Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 14:40, курсовая работа

Краткое описание

Сертификаттау, латын тілінен аударғанда, «дұрыс жасалған» дегенді білдіреді. Өнім «дұрыс жасалған» дегенге куә болу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес болуы керектігін және осы сәйкестіктің шынайы дәлелін қалайша алуға болатындығын, білу қажет. Осындай дәлелдің көпшілік қабылдаған тәсілінің бірі – cертификаттау болып отыр.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сертификаттау.docx

— 1.04 Мб (Скачать документ)

Аз қоспаланған  болаттардан жасалған құбырлардың  негізгі металының механикалық  қасиеттері 5-кестеде келтірілгендерге сәйкес болуы керек.

 

5-кесте. Аз қоспаланған болаттардан жасалған құбырлардың негізгі металының механикалық қасиеттері 

 

Беріктік класы

Созуға уақытша қарсы тұруы,

, Н/мм2 (кгс/мм2)

Аққыштық шегі,

, Н/мм2 (кгс/мм2)

Салыстырмалы ұзаруы,

, %

кем емес

К45

441 (45)

294 (30)

20

К50

491 (50)

343 (35)

18

К52

510 (52)

353 (36)

18

К55

539 (55)

372 (38)

16


 

3-категориялы Ст3сп және Ст3пс көміртекті болаттан жасалған құбырлардың негізгі металының соққы тұтқырлығы және 20 болат пен 4,5 категориялы Ст3сп және Ст3пс маркалы болаттан жасалған құбырлардың негізгі металы мен жіктік біріктіруінің соққылық тұтқырлығы, минус 200 С температурада, 6-кестеде келтірілген нормаларға сәйкес болуы қажет.

 

6-кесте. Көміртекті болаттан жасалған құбырлардың негізгі металының соққы тұтқырлығы

 

 

 

Болат маркасы

KCV cоққылық тұтқырлығы, Дж/cм2 (кгс м/см2), кем емес

сынау температурасы, оС, болған жағдайда

 

Механикалық ескіруінен кейін

+20

-20

Ст3сп3, Ст3пс3

20, Ст3сп4, Ст3пс4

Ст3сп5, Ст3пс5

59,0 (6)

--

--

29,4 (3)

29,4 (3)

--

--

29,4 (3)


  

Сынау температурасы плюс 200 C болғанда Ст3сп3 және Ст3пс көміртекті болаттан жасалған құбырлардың пісіріліп біріктіруінің соққылық тұтқырлығы 49,0 Дж/см2 (5 кгс м/см2) кем емес болуы керек.

Сынау температурасы  минус 400С болғанда аз қоспаланған болаттан жасалған құбырлардың негізгі металының соққылық тұтқырлығы 29,4 Дж/см2 (3 кгс·м/см2) кем емес, пісіріліп біріктіруінің соққылық тұтқырлығы 19,6 Дж/см2 (2 кгс·м/см2) кем емес болуы керек.

Құбырларды  ішкі және сыртқы жікпен дайындайды. Құбырларда орамдар түйісіне екі жақты пісірумен орындалатын тік жік және бір сақиналық жік салуға рұқсат етіледі. Диаметрі 159-377 мм болат құбырлардағы сақиналық жік бір жақтық пісірумен орындалады.         

Диаметрі  1420 мм және одан да көп құбырларда қаңылтырлардың түйісінен екі жақтық пісірумен орындалатын төрт тік жік салуға рұқсат етіледі.

Тік жікті  құбырдың бүйіріне шығаруға және оны  сақиналық жікпен қиылыстыруға рұқсат етіледі. Орамдардың түйісіндегі тік  және спираль жіктердің қиылысу  орны құбыр бүйірінен немесе сақиналық  жіктен 300 мм ара қашықтықта орналасуы керек. 

Құбыр беттерінде сызаттардың, бетақауларының (плены), қаяулардың (раковины), қабаттанулардың және иілулердің болуы рұқсат етілмейді.

Аса манызды  емес соқпадақтардың (забоины), жаншықтардың (вмятины), ұсақ сызықіздердің (риски), жұқа отқабыршық (окалина) қабатының  және тазарту іздерінің болуы, егер олар қабырға қалыңдығын белгіленген  шекті ауытқулар шегінен шығармайтын  болса, рұқсат етіледі. 

Б және Д  тобындағы құбырлар бетінде негізгі  металдың бөлек ақаулары, егер олардың  орналасқан жерлеріндегі қабырғаның минимал  қалыңдығы номинал қалыңдықтың 70%-нан  кем емесін құрайтын болса, рұқсат етіледі.

Құбырлардың ақауларын соңынан пісіріп толтыру  орнын тазарту және қайталап гидравликалық  сынау арқылы пісіріп толтыруға  болады.

Жіктер  металы кеуексіз, қаяуларсыз, сызатсыз және басқа да ақауларсыз болуы керек. А, Б және В тобындағы құбырларда жіктің толық пісірілмеуі рұқсат етілмейді. Жіктің күшейтілуінен құбырлардың  негізгі металына өту бір қалыпты, тіліктерсіз жасалуы тиіс. Тереңдігі 0,5 мм-ге дейін, ұзындығы 0,5 м-ден аспайтын, жалпы ұзындығы жік ұзындығының 10%-нан аспайтын бөлек тіліктер ғана рұқсат етіледі. Тіліктердің ішкі және сыртқы жік бойынша бір қимада сәйкес келуіне болмайды [13].

Физикалық бұзбайтын әдістермен анықталатын  жіктердің рұқсат етілген ақаулықтарының нормасы нормативтік құжаттамамен орнатылады.

В тобына жататын құбырлардың тік және спиральды жіктері созуға механикалық  сынауларға төзімді болуы керек.

Пісіру  жіктерінің созуға уақытша қарсы  тұруының шамасы негізгі металдың уақытша  қарсы тұру шамасынан кем болмауы  тиіс.

Осьтік  тіреуі ескерілмегендегі гидравликалық  сынау қысымының шамасы, Б және Д тобындағы құбырлар үшін рұқсат етілген кернеу 180 МПа-ға (18 кгс/см2) тең және А және В тобындағы құбырлар үшін 4 кестеде көрсетілген аққыштық шегінің 0,85 тең болғанда, МСТ 3845 бойынша анықталады. Бұл жағдайда Б және Д тобындағы құбырлар үшін сынау қысымының шамасы 3,5 МПа (35 кгс/см2) аспауы тиіс. Тұтынушының талабы бойынша В тобындағы құбырлар үшін рұқсат етілетін кернеуді нормативтік аққыштық шегінің 0,90 тең етіп қабылдайды.

Әр түрлі  конструкциялы, осьтік тіреуі бар баспақтарда  сынау жүргізу кезінде гидравликалық  қысым шамасын МСТ 3845 сәйкес анықтайды.

В тобындағы  құбырлардың пісіріліп біріктіруі статикалық иілуге сынауға төзімді  болуы керек. Ию бұрышы 1000 кем болмауы тиіс.

 

2.4 Қабылдау ережелері

Құбырларды  партиялап қабылдайды. Партия бірдей өлшемді, болат маркасы бірдей, бір  топқа жататын құбырлардан тұруы  қажет және оған МСТ 10692 бойынша, дайындаманы  өндіруші-кәсіпорынның сапасы туралы құжатқа сәйкес болаттың химиялық құрамы қосымшаланған, сапа туралы бірдей құжат  ілестірілуі керек.

Әрбір құбыр  тексеріледі және ауыстырылады.

В тобындағы  құбырлардың пісіріліп біріктіруін  бұзбайтын әдіспен бақылауды тұтынушы талабы бойынша өткізеді.

Әрбір құбырды  гидравликалық қысыммен сынайды.

Механикалық қасиеттерді бақылау үшін партиядан  екі құбыр іріктеледі.

Тұтынушы-кәсіпорнында химиялық құрамды тексеру үшін партиядан  үш құбыр іріктеледі.

А, Б және В тобындағы құбырлардың пісіру жіктеріндегі толық пісірілмеулерді  партияның әрбір бесінші құбырында  бақылайды.

В тобындағы  құбырлардың негізгі металы мен  пісіріліп біріктіруін соққылық иілуге сынау, тұтынушы талабы бойынша, қабырғасының қалыңдығы 6 мм және одан да асатын құбырларда жүргізіледі.

Ең болмағанда бір көрсеткіш бойынша қанағаттандырмайтын  сынау нәтижесі алынған болса, осы  көрсеткіш бойынша қайтара сынауларды дәл сол партиядан алынған  екі еселенген таңдама көлемінде  жүргізеді. Қайталап жүргізілген сынаулар нәтижелері соңғы болып табылады және барлық партияға таралады.

Пісіріліп біріктіруін статикалық иілуге сынауды  тұтынушы талабы бойынша жүргізеді [8].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Нормативті құжаттаманы құру

 

3.1 Cынау орталығы басшысының лауазымдық нұсқауы 

Сынау орталығы басшысының лауазымдық нұсқауы сынау  орталығы туралы Жағдайға, сынау орталығының  сапа бойынша Басшылығына және Қазақстан  Республикасының әрекеттегі заңнамасына  сәйкес әзірленеді.

Сынау орталығының  басшысы «ҰССО» АҚ АФ директорына тікелей бағынышты болады.

Сынау орталығының  басшысы өз қызметінде келесілерді  басшылыққа алады:

  • ҚР-ның «Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Заңдарын және ҚР-ның басқа да заңнамалық актілерін;
  • Қазақстан Республикасы Жаңа технологиялар және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің бұйрықтарын, ҚР МТРЖ-нің нормативтік құжаттарын;
  • кәсіпорын Қаулысын;
  • кәсіпорын бұйрықтарын;
  • өнімнің және сынау әдістерінің нормативтік құжаттарын;

Сынау орталығының  басшысын тағайындау және қызметінен босату белгіленген заңнамалық тәртіпте жүзеге асырылады.

Біліктілік  талаптары

Сынау орталығының  басшысының лауазымына жоғарғы техникалық білімі және инженерлік-техникалық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар тұлға тағайындалады.

Сынау орталығының  басшысы келесілерді білуі қажет:

  • ҚР МТРЖ-нің сынау орталықтарына қоятын негізгі ережелер мен талаптарын;
  • сынау орталығының жабдығы, оның жұмыс істеу принципі және пайдалану ережелерін;
  • сыналатын үлгіге және сынау әдістеріне қойылатын номативтік құжаттар талаптарын;
  • сынаулар үшін үлгілерді (сынамаларды) іріктеу тәртібін;
  • әрекеттегі стандарттар, техникалық шарттар, ережелер, жағдайлар, нұсқаулар, сынаулар бойынша басқарушы құжаттарды;
  • ұқсас қызмет өндірісінің технологиясы саласындағы озық отандық және шет ел ұйымдарының тәжірибесін;
  • еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігі талаптары, өндіріс экономикасы және ұйымдастыру негіздерін.

Міндеттері 

Сынау орталығы басшысының міндеттеріне келесілер  жатады:

  • СО қызметін басқару және бағыттау;
  • СМЖ-нің әрекеттенуін және жетілдірілуін бақылау;
  • ҚР Жаңа технологиялар және индустрия Министрлігінің техникалық рттеу және метрология Комитетінде және басқа да Қазақстан Республикасында шегіндегі, және одан тыс органдар мен құрылымдарда өкілдігі;
  • сертификаттау сынауларының хаттамаларына қол қою;
  • СО-ның ішкі құжаттарын бекіту;
  • СМЖ-нің ішкі тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу;
  • СО мұрағатын жүргізуді бақылау;
  • ақпараттың құпиялылық режимін сақтау;
  • НҚ мен СМЖ құжаттарының тексерілуін бақылау;
  • ӨҚ мен СЖ-ның техникалық күйі мен жөнделуін бақылау;
  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізу.

Жауапкершілігі

СО-ның  басшысы келесілерге жауапты  болады:

  • сапа саласындағы саясаттың жүзеге асуына;
  • СО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға;
  • СО-ның материалды-техникалық қамтылуына;
  • сынау жүргізуге қажетті шарттар жасауға;
  • шағымдарға обьективті тұрғыдан қарауға;
  • сынау нәтижелеріне заңды және жеке тұлғалардың әсер етуін болдырмауға;
  • қаржылық және келісімдік тәртіптің болуына;
  • СО құжаттамасының сақтандырылуын қамтамасыз етуге;
  • СМЖ-нің ішкі тексерулерін жүргізуге;
  • сынаулар сапасын іштей бақылауды ұйымдастыру және өткізуге;
  • ақпарат құпиялылығының сақталуына;
  • СМЖ-н жетілдіру бойынша түзету шараларының орындалуына.

 

Құқығы 

СО-ның  басшысының құқықтар:

  • өтінім берушіден сынаулар жүргізуге қажетті деректерді, ақпаратты, құжаттарды сұрау;
  • СО жұмысының жетілдірілуі бойынша ұсыныстар жасау;
  • әрекеттегі құжаттамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
  • СО қызметкерлеріне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
  • СО қызметкерлерінен қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік, еңбек тәртібі ережелерін ұстануды талап ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 «ҰССО» АҚ АФ сынау орталығының сапа бойынша басшылығын талдау

 

4.1 Қолдану саласы

«ҰССО»  АҚ АФ сынау орталығының (СО) сапа бойынша басшылығы СО- да әрекет ететін сапа менеджмент жүйесінің (СМЖ) орны мен ролін, негізгі ережелерін анықтайды.

Сапа бойынша басшылық «ҰССО» АҚ АФ СМЖ-нің негізгі құжаты болып табылады және сапа саласындағы саясаттан, негізгі мақсаттардан, сынау (талдау) нәтижелеріне сенімділікті қамтамасыз ететін СМЖ-і әрекеттенуінің принциптері мен тапсырмаларынан тұрады.

СО сапа бойынша басшылығы ҚР СТ ИСО 10013-2001, ҚР СТ ИСО 9001-2007, ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007, ҚР СТ 1.12-2000 сәйкес дайындалған.

 

4.2 Басқаруға қойылатын талаптар

Ұйымдастыру

Сынау орталығы «ҰССО» АҚ АФ құрылымдық бөлімшесі болып табылады (ҚР-ның МТРЖ-де аккредиттелген, аккредиттеу аттестаты №KZ.1510317.01.01.04597) және машина жасау, электротехникалық, кабельді, химиялық өнеркәсіп өнімдерін, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарын, арнайы тағайындалған жүк көтергіш машиналарды, тұрмыстық химия тауарларын, тұрмыстық электрлік құралдарды нормативтік құжаттар талабына сәйкестігіне сынаулар жүргізеді.

Информация о работе Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат