Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 14:40, курсовая работа

Краткое описание

Сертификаттау, латын тілінен аударғанда, «дұрыс жасалған» дегенді білдіреді. Өнім «дұрыс жасалған» дегенге куә болу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес болуы керектігін және осы сәйкестіктің шынайы дәлелін қалайша алуға болатындығын, білу қажет. Осындай дәлелдің көпшілік қабылдаған тәсілінің бірі – cертификаттау болып отыр.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сертификаттау.docx

— 1.04 Мб (Скачать документ)

СО-ның ұйымдастырушылық құрылымы 2-суретте келтірілген.

 

«ҰССО» АҚ АФ

директоры




 

 

  


 

Сынау орталығының

басшысы




 

                                                 

 



 

 

 

2-сурет. «ҰССО» АҚ АФ СО-ның ұйымдастырушылық құрылымының сұлбасы.

 

Cапа  менеджмент жүйесі

Сапа менеджмент жүйесі – «ҰССО» АҚ АФ сынау орталығы жұмыстарының жалпы сапа басшылығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін үрдістер мен ресурстардың, әдістемелердің, міндеттелер мен ұйымдастырушылық құрылымның жиынтығы.

«ҰССО»  АҚ АФ СМЖ-н енгізді, құжат түрінде рәсімдеп, оның тиімділігін ҚР СТ ИСО 9001-2007 стандартының талаптарына сәйкес әрдайым жақсарта отырып,  оны ұстанады.

«ҰССО»  АҚ АФ СМЖ-нің негізге алынушы құжаты – сапа бойынша басшылық болып табылады.

Сапа  бойынша басшылықтың әзірленуіне, маңыздануына және оны таныстыруға  сынау орталығының басшысы жауапты  болады.

Сапа  бойынша басшылық СО басшысында сақталады.

СО-ның  сапа менеджмент жүйесі сапаны басқарудың келесі процедуралары мен үрдістерінен тұрады:

  • құжаттаманы басқару;
  • тапсырыстар, өтініштер және келісім шарттар талдауы;
  • сынаулар жүргізуге мердігерлік (субподряд) жасасу;
  • қызметтер мен қорларға ие болу;
  • тұтынушыларға қызмет көрсету;
  • орнатылған талаптарға сәйкес келмейтін сынау жұмыстарын басқару;
  • түзетуші әрекеттер;
  • алдын-алушы әрекеттер;
  • ішкі тексерістер.

Сапа  саласындағы саясат.

Сапа  саласындағы саясат мақсаты - өтінім берушіге өнімнің нормативтік құжаттамасы  талаптарына сәйкес шынайы нәтижелер  алуды және тұтынушылар тапсырысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін сынаулар (талдау) сапасының жоғарылығына кепілдеме  беру.

Сапа  саласындағы саясаттың стратегиясы  келесі қызмет бағыттарымен қамтамасыз етіледі:

  • талдау жүргізуге қажетті материалдар, құралдар және басқа да жабдыққа шығынды уақытылы және толық инвестициялау;
  • СО-ның барлық қызметкерлерінің сапа бойынша талаптардың орындалуына жауаптылығын реттеу;
  • кадрлерді уақытылы және сапалы дайындау.

Сапа  саласындағы саясат тактикасы келесі әдістермен қамтамасыз етіледі:

  • СМЖ процедуралары мен үрдістерін талдау және халықаралық тәжірибе негізінде сапаны арттырудың тәсілдерін дайындау;
  • қызметкерлерді жүйелі оқыту және біліктілігін арттыру;
  • барлық қызметкерлерді сынау сапасын қамтамасыз етуге материалды ынталандыру (мотивациялау);
  • қызметкерлерге сапа саласындағы саясат тапсырмалары мен мақсаттарын түсіндіру мақсатымен кең ауқымдағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сапа  саласындағы саясаттың жүзеге асырылуы «ҰССО» АҚ АФ CМЖ-нің келесі ресурстарды қолданам отырып, әрекет етуі есебінен қамтамасыз етіледі:

а) ұйымдастыру-әдістемелік ресурстар:

  • аккредиттелген орталық туралы жағдай;
  • СО сапа бойынша басшылығы;
  • мемлекетаралық, мемлекеттік стандарттар, басшылықтар және СО тапсырмаларына сәйкесбасқа да нормативтік құжаттама;
  • әдістемелерді, нұсқауларды әзірлеу және оларды орындау мәселелерінің әдістемелік қамтамасы;
  • СО қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары.

б) физикалық  ресурстар:

  • әр түрлі шығын материалдары;
  • барлық қажетті энергия түрлері;
  • уақыт.

в) техникалық ресурстар:

  • жұмыстарды орындаудың қалыпты шарттарын қамтамасыз ететін өндірістік орындар;
  • қызметкерлер жұмысына қажетті шарттарды қамтамасыз ететін жұмыс орындарының жабдықталуы;
  • үлгілерді талдауға дауындау және талдау (сынау) жүргізуге қажетті өлшеу құралдары мен жабдықтар;
  • сәйкес бағдарламалық қамтамасы бар есептеуші техника және оргтехника;

г) адамдық  ресурстар (қызметкерлер):

  • СО-ның қажетті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері;

д) қаражат:

  • СО-ның қызметін «ҰССО» АҚ АФ қаржыландырады.

Құжаттаманы басқару

СМЖ-нің  құжаттамасы – СМЖ-нің принциптері  мен ережелерін, жүргізілетін сынауларына  орнатылған талаптарға жету мақсатымен СМЖ-нің әрекеттену тиімділігін  және жұмыстық жағдайын ұстап отыру  талаптарын бекітетін құжаттама.  Құжаттаманы басқару – құжаттаманы  әзірлеу және және әрдайым тексеріп отыруды қамтамасыз ететін әрекеттер  кешені деп түсіндіріледі. Мұндай әрекеттер  кешені құжаттаманы әзірлеуден оның әрекетін тоқтату, қолданыстан алып тастауға (ҚП АФ АО-09-01 «Құжаттаманы басқару») дейінгі басқару элементтерінен тұрады.

Сынау орталығында  НҚ мен СМЖ құжаттарының тексерісіне  кәсіпорын директорының бұйрығы  бойынша сынау орталығының қызметкері жауапты болады.

Құжаттаманың  сақталуы ЖН АФ АО-09-03 «Мұрағат жүргізу бойынша нұсқаулық» сәйкес орындалады.

Құжаттардың сақталуына СО басшысы жауапты болып  табылады.

Тапсырыстар, өтініштер, келісім шарттар талдауы

СО қызметінің басты артықшылығы тапсырыс берушінің  ұсынылатын қызмет сапасымен қанағаттануы болып табылады. Сапа мамандардың  іскерлігімен және белгіленген талаптарға сай өлшеу және сынау жабдығын пайдаланумен қамтамасыз етіледі.

Тапсырыстарды, өтініштерді және талдау (сынау) жүргізуге  келісім шарттарды талдау келесі процедура бойынша орындалады:

  • өтініш (тапсырыс) берілгенде тапсырыс берушіден, директордан орталық мүмкіндіктерін анықтау мақсатымен СО-ның басшысына тапсырысты талдауға бұйрық жіберіледі;
  • талдау кезінде СО-ның келесі мүмкіндіктерін анықтайды: талдау нысаны СО-ның аккредиттеу саласына кіру-кірмеуі, орталықта қажетті ресурстардың (ұйымдастыру-әдістемелік, физикалық, техникалық, адамдық) бар-жоқтығы, сынау орталығының жұмыстарды тапсырыс беруші белгілеген мерзімде орындай алу-алмауы;
  • тапсырысты талдағаннан соң соңғы шешім немесе өзара ұсыныс алмасулар сәйкестікті растау органына жіберіледі.

Талаптар  немесе ұсыныстар мен келісім  шарт арасындағы келіспеушіліктер сынауларды (талдау) бастау алдында шешіледі. Әрбір  келісім шарт екі жақпен де келісіледі: сәйкестікті растау органымен және тапсырыс берушімен.

Жұмыстардың келісім шарт жасасу кезінде орындалған барлық өзгертулерді қосқандағы талдау нәтижелері сынау орталығында сақталады.

Қызметтер мен қорларға ие болу

Орталықта сынауларды сапалы жүргізуге қажетті  өлшеу құралдарын, жабдықтарды, шығын  материалдарын алу және өтініш бойынша  саясат пен процедура орнатылған.

Сынау орталығының  басшысы қажетті қорларға өтініштер  толтырады. Өтініштерді «ҰССО» АҚ АФ директоры қарастырады, қолын қояды және алуға рұқсат береді.

Берілген  үрдістің мақсаты – сапалы сынаулар жүргізу кезінде жұмыстардың  тоқтаусыз орындалуын қамтамасыз етуге  қажетті шикізат, материалдар, жабдық пен жинақтаушы бұйымдарға ие болу бойынша бірыңғай тәртіпті орнату болып  табылады.

СО өткізілетін  сынаулар сапасына едәуір әсер ететін, алынған жабдық, өлшеу құралдары  сақтауға қажетті сәйкес шарттармен қамтылған.        

 Тұтынушыларға  қызмет көрсету

СО тұтынушылармен (тапсырыс берушілермен) немесе олардың  өкілдерімен тұтынушы тапсырысын талқылау және орындалатын жұмыстарға байланысты орталық қызметін бақылау мәселелері бойынша бірлесе жұмыс істейді. Бұл жағдайда СО басқа тұтынушыларға қатысты құпиялылықты ЖН АФ АО-09-01 «Ақпарат құпиялылығы туралы нұсқау» сәйкес қамтамасыз етеді.

Мұндай  әріптестік тұтынушыға немесе оның өкіліне  тұтынушы үшін өткізілетін сынау (талдау) жүргізуге қатысу мүмкіндігін  ұсынуды  қарастырады.

Шағымдар

Тұтынушылар, бақылаушы немесе қадағалаушы органдар немесе басқа ұйымдар тарапынан  жүргізілетін сынаулар (талдау) сапасына қатысты шағымдар (рекамациялар) түскен жағдайда СО-да шағымдарды қарастыру  және тіркеу саясаты мен процедурасы ЖН АФ АО-09-04 «Шағымдарды тіркеу және қарастыру бойынша нұсқау» әзірленген.

Жүргізілетін  сынаулар сапасына, сынақ хаттамаларын рәсімдеу дұрыстығына қатысты ұйым атына түскен шағымдар «ҰССО» АҚ АФ басшылығының назарына жеткізіледі.

СО басшысы  мен мамандары шағымдарды мұқият қарастырады, сәйкессіздік себептерін орнатады және талдайды, содан соң  сәйкессіздіктерді жою бойынша  түзетуші әрекеттерді белгілейді.

Шағымды қарастыру нәтижесінде шығарылған соңғы шешімді сынау орталығының басшысы «ҰССО» АҚ АФ директорына жеткізеді, тек осыдан кейін ғана шағымды берген өтінім берушіге жазбаша түрде хабарлайды.  

Шағымды қарастыру нәтижелері, қабылданған  шешім «Шағымдарды тіркеу журналына» ЖН АФ АО-09-04 енгізіледі.

Шағымдардың уақытылы қарастырылуына жауапкершілік  СО басшысы жүктеледі.

Орнатылған  талаптарға сәйкес келмейтін сынау  жұмыстарын басқару

СО үшін сәйкессіздіктер анықталады:

  • өтінім берушілерден (тұтынушылардан) түскен шағымдарды талдау кезінде;
  • СО басшысының мамандар орындайтын жұмыстар сапасын бақылауы кезінде;
  • СО қызметін сыртқы ұйымдар немесе «ҰССО» АҚ АФ басшылығы тексеру кезінде;
  • ішкі аудит жүргізген кезде.

Орнатылған  талаптарға сәйкес келмейтін сынау жұмыстарын басқару ҚП-АФ АО-09-06 «Орнатылған талаптарға сәйкес келмейтін сынау жұмыстарын басқару» және СО қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларында сипатталған процедура арқылы жүзеге асырылады.

Сынаулар  сапасына әсер ете алатын қандай да бір сәйкессіздік табылған жағдайда СО басшысы келесі әрекеттер атқарады:

  • сәйкессіздік маңыздылығының бағалануы жүргізіледі;
  • түзетуші және ескертуші әрекеттер;
  • ішкі аудиттер (тексерістер) жүргізіледі;
  • тапсырыс беруші хабардар етіледі (қажет болған жағдайда) және сынау жұмыстары тоқтатылады.

Түзетуші  әрекеттер

СО-да түзетуші әрекеттер ҚП АФ АО-09-04 «Түзетуші әрекеттермен басқару үрдісі» процедурасына сәйкес жүргізіледі. Процедура мақсаты – сәйкессіздіктер қайталануының алдын алу үшін, және сапа менеджменті жүйесімен қарастырылған саясаттан немесе процедуралардан шегінулер немесе сәйкес келмейтін жұмыс анықталған жағдайларда, сәйкессіздіктердің пайда болу себептерін жою болып табылады. 

Ескертуші әрекеттер

Ескертуші әрекет – мүмкін сәйкессіздіктердің себептерін жою мақсатында, олардың пайда болуының алдын алу үшін қабылданған әрекет.

Өндірістік  қызмет және жұмыстар сапасына кері әсерлердің алдын алу мақсатында келесі шаралар  қарастырылады:

  • СО басщысы қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларды орындауын бақылайды;
  • СО басшысы сынау нәтижелерінің дәлдігін тексеру бойынша сынаулардың жүргізілуін бақылайды;
  • талдау (сынаулар) жүргізуге қажетті жабдық пен өлшеу құралдарын СО басшысы тексерістердің (аттестаттаудың) техникалық жағдайы мен уақытылы орындалуына әрдайым бақылап отырады;
  • СО басшысы СО қызметкерлері үшін ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының жағдайын бақылайды;
  • СО-да сапа менеджменті жүйесінің ішкі тексерістері (аудит) жүргізіледі;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

СМЖ-нің  ішкі тексерістері СО қызметінің сапа менеджменті жүйесінің талаптарына  сәйкестігін орнату мақсатында ҚП АФ АО-09-03 «СМЖ-нің ішкі тексерістерін ұйымдастыру және өткізу» процедурасына сәйкес жүргізіледі.

Тексеріс  мақсаттары келесілер:

  • СМЖ-нің құжаттамасының сәйкестігін бағалау;
  • СМЖ әрекеттену тиімділігін бағалау;
  • сапаны жақсарту бойынша шараларды жүргізу қажеттілігін бағалау;
  • сапаны жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау;
  • СМЖ-н жетілдіру.

Информация о работе Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат