады. Несие ауыртпалығын жеңілдету үшін 14 пайыздық үстеменің 7 пайызын мемлекет, қалған 7 пайызын кәсіпкер өз міндетіне алады. Биылғы жылдың қаңтарынан бастап жылдық мөлшерлемесі 14 пайызбен қолданыстағы несие үшін де субсидия алумүмкіндігіқарастырылабастады. 
              Екінші бағыт бойынша кредиттік берешегі бар іскерлердің бұрын алған қарыздарының пайыздық мөлшерлемесіне ішінара субсидия беріліп, олардың сауықтырылуына жағдай жасалмақ. Яғни субсидия борышкер-кәсіпкерлердің бұрынғы кредитінің пайыздық мөлшерлемесін төмендету үшін беріледі. Мемлекет даму бағыты айқын компанияларға кредит беру үшін пайыздық мөлшерлемесінің белгілі бір бөлігін өтеп беру арқылы көмектесуге ниет білдіріп отыр. Осындай кәсіпкерлерге салық төлеу және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша өсімпұлы есептелместен мерзімін үш жылға дейін шегеру мүмкіндігі беріледі. Бұл жерде тек жеке табыс салығын төлеуді шегеруге рұқсат етілмейді. Бұдан бөлек кәсіпорындарды сауықтыруға, оның ішінде Қазақстан қор биржасына орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектерді реттеу жөніндегі өзге де іс-шаралар қарастырылған. 
Үшінші бағыт бойынша мемлекет өз өнімін шетке шығаратын кәсіпкерлердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің 14 пайызының 8 пайызына қаржылай көмек берілетін болады. Яғни шетелге тауар шығарушы тек 6 пайыздық мөлшерлемені ғана төлейді. Тау-кен өнеркәсібі, минералды шикізаттарды өңдеумен айналысатын металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары және ірі салық төлеушілер тізбесіне кіретін салық төлеушілерден бөлек, экономиканың барлық секторында өндіретін өнімнің 10 пайыздан астамын шетке шығарушы кәсіпкерлер бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары бола алады. 
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде Қызылорда облысы бойынша 1 862 127,75 қаржыны құрайтын 22 жоба банктерге ұсынылған. Ұсынылған жобалардың басым бөлігі мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. 
«Даму» қоры арқылы жүзеге асатын бағдарламалар аз емес. «Даму-Өндіріс» бағдарламасына тоқталар болсақ, несиелендіру шарттары мынадай: 
Мақсатты топ: ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген және өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін ЖК субъектілері. Несиелендіру мерзімі: 84 айға дейін. Бір қарызгерге берілетін лимит: 750 млн теңге. Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең: 24 айға дейін. Қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі: 8,0 пайыздан аспайды. Осы бағдарлама бойынша Қызылорда облысында 6 кәсіпкердің жобасы қайта қаржыландыру арқылы пайыздық мөлшерлемесі 8 пайызға төмендетілген. 
«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» бағдарламасының мақсаты бүгінде жұмыс істеп жатқан және жаңадан бастаған әйелдер кәсібінің жобаларын жеңілдікті банктік несиелендіру арқылы, төмендегі міндеттерді іске асыру жолымен әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру. Бағдарлама мақсаты негізінде әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне арналған несиелердің құнын төмендету, қазіргі қарыздарын қайта қаржыландыру жолымен олардың борыштық жүктемелерін азайту жүзеге асырылады. Бүгінде бұл бағдарлама бойынша облыс бойынша 635 млн теңге қаражат банктерге орналастырылды. 
Аймақтарда кәсіпкерлікті сапалы түрде дамыту мақсатында «Даму-Аймақтар-2» бағдарламасын ерекше атап айтуға болады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – аймақтағы негізігі жобаларды қаржыландыру арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және қолдауға бағытталған аймақтық бағдарламалардың тиімділігін жоғарылату. Бағдарлама бойынша әр облысқа кемінде 500 млн теңгеден аспайтын «Даму» қорының өз қаражатынан және жетіспеген қаражат жергілікті атқарушы органнан бөлінеді деп күтілуде. Бұл бағдарлама бойынша Қызылорда облысында құны 750 млн теңгеден асатын жобалар банктерде қаралуда. Айта кету керек, биылғы жылдың маусым айында «Даму» қоры және Қызылорда облысы әкімдігі арасында «Даму-Аймақтар-2» бағдарламасы аясында аймақтағы жобаларды қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат аймақтағы басым жобаларды іріктеуге, соңғы борышкерлерді бекітуге және жобаларды іріктеу бойынша «Даму» қоры мен әкімдік арасындағы іс-қимылдар тәртібін анықтайды. Аталған бағдарлама бойынша негізінен өсімдік және мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру, сусындар өндіру, киім өндіру, ағаштан жасалған бұйымдарды өндіру, резиналық және пластмассалық өнімдерді өндіру, жиһаз жасау, құрылыс саласы, полиграфиялық қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша жасалған жобалар қаржыландырылды. 
Сапалы кәсіпкерлікті қалыптастыруда «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы да өз жұмысын бастап кетті. Бағдарлама бойынша тренинг-оқыту қызметтері тегін негізде қысқа мерзімдік оқу курстарының шеңберінде көрсетіледі. 2009 жылы «Кәсіпкерліктің экспресс-курсы» атты оқыту курстары республикамыздағы 209 аудан, қалаларда ұйымдастырылған. Оған қатысқан тыңдаушылар саны 11603 құраса, олардың 40 пайызы кәсіпкерлер, 60 пайызы жекетұлғалар. Қызылорда облысы бойынша тыңдаушылар саны 438, оның ішінде сертификат алғаны – 370, жекетұлғалар – 
 67 пайыз, кәсіпкерлер 33 пайыз. Ал биылғы жылы ұйымдастырылғын тренингте Қызылорда облысы бойынша 393 тыңдаушы сертификат алса, олардың 40 пайызы кәсіпкерлер, 60 пайызы жекетұлғалар. Кәсіпкерлер үшін жан-жақты ақпарат алуға бұлбағдарламаныңүлесізорекеніайқын.Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер азаматтар үшін «Даму-Көмек» бағдарламасының орны бөлек. Осы бағдарлама аясында Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі екікәсіпкергеқолдаукөрсетілген
Елімізде кәсіпкерлікті сапалы дамыту үшін «Даму» қоры бағдарламасының қай-қайсысы болмасын орны ерекше. Бұл бағдарламалар елімізде, ауыл-аймақтарда шағын және орта кәсіпкерліктің жүйелі дамуына үлкен үлес қосады деген сенім мол.Сонымен, Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн бiрден-бiр ұйым ол - екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады.ОсыреттеҚазақстан Республикасының банктiк сферасының макроэкономикалық өзгерiстерге ұшырауы, соның iшiнде импорттық либерилизациялау, бағалар реформасы, фискалдық тәртiптi әдете түсу, жекешелендiру және тағы да басқа нарықтық экономикаға тән өзгерiстер орын алды. Осылайша банктiк сектордың несиелеу iсiнде де глобальды өзгерiстер процесi жүрiп отыр.Мемлекеттiк экономикалық даму жолында оған ұшырасатын өзгерiстерге байланысты несиенiң айналыс аясы мен оның орны да бiраз өзгерiстерге ұшырады. Әсiресе Қазақстан Республикасының бұрыңғы орталықтандырылған мемлекеттiк жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға өту жағдайында осы несиелiк қатынастар аясында несиелiк салымдар көлемi ұлғаяды. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына сәйкес, Қор 2008 жылдың басынан бастап, кейіннен шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру Бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатын басқару операторы болып табылады.Қаражатты келісіп орналастыру Бағдарламасы Қазақстан Респуб-ликасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет саясатын іске асырудағы бірден-бір құрал болып табылады. Бағдарлама Қордың қаржы ресурстарын (қорландыру) кейіннен ШОК субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты белгілі бір шарттармен (мақсатты және шектеуші) екінші деңгейдегі банктерге ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Әріптес-банктермен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарының бірі Қордың олардың ішкі рәсімдеріне және кредит үдерісіне араласпау саясаты, сонымен қатар олардың қабылданған шешімдерінің тәуекелдігіне толық жауапкершілігі болып табылады. Бағдарлама ШОК қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет шара-ларының тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген. Әріптес-банктердің осы Бағдарлама бойынша ШОК субъектілерін қаржыландруы Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрін шектеусіз жүзеге асырылады.

           Бұл процестiң жүруi нарықтық заңдылық. Егер, бұған стандарттық емес мынандай мәселелер (елдiң банктiң жүйесiнiң дамымай қалуы, тыңғылықты жасалмаған ақша несие саясаты) әсер етпесе. Осылайша нарықты экономика жағдайына көшуде, көшiп бiткен кезде де несиенiң алатын орны ерекше. Жоспарлы орталықтандырылған экономика кезiнде елдiң несиелiк ресурстары КСРО үкiметiмен жалпыға бiрдей жасалған несиелiк жоспар бойынша берiлдi. Тiптi, ол несие қандай мақсатқа, оған яғни несиеге кәсiпорын мұқтаж ба, жоқ па оған көңiл бөлiнбедi. Ал, шаруашылықтар осы несиелiк жоспар бекiтiлгеннен кейiн ағымдағы тоқсанда несиеге қажеттiлiк бiлдiрiлсе, жергiлiктi банктер мұндай мәселелермен айналысуға құқығы жоқ және ресурстары да жоқ болатын. Бұл өз кезегiнде несиенiң аясының тарылуына және де шаруашылықтың мәселелерiн жедел де тез шешу сипатын жоғалттырды. Ал, нарықты экономика кезiнде несиенiң берiлу мәселелерi әр банктiң өз несиелiк саясатына сай әр банк өзi жекеше шешедi. Несие берудiң барлық жағдайлары банкпен клиенттiң арасында жасалатын несиелiк келiсiм шартта қарастырылады. Нарықтық жағдайда несиелiк қатынастарды кеңейтуге бiраз мүмкiншiлiктер ашылды. Олардың iшiнде атап айтқанда коммерциялық және ипотекалық - несие, вексель, акциялар мен құнды қағаздарды несие алу үшiн кепiл етiп шығару. Несиелiк қатынастардың кең ауқымға жайылуы арқылы несие ролiнiң оң бағытқа  бұрылуында несиелеудiң жаңа тиiмдi әдiсi - белгiлi бiр нақты жобаны несиелеу (жобалық қаржыландыру) бұл ретте банктер ұзақ мерзiмге несие қаражатын берiп қана қоймай жобаның басынан бастап, аяқталғанына дейiн бақылау жасап, несиенiң тиiмдi пайдалануын қадағалайды.

Шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк қолдау саясаты бойынша мақсатты несиелiк ресурстардың шағын бизнестi дамыту үшiн квотасын бекiту. Отандық инвесторлар үшiн 10-20%, ал шетелдiк инвесторлар үшiн 15-25%. Және де болашақтағы экономикаға келетiн инвестициалардың жалпы көлемiнен басымдырақ, табысты бағыттарға орналастыру осындай үлгiде болса, салалық бөлiну арқылы шағын және орта бизнес әжептеуiр дамыған болар едi.

· ауыл шаруашылығы - 20%

· азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауарлар, халық тұтынатын тауарлар өндiрiсi, дәрiлiк препараттар, медициналық техника - 20 %

· инновациялық iс-әрекеттер - 20 %

· көлiк, байланыс, құрылыс, құрылыстық материалдар өндiру-15%

· тұрмыс қызметтерiн көрсету, коммуналдық қызмет -  15%.

Қазақстан экономикасының дағдарыстан  өтiп, тұрақтануға  қол жеткiзу жолында банктiк жүйенiң дамуы мен жетiлуi де үлкен роль атқарады. Соның iшiнде пайыздық ставкалардың либерализациялануы, тiкелей несиелеудi қысқарту болып табылады.

Қазiргi кездегi банктiк жүйе - бұл алуан түрлi және дәстүрлi емес жаңа банктiк қызметтердi клиенттерге көрсету. Соның iшiнде банктердiң дәстүрлi қызметтерiнiң бiрi - несиелiк операцияларды iске асыру. Нарық жағдайында банктердiң өздерiнiң ақшалай қаражаттарын инвестиция мақсатына жүзеге асыру тиiмдiлiгi, банктiң сол ақша қаражаттарын тиiмдi де оптималды түрде пайдалана алатын iрi қаржылық ұйым ретiнде танылуы керек.

Мемлекеттiк бюджетте шағын және орта бизнестi дамыту, қаржыландыру бағдарламасына ақшалай қаражат бар болса да, олар өте аз мөлшерде. Ал, банктерде шағын бизнестен түрi iрi компаниялардың iрi жобаларын несиелеу тиiмдiрек. Аталып кеткендей, шағын бизнестi несиелеу қаржыландырудың банктер үшiн тауекел деңгейiнiң өте үлкендiгi ең бiрiншi фактор болып отыр. Және де банктiк қызметтердiң iске асуының өзiндiк құнының жоғарылауымен де тiкелей байланысты. Осы аталған факторларға байланысты мемлекет тарапынан банктiк емес қаржылық мекемелердің шағын бизнестi инвестициялауына ынталандырудың қозғаушы механизмiн жасау керек. Қазiргi кезде менiң ойымша шағын бизнестi арнайы инвестициялайтын компания құру керек сияқты. Және де шағын бизнестi несиелейтiн коммерциялық банктердің механизмi мен тәртiбiн қарастыру керек. Коммерциялық банктер шағын бизнестi несиелеуде бюджет қаражаттарының кепiлiмен және де арнайы мемлекеттiк қоғамдық қорлар мен бiрлестіктердiң қаражаттары кепiлi арқылы несиелеудi қарастыруы керек. Шағын бизнестi қолдау ретiнде банктердiң және басқа да қаржылық институттардың несиелiк ресурстарын кеңiнен тарту мақсаты алға койылған жөн. Инвестицияларды қорғау шаралары бойынша коммерциялық құрылымдардың коммерциялық шығындарының қорғалуын қарастырып, жеңiлдiктермен шағын бизнеске несиелер беру операцияларын жетiлдiру керек. Шағын және орта  бизнестiң дамуы мен оның одан әрi қатаюының базасы ретiнде тұрғындардың банктiк жинақтарының индексациясын жүргiзу болып табылады. Осы мақсатта несиелiк корпорациялар жүйесi мекемелерi зор роль атқарады. Мұндай мекемелер шағын және орта бизнестi қаржыландырғаны үшiн белгiлi бiр мөлшерде салықтық жеңiлдiктер, несиелiк ресурстар және мемлекет кепiлiн алады. Мұндай несиелiк корпорациялар жекеменшiк нысанында болып, коммерциялық негiзде жұмыс жасайды.

Қазiргi уақытта шағын  және орта бизнес әртүрлi қаржылық мекемелерден көмек алуы қиын. Банкпен несиелендiру мерзiмдерi өте қысқа. Сондықтан осы  корпоративтi экономика  үлгiсiндегi экономикаға сай қаржы институттарының жаңа формаларын ендiру керек. Ол шағын бизнеске төмендетiлген процентпен несие беру, өзара несиелеу қоғамдарын құру керек. Ал, коммерциялық банктер мемлекет тарапынан шағын бизнестi несиелегенi үшiн ешқандай жеңiлдiктер алмағандары үшiн бұл секторды несиелеуге онша қызығушылық тудырып отырған жоқ.

Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары