Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 17:59, курсовая работа
Іс қағаздарын жүргізу (немесе басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету)-қызметті құжаттау (ақпараттарды белгіленген ережелер бойынша әртүрлі негіздер жазу) және ресми құжаттар бойынша жүргізуді ұйымдастыру деген сөз.
Іс қағаздарын жүргізу (немесе басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету)-қызметті құжаттау (ақпараттарды белгіленген ережелер бойынша әртүрлі негіздер жазу) және ресми құжаттар бойынша жүргізуді ұйымдастыру деген сөз.
Ұйым құжаттарындағы ақпарат жалпы ұжым үшін маңызды рөл атқарады. Кадрлық құжаттамалардың өзіндік ерекшелігі бар, өйткені ол ұйым қызметінің ғана емес, бүтіндей қоғам қызметінің көптеген фактілерімен байланысты.
Ұйымның кадр қызметі атқаратын негұрлым функциялардың бірі еңбек саласы бойынша құқықтық қатынастарды құжаттау болып табылады. Кадр қызметінде ресімделетін құрамына әр түрлі функционалдық бағыттағы құжаттар енеді. Атап айтқанда: бастапқы есепке алу құжаттары, өкімдік құжаттар, жеке іс қағаздары және т.б.
Кадр қызметі қыруар маңызды өңдеуден өткізіп, пайдаланады. Сондықтан Қазақстан Республикасының әртүрлі заңнамалық және нормативтік актілермен, нұсқауларымен регламенттелетін рәсімдеу тәртібін жақсы білуі керек.
Тақырыбы: Мұрағат мекемесіндегі кадр мәселесі.
Мақсаты: Мұрағат мекемесіндегі кадр мәселесін зерттеп, оның өзара проблемаларын ашу.
Міндеті: Осы алдыма қойған мақсатымды, болжамымды толығымен зерттеп, мағынасын ашып барлықтарыңызға жеткізу.
Болжам: Егер, кадр қызметінде құжаттарды толтырудың стандартты форма үлгілерінің жинақтары немесе жалпы жазылған ұсынымдар болса, онда мұрағат мекмелерінің кадр құжаттамасын рәсімдеуде қызмет жақсара түсер еді.
Зерттеу пәні: Мұрағаттану.
Зерттеу нысаны: Құжат сақтайтын мұрағат мекемелеріндегі кадр мәселесі
Зерттеу жаңалығым: Рудный қалалық мұрағатының кард қызметіндегі
құжаттардың рәсімделуін зерттедім.
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы әуелі есеп құжаты болып табылады және ол жұмыскерге тән жеке істің негізін құрайды. Жеке істер, әдетте, ұйымның басшы қызметкерлері мен мамандарына арналып ашылады және жүргізіледі. Жұмыскерлермен еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағынан қажетті мәліметтерді ала алады.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы жұмыскердің биографиялық мәліметтері, білімі, шет тілдерін білуі туралы, еңбек қызметі басталғаннан бергі атқарған жұмыстары, орталық, республикалық және басқа сайлау органдарына қатысуы жайлы, мемлекеттік наградалары, әскери міндеттілігі, отбасылық жағдайы,тұрғын мекенжайы т.б. жөнінде сұрақтар тізбесінен тұрады.
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын жұмысқа тұрған кезде жүмыскер өз қолымен толтырады.Барлық сұрақтарға толық жауап берілуі тиіс. Мұнда сөздерді қысқартуға, қалдырып жазуға, өзгерту мен өшіруге болмайды. Жеке іс парағының бағаларына терістеу жауаптары жазылғанда сұрақ қайталанбайды. Кадырларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы жұмыскердің жеке құжаттарындағы жазбалармен толық сәйкес болуы шарт. Жеке іс парағын толтыру кезінде мынадай құжаттар пайдалынады:
Әсіресе «Еңбек қызметі» тармағын толтырудың ерекше мәні бар. Бұл тармақ еңбек кітапшасындағы жазбаларға сәйкес толтырылады. Егер еңбек кітапшасы қандай да бір себеппен үзіліп қалса, ол көрсетіледі. Мекеме, ұйым және кәсіпорын атаулары жазба толтырылған мезетте қалай аталған болса, солай жазылады.
Жеке іс сапарында жұмыскердің фотосуреті жапсырылатын орын болады. Жұмыскер мұнан кейінгі барлық өзгерістер туралы жұмыс орнына хабарлап отыруға міндетті. Ол өзгерістер жұмыскердің жеке іс парағына ендірілетін болады.
Кадырларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағымен бірге соған ұқсас есепке алу үлгісі – анкета да қатар қолданылады. Анкетада бірқатар тармақтар бойынша кеңейтілген сұрақтар болады. Сонымен бірге оған жазылған мәліметтерді кадр қызметінің маманы тексеріп шығып, қол қояды.
Анкета толтырылғаннан кейін жұмыскерге қатысты өзгерістер Кадырларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағына тіркелетін қосымшаға жазылады.
Кадырларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағының қосымшасы мыналарды қамтиды: жұмыскердің фамилиясы мен аты және әкесінің аты, сонымен бірге, таблица формасында жасалған екі бөлім.
Бірінші бөлімде жұмыскердің қызмет бабындағы орын ауыстырулары белгілі бір лауазымға ие болуы мен одан босану уақыттары, лауазымдық орынға бекіту және босату туралы шешімдері көрсетіліп жазылады.
Екінші бөлімде өзге есепке алу белгілері бойынша өзгерістер жайлы мәліметтер келтіріледі.
Кадырларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағының қосымшасында көрсетілген барлық өзгерістер тиісінше бастапқы құжаттармен расталуы шарт.
Кадырларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы қосымшасына міндетті реквезит жеке істердң бары – жоғы мен жай – күйіне тексеру жүргізілгендігі туралы белгі болып табылады. Бұл белгі «Жеке іс тексерілді» деген жазудан және дата мен қойылғаг қолдан тұрады.
Осылайша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы жұмыскер туралы ақпарат жеткізетін және ұйым персоналы туралы бастапқы мәліметтер базасын түзетін шынайы құжат болып шығады.
Қазір көптеген ұйымдарда кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағынан басқа жұмыскерлердің жеке карточкасы да толтырылады. Бұл құжат шынтуйтына келгенде екінші есепке алу құжаттамасы болып табылады.
Кадырларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағының үлгі формасы мен оны толтыру тәртібін 1 – қосымшадан қараңыз. Бұл үлгі форма 2004 жылғы нұсқа бар, бірақ негізгі мәні мен қолдану үлгісі бұрынғысынша.
Жұмыскер бастамасы бойынша еңбек шарттын бұзу туралы бұйрық
Бұйрық – ұйым қызметінің кадр жөніндегі және басқа да мәселелері бойынша сол ұйым басшысы жеке дара шығаратын құқықтық акті.
Кадырлар қызметі функцияларының бірі ұйым кадрлары қозғалысы процесін ресімдеу болып табылады. Ресімдеу мынадай негізгі құжаттарды жасау арқылы жүзеге асырылады: жеке құрам бойынша бұйрықтар, кезекті еңбек демалыстарының графигі, қызмет бабындағы жазбалар және т.б. Жеке құрам бойынша бұйрықатр негізгі қызмет бойынша бұйрықтардан бөлек түзіледі және «К», «ЖҚ» немесе «Ж/Қ» әріптік индекстерін қоса отырып, дербес нөмірленеді. Жеке құрам бойынша құжаттардың бірі жұмыскермен арадағы еңбек шартын тоқтату, яғни жұмыстан босату жөніндегі бұйрық болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 57-бабына сәкес еңбек шартын тоқтатуға негіздеме ол шарттың жұмыскер бастамасы бойынша бұзылуы болып табылады. Мұнда жұмыс берушіге бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын жұмыскердің өз бастамасы бойынша бұзуына құқық берілген.
Жұмыскер бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрық өкімдік сипатқа ие. Мұндай сипаттағы бұйрықтарды сақтау мерзімі жетпес бес жыл деп белгіленеді. Бұйрық мәтінінде қысқартуға, ақпаратта жаңсақтықтар мен қателерге жол берілмеуі тиіс.
Жұмыскер бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың негізгі реквизиттері мыналар:
- ұйым атауы;
- еңбек шарты әрекетінің
- жұмыскердің фомилиясы;
- аты және әкесінің аты;
- табельдік нөмірі;
- құрылымдық бөлімше;
- лауазым, мамандық, кәсіп;
- еңбек шартың тоқтатудың
- бұйрық шығары негіздемесі;
- ұйым басшысының жеке қолы;
- жұмыскердің жеке қолы;
- дата.
Жұмыскер бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрық жеке – дара да, бірнеше қызметкерге ортақ мамұнда да шығарылуы мүмкін. Жұмыскер бастамасы бойынша еңбек шартың бұзу туралы бұйрыққа ұйым басшысы немесе оған өкілдігі құрылтайшылық құжаттар арқылы белгіленген тұлға өз қолын қояды. Басшы уақытша орында бомай қалғанда бұйрық бойынша оның міндетін атқарып отырған тұлға қол қояды. Бұл жағдайда бұйрықта басшының аты – жөні емес, оның міндетін атқарушы тұлғаның аты – жөні көрсетілуі тиіс.
Факсимилені қолдану, сондай – ақ құқығы жоқ тұлғаның қол қою арқылы шығарылған бұйрықтың заңдық күші болмайды.
Бұйрыққа қол қоылғаннан кейін оның датасы жазылып, нөмірленеді және жұмыскерге жұмыстан босанатың күні міндетті түрде танысып шығуға беріледі. Жұмыскер бұйрықпен танысқан соң, оған қол қояды, мұнан кейін оның еңбек кітапшасына тиісті жазбалар түсіріледі.
Осылайша жұмыскер бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрық өкімдік сипатқа және жұмыскер үшінде, ұйым үшінде үлкен манызға ие болады. Үйткені ол еңбек қатынастарын реттейді және оның дұрыс ресімделуі еңбек даулары мен пікір қақтығыстарын реттейді.
Қазақстан Республикасының 1237-2004 «Қағаз негіздегі құжаттар . Жалпы техникалық талаптар» стандартын басшылыққа алсақ, құжаттардың тұпнұсқалары мен көшірмелері мұрағаттық сақтауға тиесілі. Мұрағаттық сақтауға тиесілі құжаттар қатарына мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» №326-1 Заңының (бұдан ары ҰМҚ туралы Заң) 1 бабы 16 тармақшасына сәйкес, адам құрамы жөніндегі құжаттар – қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар кешені және оларды зейнетақымен қамтамасыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәліметтер деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек кодексінің (бұдан ары – ҚР ЕК) 23-бабы 2-тармағы 16 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Жеке құрам жөніндегі құжаттама – бұл кадырлық қызметтің персоналмен жұмысты құжаттау жөніндегі өз міндеттерін орындау процесінде қалыптасқан құжаттар. Қызметкер лауазымының ерекшелігін, жұмысқа қабылданғандығы шарттарын, еңбек жетістіктерін және құрам жөніндегі құжаттама үнемі нақты қызметкерлермен байланысты сипаттайды.
Ұзақ уақыт сақталатын жеке құрам жөніндегі құжаттарға мыналар жатады:
ҰМҚ туралы Заңның 11-бабына сәйкес, Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомствалық мұрағаттарда уақытша сақтау сатысынан өтеді, содан соң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын тұрақты сақтау құқына ие тиісті мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдарына беріледі.
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтап, сақтап, пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар ведомствалық мұрағаттар мен жеке мұрағаттар құрады.
Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері мен уәкілетті орган қол қоятын шарттарда көрсетілуі қажет
Уәкілетті орган – мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік орган
Басқарушылардың, мамандардың және қызметшілердің Біліктілік, лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес:
- ұйым кеңсесінің меңгерушісі
бөлімшелерде іс жүргізуді
- мұрағат меңгерушісі – ұйымда
мұрағат ісін ұйымдастыруы
- ұйымда мұрағат ісін жүзеге асырумен архивариус айналысады.
Ұйымның жеке мұрағаты құжаттарды қағаз және электрондық негізге жинақтау, уақытша сақтау және пайдалану үшін құралады. Ведомствалық мұрағат құрамында электрондық мұрағат қалыптасады.
Ұйымның жеке мұрағаты өз қызметін қабылданатын құжаттар құрамын және іріктеу талаптарын, функцияларын, қайнар көздерін анықтайтын Ережеге сәйкес жүргізеді.
Мемлекеттік ұйымның ведомствалық мұрағаты туралы ереже Қазақстан Республикасы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі жергілікті мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін ұйым басшысы тарапына бекітіледі.
Ұйымның жеке мұрағаты туралы ереже де Қазақстан Республикасы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі жергілікті мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін ұйым басшысы тарапынан бекітіледі (егер ұйым өзінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік мұрағаттың толықтыру көзі болып табылса).
Құжаттарды мұрағаттық сақтау ғимараттың жеке бөлмелерде жүзеге асырылады.
Мұрағаттық сақтауға тиесілі құжаттардың түгелдігін қамтамасыз ету үшін, мынадай шаралар атқарылуы шарт: